Access МБ-ның өзара байланысқан бірнеше кестелерінен мәліметтер шығаруды қаматамасыз ете алатын күрделі басылымдар жасауға да мүмкіндік береді және олардың мәліметтер схемаларына сәйкес қажетті байланыстар автоматты түрде бірден орнатылады. Көп кестелі басылымдар негізгі бөлімнен және бағынышты басылымнан тұратын үстемелі бөліктен де құрастырыла береді немесе әр түрлі кестелер өрістерінен тұруы да мүмкін. Көп кестелі басылым бірнеше кезеңде жасалады:
- басты кесте негізінде басылымның негізгі бөлімі жасалады;
- бағынышты кесте көмегімен өз басылымыңды құруға болады және де мұнда Колонтитулдар батырмасын басып, екі колонтитулды да алып тастаған жөн;
- Конструктор режимінде негізгі басылымды ашып, бағынышты басылымды мәліметтер аймағына орын ауыстыруға болады немесе Бағынышты форма/басылым (Подчиненная форма/ отчет) батырмасын басып, көп кестелі форма үшін атқарылатын әрекеттерді орындауға болады;
- Конструктор мүмкіндіктерін қолдана отырып қажетті өзгерістер енгізіп, артынан басылымды сақтауға болады.
122-суретте Авто және Авто Иесі сияқты екі кесте негізінде жасалған «Иеcі және оның автомобильдері» көп кестелі басылымы көрсетілген. «Авто 1» бағынышты басылымы 120-суретте келтірілген. Бұл басылым Автобасылым: таспалық режимінде жасалып, артынан Конструктор режимінде толықтырылған: тек 4 өріс қалдырылған, тақырыбы өзгертілген, тақырып үшін қаріп көлемі – 14, өрістер үшін – 11 болып орнатылған. Конструктор режиміндегі көп кестелі басылым 124-суретте көрсетілген. Басылымның бастапқы түріне қарағанда (120, 121 суреттерді қ.) мұнда тақырыптар аймағынан сурет алынған, басылым тақырыбы өзгертілген, «Иесі» тақырыбы енгізілген, Бағынышты форма/басылым (Подчиненная форма/отчет) батырмасы көмегімен бағынышты басылым аймағы құрылған.
122 сурет. Көп кестелі басылым
123 сурет.Конструктор режиміндегі бағынышты басылым бейнесі
124 сурет.Конструктор режиміндегі көп кестелі басылым
7.4 Мәліметтер өңдеуге арналған тапсырмалар
Лабораториялық жұмысты атқару барысында келесі тапсырмаларды орындау қажет:
1) әр түрлі кестелер үшін басылымдардың бірнеше нұсқаларын жасап шығару, олардың тақырыптарын және оған кіретін өрістер мен басқа да элементтерін анықтау;
2) басылымдар жасау кезінде басылымдар құрудың әр түрлі режимдерін пайдалану;
3) Конструктор режимін қолданып, осы басылымдарды түзету және осы кезде әр түрлі тақталар саймандары мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға тырысу;
4) байланысқан кестелер үшін күрделі басылымдардың бірнеше нұсқаларын құрастыру;
5) Шебер және Конструктор режимдерін пайдаланып, осы басылымдарды жасау;
6) құрастырылған барлық құжаттармен жұмыс жасап шығу.
Лабораториялық жұмыс 2-4 сабаққа есептелген. Access-тің мүмкіндіктерін зерртеу кезінде жоғарыда келтірілген басылымдарды жасау режимдерінің, оның ішінде көпкестелі режимді де толық игеру қажет.
1 тапсырма
Мәліметтер базасы терезесіндегі Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу.
Достарыңызбен бөлісу: |