Ыңғайлас салалас
Түрлері
|
Мысалдар
|
Жалғаулықтары
|
жалғаулықты
|
Бұл уақыттың ішінде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.
Қоңырау соғылды да, балалар орындарына отырды.
Бүгін әрі жұмысымыз көп болды, әрі жиналысқа қатыстық
|
да, де
әрі, және
|
жалғаулықсыз
|
Қоңырау соғылды,сабақ бітті.
|
|
1-жаттығу. Мына жай сөйлемдерден ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыз.
Гүлсара мен Оля жазғы демалысты жақсы өткізді. Нұраш ағасына қаламмен хат жазды. Өсімдіктер бос топырақта жақсы өседі. Залдың оң жағында киім шешетін бөлме бар.
2 - жаттығу. Жалғаулық шылаулардың қайсысы ыңғайлас салаласта, қайсысы бірыңғай мүшелі жай сөйлемдерде жұмсалғанын ажыратып, себебін түсіндіріңіз.
1. Тың көтеруде де, егін жинауда да олар совхоз бойынша алда болды. 2. Кабинетке Нұржамал мен Баймұрат кірді де, ендігі назар соларға ауды (М.И.). 3. Жазғы таң ұйқыдан әрі тез, әрі сергек оянды. 4. Молынан алуға елдің бұрын күші де жетпеген, мүмкіндігі де болмаған (Ғ.С.) 5. Жердің ойлы-қырлы бедеріне қарай және кеңнің жатыс ыңғайына, формасына қарай тау қазбаларының түрі де әр түрлі келеді. 6. Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек (А.Маш.).
3-жаттығу. Түсіндірмелі салалас сөйлемдердің мәнін, құрылымдық ерекшелігін, тыныс белгілерін түсіндіріңіз.
Ол аулаға кіре бергенде байқады: үйге алыстан қонақтар келген сияқты. Оқудың төлем ақысы өзгерді: оқу жылының басынан бастап төлемі 2 есе көтеріледі. Жақында мен байқадым: ауылда бұрын тұрған кісілер, көшіп кетіпті. Өмір сүрудің екі түрі бар: шіру мен жану. Алаң толған адам: кәрісі де жасы да концерт тамашалауға жиналған.
4-жаттығу.Оқыңыз. Сөйлемдерді қажетті алайда, біресе, және, де, бірақ жалғаулықтары арқылы байланыстырыңыз.
1. Көктемнің алғашқы гүлдері гүлдеді, ... даланың беті көктей бастады.2. Мен үндемедім, ... үндеуді қажет те көрмедім. 3. Бұл топ мектеп үйін тамызда бітіреді, ... сабақ бірінші қыркүйекте басталады. 4. Күз түсті, .. күн әлі жылы. 5. Мен кітабымды беріп едім, ... ол алмады. 6. Олар біресе ән салды, ... домбыра тартты. 7. Менің әкем жақсы аңшы, ... ол кісі кейде мылтықты дұрыс қолдана алмайды
5-жаттығу. Сөйлемдерді қарсылықты жалғаулықтар арқылы жалғастырып жазыңыз.
Күн жылынды,.............. . Бекен шахмат үйірмесіне қатысады,....... .
Ақмарал кітапханаға бара жатыр,.............. . Оқу жылы аяқталып келеді, ....
6-жаттығу. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
Я хотел перевести текст, но у меня не было словаря. Погода была пасмурная, но мы все же поехали в лес. Я проголодался, но все же не пошел в столовую. Дорога была ровной, но все же мы устали. На празднике детей было много, но все же всем хватило подарков.
XIIIсабақ. Патент: оның нысаны мен сипаттамасы. Патент жазуда қолданылатын ғылыми-техникалық және ресми-іскери стильдер ерекшеліктері.
Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану.
Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат.
Патенттеу негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.
Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.
Осы тақырыпты мазмұндау барысында мен көптеген патенттік терминдермен таныстым. Бұл терминдер патентпен жұмыс істеуде қажет
Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері – қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері.
Патент жүргізуде мынадай құжаттармен танысамыз:
Бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөнінде Қазпатент шығарып тұратын мерзімдік басылым.
Лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты.
Патентті сенімді өкілдер – жеке және заңды тұлғалардың Қазпатент алдындағы өкілдеріне заңдарға сәйкес құқық берілген азаматтар.
Патентке қабілеттілік жағдайлары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген жағдайлары.
Патенттік қорғау келесі аспектілерімен сипатталады:
қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;
патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі; патент иесіне құқықтар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;
Патент құқығының объектілеріне қатынастарды Конститутциямен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі де реттейді.
Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданады.Патент Заңы сегіз тарау құрайды. Осыған қосымша ретінде 38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының Патент Заңы кешенді нормативтік – құқықтан тұрады.
Патент жүйесіне заңнамалық өзгерістер енгізуге байланысты және Республика аумағында өнеркәсіптік меншік саласындағы қатынастарды реттейтін төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етеді. Олар: Париж конвенциясы, Мадрид келісімі, Бүкіләлемдік меншік қорғау ұйымы конвенциясы, Патент кооперациясы туралы келісімшарт.
Атап өтілген конвенциялар қазақстандық интеллектуалдық меншік жөніндегі заңнаманы қалыптастыруға және дамытуға елеулі ықпал етті, өйткені бұл конвенциялар көптеген елдердегі осыған ұқсас жүйелерді дамытуға қажетті халықаралық параметлер мен шоғырландырылған ұлттық тәжірибені жинақтаған.
Айта кету керек барлық елде патент ведомствосы деп аталатын патент жүйесін құрайтын мекеме аса маңызды мамандандырылған ұйым болып табылады. Біздің Республикамыздың Президентінің 1992 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанына ұлттық патент ведомствосы, қысқаша Қазпатент құрылды.
Бұл бастаулар біздің мемлектіміздің оң қадамдары болып, өз экономикамызды одан әрі дамытуға, үлкен белестерге шығуға бірталай көмек береді деген үмітпен жасалынып отырған бастамалар болып табылады.
1. Патенттеуге қажетті сөздердің аудармасын жазыңыз:
заң - закон
өнеркәсіп–
меншік -
техникалық –
шешім–
жеке және заңды тұлғалар –
патенттік қорғау -
сипаттау -
Республика аумағында -
2. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері, Патенттеу мақсаты, негізгі қызметі , Лицензиялық шарт, Патентті сенімді өкілдер, Патентке қабілеттілік жағдайлары, Қазақстан Республикасының Патент Заңы.
3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Болатты пештен тыс вакуумдеу қондырғысына арналған отқатөзімділер.
Болатты пештен тыс вакуумдеу қондырғыларын шегендеуге қолданатын арнаулы отқатөзімділер вакуумде булануға тұрақты, жоғары температурада көлемі тұрақты, балқыған металл мен қождың және көміртекті газдардың химиялық әсеріне төзімді болуы керек.
Өңделетін болат түріне, қолданатын отқатөзімділер сапасына қарай шегеннің әр бөлігінің қызмет атқару мерзімі әрқилы болады. Камераның жоғарғы бөлігі мен қақпағының шегені 120 дан 1500 балқыма өңдеуге, қабырғасының төменгі бөлігі мен едені 50 ден 200 балқымаға дейін, жеңшелері 30 дан 100 балқымаға дейін өңдеуге жарайды.
Вакуум–камераларды шегендеуге лайық отқатөзімділер MgO– Cr2O3–Al2O3 жүйесіндегілер екені анықталған.
Бұларға корундтылар, балқыған түйірлер негізіндегі бадделеиттілер, периклаз–хромиттілер, магнезиттілер және периклазшпинельділер (МеСТ 10888–76) кіреді.
4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. шегендеуге қолданатын арнаулы отқатөзімділер не үшін қолданады?
2. камераның жоғарғы бөлігі мен қақпағының шегені неше рет балқыманы өңдеуге дейін жарайды?
3. қабырғасының төменгі бөлігі мен едені неше рет балқыманы өңдеуге дейін жарайды?
4. жеңшелері неше рет балқыманы өңдеуге дейін жарайды.
5. Вакуум–камераларды шегендеуге лайық отқатөзімділерді атаңыз?
1- жаттығу.Сөйлемдерді аяқтаңыз.
Студенттер емтиханды жақсы тапсырды, өйткені ... . Кешке жақын біз көп қыдырмаймыз, өйткені ... . Жазда мен демалысқа шығамын, өйткені ... . Ешкім үндемеді, өйткені … . Биыл астық аз болды, себебі … . Біз сыйлық сатып алған жоқпыз, сондықтан ... .
2-жаттығу.Төменде көрсетілген сондықтан, сол себептен, бірақ деген шылауларды пайдалана отырып, жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.
1. Мәжілісте негізгі баяндаманы әкімнің бірінші орынбасары жасауы керек еді. Ол шұғыл жағдайға байланысты басқа қалаға ұшып кетті.
2. Шетелдермен қарым-қатынас нығайып барады. Шетел тілдерін, әсіресе, ағылшын тілін жетік меңгеру қажет.
3. Ертең күн салқын болады. Жылы киін.
4. Жоғары оқу орындарына бюджеттен берілетін қаржы шектеулі. Университет ақылы түрде студенттерді қабылдауға мәжбүр.
5. Бұл өнімге сұраным төмендеп кетті. Нарық сұранымын анықтап, басқа тауар шығару керек.
6. Біз жексенбіде Медеуге барып демаламыз деп келіскенбіз. Жексенбі күні таңертеңнен бастап жаңбыр жауды.
3-жаттығу. Берілген сөздерден себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құраңыз.
А) театр, жаңбыр, достар, автобус.
Ә) сабақ, мұғалім, кеш.
Б) суық, ауа райы, көктем, қар.
4-жаттығу.Берілген жай сөйлемдерді мағыналарына қарай топтастырып, талғаулы салалас етіп құрастырыңыздар.
1. Қасқырлар шанадан жұлып алып қалды ма? 2. Шанадан өзі құлады ма? 3. Жасыл шөп ала алмадым. 4. Сұр шөп ала алмадым. 5. Кедергі болар тас жоқ. 6. Жарақат та жоқ. 9. Шөп жоқ. 10. Қамыс жоқ. 13. Қасқырлар оқ тиіп жаралаған аңды алып жейді екен. 14. Адамнан қашқан аңның жолын тосады екен.
5-жаттығу. Көп нүктенің орнына ыңғайына қарай жай сөйлем ойлап тауып, себеп-салдар салаласқа айналдырып жазыңыздар.
Ол ауданға жетуге асықты, өйткені ... . 2. ... , себебі ауыл онша алып емес еді. 3. Қойға енді біз иеміз, сондықтан ... . 4. Одан әрі олар сөйлескен жоқ: ... . 5. ... , жаңа туған баланың атын Сәтжан қойды. 6. ... өйткені көптен көрмеген Нариманға жолығады. 7. ... , сондықтан шаршап келе жатқан Жанай қуанып кетті. (С. Бегалин.)
XIVсабақ. Арнайы техникалық фразеологизмдер
Арнайы техникалық фрезологизмдер. Кәсіби қазақ тіліндегі стильдік ерекшелік. Кәсіби терминдерді қолдану аясына қарай дұрыс айту нормалары. Мамандық бойынша фразеологизмдер ерекшеліктері.
Фразеологизмдер халықтың тұрмыс-тіршілігінің, салт-санасының, дүниетанымының айнасы болып табылады, олар-тақырыптық және семантикалық тұрғыда көп аспектілі, ойлау мен танымның ерекше бейнелі, эмоционалды-экспрессивтік реңкке ие және тіл қабаттарының ішіндегі құрылымдық типтері мен синтаксистік модельдері қалыптасқан тілдік бірліктер. Фразеологизмдер сөйлем ішінде қолданылғанда стильдік ерекшелікті, эмоциялық реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді. Мысалы, қуанды деген сөз бен екі езуі екі құлағына жетті фразеологизмінің, қорықты деген сөз бен жүрегі тас төбесіне шықты
Оқу үдерісі барысында студенттің танымдық әрекетін белсендіру, жағымды эмоцияларын жетілдіруге айрықша ықпал ететін тілдік құрал – фразеологизм.
Фразеологизмдерді оқыту барысында студенттердің сөздік қорын, тіл байлығын, сөздікпен жұмыс жасау тәсілдерін меңгеруі фразеологияның түрлері мен оның құрамын саналы түсінуіне, сөздік қордағы фразеологизмдерді күнделікті қарым-қатынаста жұмсауға дағдылануға әсер етіп, пәнге деген оқу мотивацияларын арттыру болып табылады.
Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің мәнмәтінде қолданысындағы әр түрлі ерекшеліктер төмендегідей сипатта болып келеді. Мақал-мәтелдер ауыс мағынада я ішкі астармен қолданылғанымен, құрамындағы сөздері өздерінің негізгі лексикалық мағыналарынан айырылмайды. Осыған сүйеніп олардағы ішкі астарды ескермеуге болмайды. Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдер мәнмәтінде жеке қолданылғанда да олардың ішкі астары байқалып тұрады, ол семантикалық қасиет мәнмәтіндегі өзге сөйлемдердің семантикасымен байланысында өте-мөте анық аңғарылады. Сол себепті де мақал-мәтелдер тілде әр түрлі тәсілде қолданылады. Оларды тұлғалық өзгерістерге ұшыратпай, өз қалпында қолдану арқылы эмоционалды-экспрессивті мәнді білдіру жиі кездеседі. Мысалы: Уәде-сөз. Айтылды-кетті. Алтын көрсе періште жолдан таяр. Жомарттың да тайғаны ғой. Қалайылаған қасты орданың сырығы.–аса қадірлі, қымбатты, ел-жұрты бағалаған азамат. Бұл фразеологизм білдіретін мағынасы жағынан алтын ердің қасы еді. Зергерлер тілінде материалдардың сапасына, өңделуіне байланысты көпшілік біле бермейтін көптеген атаулар пайда болған. Мәселен, бір ғана алтынның «таза алтын» деген ұғымда ши алтын, шым алтын, шымқай алтын, шора алтын, ұрғашы алтын, қарқ алтын, айырған алтын, сап алтын, сары алтын, қызыл алтын, тайтұяқ алтын, құйма алтын тәрізді 20-астам атауы, ал күмістің әртүрлі сапа-белгісін білдіретін жамбы, ақ жамбы, асық жамбы, жал күміс, балшабай күміс, нақыра күміс, құйма күміс, ұрғашы күміс (таза күміс) т.б. тәрізді 10 – нан астам атауы кездеседі. Алтынның сынығы – жақсы адамның ұрпағы, жақсының көзі, ат басындай алтын – көлемді, үлкен алтын, олжа; алтын дегенім мыс болды, күміс дегенім жез болды – ойдағыдай болмай шықты, алтыннан ардақты, күмістен салмақты – аса қадірлі, қымбатты (адамға байланысты).
Бір топ фразеологизмдер әшекей бұйымдар атауларының қатысуымен пайда болған: айдан алқа, жұлдыздан жүзік іздеме – қол жетпеске босқа әуре болма; алтын бергек, асыл діңгек – сүйеніш, тірек, қамқоршы адам; Жұмыста зергерлердің құрал-саймандары мен металл т.б. өңдеу атауларының қатысуы негізінде бірсыпыра тұрақты тіркестер қалыптасқандығы қарастырылады: қорғасындай балқыды — әбден ұйыды, есіл-дерті қалмады, нақышына келтірді –безендірді, сәндеді; тезге салды – тәртіпке шақырды (тез деп үйшілер мен зергерлердің ағашты белгілі бір формаға келтіруге арналған құралы); шот маңдай – қабағы тік, еңкіш адам туралы айтылады; азу тісі балғадай – тістері ірі, мықты; сүйегін жасытты –сағын сындырды (жасыту деп металды отқа қыздырып жұмсартуды айтады),қалпына келді – бұрынғы күйіне түсті. Зергерлер қалыпты күйдірілген саз балшық, темір, сүйек, шойын, тас тәрізді материалдардан бір үлгіде өздері дайындап алады. Тілімізде қолданылып жүрген бір қалыпқа құйғандай, бір қалыпта, бір қалыптан таймады, қалпына түсті т.б. зергерлердің осындай құралына байланысты қалыптасқан.
Темір өңдеумен (ұсталық өнерге) байланысты қалыптасқан фразеологизмдер. Қазақ қолөнерінің белгілі бір түрімен немесе бірнеше түрімен қатар айналысқан шеберлерді ұста деп атай берген. Ұсталар, негізінде, ағашпен, темірмен, ішінара таспен жұмыс істеген. Соған байланысты ел ішінде оларды ағаш ұстасы, темір ұстасы деп атаған. Темір өңдеп, зат жасайтын шеберлерді қара ұста, ал, алтын-күміспен, асыл тастармен жұмыс істейтін шеберлерді ақ ұста деп ажыратып айту да болған.
Ұсталық кәсібіне байланысты атаулардың қатысуымен қалыптасқан фразеологизмдер: Дем берді – демеді, сүйемелдеді (дем беру – ұсталық кәсібінде көріктің аузына дем беру, отты үрлеу); дүкен құрды - әңгімелесті (дүкен — шеберхана) т.б.
Мысы басты – біреуден қаймықты, тайсалды (мыс — металл) суын тапты – бабын тапты, көңілдегідей етті (кәсіби лексикадасуын табу – металды шоқта қыздырып, суға салып шыжғырып, таптап шынықтыру); темірді қызуында соқ — әр нәрсені өз уақытында істе т.б.
«Кәсіби фразеологизмдер уәжділігінің этнотанымдық мәні» .
Формасына байланысты уәжделген фразеологизмдер. Табиғаттағы заттар мен жасанды заттар да бір-бірінен формасы арқылы ажыратылады. Адам танымының осы бір ерекшелігі қолөнеріне байланысты қалыптасқан фразеологизмде айқын байқалады. Олардың басым көпшілігі адамды сипаттауға қолданылады. Мысалы: айбалтаның сабындай – жұп-жұмыр, әдемі білекті. Шелек ертеде бақырдан (мыстан) жасалған. Шелектің бақыр аталуының өзі оның материалына байланысты шыққан. Бұл фраза басы бақырдай түрінде де жұмсалады. Бір қалыпқа соққандай //Бір қалыптан шыққандай – бір-бірінен айнымайды, ұқсас. Қалып – затты белгілі бір формада дайындайтын құрал. Оның қорғасыннан жасалған құйма қалып, темір шыбықтарынан басына ою, бедер салып жасаған соқпа қалып деген түрлері бір үлгі – пішінмен көптеген бұйымдарды жасауға пайдаланылады. Оймақ ауыз – кішкентай ғана дөңгелек ауыз. Бұл тіркес – қазақ ұғымындағы сұлулық өлшемдерінің бірі.
Сымға тартқандай – нәзік, жіңішке; түзу. Халық ауыз әдебиетінде бұл фразеологизм қыз-келіншектердің сұлулығын бейнелеу үшін жиі қолданылған. «Түзу, жіңішке әрі әдемі» мағынасында сымға тартқан күмістей формасында кездеседі. – Сымға тартқан күмістей Он саусақтың саласы («Қыз Жібек», 1977, 32-б.). Сым сөзі бұрын екі түрлі мағынаны білдірген: 1. алтынды, күмісті жіңішкертіп созатын қалып; 2. қалыптан шыққан жіңішке металл (алтын, күміс, жез) жіп, талшық. Атаудың бұл мағыналары ауыз әдебиеті үлгілерінде молынан сақталған және осындай сымның нәзік болатыны себепті ол сұлулықты бейнелеуге қызмет етеді: — Белі нәзік талып тұр, тартқан сымнан жіңішке, үзіліп кетпей неғып тұр (Қазақ эпосы, 1957, 24-б.).
1. Берілген фразеологизмді оқып, жаттап алыңыз, аударыңыз. Мән мағынасын түсіндіріңіз.
Алтын дегенім мыс болды, күміс дегенім жез болды; Сымға тартқандай; Бір қалыпқа соққандай; темірді қызуында соқ; айбалтаның сабындай ; Дем берді; Алтынның сынығы; алтыннан ардақты, күмістен салмақты; Алтын көрсе періште жолдан таяр.
2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Болатты үздіксіз құюдың технологиялық негіздері
Қорамсауытқа құюдың басты кемшілігі – 12–35% металл шығынға кетеді. Онымен қоса, мұндағы құймакесектің құрылымы мен қасиеттері әр тұсында әркелкі болып келеді. Әдетте, құймакесектің бас жағында және орта тұстарында газ және шөгу қуыстары мен кеуектері, көміртегі мен күкірт ликвациясы орын алады. Қатаю кезіндегі құймакесектің ортасы мен шет жағындағы суыну жылдамдықтарының алшақтығы, және оны ретке келтіру мүмкіндігінің жоқтығы құрылым мен қасиеттерінің әркелкі болуына әкеліп тұрады.
Үздіксіз құю әдісі – металлургиядағы ең алдыңғы қатарлы технологиялық үрдістердің бірі деп танылған. Оның артықшылықтары:
дайын өнімнің 1 тоннасына кететін металл шығынының құймакесектің бас жағы мен түбін кескенде болатын 12–35% шығынмен салыстырғанда 3–5%–ға дейін азаюы;
кристалдық құрылымы мен технологиялық қасиеттерінің дайындаманың ұзын бойында біркелкі болуы;
су бүркіп суытылатындықтан дайындама сапасының жоғары болуы;
механизациялау және автоматтандыруды кеңінен қолдануға мүмкіндіктер көптігі;
үздіксіз құю мен дайындаманы илемдеу әдістерін бірге орындау мүмкіншілігі.
Осыларға қоса, үздіксіз үрдіс болғандықтан бұл әдістің өнімділігі ең жоғары деңгейде екенін еске салу керек. Қазіргі уақытта дүние жүзінде өндірілетін болаттың 83% –ын, ал дамыған капиталистік елдерде 97% –ына дейін үздіксіз құю әдісімен алады.
Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
Конструкционными называются стали, применяемые для изготовления деталей машин, конструкций и сооружений. Стали, применяемые в конструкциях и сооружениях, называются строительными. Четкой границы по химическому составу между строительной и машиностроительными сталями нет. Конструкционными могут быть как углеродистые, так и легированные стали. Содержание углерода в этой группе не превышает 0.6 %. Конструкционные углеродистые стали разделяют так же по назначению, технологическим признакам. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
2-жаттығу.Қазақ тіліне аударыңыз
1. Республика Казахстан является одним из ведущих производителей руд цветных и редких металлов, а также многих других ценных полезных ископаемых. В этой республике планомерно осуществляется программа дальнейшего наращивания сырьевого обеспечения быстро развивающейся горнодобывающей промышленности. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
Берілген жаттығулар арқылы студенттердің ой-өрістері, сөйлеу дағдылары, сөйлесім әрекеттері, тілдің танымдық, қатысымдық қасиеттерін тереңдету, сөйлеу мәдениеттеріне көп ықпал етері сөзсіз.
3-жаттығу. Берілген сөздердің синонимдік қатарын табыңыз.
Ойламаған жерден-аяқ астынан
Орақ ауызды –
Түн жамылды –
Топ жарды –
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар –
Оң мен солын айырды –
Төс қағысты –
Жапан дала –
Шашбауын көтерді - т.б.
4-жаттығу. Берілген омоним фразеологизмдердің мағыналарын ашыңыз.
Өре түрегелді - 1. аяғынан тік тұрды, ұшып тұрды. 2. қарсы тұрды.
Өркен жайды –
Ойы бұзылды –
Лақ еткізді –
Ит пен қүсқа жем болды –
Көрге кірді –
Жүзіктің көзінен өткендей –
5-жаттығу. «Әдемі» (ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, туған айдай, үріп ауызға салғандай т.б.), «Қорықты» сөзінің синоним фразеологизмін табыңыз.
6-жаттығу. Көп мағыналы фразеологизмдерді мағынасына қарай топтастыру.
Айтқанына көнбеді –
Аузын ашты –
Таң қалды –
Дәм тәтті –
Мұз балақ –
Ақиық –
Ауыз тиді - т.б.
7-жаттығу. Фразеологиялық варианттардың нұсқасын тапқызу.
Пешенесіне жазылған - бешенесіне жазылған
Ашуына тиді –
Тыныс алды –
Аспанмен таласқан –
Ат кекілін кесті –
Кек алды –
Маңдайының соры бес елі –
Ай дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ т.б
XVсабақ. Іскери тіл: өтініш түрлері, өмірбаян, түйіндеме, жеке іс парағы, қызметтік хаттар.
Кәсіби тілдегі техникалық құжаттамалар түрі. Қазақ тіліндегі кәсіби жиі қолданылатын құжаттар. Құжат түріне қарай оларды құрастыру шарттары мен ерекшеліктері. Кәсіби құжаттарға қойылатын талаптар
Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары, Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.
Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады
өмірбаян
түйіндеме
жеке іс парағы
визит карточкасы
өтініш
арыз
мінездеме
кепілдеме
жеделхат
Өмірбаян.
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мүқанов - «Аққан жүлдыз»,
М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1. Құжаттың аты (өмірбаян)
2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері
3. Ұлты
4. Білімі, оқыған оқу орындары
5. Қоғамдық-саяси қызметі
6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
7. Қазіргі жұмысы, мекен-жайы
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.
Өмірбаян үлгілері.
Өмірбаян
Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы, 14 қаңтарда Алматы обылысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Алматы каласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім.
2004 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курсына оқуға түстім.
Ата-анам бар: әкем - Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков циркте жұмыс істейді. Анам - Салтанат Әріпжанқызы Алпысбекова, ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін.
Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу.
Мекен жайым: Алматы қаласы, "Орбита-3" ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56.
Өмірбаян
Мен, Серік Жүмаділұлы Қалымбетов, 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы, Бәйдібек би ауданы, Боралдай ауылында қызметкерлер отбасында тудым.
1990-2001 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы 3. Шүкіров атындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік окушы екенімді көрсете білдім. Әр түрлі қоғамдық жүмыстарды атқардым, спортпен шұғылдандым.
Ата-анам бар: әкем - Ж. Қалымбетов Шымкент қаласында жекеменшік кәсіпорнында жұмыс істейді. Шешем ~ 3. Қалымбетова Шымкент қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілінен сабақ береді.
2001 жылы аталған мектепті бітірген соң, Қазақстан-Британ техникалық университетіне мұнайшы-инженер мамандығын алу үшін окуға түстім.
Бүгінгі таңда осы оқу орнының 2-курс студентімін, мен үйленбегенмін. Ағылшын тілімен шүғылданамын, компьютерлік курсқа барып жүрмін. Алдыма қойған мақсатым: білімді маман болып шығу.
Мекен -жайым: Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшамауданы, 9-үй, 53-пәтер, тел.40-02-05.
Сөздерді жаттап алыңыз!!!
өмірбаян - автобиография
ұлт - национальность
білім - образование
жоғары білім - высшее образование
орта білім - среднее образование
ата-ана - родители
мұғалім - учитель
үйленгенмін - женат
отбасы - семья
жұбай -супруг (супруга)
үйленбегенмін - не женат
ажырасқанмын - разведен
әскери қызметке міндеттімін - обязан к воинской службе
әскери қызмет - воинская служба
қосымша мәліметтер - дополнительные сведения
мекен-жай - адрес
туу - родиться
оқу - учиться
қызмет - должностъ
қызметкер - служащий
маман - специалист
мамандық - специальность
бөлім - отдел
беттеу - верстка
бірлестік - объединение
әкімшілік - администрация
тіркелім - прописка
тұрғылықты жер - место жительства
оқу орны - учебное заведение
арнайы орта - средне-специальный
акционерлік - акционерный
коммерциялық - коммерческий
ұйымдастыру ісінің техникасы - организационная техника
дүниеге келу, туу - родиться
түсу - поступать
бітіру - закончить
бару - посещать, пойти, ходить
үйлену - жениться
тұрмысқа шығу - выходить замуж
жұмыс істеу - работать
ауысу - перейти
міндетті - обязан
Грамматикалық минимум
Жіктеу есімдігі мен
Жалқы есімдер Жер-су атаулары оқу орындарының, құрметті атақтар мен наградалардың, ұйымдар мен мекемелердің атаулары
Сан есімдер (реттік сан есім) Етістіктің өткен шағы -ды, -ді
- ты, -ті
- қан, -кен
- ған, -ген
Үстеу (қазір)
Модуль сөздер (бар, жоқ)
Түйіндеме (Резюме)
Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.
Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
аты-жөні;
туған жылы, күні, айы, туған жері;
ұлты;
жынысы;
мекен-жайы, телефоны;
отбасы жағдайы;
азаматтығы;
білімі;
бітірген оқу орындары;
кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;
тілдік дағдылары;
компьютерлік сауаттылығы;
жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.)
қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.)
Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз!
1. Түйіндемеде Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтініз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын.
Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып резюменің колжазбасын дайындауға кірісіңіз. Құжаттар мен мәліметтерді дайындап алғаннан кейін түйіндеме жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз?
Егер ғылыми дәрежеңіз болса оны қалыптасқан редакциямен көрсетесіз. Мысалы, "техника ғылымының кандидаты", "биология магистрі", т.б.
Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз.
Қызмет бабымен, саяхатшы ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі.
Жеңіл машина немесе көліктердің басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды.
Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы, "не, қайда, қашан" екендігі жазылады.
2. Түйіндемені оқыған қезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп түруы кереқ, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден үғатындай болғаны дүрыс.
Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы қерек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз, түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жақсы көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы кереқ. Жиналған мәліметтерді түйіндемеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық (күнтізбелік және қызметтік тәсілдер).
Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жүмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дүрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды.
Функционалдық тәсіл. Бүл тәсіл білімі мен біліктілігі, жүмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс өтілі кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жүмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды".
Соңғы жүмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынган кепілдеме болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады.
Түйіндеме үлгілері
ТҮЙІНДЕМЕ
Аты-жөні: Сұлтанова Назира Айханқызы
Туған жылы, күні, жері: 1914 ж. 4-сәуірде Талдықорган қаласында тудым.
Мекен-жайым: Алматы қаласы, N. Тілендиев көшесі, 21, 3.
Үй телефоны: 41-00-43
Мамандығым: заңгер, тарихшы.
Сала: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері.
Білімі мен қызмет жолы туралы мәлімет:
Қазақ мемлекеттік зац университетініц аспиранты 1997-2000 жж.
Ілияс Жансугіров атындагы университеті тарих факулътетініц оқытушысы /995-1997 жж.
Ілияс Жансүгіров атындагы Талдықорган университеті тарих және қуқық факультетініқ студенті — 1991-1995 жж.
Негізгі мәліметтер. Казақстан тарихы, қуқықтану мәселелерімен айналысып, зерттеу жумыстарын жүргіздім. "Әлихан Бөкейхаповтың саяси, қуқықтық көзқарастары" тақырыбында кандидаттық диссертация жаздым. Республика, қала, жоғары оқу орындары колемінде өткен конференцияларды баяндама жасадым. Жогары оқу орнында жұмыс істеген тәжірибем бар. Қоғамдық жумыстарға белсене араласамын.
Қосымша мәліметтер: Ана тілім — қазақ тілі. Ағылшын және орыс тілін жақсы білемін. Компьютермен қолданушы ретінде жұмыс істей аламын. Туристік сапармен Туркия, Қытай, Корея мемлекеттерінде болдым. Жеңіл машина жургізе аламын (1998 жылдан). Көпшілікпен жумыс істегенді ұнатамын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар. Тапсырған іске жауапкершілікпен қараймын.
Әуестіктері Театрға, спорт жарыстарына барганды, кітап оқығанды ұнатамын.
Кепілдеме туралы мәлімет: Қазақ мемлекеттік заң университеті Мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі берген кепілдеме қосымша беріліп отыр.
4 наурыз 2000 жыл (қолы) Сұлтанова Н.А.
Түйіндемеде жұмсалатын терминдер және термин клишелері:
ұлт _________________ ұлтым – неміс (украин)
азаматтық ---------------- Қазақстан Республикасының
азаматы
білім _______________ жоғары білімді
орта білімді отбасы -------------- отбасым бар
жұбай үйленгенмін
бала үйленбегенмін
қыз тұрмыстамын
ұл ажырасқанмын
қыз тұрмысқа шақканмын
ата-ана тұрмысқа шықпағанмын
Спортпен айналысамын: ат спортын, футболды үнатамын, I разрядты волейболшымын.
Компьютерде, интернетте, ЭЕМ машиналарында жұмыс істей аламын
Қазақ, ағылшын, орыс
тілдерін меңгергенмін, меңгермегенмін
орташа меңгергенмін, түсінемін, оқи аламын, сөздікпен аудара аламын, жаза аламын
жұмыс өтілі, еңбекақы, үстеме ақы, марапаттау, еңбек кітапшасы, дәрігерлік сараптау қорытындысы.
3. ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы - жұмысқа қабылдану, сайланбалы оргаңдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.
Сөздерді жаттаңыз!!!
Жеке іс парақ /ғы/ - личный листок
Кадрлар жөніндегі жеке
іс парағы - личный листок по учету кадров
жұмысқа қабылдау - принять на работу
кадрлар жөніндегі жеке іс парағын толтыру - заполнить личный листок по учету кадров
тек / тегі/ - фамилия
аты - имя
әкесінің аты - отчество
туған жылы, айы, күні - год, месяц, число рождения
азаматтығы - гражданство
ұлты - национальность
әлеуметтік тегі - социальное происхождение
жынысы - пол
білім - образование
мамандық - специальность
жоғары /орта/ оқу орны - высшее (среднее) учебное заведение
дәреже - степень
атақ - звание
ғылыми еңбек - научный труд
өнертабыс - изобретение
лауазвім - должность
жұмыс істеген жылдары - трудовой стаж
шетел - иностранное государство
сайланбалы органдар - выборные органы
әскери қызметке қатысы - отношение к воинской службе
әскери атагы - воинское звание
толтыру -заполнить
көрсету - указать
мәлімет - сведения
марапаттау - наградить
жариялау - объявить
міндетті міндетті емес - обязан - не обязан
Грамматикалық минимум
жалқы есім
сан есім /жыл, ай, күн аттары/ жер-су атаулары
жоғары оқу орнының, мекеменің, ұйымың, сайланбалы органдардың атаулары
Мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтардың атаулары
ырықсыз етіс тұлғасы
тұйық рай
номенклатуралық атаулардың емлесі.
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
1. Тегі Аты
Әкесінің аты
2. Жынысы
3. Туған жылы, айы, күні
4. Туған жері
5. Ұлты ______
6. Әлеуметтік тегі
7. Білімі
ауыл, аудан, қала, облыс
Азаматтығы
Диплом бойьшша мамандығы.
Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері.
8. Қандай тілдерді білесіз ,қандай дәрежеде
9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ______^______
10. Ғылыми еңбектері және өнертабыстары_________
11. Жүмыс істеген орны, лауазымы, жұмыс істеген жылдары
Жұмыс істеген орындарының мекен-жайы.
12. Шетелдерде болуы __^_____^__^_^___
13. Сайланбалы орындарға қатысуы
14. Мемлекеттік наградалары _^___
15. Әскери қызметке қатысы______әскери атағы
16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы көрсетіледі)_______^^___^__^__
17. Мекен-жайы
Толтырылған уақыты Қолы __^^___^^__
Визит карточкасы
Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, байланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген құжат.
* Визит карточкасы іскерлік қатынас үшін өте керек іс қағазы, құжат.
* Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі әр түрлі болуы мүмкін.
* Аты-жөнін жазғанда фамилиясы үлкен әріппен теріледі.
- Мысалы: БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекүлы.
* Қызметі. Тек ресми атқаратын кызметі жазылады. «Міндетін атқарушы, уақытша орындаушы» деген сөздер жазылмайды.
* Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар кажеттілігіне карай көрсетіледі.
* Жүмыс телефоны. Алдымен хатшының телефонын көрсеткен дұрыс. Қажет деп санаған жағдайда өзіңіздің жеке телефоныңызды көрсетуге болады. Егер мобильді жүйедегі байланыс болса, жеке кодымен көрсетіледі.
* Визит карточкасы 50x90 миллиметрлік көлемдегі қатты қағазда жасалады.
* Визит карточкаларының түр-түсі әр адамның қызмет бабына карай жасалады.
6. Ө Т I Н I Ш
Өтініш – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат.
Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар төмендегідей:
- жұмысқа қабылдау
- жұмыстан босату
- басқа жұмысқа ауыстыру
- кезекті демалыс сұрау
- кезектен тыс демалыс сұрау
- материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау
- жалақыны көтеру туралы өтініш айту жоне т.б.
Грамматикалық минимум
Барыс септік: -ға/-ге -қа/-ке
Шығыс септік: -дан/-ден -тан/-тен
Есептік сан есім.
Жіктеу есімдіктері: мен, сіз.
Жіктік жалғау
Қысқарған создер (аббревиатуры)
Лексикалық минимум
Терминдер және терминдік сөз тіркестері Номенклатуралық атаулар Жалқы есімдер Ай аттары
Сөздерді сөздік дәптеріне жазып жаттаңыз!!
заявление -өтініш
прошу -сұраймын
проживающий -тұратын
прилагается -тіркелген
8. Арыз.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде карауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.
Хабарламаның үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмүны жағынан әртүрлі болъш келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеқе қүқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген қүқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жүмыс істейтін үжымдарда, мекемелерде, өзі түратын түрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.
Арызда - азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке қүқықтары мен мүдделерінің бүзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарламаижасаушының ойынша іс-қимылы дүрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің қүқықтары мен мүдделерін бүзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, үйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады.
Ұсыныс - белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жүмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары үсынылатын хабарлама түрі.
Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялык парақ толтырылады.
Арыз (өтініш, кейде шағым).
Арыз - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, отінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында.
Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен үжымның мүддесш көздейтін үжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана моселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуғе қүқы бар адам атына жазылады.
Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым турінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады. Арыздың алты реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазганы, қүжат аты, мазмүны, қолы, датасы.
Арыз сиялы қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады.
Арыздың құрылымы:
1) құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);
2) құжат аты;
3) негізгі мәтін;
4) қосымша болса оған сілтеме;
5) жазылу мерзімі;
6) қолы;
7) арыз мазмүнымен келісушілер қолы,
Адресацияга лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын ала жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні) адресацияда қөрсетілуі қерек. Мысалы, Петропавл қаласы сут заводының директоры Т.С.Пірімбетовке Көшірмесі: Петропавл қаласы СЭСмеңгерушісі Р.С.Садуовқа
Тақырыбы парақ ортасына адресациядан төмен жазылады. Мысалы, ШАҒЫМ, АРЫЗ, ТҮСІНІКТЕМЕ
Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы, "Менін Сізге арыз беру себебім,". Ары қарай қүжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе соз болады. Мәтін соңында қүнделіқті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы, "Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сүраймын", "Нүсқау беруіңізді сүраймын" т.б. Мәтін парақтың бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады.
Жазылу мерзімі. Арыздың жазылған күні, айы (жазбаша) және жылы көрсетіледі. Жазылу мерзімі негізгі мәтіннен төмен, парактың сол жақ бөлігінде орналасады. Мысалы,
24 наурыз 2000 жыл.
Қолы. Арыз жазушының атқаратын қызметінің толық ресми аты жазылады, кол қойылады. Парақтың оң жағына фамилиясы, аты-жөні жазылады. Мысалы,
Қазақ техникалық университеті
саясаттану кафедрасының оқытушысы ________Бекенова А.К.
Егер арызға кол қоюшылар бірнешеу болса онда олар иерархиялық тортіппен я болмаса алфавит төртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса онда арызға қол қою парағы тіркелді.
Арыз мазмүнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, "Келісемін", "Қарсы емеспін". Бұл жерде де датасы жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.
Ескертулер:
1. Егер арыз бірнеше адамның атына қатар жазылса, олардың барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда көрсетілуі керек.
2. Егер арыз бірнеше адамның атынан жазылса, олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит ретімен жазылады.
3. Арыз қолмен де, компьютермен де қатесіз жазылуы тиіс.
9. Мінездеме
Мінездеме, оның түрлері.
Мінездеме - түрлі мекеме, үйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті өрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады жоне құжат мазмұнын түйіндейді.
Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына үсыну мақсатында да жазылады. Мүнда үсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.
Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарыл отырған қызмет орнына лайық, лайьгқ еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мүндай мінездеме корытындысында "атқарып отырган қызметіне лайық", "қызмет бабында жогары қызметке усынуга лайық" немесе "атқарып отырган қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады.
Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділіген т.б. сипаттай лтырып жазылады. Қорытындьт бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылгандығы атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзату ум/ш"т.б.
Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мотіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, омірбаяндык мәліметтерді, қортынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады.
Кейде мінездеме жогары жагында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте түратын арнайы бланкілерге жазылган мінездемелер мінездеме беруші адамның және үйым жетекшісінің қолымен расталады.
Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.
Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мотін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).
Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1) тақырыбы;
2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
3) негізгі мәтін;
4) қорытынды;
5) мінездемені талап етуші үйымның аты;
6) мінездеме берілген күн, ай, жыл;
7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
8) қосымша (егер болса).
Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Аттестациялық мінездеме
Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді:
фамилия, аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)-
Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады.
Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі.
Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырьгп, басы артық қысқартуларсыз жазылады.
Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мүнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе үсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,
ҚОРЫТЫНДЫ: /. Атқарып журген қызметіне лайық. 2. Кәсіптік дайындық децгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін. ескере отырып Н.С.Нуртазаевты копкурстық Ііегізде статистика бөлімінің бастыгыны қызметіне ұусынуеа болады.
Мінездемені талап етуші ұйымның аты толық, ресми түрде аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп барып жазылады. Мысалы, "Абай атындагы Алматы мемлкеттік университетініқ қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді".
Мінездеме жазылған дата ұйым атынан кейін 1 интервал жіберіліп барып парақтың сол жақ бөліміне жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы, 26 мамыр 1999 жыл.
Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің ресми қызмет аты, қолы, фамилиясы, аты-жөні кіреді.
Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда
1) белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;
2) білімі туралы құжат көшірмесі;
3) бүрьшгы мінездемелер көшірмесі я одан алынған үзінді;
4) анықтамалар жіберіледі.
Егер мінездемеде қосымша болатын болса ол жайында парақтың соңында жазылады. Ал қосымша бірнешеу болатын болса жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі.
Мінездеменің жалпы қүрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парактың соңына "мінездемемен таныстым" деп жазып қол қояды. Фамилиясын, танысыскан күнін де жазады.
Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша жіберіледі.
Үлгімен танысыңыз.
Мінездеме
Болат Сыздықов Бакытүлы, 1967 жылы туған, үлты - қазак, білімі -жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Болат Сыздықов Бақытұлы — 1967 жылғы ақпан айының 15-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы Шымкент облысы, Түркістан қаласында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы казіргі Ұлттық техникалык университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірген. 1989-91 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір Қазақ үлттык техникалык университеті металлургия өнеркәсібі факультетінін аға мүғалімі. 1994-97 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дін өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасьгнда оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Б.Б.Сыздықов - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Б.Б.Сыздыковтың "Металлургия өнеркәсібінің терминдері" деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Б.Б.Сыздыков қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі, ЭЕМ /ЭВМ/ машиналарында жүмыс істей алады. Б.Б.Сыздыков - студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне үсыну үшін беріледі.
Мекеме басшысы Айы, күні, жылы /аты-жөні, қолы/
Қазақ техникалық университетінің
ассистент-профессоры Қуаныш Өмірбекүлы Әлихановқа
Мінездеме
Қ.Ө.Әлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. ¥лты - қазақ, білімі -жоғары, ҚР-ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік техника факультетІне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген. 1985-88 жылдар аралығында - Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, ҚазҮТУ металлургия факультетінің аға оқытушысы. 1988-91 жылдар арапығында ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлім аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация корғады.
Қ.Ө.Әлиханов - өз ісін жетік білетін, тэжірибелі маман. Ол - бірнеше гылыми еңбектердің авторы. Қ.Ө.Әлихановтың "Металлургия өнеркэсібінің терминдері" атты еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Қ.Ө.Әлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Ол - студенттер мен эріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.
Тау-кен металлургия институтының директоры,
т.г.д., профессор А.И.Магзонов қолы
Айы* күні, жылы
Қазақ спорт жэне туризм академиясыныц 2000-шы жылғы түлеғі,
еркін күрестен бапкер Мақсат Ахметүлы Нүсіпбековке
Мінездеме
Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. 1990-2001 жылдар аралығында Өскемен қаласындагы № 37 орта мектепте оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындагы ҚазҰТУ-га келіп оқуга түсті.
М.А.Нүсіпбеков-қабілетті, білімді, спортқа деген ынтасы зор. Республиқалық жарыстарга қатысып, жүлделі орындарға ие болган.
Компьютермен жұмыс істей алады, ағылшын тілін жетік біледі.
Мінезі біртоға, сабырлы, жолдастарына адал. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады.
Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.
Базалық дайындық деңгейі мен қабілеттігін ескере отырып, М.А.Нүсіпбековты халықаралық студенттік конференцияга жіберуге ұсынуға болады.
Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия
институтының директоры, т.г.д., профессор М.О.Жарасов қолы
Айы, күні жылы
Орыс тіліне аударыңыз
мінездеме
ұлт
лауазым,қызмет
азамат
білім
жоғары білім
орта білім
жыл
қазір
тәжірибелі
білікті, өз ісін жетік
білетін
маман
жетік білу
сөздерді жаттап алыңыз!!!
авторитетный - беделді
коллега - әріптес
образцовый - үлгілі
среди - арасында
учереждение - мекеме
организация - ұйым
руководитель - басшы
Студенттерге өздігінен оқып-үйренуге арналған тақырыптар мен тапсырмалар
1 тақырып. Мамандық бойынша терминдермен танысып үйрену.
Терминдік сөздер туралы ұғым. Термин сөздер категориясы. Әр мамандық пен ғылым саласындағы терминдердің жасалу жүйесі. Терминдердің баламалық ұғымдары және аудармасы, қолданылу аясы. Мамандық бойынша терминдерді талдап, жаттау, қолданып жаттығу. [1, 3-15 б. 6, 10-15 б.]
2 тақырып. Кәсіби тілде жиі қолданылатын құжаттар. Оларды жасау, талдау.
Кәсіби тілдегі техникалық құжаттамалар түрі. Қазақ тіліндегі кәсіби жиі қолданылатын құжаттар. Құжат түріне қарай оларды құрастыру шарттары мен ерекшеліктері. Кәсіби құжаттарға қойылатын талаптар. [1, 20-25б. 2, 11-16 б.]
3 тақырып. Ауызша және жазбаша кәсіби тілде сөйлеу тәртібімен мәдениетін қалыптастыру.
Мамандық тілін сауатты жазу мен мәдениетті сөйлетудегі амал-әдістер. Кәсіби сөйлеу ортасы және кәсіби іскерлік. [1, 12-23 б. 2, 3-10 б.]
4 тақырып. Практикалық бағытта жазу мәдениетін қалыптастыру және аударма ісі (реферат, жарнама және т.б.).
Кәсіби мәтіннің мазмұнын түсіндіру әдістемесі. Кәсіби тілдегі мәтін және оның ерекшеліктері. Кәсіби мәтіндегі сөздік жұмысы. Кәсіби мәтіндегі аударма практикумы. Мамандық тілін сауатты жазу мен сөйлетудегі амал-әдістер және білімді бақылау формалары (алғашқы, межелік, қорытынды). Кәсіби сөйлеу ортасы және кәсіби іскерлік. [1, 15-25 б. 3, 6-15 б.]
I. СӨЖ тапсырмасы
1 Берілген сөздерді, сөз тіркестерін жаттаңыз.
Усталость – қажу
Установка дробеметная – бытыраатқыш қондырғы
Фабрика агломерационная – агломерациялық фабрика
Фильтр – сүзгі
Шамот – қышқақ
Чугун с шараовидным графитом (высокопрочный) – шар тәрізді графитті шойын(беріктігі жоғары)
Шихта шикіқұрам
Шихта металлическая – металдық шикіқұрам
Шлиф – ыспа
Спекание –күйежентектелу
Спекаемость –күйежентектелушілік
Ковка –соғу
Лист –қаңылтыр
2 Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз,
Құймакесектер мен үздіксіз құйылған дайындамалардың қатаюының жылутехникалық негіздері. Болат құймалардың құрылымы
Геометриялық түріне қарай кристалдық түйіршіктер теңөсті және діңгек тәрізді болады. Осыған байланысты теңөсті, діңгек тәрізді және аралас макроқұрылымды кездестіреміз.
Құймакесекті жарып қарағанда онда үш түрлі кристалдық аймақтар бар екенін көруге болады.
1) ұсақ кристалды сыртқы қабат;
2) діңгек тәрізді кристалды қабат;
3) теңөсті ірі кристалды ортаңғы бөлік.
1 – аймақтың кристалдары суық қалыпқа құйғанда жылдам суып, өсуге мүмкіндік болмай ұсақ болып қалыптасқан кристалдардан тұрады. Бұл аймақтың қалыңдығы 6–15 мм шамасында. 2 – аймақтағы кристалдардың бірінші кезектегі өстері құйманың ортасына қарай бағытталып созыла орналасады.
Егер металдың құю температурасы төмендеу болса немесе кристалдану температурасына тең болса діңгек тәрізді кристалдар аймағы мүлдем болмауы мүмкін. Ал, құю температурасы аса жоғары болған жағдайда діңгек тәрізді кристалдар аймағы құйманың ортасына дейін жетеді. Соңғы құбылысты транскристалдану деп атайды. 3–аймақта орналасқан кристалдар құйманың ортасында болғандықтан ондағы жылу көпке дейін сақталып, кристалдар жан–жақты жетіліп өседі. Содан теңөсті ірі болып қалыптасады.
II. СӨЖ тапсырмасы
1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
Сталь качественная – сапалы болат
Сталь конвертерная – конвертерлік болат
Сталь легированная –қоспаланған болат
Стан трубопрокатный – құбырилемдеу орнағы
Печь камерная – бөлмелік пеш
Перегрев –аса қызыдыру
Плавка –балқыту
Плавление –балқу
Обжиг –күйдіру
Огнеупорность – оттөзімділік
Мәтінді мазмұндаңыз.
Кристалдану негізі
Іс жүзінде кристалдану үрдісі басым түрде гетерогенді жолмен жүреді. Оған себеп болатын балқымада қалқып жүретін ерімейтін кірінді қатты заттар түйіршіктері. Осы қатты түйіршіктер дайын тұрған кристалдану орталықтарының рөлін ойнайды. Гетерогенді туындау жылдамдығы да балқыманың аса суыну дәрежесіне тәуелді болып келеді. Бірақ, дайын тұрған қатты түйіршіктерде туындау үшін өздігінен кристалдануға қарағанда аса суыну шамасы азырақ болады.
Ерімейтін түйіршіктерді екі түрге бөледі – кристалданушы затпен изоморфты (2 текті модификаторлар) және активті немесе активтендірілген кірінділер.
Кірінді заттардың активтілігі аса қыздыру дәрежесінің белгілі бір шамасында жоғалуы мүмкін.
Кристалдардың өсуі қабатталып немесе тігінен жүруі мүмкін. Мұндағы кристалдардың өсу жылдамдықтары балқыманың аса суыну дәрежесіне тура пропорционалды болады. Балқымадағы еритін кірінділер кристалдардың өсу жылдамдығын азайтады.
Кристалдану үрдісінің термодинамикасы. Кристалдану үрдісінің басты себебі қарастырып отырған жүйедегі бос энергияның кемуінен ∆G деп табылады (1сурет). Кристалл өскіні туындағанда бір–біріне қарама–қарсы жүретін екі үрдістің арқасында жүйенің энергетикалық күйі өзгереді. Бір жағынан, сұйықтан қатты күйге өткенде жүйенің көлемдік энергиясы азаяды. Бұл энергияның азаю шамасы ∆GV = – (L∆T/TO )(4/3) πr3, мұндағы r– өскін радиусы, L– меншікті кристалдану жылуы, ∆T/TO – салыстырмалы аса суыну дәрежесі. Екінші жағынан, фазалар беті пайда болғандықтан энергия көбейеді. Бұл шама беттік керілу энергиясына тең ∆Gs=σ4πr2. Олай болса, жалпы энергия өзгеруі
1-жаттығу. Бұйрықты және лепті сөйлемдерді табыңыз.
1. Көрсетпе көз жасыңды. 2. кел, балалар оқылық. 3. Балам, жөніңді айтшы. 4. Қарындасым, ондай өтірікті ағаңа айтушы болма. 5. Достасып аттанайық. 6. Апа, төсек сап берші, жатқызшы. 7. Ақыл айтыңызшы. 8. Иә, бәсе, солай десеңші! 9. Жіберіңдер, түсіріңдер! 10. Келші, қалқам, менің қасыма отыршы. 11. Білім-биіктің басында, ақыл-аяқтың астында.12.Шіркін, ап-а-ау! Бәрі сіз үшін ғой! 14. О да бір қызық дәуір екен ғой! 15. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
ІІІ СӨЖ тапсырмасы
Жаңа сөздерді жаттаңыз.
Электрод угольный – көмір электроды
Электросталь – электрболат
Юбка – етек
Топливо - отын
Угар – металдың азаюы
Углерод – көміртек
Топка – оттық
Штейн белый – ақ штейн
Сплав – қорытпа
2. Мәтінді мазмұндаңыз.
Кристалдану негізі
Табиғаттағы заттар үш түрлі агрегаттық күйде болуы мүмкін – қатты, сұйық және газ тәрізді. Қатты заттың көлемі мен пішіні тұрақты болса, сұйықтың көлемі тұрақты болғанымен пішіні тұрақсыз – құйған ыдыстың ішкі қуысына қарай өзгеріп тұрады. Ал, газдың көлемі де, пішіні де тұрақсыз екені мәлім. Кристалды қатты денедегі атомдар белгілі бір геометриялық тәртіппен, кеңістікте тор құрап орналасады. Мұны кристалдық тор деп атайды. Қатты денелерде атомдардың «жақын» және «алыс» тәртібі бар екен. Сұйыққа өткенде алыс тәртіп бұзылып тек жақын тәртіп қалады. Одан әрі газ тәрізді күйге жеткенде жақын тәртіп те жойылады.
Осы үш түрлі заттың құрылымы мен қасиеттерін салыстырып қарағанда қатты мен сұйық күйдегі заттардың бір–біріне ұқсастығы, жақындығы көп екені байқалады. Қатты күйден сұйыққа өткенде дененің көлемі 3–5% ғана өзгереді. Дененің қатты және сұйық күйдегі жылу сыйымдылық коэффициенттері, электр өткізгіштік қасиеттері өте жақын шамада болады. Балқыған сұйық күйдегі металды қалыпқа (қорамсауытқа) құяр алдындағы температурасы оның кристалдану температурасынан аз ғана жоғары шамада болады. Бұл жағдайда сұйық балқыманың құрылымы кристалды қатты дененің құрылымына жақын тұрады. Сиботаксистер теориясы бойынша сұйық балқымада құрылымы кристалдық қатты денеге ұқсас тәртібі бар жекелеген бөлшектер шоғырынан тұратын микроаймақтар кездеседі. Оларды кластерлер деп атайды. Осы жеке шоғырлар өзінің өлшемін, пішінін және орынын өзгертіп, жоғалып және қайта пайда болып отырады. Бұл құбылысты фазалық флуктуация (фазалық құбылмалылық) деп айтады. «Тесіктер» теориясына (бос көлем және вакансиялық теориялар) сәйкес қатты дененің температурасы балқу температурасына жақындағанда иондар арасы алыстап кристалдық тордың тәртібі бұзыла бастайды. Осыдан кейбір көрші иондардың екі арасы тым алшақтап «тесіктер» түзіледі. Тесіктер көбейе келе қатты дененің «алыс» тәртібін жойып жібереді. Қатты дене сұйыққа айналады.
Кристалдану үрдісі екі кезеңнен тұрады – кристалдардың туындауы және өсуі. Осыған байланысты кристалдану үрдісінің екі түрлі көрсеткіші болады. Олар – кристалдардың туындау жылдамдығы және кристалдардың өсу жылдамдығы.
Кристалдану үрдісі екі жолмен жүреді – өздігінен кристалдану (гомогенді) және еріксіз кристалдану (гетерогенді).
Кристалдану орталықтарының өздігінен туындау үрдісі аса суытылған балқыма бойында орын алуы мүмкін. Кристалдардың туындау жылдамдығы балқыманың аса суыну дәрежесіне, балқыма мен өскін арасындағы беттік керілу шамасына және сұйық балқымадан қатты фазаға өтетін атомдардың қозғалыс тездігіне тәуелді болады.
Балқымаға аз шамада қосынды заттар салу арқылы өздігінен туындау жылдамдығын көбейтуге болады. Мұндай заттарды 1 текті модификаторлар деп атайды.
1-жаттығу. Төмендегі мәтіннен жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдерді ажыратып, 3 топқа бөліп жазыңыз.
Жерде аппақ қалың қар. Қыстың ақырғы кезі. Күн жылы. Қардың кететін уақыты таянғаны сезілді. Бізді лагерьге әкеп кіргізді. Лагерь Омбының темір жол жақ шетінде екен. Лагерьден шанамен дарылдатып сүйреп алып келеді. Қалың қарға көміліп шанада жатырмын. Үлкендерге орын босату керек. Соны сылтау қып, бұл үйден шығып кетті. Қыркүйектің бас кезі. Қоңыр күз. Әкем екеуміз үй сыртында тұрмыз.
IV СӨЖ тапсырмасы
Жаңа сөздерді жаттаңыз.
Чугун белый – ақ шойын
Чугун ковкий –күйдіріліген (қыздырылған) шойын
Чугун серый –сұр шойын
Футеровка – шеген
Футеровка кислая – қышқылдық шеген
Футеровка набивная – толтырмалы шеген
Футеровка основная – негізгі шеген
Мәтінді мазмұндаңыз.
Кристалдану негізі. Балқыту пешінен шыққан металды келесі кезекте қорамсауытқа немесе үздіксіз құю әдісіндегі кристалдандырғышқа құяды. Осы екі аралықта металл шөмішке құйылып, соның көмегімен қорамсауыттар не болмаса кристалдандырғыш тұрған жерге жеткізіледі. Металдың шөміштен ағуы, қорамсауытты толтыру үрдістері дайындама өндіру ісіндегі маңызды кезеңдер болып табылады.
Қорамсауытқа әбден толып болған металл суынып, қатая бастайды. Осы кезеңде құймакесектің денесі мен ішкі құрылымы қалыптасу үрдісі жүреді. Қазіргі замандағы теорияларға сәйкес металдың макро– және микроқұрылымы, сонымен қоса ішкі және сыртқы ақауларының қалыптасуы осы екі кезеңдегі физика–химиялық үрдістердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Бұл кезеңдердегі үрдістер жиынтығын металдың құйылуы және кристалдануы үрдістері деп атайды. Осы үрдістерді сырттай бақылап және зерттеп қана қоймай оларды белсенді түрде басқару, соның арқасында оларды керек бағытта жүргізуді мақсат тұтып құю және кристалдандыру деп аталды.
Құю үрдісінің өзі шөміштен ағу және қорамсауытты толтыру сияқты екі кезеңнен тұрады. Ал, сифонды құю кезінде осы екі кезеңнің аралығында сұйық металл құю жүйесінің арналарын бойлап ағады. Осы кезеңдердің барлығында да металл ағыны сапалы түрде жүруі керек. Бұл негізінен гидродинамикалық заңдылықтарға бағынады.
Күрделі физика–химиялық үрдістер кристалдану кезеңінде орын алады. Басты назар аударатыны кристалдану үрдісінің өзі металдың суыну, қатаю және кристалдық құрылымының қалыптасу үрдістеріне бөлінетіні. Ерекше көңіл бөлетін үрдіс – металл бойында сан–алуан ақаулар түзілуі. Осы пәнді оқудағы негізгі мақсат құю және кристалдану кезіндегі үрдістерді дұрыс жүргізе отырып металл бойындағы ақауларды болдырмау жолдарын таба білу.
Құю және кристалдандыру үрдістерінің металдың өзіне және одан алынатын бұйымдардың сапасына тигізер әсері зор. Құю мен кристалдандыру кезінде металдың пішіні, ішкі құрылысы (микро– және макроқұрылымы), сыртқы беті қалыптасады. Ал, бұл айтылғандардың металдың қасиеттеріне тікелей байланысы бар.
Пештен шыққан металды құю әдістерінің екі түрі бар: қорамсауытқа құю және үздіксіз құю. Соңғы әдісте кристалдандырғышқа құяды. Қорамсауытқа құю әдісінің үстінен құю және сифонды құю деген түрлері болады.
Балқыған металды құю және кристалдандыру кезінде жүретін үрдістер алуан түрлі. Шөміштен ағызу және қорамсауытты (қалыпты) толтыру кезінде гидродинамикалық, жылуфизикалық, ал кристалдану кезінде жылукинетикалық, диффузиялық, физика–химиялық, фильтрациялық, деформациялық үрдістер бір–бірімен ұштасып, қабаттасып жүріп жатады.
Бұл пәндегі негізгі түсініктер құю, суыну, қатаю және кристалдану болмақ. Құю үрдісі шөміштен ағызу мен қорамсауытты толтыру кезеңдерінен тұрады. Кейбір әдістерде шөміштен құйылған металл қорамсауытқа жету үшін құю жүйесі арқылы ағады.
Суыну деп металл температурасының төмендеуін айтады. Оған қарама–қарсы қызу үрдісі барын айта кетейік. Мысалы, металл суына бастағанда оның жылуын қабылдаған қорамсауыт қыза бастайды.
Қатаю – металдың сұйық күйден қатты күйге өту үрдісі.
Кристалдану деген металл бойындағы кристалдық құрылымның қалыптасу үрдісі.
1-жаттығу.Сөйлемдерді аударыңыз. Бастауыш қай сөз табынан болғанын анықтаңыз.
1. Казахстанские и французские дипломаты подписали важные документы.
2. У наших детей хорошие друзья.
3. Они позвонили мне.
4. Я перевела им текст.
5. 21 ноября – День работников сельского хозяйства.
6. Давайте, я напишу протокол.
VСӨЖ тапсырмасы
1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
Футеровка – шеген
Футеровка кислая – қышқылдық шеген
Футеровка набивная – толтырмалы шеген
Футеровка основная – негізгі
Фабрика обогатительная – байыту фабрикасы
Факел – алау
Усадка – шөгу; отыру
2. Мәтінді мазмұндаңыз.
Ликвация. Ликвация деп қорытпаның бойындағы химиялық құрамының әркелкілігін айтады. Сонымен қатар, ликвация деп химиялық құрамның әркелкі болып қалыптасу үрдісін де атайды.
Ликвацияны екі түрге бөліп қарастырады:
1) кристалл ішіндегі (дендриттік) ликвация (кейде микроликвация деп атайды) – бір орталықтан өсіп шыққан микротүйіршік аумағындағы химиялық әркелкілік;
2) аймақтық ликвация (макроликвация) – құйманың макрокөлемін тұтастай қамтитын немесе оның жекелеген бөліктеріндегі химиялық құрамның әркелкілігі.
Аймақтық ликвация өз кезегінде тура және кері ликвация болып жіктеледі. Тура ликвация кезінде компоненттер кристалдану бағытымен қозғала отырып құйманың орта тұсында жиналады. Бұл әсіресе біртіндеп қатайған құймада анық көрінеді. Кері ликвацияға ұшыраған құйманың компоненттері оның шеткі аймақтарына көп жиналады. Оған себеп – өсу үстіндегі кристалдардың түпкі жағы шөге бастағанда оған жетіспеуші металл орталық жақтан сорғыланып келеді. Осы металмен бірге жиналып қалған компоненттер де кері жұтылады. Кері ликвация кристалдану интервалы үлкен түсті қорытпаларды құйғанда көп кездеседі.
Ликвациямен күресу шараларына құйманың суыну жылдамдығын көбейту арқылы макрокөлем бойынша химиялық біркелкілікке қол жеткізу, компоненттердің тығыздығы бойынша бөлінбеуі үшін балқыманы араластырып отыру, дендриттік ликвацияны жою мақсатымен гомогендендіре (диффузиялық) қыздырып жұмсарту жатады.
1- жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден бастауышты тауып, жасалу жолына тоқталыңыз.
Мен өмірде көп нәрсені істей алмаймын. Менің шешем неміс. Атам жақсы адам. Осы менің айтарым. Бәріміз бірге барайық. Балық суда тез жүзеді. Екеуі өте жақсы дос еді. Бесеуміз үйден ерте шықтық. Осы жолы қызылдар жеңсе, ақтар келесі жолы жеңер. Бай кедейді түсінбес. Алыс жақын болды. Көп күлген бір жылар.
VI СӨЖ тапсырмасы
1. Жаңа сөздерді жаттаңыз
Смешивание – араластыру
Стопор – тоқтатқыш
Структура – құрылым
Сырье – шикізат
Сырье вторичное –қайтарма шикізат
Сталь листовая – қаңылтыр болат
Сталь низкоуглеродистая – төмен көміртекті болат
Литье –құю
Лом –сүймен(сынық)
2. Мәтінді мазмұндаңыз.Құйма бойында отыру қуыстары мен кеуектерінің қалыптасуы
Отыру (шөгу) деп құйманың қалыптасу кезінде және құю температурасы мен қоршаған орта температурасына дейінгі аралықта суыну барысында оның көлемі мен өлшемдерінің кішірею үрдісін айтады.
Металдар мен олардың қорытпаларының агрегаттық күйіне қарай шөгуді үшке бөледі:
– сұйық күйдегі шөгу құю температурасы мен кристалдана бастау температурасы аралығында жүреді;
– сұйық–қатты күйдегі шөгу кристалдану температурасында немесе кристалдану интервалында жүреді;
– қатты күйде шөгу кристалданып болу температурасы мен қоршаған орта температурасы аралығында өтеді.
Темір–көміртегі қорытпаларында (болат пен шойында) қатты күйдегі шөгуді тағы екі түрге – перлитке дейінгі (аустениттік) және перлиттен кейінгі шөгу деп бөледі. Перлитке дейінгі шөгу солидус температурасынан эвтектоидтық түрлену температурасына дейін, ал перлиттен кейінгі шөгу эвтектоидтық түрлену температурасынан бөлме температурасына жеткенше жүреді.
Шөгу үрдісін тежеуші факторлардың әсеріне байланысты еркін және тежеулі шөгу деп екі түрге бөліп қарастырылады. Еркін шөгудің шамасы үлкен болады. Шөгуді тежеп отыратын факторлар – механикалық және термиялық факторлар деп танылады. Механикалық факторлар қатарында шөгуге кедергі жасайтын тым қатты тығыздалған қалып қоспасы мен өзекше және қорамның айқыш қаңқасы бар. Термиялық кедергі келтіруші болып құйманың әр бөлігінің әртүрлі жылдамдықпен суынуы табылады.
Құйманың қалыптасу үрдісінің әр кезеңдеріндегі шөгуден басқа оған кері бағытта болатын қорытпа көлемінің үлкею құбылысы да кездесіп тұрады. Көбіне шөгу басталар алдында жүретін бұл үрдісті шөгу алдындағы ұлғаю деп атайды. Сұр шойындарда бұл графиттену нәтижесінде 0,3–0,6%, қоспаланған болаттарда карбидтердің бөлінуінен 0,1–0,6%, түсті металдарда араласқан газдардың бөлінуі салдарынан 0,1–0,25% іштен керілуімен байланысты болады. Шөгу алдындағы ұлғаю теріс таңбалы шөгу ретінде қарастырылып есепке алынады.
1-жаттығу. Баяндауыш туралы не білесің? Төмендегі диаграмманы толтыр.
Мысал
келтір
Қандай сөз табынан жасалады?
2-жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден баяндауышты тауып, жасалу жолын айтыңыз.
1. Жаңбыр жауып тұр. 2. Көше қараңғы. 3. Шатырлы ақ үйдің қабыр -
ғасына сәуле түсті. 4. Бұл - осы үйге қарай бұрылған мотоциклдің жары -
ғы еді. 5. Мұнда Дүйсеннің еңбектес досы келген. 6. Мен биыл он сегізде -
мін. 7. Жер беті аппақ. 8. Мен де айтарым сол. 9.Сізде көлік қанша?
3-жаттығу. Бастауыш пен баяндауыштарды теріп жазыңыз.
Мына бөлмеде інілерім шахмат ойнап жатыр. Болат жұмыстан үйге жаяу қайтты. Біз кітапханада кітап іздеп жүрміз. Сауда үйінен керекті заттарды аламыз. Данияр дүкеннен азық-түлік алады. Студенттер жаттығуды дұрыс жазып отыр. Менің ұйқым келді. Олардың киноға барғысы жоқ. Сондықтан үйде қалады. Алма алманы асықпай же.
4-жаттығу. Берілген мақал – мәтелдердің баяндауыштарын өздерін ойлап табыңдар да, қай сөз табынан жасалғанын айтыңдар.
Ердің сыншысы - .… Ерді намыс .… Өнерлінің өрісі …. Көп сөз - …, аз сөз - …. Жердің сәні …. Ата көрген …, ана көрген .…
VII СӨЖ тапсырмасы.
Жаңа сөздерді жаттаңыз.
Фильтрация – сүзу; сүзгілеу
Флюс – қождама
Футерование – шегендеу
Хладноломкость – суықта сынғыштық
Хромирование – хромдау
Хрупкость –морттық
Цементация – цементациялау
Цинк – мырыш
Чугун – шойын
2. Мәтінді мазмұндаңыз.
Қысыммен құю. Қысыммен құю әдісінде балқыманы баспақ–қалып деп аталатын металл қалыпқа құяды. Бұл әдісте қалыпты балқымамен толтыру мен құйманың қалыптасу үрдістері ауырлық күшінен артық болатын қысым күшімен орындалады. Құйма жасау үшін суық және ыстық баспалау камерасы бар қысыммен құю машиналары қолданылады. Суық камералы машиналардағы баспалау камерасы көлденең немесе тігінен орналасады.
Басқаларынан жиі қолданылатын суық көлденең камералы машиналардың баспақ–қалыбы қозғалмайтын және қозғалатын екі жартықалыптан тұрады. Біріншісі қозғалмайтын тақтаға ал екіншісі қозғалатын тақтаға бекітіледі. Баспақ–қалыптарды суытып отыру үшін су жіберетін арналары болуы мүмкін. Құймадағы қуыстарды алуға арналған металл өзекшелер әдетте қозғалатын жартықалыпта орнатылады. Құм өзекше ешқашан қолданылмайды, себебі қысыммен құйылған металдың қатты ағыны оны шайып кетеді. Құйманы қалыптан шығару үшін арнаулы тақтаға бекітілген итергіштер қарастырылған.
1-жаттығу. Мәтінді көшіріп, пысықтауыштың түрлерін ажыратыңыз.
Абайдың жасы он үшке толған еді. Бірақ, ғажап! Басқа балалардай емес, үйден көп шықпайды. Ол әжесі Зере мен шешесі ұлжанның қызық әңгімелерін тыңдайтын. Абай әңгіме, ертегі, аңыздарды жалықпай, ынтыға тыңдауға бар. Оның әжесі шебер әңгімеші еді. Әңгімесін қызықтырып айтады.
Абай әжесі шаршаған кезде шешесіне әңгіме айтқызатын. Анасы Ұлжан ұзақ жырларды, айтыстарды, өсиет, әзілдерді жатқа айтатын.
(М. Әуезов)
VIII СӨЖ тапсырмасы
Жаңа сөздерді жаттаңыз
Теплоемкость – жылу сыйымдылық
Степень дробления –ұсақтау дәрежесі
Стойкость – тұрақтылық (төзімділік)
Штамп – қалып
Олово –қалайы
Окисление –тотығу
Отжиг –жұмсарту
Отливка –құйма
Мәтінді мазмұндаңыз.
Илемдеу бiлiктерiн құю. Металлургиядағы илемдеу біліктерін әдетте құйып жасайды. Илемдеу біліктерін қолданысына қарай жайма табақ илемдеу және сорттыилемдеу біліктері деп, құрылымына байланысты тегіс және мөлшерленген деп, материалы бойынша шойыннан, қоспаланған және қоспаланбаған болаттардан жасалған болып, макроқұрылымына қарай жартылай қатты, ағартылған және қосқабатты деп жіктейді.
Әртүрлі болып келетін біліктердің барлығына бірдей қойылатын ортақ талап – олардың беткі жұмыс қабаты тозуға және ыстыққа тұрақты, ал ортаңғы бөлігі мен мойыны тұтқыр, берік болуы керек.
Илемдеу біліктері қоспаланған және қоспаланбаған болаттардан да жасалып жүргенімен, басым көпшілігінде шойындардан алынады.
Шойыннан жасалған біліктердің көлденең қимасын құрылымына қарай үш аймаққа бөлуге болады:
сыртқы ақ шойынды аймақ перлит пен цементиттен тұрады;
өтпелі жартылай шойын аймағы перлит, цементит және графиттен тұрады;
ортаңғы сұр шойын аймағы – бос жатқан цементиті жоқ аймақ.
Біліктердің құрылымы мен қасиеттерін шойынның химиялық құрамы мен суыну жылдамдығын өзгерте отырып реттеуге болады.
Біліктердің жалпылай беріктігі ағартылған беткі қабат пен өтпелі аймақтың қалыңдықтарына тәуелді. Тозуға тұрақтылығы жеткілікті дәрежеде болуы үшін беткі қабат қатты болуы шарт. Өтпелі аймақ болса, ондағы металл ортаңғы бөлікке қарағанда морт сынғыш келеді. Сол себепті, біліктің тозуға тұрақтылығы мен үлкен күштерге қарсы беріктігін қамтамасыз ету үшін өтпелі аймақтың қалыңдығы барынша аз болуы көзделеді. Мұндай біліктердің сапа көрсеткіші ретінде мынадай қатынас алынған
1-жаттығу.Кестені өз мысалдарыңызбен толтырыңыз.
Мағыналық түрлері
|
Сұрақтары
|
Мысалдар
|
1. Мекен пысықтауыш
2. Мезгіл пысықтауыш
|
Қайда? Қайдан? қалай?
қашан? қашаннан бері?
қашанға шейін?
|
|
3. Қимыл – сын пысықтауыш
|
Қалай? қайтіп?
|
|
4. Мақсат пысықтауыш
|
не үшін? не мақсатпен?
|
|
5. Себеп пысықтауыш
|
неліктен? не себепті? неге?
|
|
2-жаттығу. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Мезгілдік қатынасты білдіретін конструкцияларды теріп жазыңыздар. Соларды пайдаланып, “Менің жұмыс күнім ” деген тақырыпта әңгіме құраңыздар.
Менің жұмыс күнім
Мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Сағат жетіден он бес минут кеткенде жуынып, дене шынықтыру жасаймын. Сағат жеті жарымда таңертеңгі асымды ішемін. Сағат сегізге он бес минут қалғанда мектепке келемін. Сабақ сағат сегізде басталады. Алты сабақ сағат 13:30 бітеді. Сабақтан шыққасын кітапханаға барамын. Кітапханада асхана бар. Сол жерде тамақтанып алып, оқу залына барып сабаққа дайындалуға кірісемін. Кітапханаға уақыт көп кетеді. Үйге сағат 18:30 –да келемін. Сағат 20:00-ге дейін кешкі асымды ішіп боламын. Мен ұйықтауға сағат 23:00-де жатамын.
IX СӨЖ тапсырмасы
1 Жаңа сөздерді жаттаңыз.
Закалка –шынықтыру
Закалка в воде –суда шынықтыру(суару)
Известняк –әктас
Изложница –құймақалып
Гибка – ию
Вытяжка с утонением –жұқартып кермелеу
Вязкость металла –металл тұтқырлығы
Вагранка – шойынпеш
Баланс тепловой –жылулық баланс
2. Мәтінді мазмұндаңыз.
Қорытпалардың тығыздығы жасалатын бұйымның массасын анықтайды. Ол көп есептеулерге қолданылады. Егер тығыздығы төмен болса кейбiр қоспа заттар балқыма бетiне жиналып қожға араласады және тотығып кетедi. Тығыздығы жоғары, ауыр компоненттер пештiң түбiне шөгiп, толық балқымай қалу қаупi туады.
Металл балқып қаттыдан сұйыққа өткенде оның көбiнiң тығыздығы өзгерiп 3–5%–ға азаяды. Кейбiр металдар– Si, Bi, Ga, Sb, Ge сияқтылар – керiсiнше тығыздықтарын 1–5%–ға көбейтедi. Қорытпалар қалыпқа құйғаннан кейiн жылуын жоғалтып суи бастайды да тығыздығы керiсiнше өзгередi. Осының нәтижесiнде көлемi азайып шөгу құбылысына әкелiп соғады. Шөгу үрдiсiн дұрыс бағыттамаса құйма бойында шөгу қуыстары мен шөгу кеуектiлiгi деген ақаулар пайда болады.
Диффузия балқыма бойындағы компоненттердiң бiркелкi таралып орналасуы үшiн маңызды. Диффузия арқылы таралу бiрнеше миллиметр шамасында ғана болғандықтан балқыманы араластырып отыру жиi қолданылады.
Қайнау температурасы деп металдың буының қысымы атмосфералық қысымға (1,01·105 Па) тең болатын температураны айтады. Балқу температурасында буының қысымы өте үлкен болғандықтан Zn, Mg, Mn, Cr тез қайнап ауаға ұшып шығындалады. Осындай ұшпа заттарды алдымен лигатура түрiнде дайындап алып барып балқымаға қосады.
Балқыманың электр кедергiсi оны индукциялы пештерде балқыту мүмкiндiлiгiн анықтау үшiн маңызы бар. Себебi осындай пештерде жылу энергиясы балқыманың бойындағы құйынды токтардың әсерiнен бөлiнедi.
Металдардың меншiктi балқу жылуы бiр–бiрiнен тым алшақ жатады. Pb – 24·103 Дж/кг болса Al – 400·103 Дж/кг, Si тiптi одан да көп 1800·103 Дж/кг. Бұл қай металды балқытуға қанша жылу энергиясын жұмсау қажеттiгiн анықтайды. Құйманың суып, кристалдануы кезiндегi есептеулер үшiн металдың жылу сыйымдылығын, жылу өткiзгiштiгiн де бiлу керек.
Жалпы алғанда, балқу температурасына жақын температураларда қатты металл мен сұйық балқыманың физикалық қасиеттерi бiр–бiрiне жуық шамада болғандықтан сұйық металдың құрылымы да қатты металдың құрылымына ұқсас келетiнi дәлелденген. Сұйық балқыманың бойында қатты металдың кристалдық құрылымы сияқты тәртiппен орналасқан атомдары бар жекеленген микротопша шоғырлары кездесiп тұрады. Оларды кластер деп атайды. Темпрература көтерiлген сайын кластер саны азая түседi.
Балқымалардың газдармен, отқа төзiмдi материалдармен әрекеттесуi.
Балқыту технологиясы үшiн балқыманың қоршаған орта газдарымен әрекеттесу түрi маңызды болады. Осы әрекеттесудiң үш түрi бар. Бiрiншiден, балқыма мен газдың бiр–бiрiне бейтараптығының арқасында ешқандай әрекеттесу болмауы мүмкiн. Екiншiден, газ бен металл химялық қосылыс түзiп әрекеттесуi ықтимал. Үшiншi әрекеттесу түрiнде газдар балқыма бойына ерiтiндi түзiп енуi мүмкiн.
Ең қолайлысы газ бен металдың өзара әрекеттеспеуi. Мысалға кез–келген металл түрi мен инерттi газдар аргон, гелий және басқалардың жүйесiн алуға болады. Осындай ортада жүргiзiлетiн балқу кезiнде металдың шығыны да, оның газ өнiмдерiмен ластануы да болмайды. Егер газ бен балқыма өзара химиялық қосылыс жасаса, онда балқыма оксид, нитрид сияқты қосылыстардың қатты түйiршiктерiмен ластанады. Мұндай әрекеттесудiң алдын–алу үшiн газ қысымын қосылыстың диссоциациялану (ыдырау) қысымынан төмен ұстау керек.
1-жаттығу.Оқыңыз. Сөйлемдерден анықтауышты табыңыз.
1. Сөзді жылдам жазу тәсілін стенография дейді. 2. Арменияда Шане Церумян ойлап тапқан стенографияның жаңа жүйесі қолданыла бастады. 3. Мұзды мұхиттан соққан суық желді осы қалың орман бізге өткізбейді. 4. Тайганың қары қалың болады. 5. Біздің еліміз бай әрі күшті ел.
2-жаттығу. Оқып, орыс тіліне аударыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер. Сөйлемдердегі анықтауыштың орнын, жасалуын түсіндіріңдер.
Түркістан. Әр халықтың қадір тұтатын жері, бас иер мекені бар. Біздің қазақ халқының сондай қасиетті жері – Түркістан қаласы. Түркістан - тек қазақ халқының емес, бүкіл түркі халықтарының рухани орталығы. Түркістан қазақ хандығының мемлекет болып қалыптасуына тікелей ықпал етті, халқымыздың рухани және саяси орталығы болды. 12 ғасырда көне Иасы шаһарында Қожа Ахмет Иассауи дүниеге келді. Ол әлемге белгілі философ, ақын, жазушы адам болды.
3-жаттығу. Кестемен танысып, өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
Тура толықтауыш
|
Жанама толықтауыш
|
Табыс септігінің сұрағына жауап береді.
Кімді?(кого)
Нені? (что)
|
Сания дәптерді(нені?)алды.
Руслан Есенді(кімді?) шақырды.
|
Барыс(кімге? неге?), жатыс(кімде?, неде?),
шығыс (кімнен?неден?),
көмектес(кіммен?немен?)
септіктердің сұрақтарына жауап береді
|
Дүкенге, кемеге
Дәптерде, сөмкеде
Кинодан, көліктен
Досыммен, машинамен
|
X СӨЖ тапсырмасы
Жаңа сөздерді жаттаңыз.
сито – елек
автомат литейный – құю автоматы
автопогрузчик – автотиегіш
агрегатные состояния вещества – заттың агрегаттық күйі
адсорбционная вода – адсорбциялық су
азотное кипение – азот қайнауы
активизаторы – белсендіргіштер
алюмосиликатные огнеупоры – алюмосиликатты отқа төзімділер
анодирование – анодтау
2. Мәтінді мазмұндаңыз.
Металдар мен қорытпалардың физикалық қасиеттерi. Балқымалардың газдармен, отқа төзiмдi материалдармен әрекеттесуi
Металл қорытпаларының құрамына негiзгi компонент, қоспалаушы элементтер, модификаторлар және қосынды заттар кiредi. Қатты күйдегi қорытпалардың бойында осы айтылған компоненттер өзара қаттты ерiтiндi, механикалық қоспа, химиялық қосылыстар түзедi.
Металл қорытпаларды сұйық күйде балқымалар деп атайды. Балқымалар өте көп майда түйiршiктер iшiнде қалқып жүретiн сұйық түрiндегi күрделi жүйе болып саналады. Құрылымы микрогетерогендi болып есептеледi.
Қорытпалар қара және түстi болып екiге бөлiнедi. Қара металдар қорытпалары бiр ғана металл – темiр негiзiнде алынады. Олар шойындар мен болаттар. Түстi қорытпалар көбiне мыс негiзiнде (қола, жез), алюминий, мырыш, магний және басқа түстi металдар негiзiнде дайындалады.
Технологиялық қасиеттерiне қарай қорытпалар тағы да илемделетiн (деформацияланатын) және құйылатын болып жiктеледi. Алдыңғылары илемдеу, соғып өңдеу, таптап қалыптау арқылы өңдеуге арналса, соңғылары қалыпқа құйып құйма алуға арналады.
Құйма жасауға арналған қорытпаларды дайындау технологиясы алынатын құйманың сапасын қамтамасыз етiп, өзi қарапайым және сенiмдi, жұмсалатын материалдарды және энергия көзiн үнемдi пайдаланатын, қоршаған ортаға және жұмыскерлердiң денсаулығына зиянсыз болуы керек.
Осындай қорытпа дайындау технологиясын әзiрлеу үшiн сұйық металдар мен қорытпалардың физикалық және физика–химиялық қасиеттерiн бiлу керек.
Ең маңызды деген физика–химиялық қасиеттерi металдардың балқу температурасы, тығыздығы, динамикалық тұтқырлығы, диффузия, қайнау температурасы, электр кедергiсi, жылу сыйымдылығы, жылу өткiзгiштiгi, балқу жылулығы болып табылады.
Металдардың балқу температурасы бойынша отын немесе энергия түрiн, қыздыру тәсiлiн анықтайды. Сонымен қатар балқымаға салатын әртүрлi қоспалардың температурасын бiлген дұрыс. Оңай балқитындар қожға араласып кетсе, қиын балқитын заттар балқу үрдiсiн созып, металдардың тотығып бұзылуына әкеледi. Ең дұрысы олардың балқу температурасы балқыманың балқу температурасына жақын болғаны. Олай болмаған жағдайда бұл қоспалар лигатура түрiнде алдын–ала дайындалып қояды.
1-жаттығу. Оқыңыз. Аударыңыз. Бірыңғай мүшелерді тауып, қандай сөйлем мүшесіне қатысты екенін айтыңыз.
Енді бір сәт Маңғыстау түбіндегі шежіре, аңыздар, айбынды батыр, атақты күйші, ақындар төңірегінен қызықты сырлар шертеді. Мұндағы босаға, есік, кереге, уық сырлы желбақан мүлгіп қалған еді. Ауа тұп-тұнық, тап-таза, жібектей жұмсақ. Ұлпан туған ауылына келсе, әке-шешесінің ескі үлкен қоңыр үйі тігулі, бар-жоғы төселулі екен. Оларды бастап келген адам да семіз, биік келген, қара-торы жүзді, қиғаш қас, қара сақалды, қысық көзді Ораз. Көркем шығармада жазушы әдеби кейіпкердің портретін, кәсібін, туып-өскен жерін, адам басындағы күйінішін-сүйінішін суреттейді. Жалаң бас, жалаң аяқ, көйлекшең ғана қалпыммен тысқа шықсам, жаңбыр да нөсерлей төпеп тұр.
2-жаттығу.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз. Олар барлық жерде бірыңғай мүше болып тұр ма?
Сізде пияз және картоп бар ма?
Иә, бәрі бар: ... да, ... та, ... де, ... да, ... те бар.
Бағалары ... ?
Пияз - ..., сәбіз ..., ... жүзім.
Жеміс – жидектен не бар?
..., ..., ..., ..., ... ғана әкелдік.Бағасы базардағыдан көп арзан. .... .
Екі келі жүзім ..., үш келі... беріңізші. Қайда төлеуім ... .
... төлеңіз. Салатын сізде бар ма?... бар.
Сіздерде ... шырыны жоқ па?
Бар. Жүзім шырыны, ... шырыны және....шырыны бар.
Алма шырыны .... ма?
.... орай, алма шырыны жоқ.
Мен ..., ..., ..., ..., алайын деп едім.
Бірінші қабатқа түсіңіз, сондағы бөлімдерден алыңыз.
XI СӨЖ тапсырмасы
1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
армирование отливок – құйманы бекемдету
баланс металла – металл балансы
барабанный ковш – даңғыра шөміш
бегуны – жүгірткілер
белый чугун – ақ шойын
благородные металлы – асыл металдар
брикетирование – кесекшелеу
бринелля метод – бринелль әдісі
бронза – қола
2. Мәтінді мазмұндаңыз.
Қозғалмайтын електер. Оттықтық (желтартқыш (колосниковые)) електер.
Бұл конструкциясы бойынша оңай електер. Олар бірдей және параллель өзара тең арақашықтықта бекітілген оттықтар (колосник) қатарынан тұрады. Оттықтар (желтартқыштар) ендерінің арасындағы саңылау 50 мм-н кем емес. Оттықтар арқалық қалыбының қимасынан жасалады. Оттықты електің өлшемдері құрылымды болып таңдалады. Ені В; құрғақ кендер үшін елеуіштің көлбеу бұрышы 38...50град, егер кенде болса, онда көлбеу бұрышы 5...10 градқа дейін артып өзгереді; електің ұзындығы елеудің өнімділігі мен тиімділігіне тәуелді болып алынады, әдетте L=2B, бірақ 6 м-ден аспайды.
Қозғалмайтын оттық електердің елеу тиімділігінің 50...60% құрайды.
Қозғалмайтын оттық електерді ұнтақтаудың 1 кезенінің алдында бастапқы кеннің ірі елеулері үшін қолданады.
Доғалы електер. Доғалы електерде оттықтың ағынға көлденең қатынасымен доғатәріздес оттық елеуішті өзімен електейтін бетті бейнелейді. Елеуленетін қойыртпақтың қозғалысы елеуіштің басында шеңбер жанамасы бағытымен бағытталады.
1-жаттығу. Аударыңыз. Құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
Утром шел дождь. Трава была мокрая. Солнце зашло за горы. Мы не спешили. Солнце светило ярко. Днем дождя не было. Аскар пришел в университет рано. Он подготовился к первой лекции. Выпал снег. Похолодало.
2-жаттығу. Сөйлемді салалас құрмалас етіп аяқтаңдар.
Мақсат әнді жақсы айтады, ... .
Жангелді әрі реңді, ... .
Қоңырау соғылды да, ... .
Шыңғыс қазақ әндерін де көп біледі және ... .
Қонақта төрде ақсақалдар отыр және ... .
Мына баланың ойы да жақсы, ... .
Алматының жазы да әсем, ... .
Мен мектепті бітірдім де, ... .
Аспирантурада оқыдым және ... .
Қажетті сөздер: төменде жас жігіттер жайғасқан, қысы да ғажап, әрі домбыраны тартады, орыс әндерін де жақсы орындайды, ісі де жақсы, әрі салмақты, сабақ басталды, институтқа түстім, студенттерге сабақ бердім.
XII СӨЖ тапсырмасы
Өткен сөздерді пысықтау
Футеровка – шеген
Футеровка кислая – қышқылдық шеген
Футеровка набивная – толтырмалы шеген
Футеровка основная – негізгі
Фабрика обогатительная – байыту фабрикасы
Факел – алау
Чугун ковкий –күйдіріліген (қыздырылған) шойын
Чугун серый –сұр шойын
Футеровка – шеген
Футеровка кислая – қышқылдық шеген
Футеровка набивная – толтырмалы шеген
Футеровка основная – негізгі шеген
Усталость – қажу
Установка дробеметная – бытыраатқыш қондырғы
Фабрика агломерационная – агломерациялық фабрика
Фильтр – сүзгі
Шамот – қышқақ
Чугун с шараовидным графитом (высокопрочный) – шар тәрізді графитті шойын(беріктігі жоғары)
Шихта шикіқұрам
Шихта металлическая – металдық шикіқұрам
Шлиф – ыспа
2. Мәтінді мазмұндаңыз.
Ұсату. Кенді алу тәжірибесінде кен орындарын өңдеу үшін жер асты және ашық әдістерін қолданады.
Барлық байыту әдістері минералды шикізаттың белгілі дайындығын талап етеді. Оның кесектерінің ірілігін кішірейту мақсатында.
Жер асты алудың кесектерінің максималды өлшемдері 250...650 мм, ал ашық алу кезінде 1500 мм – ге дейін жетеді. Әр байыту үрдісіне бастапқы материалдың оптималды ірілігі болады, сондықтан барлық кендер алдын ала ұсатылады.
Ұсату – қатты заттардың кристалдарының ішкі әрекетінің күшін өтеп, ішкі күштің әсері арқылы бұзу барысында кен кесектерінің өлшемдерін кішірейту үрдісі. Ұсату кезінде ірілігі 5 мм – ге дейін жететін өнімдер алынады. Ұсату үшін әртүрлі конструкциялы ұсақтағыштар қолданылады. Ұсату үрдісі құрғақ әдіспен (негізгі) және сулы әдіспен (глиналы кендерге) жүргізіледі.
Кенді дайындау үрдістерінің ақысы капиталды салымдар мен эксплуатациялы шығындардың 50%-ын құрайды. Санаулар бойынша, әлемдегі электр энергиясының жиырмадан бір бөлігі қатты заттарды ұсатуға және ұнтақтауға жұмсалады.
Ұсату кезінде түйіршіктердің хаостық бұзылысы жүреді, соның әсерінен пайдалы минералдардың қайта ұнтақталуы болады. Бұл зиянды, себебі осы кезде энергия артық қолданылады және жұмсақ, морт кендер қатты шламдалынады, құрылғылардың өнімділігі төмендейді. Шламның болуы (0,1 мм-ден кіші) келесі байыту үрдістеріне кері әсерін тигізеді, қосымша металлдардың қалдықтармен жоғалуына және концентраттарды ластайды.
1-жаттығу.Төмендегі схема бойынша сөйлем құрастырыңыз.
_______________, _____________ .
_______________ де _______________.
_______________ де ___________, _____________ да ___________.
_______________, әрі __________________.
_______________ , ____________________.
2-жаттығу. Мына сөйлемдерден түсіндірмелі салаласты тауып, оның ерекшелігін түсіндіріңіз.
Ол-қызына екі пікірді сіңіруге қатты тырысты: бірі-бұлжымайтын тұрақтылық, екіншісі-айнымайтын махаббат (С.М.)3. Розаның үстінде қолпылдаған кең ескі куртка, басында ақ орамал тартқан, қолында сырлы кішкене бидон (Т.Досп.). 5. Шыңдалған рельстің өң бойын кезек-кезек қараймын,-көзге түсетін ештеңе жоқ: серіктерім де қарайды,-олар ештеңе көре алмайды (С.М.). Оқушылары әр қилы: әйел, еркек, үлкен, кіші, бала-бәрі аралас (Ғ.Мұст.). Ұсыныс сол: сөз өздеріне берілсін (М.И.).
3-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
... , бірақ ол кешігіп келді.
... , сонда да тапсырманы жақсы орындады.
... , бірақ жұмысты уақытында орындады.
... , сонда да жауабы дұрыс болды.
... , бірақ ол көп көмектесті.
... , бірақ суға шомылдық.
4-жаттығу. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз.
Қыс түсті, бірақ ... . Біздің оқытушымыз өте қатал, бірақ ... . Күн жылы болды, сонда да ... . Қазақ тілі қиын, бірақ ... . Жолдасым ауырып қалды, сонда да ... . Ол тез жазады, сонда да ... .
5-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерге өз ойларыңнан сөйлем қосып, қарсылықты салалас құрмаласқа айналдырыңыздар.
1. Жүріп келе жатқанымызға жарты сағаттай болды, ... . 2. ... алайда тағы бірнеше күн жаттығу жасауымызға тура келді. 3. ... машина орнынан қозғалмайды. 4. ... , - Сейтен үйінде жоқ болып шықты. 5. ... , дегенмен Әйткен бұған мойыған да, ренжіген де жоқ. Сапардың мына сөзі Жарқынның намысына тиді, сонда да ... .
XIII СӨЖ тапсырмасы
Өткен сөздерді пысықтау
Чугун ковкий –күйдіріліген (қыздырылған) шойын
Чугун серый –сұр шойын
Футеровка – шеген
Футеровка кислая – қышқылдық шеген
Футеровка набивная – толтырмалы шеген
Футеровка основная – негізгі шеген
Юбка – етек
Топливо - отын
Угар – металдың азаюы
Углерод – көміртек
Топка – оттық
Штейн белый – ақ штейн
Сплав – қорытпа
мұғалім - учитель
үйленгенмін - женат
отбасы - семья
жұбай -супруг (супруга)
үйленбегенмін - не женат
ажырасқанмын - разведен
әскери қызметке міндеттімін - обязан к воинской службе
әскери қызмет - воинская служба
қосымша мәліметтер - дополнительные сведения
мекен-жай - адрес
туу - родиться
оқу - учиться
қызмет - должностъ
қызметкер - служащий
маман - специалист
мамандық - специальность
бөлім - отдел
беттеу - верстка
2. Мәтінді мазмұндаңыз.
Сусыздандыру. Негізгі ұғымдар. Байыту өнімдеріндегі ылғал түрлері
Байыту өнімдерін сорғыту дегеніміз олардан суды (ылғалды) жою үдерісі. Көптеген жағдайларда байыту су ортасында жүзеге асырылатындықтан, онда өңдеу өнімдерінде әртүрлі себептер бойынша жоюға қажетті көп ылғал болады (70...90% дейін). өнімдерде судың бар болуы олардың тасымалын және сақтауын қымбаттатады, сусымалдығын төмендетеді, қысқы уақытта қату ықтималдығын жоғарлатады. Сорғыту кезінде алынатын айнымалы сулар деп аталатын технологиялық үдеріске қайтады, не таза судың шығының және ағын сулармен қоршаған ортаның ластануын төмендетеді. Қазіргі кезде түсті металлургия кәсіпорындарында өнеркәсіптік жабдықтауда айнымалы су үлесі орташа 70...80% құрастырады.
Қазіргі байыту фабрикалары жылына 100 млн. кубометр суға дейін тұтынады, өйткені 1 т өңделетін рудаға судың шығыны гравитациялық фабрикаларда 12 м3 дейін, флотациялық фабрикаларда – 5 м3 дейін құрастырады.
Байыту фабрикаларындағы руданы өңдеудің принципиалды сызбасы 1 суретте ұсынылған.
Сорғытудың бір жұтымы ішінде барлық артық ылғалды жою мүлде болмайды. Бұл минералды бөлшектердің үстіндегі ылғал әртүрлі күштермен сақталатынымен байланысты: химиялық, физикалық және капиллярлық.
Өнімдердегі бар ылғалды сыртқы және ішкі ылғал деп бөледі. Химиялық күштермен ұсталынатын ішкі ылғалды, минералдың кристалл торындағы ылғалды айтады. Ылғал кристаллдық (Н2О молекулалар түрінде болады, мысалы CuSO4·5H2O, Zn SO4·7 H2O) және конституциялық (ОН иондар түрінде бар болады, мысалы Al(OH)3, Ca(OH)2, Cu2[CO3](OH)2) ылғал деп айырылады. Осы қоспалардан ылғал сәйкесінше 300°С-ден 1000°С-ге дейін температура кезінде материалды қүйдіру немесе қыздыру кезінде жойылады. Ылғалды гигроскопиялық, қабыршақты, капиллярлық және гравитациялық деп бөледі. Гигроскопиялық ылғал гигроскопиялық материалдармен су буларын адсорбациялау нәтижесінде болуы мүмкін (диаметрі <10-8 см жұқа кеуектердің бар болуы кезінде). Оның үлесі әдетте көп емес. Қабыршақты ылғал қатты және су бөлшектері арасында молекулярлық тартылыс күшімен сақталады, ол гигроскопиялық ылғалмен салыстырғанда, бөлшектерді одан әрі қалың қабатпен қаптайды. Капиллярлық ылғал капиллярлық күштермен сақталады және диаметрі >10-8 см кеуектерде капиллярлық қысым күшінің әрекетімен қозғала алады. Капиллярлық ылғал бөлшектер ішіндегі кеуек және қатты бөлшектер арасындағы кеуекті жартылай немесе толық толтырады, мысалы гидрометаллургиялық өңдеуден өткен материалдарда.
1-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі мағынаны себеп-салдар мәндес сөйлемдермен аяқтаңыз.
Үлгі: Оқытушы кешікті, сондықтан сабақ кеш басталды.
Қазіргі кезде отандық тауарларға сұраным жоғары,сондықтан … .
Шағын бизнесті құруда өзіңізге сеніңіз, сондықтан … .
Ауданның әкімі газет тілшілерімен кездесті,сол себепті … .
Ауыл адамдары шағын бизнес ұйымдастырмақшы,сол себептен … .
9. СӨЖМ кеңес беру графигі (СӨЖМ СӨЖ –дің 25% құрайды)
№
|
Сабақ түрі
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
2.
|
Тәжірибелік сабақтар бойынша кеңес беру
|
|
|
|
|
14.45
15.35
|
|
4.
|
СӨЖ сұрақтары бойынша кеңес беру (Кәсіби тіл негіздерінің ерекшеліктері туралы мәселелер бойынша реферат
)
|
|
|
|
|
|
12.35
13.25
|
5.
|
Тест тапсырмалары бойынша кеңес беру
|
14.45
15.35
|
|
|
|
|
|
10. Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі
Тәжірибелік сабақтарға қатысу (жеке, студиялық) 0–100 баллдар аралығында бағаланады
Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру және орындау графигі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тақырып, мақсаты тапсырманың мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиет көзі
|
Орындау мерзімі
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру күні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Реферат
|
Кәсіби тіл негіздерінің ерекшеліктері
|
|
3 апта
|
|
4апта
|
2
|
Реферат
|
Түсті металлургия саласындағы терминологиялық сөздердің мәнін ашу
|
|
2апта
|
|
6–апта
|
3
|
Межелік бақылау
|
Модуль 1,2
|
|
|
коллоквиум
|
8–апта
|
4
|
Реферат
|
Арнайы техникалық фразеологизмдер.
|
|
2 апта
|
|
9–апта
|
5
|
Реферат
|
Менделеев кестесіндегі металдпрдың қазақ тілінде атауларының мағынасын ашып беру
|
|
2 апта
|
|
11–апта
|
6
|
Курстық жұмыс
|
Бекітілген тақырып бойынша
|
|
8 апта
|
|
14–апта
|
7
|
Межелік бақылау
|
Модуль 3,4
|
|
|
коллоквиум
|
15–апта
|
Ескерту: 1. Реферат студенттің өздік жұмысының нақты берілген тақырыбына сәйкес жазылуы тиісті және ол оқытушымен құпталған болуы қажет. 2. сырттай оқу түріне ДОТ қолданып оқыту бойынша 6,7, 8 пункттерінің орнына 6*,7*, 8*. Пунктері қолданылады (Для заочной формы обучения с применением ДОТ вместо пунктов 6,7, 8 используются пункты 6*,7*, 8*. )
12. Білімалушылардың білімін бағалау критерилері
Пәнді оқыту емтихан алумен қорытындыланады, емтихан тест тапсырмалары түрінде барлық өткен материалды қамтиды. Емтиханға жіберудің ең негізгі оқу бағдарламасында қарастырылған барлық тапсырмаларды орындау шарты болып табылады. Әрбір тапсырма 0 – 100 аралығында бағаланады.
Жіберу рейтинг ағымдағы сабақтарда (тәжірибелік сабақтарға қатысу, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, үй тапсырмасын орындау, СӨЖ тапсырмасын орындау, межелік бақылау) барлық орындалған тапсырмалардың арифметикалық орташасы шығарылады.
Қорытынды баға жіберу рейтингісі (ЖР) мен қорытынды бақылаудың (ҚБ) қосындысымен есептелінеді, олардың үлес салмағын ескере отырып (ҮСЖР және ҮСҚБ).
Қ = ЖР·ҮСЖР + ҚБ·ҮСҚБ
Университеттің Ғылыми кеңесі бақылау түрлеріне және ағымдағы үлгерімге байланысты төмендегідей салмақтық үлес бекітілген.
Бақылаудың қорытындысының түрі
|
Бақылау түрі
|
Үлес салмағы
|
Емтихан
|
Емтихан (ҮСЖР)
|
0,4
|
Ағымдағы үлгерімді бақылау (ҮСҚБ)
|
0,6
|
Студенттің семестр бойы пән бойынша жинаған жіберу рейтингісінің бағасы мынаған тең
ЖР = (Р1 + Р2)/2
Студенттің рейтингісі (Р1 және Р2) мына формула бойынша анықталады
Р1(2) = АҮ1(2) ·0,5 + МБ1(2) ·0,5
Ағымдағы үлгерім (АҮ) 100 балдық шкаламен анықталады(бақылау іс-шараларының күнтізбелік графигін қара).
Сонымен қатар межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкаламен анықталады.
Қорытынды бақылау (ҚБ) 100 балдық шкаламен анықталады.
Баллдық жүйе бойынша пәннен қорытынды рейтинг “Оқушылардың оқу жетістіктері” және “Рейтингтік ведомость” журналдарына балл түрінде кестелерге енгізіліп эквивалентті бағаға айналдырылады.
Оценка по буквенной системе
|
Цифровой эквивалент баллов
|
Процентное содержание
|
Оценка по традиционной системе
|
A
|
4,0
|
95–100
|
Отлично
|
A–
|
3,67
|
90–94
|
B+
|
3,33
|
85–89
|
Хорошо
|
B
|
3,0
|
80–84
|
B–
|
2,67
|
75–79
|
C+
|
2,33
|
70–74
|
Удовлетворительно
|
C
|
2,0
|
65–69
|
C–
|
1,67
|
60–64
|
D+
|
1,33
|
55–59
|
D
|
1,0
|
50–54
|
F
|
0
|
0–49
|
Неудовлетворительно
|
11. Оқытушылардың талаптары, курс саясаты және іс-шаралар
Оқу үрдісіне қатысу деген сабаққа уақытымен келу, тақырыпты талқылауда белсенділік көрсету, оқу бөлмесінде өзін тәртіпті ұстау, басқа студенттер мен оқытушыға бөгет жасамау болып табылады. Сабаққа кешікпеу керек. Тәжірибелік сабаққа – 0-100 аралығында балл бағаланады. Тәлімгердің өздік жұмысы дәріс сабақтарында берілген тақырыптарды өздігінен тереңдете оқу, оқыған тақырыптар бойынша конспект жазудан тұрады. Жазған конспектіні оқытушыға көрсетіп, тақырып мазмұнын толық келтіріп, ауызша жауап берсе әрбір тақырып сабақ кестесі бойынша 0-100 аралығында ұпаймен бағаланады.
Семестр екі мәрте, 8-ші және 15-ші аптада, бірінші және екінші межелік бақылау жүргізіледі. Әрбір межелік бақылауда тәлімгер 100-ге дейін ұпай ала алады. Межелік бақылау тест түрінде қабылданады. Қойылатын сұрақтар саны мүмкіндігінше өткен тақырыптарды түгелдей қамтиды. Маңызды деген тақырыптар бойынша бірінеше сұрақ болуы мүмкін.
Тапсыру 100 ұпаймен бағаланады.
Тапсырманы орындау және қорғау кестесін бұзу былай жазаланады.
Мерзімінен кеш жазылған конспект жұмыстардың ұпай сандары кестеде көрсетлігеннен кешіккен сайын азайтылып отырады. Семестрдің соңғы жұмасына дейін кешіктірілген жұмыстардың ұпайы 0 –ге азаяды.
Емтиханда және межелік бақылауда көшіруге тыйым салынады. Бақылау шараларында студент көшіргені үшін аудиториядан қуылады және оған 0 ұпай қойылады.
12. Список литературы
Бектурова А.Ш., Бектуров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004. – 720 стр.
Қазақша-орысша тақырыптық сөздік – Казахско-русский тематический словарь./ Сост. У.А. Жанпеисова/ - Алматы: Sansam, 2008. – 176 с.
Ресми-іскери тіл: Қазақша-орысша тіркесімдер сөздігі – Официально-деловой язык: казахско-русский словарь сочетаемости –Алматы: «Издательство «Арман-ПВ», 2005. – 376 с.
Құдайбергенов Р. Техникалық терминдер сөздігі: 50 мыңға жуық термин. Төрт бөлім. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009. – 616 б. Қазақша, орысша, немісше, ағылшынша.
Құдайбергенов Р. Техникалық көптілдік сөздік: 50 мыңға жуық терминдер. Төрт бөлімнен. – Астана, 2008. – 800 б. Қазақша, орысша, немісше, ағылшынша.
Тусипбек М.Р., Кусаинов А.К. Русско-казахско-английский политехнический словарь: более 80000 терминов и словосочетаний: в 2-х т.: Т.1 – Алматы: Rond&A, 2010. -740 с.
Тусипбек М.Р., Кусаинов А.К. Русско-казахско-английский политехнический словарь: более 80000 терминов и словосочетаний: в 2-х т.: Т.2 – Алматы: Rond&A, 2010. -720 с.
Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздiк: Металлургия және кен iсi/жалпы ред.басқарған А.Қ.Құсайынов –Алматы, 2000 –288 бет.
Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк: Металлургия /Жалпы ред. басқарған проф. Е.Арын –Павлодар,2002 –65 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |