Бағдарламасы syllabus семестр 15 оқу аптасынан және 2 сессия аптасынан тұрады


Курс бойынша берілген практикалық жұмыстарды



бет2/2
Дата15.03.2020
өлшемі0,54 Mb.
#59772
1   2

Курс бойынша берілген практикалық жұмыстарды


  • Курс бойынша берілген өзіндік жұмыстарды

  • Курс бойынша берілген шығармашылық жұмыстарды

  • Курс бойынша берілген тест тапсырмаларын


    4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

    «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәстүрлі баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру әдістері қолданылса, қазіргі оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер бойынша СТО әдістері, диалог арқылы оқыту, топтық жұмыстар, АКТ-ны қолдану, дарынды және талантты студенттермен жұмыстану технологиялары қолданылды.
    5. Курстың мазмұны
    Бірінші апта

    1-2 дәрістің тақырыбы: Жаңа педагогикалық технологиялар



    Терминдер мен анықтамалар

    Технология - жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты педагогикалық жүйе.

    Технология – оқытудың, білім берудің, жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың жаңа ізденістерін, тиімді, нәтижелі ізденістерін талап етеді.

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    Білім барудің ең бастысы – білім мазмұны. Білім мазмұны технология арқылы жүзеге асады. Безрукова технологияны модельдеу, жобалау, конструкциялау амалдарымен байланыстырады. Штейнберг конструкциялық технологияға ерекше назар аударады. Ол ойды бейнелеудің маңызын дәлелелеуге тырысады. Білімді тек сөздік әдісі емес, бейнеге, модельге түсірудің білім берудегі орнын анықтайды. Әрине, модель дегенде оның макет, сұлба, кесте түрінде болатынын ұмытпау керек. Модель әсіресе болжам жасаудың негізі ретінде белгілі.

    Технология туралы өз пайымдауымызға келсек, ол, ең біріншіден, диагностиканы басшылыққа алған, жеке тұлғаға қарай бағыттаған мақсаты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру. Жеке тұлға алдымен өз әрекеті арқылы ғана дамиды.

    Технология - жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технология – оқытудың, білім берудің, жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың жаңа ізденістерін, тиімді, нәтижелі ізденістерін талап етеді. Баланың білім алу, даму, т.б іс - әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау – технологияның басты белгілері болып табылады.

    Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогикалық технология дегеніміз – оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің бүге-шүгесіне дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі»(В.М.Монахов).

    Жаңа технологиялардың маңызды жақтарының бірі – педагогикалық ынтымақтастық, сол арқылы жеке оқушының дамуын, басқа да ерекшеліктерін жақсы білу. Педагогикалық ынтымақтастық туралы Әбу-Насыр Әл-Фарабиден бастап белгілі ғұламалар мен педагог ғалымдардың айтпағаны кемде-кем. Айта кетер болсақ, педагогикалық ынтымақтастық – мұғалім мен оқушы, мұғалім мен ата-ана, ата-ана мен оқушы, оқушы мен қоршаған орта және онда кездесетін адамдар арасындағы ынтымақтастық болып табылады.

    Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар:


    • дамыта отырып оқыту әдістемесі(Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин);

    • оза отырып оқыту(С.Лысенкова);

    • іс-әрекетті бағалау(Ш.Амонашвили, И.Волков);

    • тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту(В.Шаталов);

    • саралап оқыту;

    • шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі;

    • деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;

    • жобалап оқыту технологиясы

    Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

    • балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

    • оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

    • баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

    • баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;

    • оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.

    1 практикалық сабақтың тақырыбы: Жаңа педагогикалық технологиялар

    Тапсырмалар:


    • Технология туралы түсінік

    • Жаңа технологиялардың түрлері

    • Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары

    1-2-3 СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Толағай» (ерлік туралы аңыз)

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Етістің шақ категориясы.

    Есеп беру түрі:

    1, 2, 3- СӨЖ тапсырмалары: «Мен таңдаған мамандық»

    Есеп беру түрі: эссе жазу


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Екінші апта

    3-4 дәрістің тақырыбы: Шаталовтың тірек-сигналдар технологиясы



    Терминдер мен анықтамалар

    Тірек сигналы – мән, мағынаны (белгі, сөз, үлгі, сурет және т.б.) білдіретін құрамды бейне.

    Тірек конспекті – қысқа конспект түрінде берілетін тірек сигнал жүйесі (оқу материалы сигнал, көрнекі сұлба ретінде беріледі).

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стндартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет», – деп Елбасы атап көрсеткендей, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық әдіс – тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден бір жолы.

    Осындай технологиялардың бірі – Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы.

    «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының негізгі мақсаты: оқушыларға мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша білім, білік, дағды қалыптастыру, жеке мәліметтеріне қарамасан, барлық баланы оқыту; жеделдете оқыту.

    «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының принциптері:


    • Үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту,

    тірек сигналдарын пайдалану;

    • Жекелей әрекет жасау;

    • Ізгіліктік (барлық балалар дарынды);

    • Мәжбүрсіз оқыту;

    • Түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиеленіссіз оқыту;

    • Тәрбие мен оқытуды байланыстыру.

    «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының мазмұндық ерекшелігі.

    • Оқу материалы ірілендіріп беріледі;

    • Блоктық түрде беріледі;

    • Оқу материалы тірек үлгі – конспект түрінде беріледі.

    Тірек сигналы – мән, мағынаны (белгі, сөз, үлгі, сурет және т.б.) білдіретін құрамды бейне.

    Тірек конспекті – қысқа конспект түрінде берілетін тірек сигнал жүйесі (оқу материалы сигнал, көрнекі сұлба ретінде беріледі).

    Жаңашыл ұстаз әдістемесінің негізгі элементтерінің бірі – тірек сигналдары. Бұл – игерілуге тиіс білімнің мазмұны коталған көрнекі схема. Көрнекілікке негізделген тірек сигналының жаңа сабақты түсінуді және оны есте сақтауды жеңілдететіні белгілі болды.

    Әдетте сурет, сызба, схемалар мектепте игерілетін білім сипатына сәйкес эпизодты қолданылады.

    Шаталовтың көрнекі схемаларды қолданудағы жаңалығы – оларға оқу үдерісінде берілетін ерекше рөлінде.

    Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игеруді, жаңа тақырыптың жекелеген бөлшектері жиынтығын бірдей қамтуды жеңілдетеді, олардың арасында байланыс орнатуға, салыстыруға, материалды логикалық өңдеуге және оның ұзақ есте сақталуына көмектеседі, білім игеру сапасын күнде тексеруді, бағалау мен өзін – өзі бағалауды қамтамасыз етеді. Тірек сигналдары – оқыту үдерісінің тұрақты және қажетті компоненті.

    В.Ф.Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы. В.Ф.Шаталов тәжірибенің бірінші ерекшелігі – оқу үдерісіндегі оқушылардың іс – әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруын В.Ф.Шаталов мынадай езеңдерге бөліп көрсетті.



    I кезеңде тақырыпты жан – ақты түсіндіріп,

    II кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп,

    III кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп,

    IV кезеңде оқушылар оқулықпен және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді,

    V кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптеріне жазып,

    VI кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауап береді.

    Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрады. Шаталов тәдірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір – бірімен байланыты немесе қарама – қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.

    Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының қалған еекшеліктері:


    • Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;

    • Жеке бағдарлы қарым – қатынас, ықпал;

    • Ізгілендіру, ерікті оқыту;

    • Әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

    • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

    Қазіргі заман талабына сай қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық тапсыраларды орындау талап етіледі. Осының нәижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауакершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір – біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
    2 практикалық сабақтың тақырыбы: Шаталовтың тірек-сигналдар технологиясы

    Тапсырмалар:



    • Шаталовтың тірек-сигналдар технологиясы

    • «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының принциптері:

    • «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының негізгі мақсаты:

    • «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының мазмұндық ерекшелігі.

    4-5-6-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Қасым Аманжолов. «Дауыл»

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Етіс категориясы

    Есеп беру түрі:

    4, 5, 6- СӨЖ тапсырмалары:

    • Ақын-жазушыларға хронологиялық кесте жасау;

    • Қазақ тіл білімінің салаларын кестеге түсіру.

    Есеп беру түрі: А4 ақ параққа кесте жасап, түсіндіру
    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Үшінші апта

    5-6 дәрістің тақырыбы: Ойын арқылы оқыту технологиясы



    Терминдер мен анықтамалар

    Ойын – оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді.

    Әрекет - ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    Белгілі психолог Е.А.Аркинмен пайымдауынша, ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден – бір жалпы ұғым. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек уйренуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту уйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді. Ал Ю.К.Бабанский ойынды бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерінің ынталандырудың түрлеріні әдістерін ұсынады.



    1. Ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейді. Балалар ойын үдерісінде жаңа білімде, пайдалы іскерлікке, әдептер мен дағдылар үйренеді.

    2. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкесалынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сыртқы ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Н.К.Крупская: « Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. Ойынның ұйымдастырылуы сабақ балаларға көмегі, жеңіл келеді.

    Ойын – балалар үшін оқу да, еңбекте. Ойын – айналадағы дүниені таңудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

    Ойын сабақтары. Ойын сабақтары –дәстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлері.ойын сабақтарының ерекшелігі –оқу-тәрбие үдерісінде балаларға таныс ойын элементтерін білім алуға пайдалану.

    Ойын –оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген –білгенін өзіне ұнаған адамның іс –әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағана ұқсағыш келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкейтіп көрсетуге бейім.

    Балалардың жан –жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Мұғалім бағдарламады көрсетілген көріністі рөлдік, қимыл қозғалысты,дидактикалық шағармашылық ойын түрлерін пайдалана отырып, баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын барысында оқушылардың айналадағы дүние жайында мағұлматтары кеңейіп, таным белсенділігі артып, игерген білім –машықтарының негізінде бір көрініске орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымиен шынайы қарым –қатынас орната отырып, таңдап алған трөлдеріне деген жауапкершілігі.

    Дидактикалық ойындардың мақсаты –баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.

    Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, оқушыларға білімдерін түрлі жағдайда қолдануға негіз бередң.

    Дидақтикалық ойын өзінің қызметі мен орындау үшін оның арнайы құрылымы болуы шарт. Оның құрылымы төмендегідей:

    1. Міндеті.

    2. Әрекет

    3. Ереже

    4.Нәтиже, оның аяқталуы.

    Әрекет- ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір оқушының мінез –құлқын анықтап, анықтап, ұйымдастырып, біртұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эиоциялық қатынасын анықтайды. Дидактикалық ойында әрекет нақты анықталған жіне анық түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін , бұл жағдайда төмендегі негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:


    1. ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге асырылуы шарт ;

    2. ойын аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы шарт.

    Ереже дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып табылпды және ерекше орын алады, сондықтан кейде деәдактикалыұ ойындарды ережеге құрылған ойындар деп те атайды. Ереже ойын міндетіне бағынады. Олар іс –әрекетті ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан дидактикалық ойында әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер баланығ ойын үстінде не істеу және қалай істеу керектігін анықтайды. Ережесіз іс –әрекет жайбарақат дамып, дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете алмайды, сөйтіп, өзінің негізгі сипатынан айрылады. Дидактикалыө ойынның ережесі іс –әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге онығ тартымдылыған арттырады.

    Ойын нәтижесі – міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтижесі мен ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан және мұғалімнің немесе тәрбиешінің көзқарасы тұрғысынан.

    Егер ойын нәтижесін баланың көзқарасы тұрғысынан бағаласа, онда мұғалім ойынның балаға моральдық және рухани ләззат беру жағын есепке алады.

    Дидактикалық ойынның міндеттерін шешу балоадан белгілі бір күш –жігерді талап етіп, олардың ойлау әрекетіне талаптар қояды. Балалар ойын барысында ұшқырлық, алғырлығ, тапқырлық танытады. Мұның барлығы балаларды моральдық тұрғадан қанағаттандырып, иолардың өз күштеріне сенімін арттырады, қуаныш сезімге бөлейді.

    Мұғалім сабақты талдау кезінде міндеттің орындалғанын , әрекеттің жүзеге асқандағын, ойының ббелгңлң бңр нәтижеге әкелгендігін қадағалау қажет.

    Ойын сабақтары оқушыларды қайырымдылыққа, достыққа үйрете отырып, олардың бойындағы белсенділік қатынастардың дамып, шығармашылықтарының артуына себебін тигізеді.

    Ойын сабақтарының түрлері көп. Ойын сабақтарына: саяхат, театр, концерт, тренинг, жұлдықды сағат, ғажайыптар алаңы, «ойлап тап!», аукцион, бақытты сәт және т,б, сбақтар жатады.

    «Ойлан тап!» сабағы –ойын сабағының ең маңыздысы. «Ойлан тап !» сабағы –білімді жүйелеу, қайталау және тексеру сбақтарында пайдаланған ұтымды. Сабақтың ерекшелігі –сабақа қызықты, шытырманды мәселелер қарастырылып, шешуін табуда оқушылардан терең білімді талап етеді.

    Осындай «Ойлан тап!» сабақтарының оқушылар үшін маңызы зор болады, өйткені олар көпке дейін оқушыларға үлкен ой салып, танымдық қызығушылықтарынң артуына жол табады.

    «Ойлан тап!» сбабағы әсіресе сыныптағы дарынды балалармен жұмыстар жүйесінің бастамасы болуға тиіс, себебі осындай сабақтар оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа итермелеп, олардың бойындағы жеке дара ұабілеттеірінің қалыстасуына жол ашады.



    Аукцион сабақ. Аукцион сабақ -дәстүрлі емессабаұтардың негізгі түрлерінің бірі. Аукцион сабақтары көбінесе қайталау –пысықтау сабақтарында пайдалану қолайлы. Аукцион сабағының негізіне – бәсеке жүргәзу жатады. Аукцион сабағанда әртүрлі заттар көрмеге қойылады, оқушылардың ол заттарды сатып алу үшін, ол заттардың қасиеттерін айтып не артындағы тапсырмаларды, есептерді шығару керек.

    «Ғажайыптар алаңы» -ойын сабағаның ерекше түрі. «Ғажайыптар алаңы» сабаға көбінесе қайталау-пысықтау сабақтарынөткізгенде пайдалану тиімді. Бұндай сабақтарға оқушылардың қызығушылығы өте жоғары, өйткені жеңілпаз оқушыны шаған «сыйлықтар» кұтіп тұрады (қолдан, оқушылардың өзлері жасаған бұйымдары, суреттері, макеттері).

    «Жұлдықды сағат» сабағы – қайталау –пысықтау сабақтарында әрі білімді тексеру үшін, әрі білімді жүйелеу мақсатында өткәзілетін ойын сабағының көптеп тараған түрі. «Жұлдықды сағат» сабағы белгіл бір тақырыпқа арналады, мысалы «Ғарыш әлемі» , «Қазақтың ұлы ғұламалары» ж»не т,б, тақырыптарпда жүргізіледі.

    Ойыншылардың саны алғашқыда 5-7 болады да, әр бөлім сайынұпайы (жұлдызы) аз ойыншы ойыннан шығып отырады, ең соңында білімі терең, жеңімпаз ойыншы «Жұлдызды сағат» төрінен орын алып, ойынның жүргізілуі барысы, келешек туралы өз ойын білдіреді.

    «Жұлдызды сағат» сабағы оқушыларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулиды, өйткені «Жұлдызды сағат» өтетін сабақтың тақарыбы оқушыларға алдан ала тараудың басында 10-15 күн бұрын белгілі болады да, оқушылар берілген тақырыптар бойынша жан жақты өз бетінше ізденіп, білімдерін толықтырады.

    «Жұлдықды сағат» сабағы оқушаларды өз бетінше ізденуғе жетелейді.



    Театр сабаға –сбақтағы өтілетін материалды рөлдерге бөліп, кейіпкерлерді сомдауы. Театр сабағы сырткөзге қарағанда оңай болып көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде ойынға қатысты басқалармен тіл табасып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рөлдерге бөлегнде өзіне ұнамсыз рөл тиюінің өзі –ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан мұғалімнің міндеті –балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түсіді.

    Концерт сабағы –ән –күй, тіл сабақтарына жақсы келеді. Концерт сабағы сабақта оқушылардың ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнап, ол індерлдің шығу тарихымен бағытталады.

    Тренинг сабақ –белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарынң бірі. Концерт сабақтың ерекшелігі –тренинг қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысуы керек.

    Тренинг сабақ тар оқушылардың белсенділіктерінғ танымдық қызығушылықтырын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін қосады.



    Саяхат сабағы –белгілі бір мақсатқа жету үшін, аялдамаларға тоқтап, көздеген жерге серуендеп бару негзінде құрылған сабақ. Саяхат сабағы «Ертегілер еліне», «Матеметика патшалығы» , «Ғарыш әлеміне» және т.б. болып кете береді.
    3 практикалық сабақтың тақырыбы: Ойын арқылы оқыту технологиясы

    Тапсырмалар:



    • Ойын арқылы оқыту технологиясы, мақсаты, ерекшелігі

    • Ойын сабақтар, түрлері

    7-8-9-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Қуандық Шаңғытбаев. «Сабалақ» (өлең)

    Есеп беру түрі:

    7, 8, 9- СӨЖ тапсырмалары: «Ойын сабақтарының тиімділігі»

    Есеп беру түрі: эссе-есеп жазу


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Төртінші апта

    7-8 дәрістің тақырыбы: Проблемалық оқыту технологиясы



    Терминдер мен анықтамалар

    «Проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация»).



    Проблема дегеніміз - субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі және т.б.) шешуге болатын жағдай.

    Проблемалық жағдай деп пайда болған құбылыстар, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиналушылық жағдайға ұшырауын айтады.

    Проблемалық жауап кезеңінде оқушының іс-әрекеті ойлаумен, пайымдаумен өз бетінше ізденумен сипатталады.

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық, әрбіреуінің ұтымдылығы әр түрлі. Мысалы, дәстүрлі мектеп түрлерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілігіне негізделген еркін тәрбие мектептерінде білім беру үдерісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың механикалық есте сақтау қызметі жөнді дамымайды деген астарлы пікір бар. Сондықтан, болашығы мол болып көрінетін дәстүрлі оқыту мен балама оқыту әдістемелерінің үйлестірілген түрі керек. Мұнда тасада қалдырылмайтын мәселе - қайсысынан қандай элементтер, қандай негізде таңдалынып, қандай қатынаста құрастырылатындығы.

    Проблемалық оқыту «проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация») деген ұғымдарды қамтиды.

    Проблема дегеніміз - субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі және т.б.) шешуге болатын жағдай. Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалық болуының негізгі шарты - оларға жауап іздеуде оқушыға даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді.

    Проблемалық жағдай деп пайда болған құбылыстар, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиналушылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан сол қиыншылықтан шығудың жолын қарастырып, іздену іс-әрекетіне көшеді.

    Проблемалық жауап кезеңінде оқушының іс-әрекеті ойлаумен, пайымдаумен өз бетінше ізденумен сипатталады.

    Проблемалық оқыту тек проблемалы жағдай тудырып қана қоюды емес, сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін оқытушы оқушының тақырыпта кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгертуге өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс. Мұның басты жолы - дұрыс ойлай білуге баулу.

    Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып, жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да проблемалы оқыту көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

    Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, үдерісінде меңгеру, оқушының таным дербестігінқалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

    Проблемалық оқыту технологиясы тұжырымының ерекшеліктері:



    • білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтын үдеріс;

    • бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;

    • бала материалды сезім арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

    • оқытуда табысқа жетудің шарттары;

    • оқу-материалында проблема туғызу;

    • баланың белсенділігі;

    • оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.

    4 практикалық сабақтың тақырыбы: Проблемалық оқыту технологиясы

    Тапсырмалар:


    • Проблемалық оқыту технологиясы, мақсаты, ерекшелігі

    • Проблемалық жағдай, проблемалық тапсырма, проблемалық сұрақ терминдерін ашу

    10-11-12-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Фариза Оңғарсынова. «Оюлар»

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Синонимдер

    Есеп беру түрі:

    10, 11, 12- СӨЖ тапсырмалары: Білім туралы Заң.

    Есеп беру түрі: талдама жасау


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Бесінші апта

    9-10 дәрістің тақырыбы: Ұжымдық және топтық оқыту технологиясы



    Терминдер мен анықтамалар

    Ұжымдық оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъектдәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды сипаты қазіргі кезеңдегі оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Осыған орай соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технологиялары жазылып, мектеп өміріне енгізілуде. Солардың бірі – Дьченконның ұжымдық оқыту технологиясы.

    Ұжымдық оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін- өзі өзгертуші субъектдәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

    Ұжымдық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытудың негізгі факторына, мұғалімнің рқлі мен атқаратын қызметінде, әдіс- тәсілдерінде, оқушының белсендігі түрінде, ұжым мүшелерінің әрекеттестік, ынтымақтастық бірлігінде, олардың өзара қарым- қатыныс сипатында, танып білу үрдісінде.

    Ұжымдық жұмысыты ұйымдастырудың құрылымы:


    1. Кіріспе бөлім.

      1. Ұжымдық жұмыстың мақсатын, міндеттерін анықтау, әрбір оқушының ұжымдық міндеттері анықталады;

      2. Жұмыс мазмұны бойынша оқушылар инструктаж (түсіндірме- негіздеме) алады.

    2. Ұжымдық жұмыс кезеңдері.

      1. Ұжымдық жұмысты жоспарлау, тапсырма мазмұнымен таныстыру;

      2. Жұмысты орындау.

    3. Қорытынды кезең.

      1. Жасалынған жұмысқа баға және өзін- өзі бағалау;

      2. Ұжымдық жұмыстың нәтижесін қорытындылау (21- кесте)

    Оқыту циклінің инварианттық негіздер жүйесінің 3 деңгейлік құрылымында көбіне репродуктивті әдіс пайдаланылады. Сұраққа жауап беру құқын топ жетекшісі анықтайды. Егер алдыңғы оқушы жауабында қателер жіберсе, жауап толық болмаса, онда келесі оқушы жауапты толықтырады, жіберілген қателіктерді түзетеді. Егер топтың басқа жауабы болмаса, онда оқулықтарды, оқу, дидактикалық, көмекші құралдарды пайдалана алады. Оқушылардың барлық жауабы (формулалар, сызбалар, суреттер, есептердің шығару жолы) бір ғана параққа түсіріледі.
    5 практикалық сабақтың тақырыбы: Ұжымдық және топтық оқыту технологиясы

    Тапсырмалар:



    • Ұжымдық оқыту технологиясы, мақсаты, ерекшелігі

    • Топтық оқыту технологиясы, мақсаты, ерекшелігі

    • Топ түрлері. Топқа болу әдістері.

    13-14-15-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Күләш Ахметова. «Қазағым менің» (өлең)

    Есеп беру түрі:

    13, 14, 15- СӨЖ тапсырмалары: Еңбек Кодексі

    Есеп беру түрі: талдама жасау


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Алтыншы апта

    11-12 дәрістің тақырыбы: Деңгейлеп оқыту технологиясы



    Терминдер мен анықтамалар

    Репродуктивтік деңгей

    Алгоритмдік деңгей

    Эвристикалық деңгей

    Шығармашылық деңгей

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    Қазақ әдебиетін оқытуда қазіргі қолданыстағы озық технологиялардың ең тиімді үлгілерін пайдалану қарастырылады. Солардың ішінде деңгейлеп оқыту атауға болады.

    Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді

    1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

    2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

    3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

    Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін жеке тұлға ерекшеліктеріне, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлу керек.

    Оқушылардың оқу деңгейінің 4 түрі бар. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:

    1) Репродуктивтік деңгей

    Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты

    2) Алгоритмдік деңгей-

    Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

    3) Эвристикалық деңгей .

    Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

    4) Шығармашылық деңгей.

    Оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.

    Деңгейлеп оқыту оқытуда міндетті және мүмкіндік деңгейлердің өзара сабақтастығы ескеріледі, Блум жүйесі негізге алынады. Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылар әдебиеттен берілетін білім мазмұнын меңгеру үшін алгоритмдік тапсырмаларды мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен орындайды. Көркем туындыда көтеріліп отырған проблемаларды түсініп, шығарма тақырыбы мен идеясын ашуда бұл технологиялардың мүмкіндігі мол. Деңгейлеп оқытудың жоғарғы сатысы шығармашылық тапсырмаларды орындауда оқушылардың өзіндік-даралық ерекшеліктері ашыла түседі. Бұл ретте әр оқушының тұлғалық дамуы оның қабілетіне қарай бағаланады.

    6 практикалық сабақтың тақырыбы: Деңгейлеп оқыту технологиясы

    Тапсырмалар:


    • Деңгейлеп оқыту технологиясы, мақсат, ерекшелігі

    • Деңгейлеп оқыту технологиясының түрлері (қараев жіктемесі)

    • Блум жүйесі

    16-17-18-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Матасу

    Есеп беру түрі:

    16, 17, 18- СӨЖ тапсырмалары: Шыңғыс Айтматов «Алғашқы ұстаз» әңгімесі

    Есеп беру түрі: шығарманы оқып, талдау, мазмұндау, ой-толғау жазу


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Жетінші апта

    13-14 дәрістің тақырыбы: Дамыта оқыту технологиясы



    Терминдер мен анықтамалар

    Дамыта оқыту технологиясы – оқушының алған білімін өзіндік ойлаумен ұштастыратын бірден-бір әдіс.

    Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    Дамыта оқыту технологиясы. – оқушының алған білімін өзіндік ойлаумен ұштастыратын бірден-бір әдіс. Бұл технологияларды қолдану көркем шығармалардың мәтіні арқылы сөздің мағыналық – қисындық құрылымына назар аударуды қажет етеді. Әдеби мәтіндердің көркемдік – тілдік ерекшеліктерін ажыратуға негіз болады. Көркем туындының мазмұнын түсініп, оны талдау барысында проблемалық сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз етеді. Дамыту технологиясы әдебиетті оқытуда оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға, сонымен қатар, тұтас көркемдік талдау жасауды үйретеді.

    Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.

    Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В.В Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.

    Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты – оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп – салдар байланыстарын табу , жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.

    «Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.

    Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

    Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

    Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

    Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

    Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

    Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

    Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – “орындаушы”, «мұғалімнің тасасындағы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы

    7 практикалық сабақтың тақырыбы: Дамыта оқыту технологиясы

    Тапсырмалар:


    • Дамыта оқыту технологиясы, мақсаты, ерекшелігі

    • Дамыта оқыту технологиясын зерттеуші әдіскер-ғалымдар

    19-20-21-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Баяндауыш

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Абай. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»

    Есеп беру түрі:

    19, 20, 21- СӨЖ тапсырмалары: «Улыбка Моно Лизы» атты кинофильм

    Есеп беру түрі: интербелсенді тақтадан кино қарау, талдау, проблемалық сұрақтар дайындау, пікіралмасу, ой-толғау жазу


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Сегізінші апта

    15-16 дәрістің тақырыбы: Модульдік оқыту технологиясы



    Терминдер мен анықтамалар

    Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі. Модульдік технологияның маңызды шарты – оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай

    кіріспе-қызықтырушылық

    операционалдық-танымдық

    рефлекциялық-бағалау

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    Қазақ әдебиетін оқытуда қазіргі қолданыстағы озық технологиялардың ең тиімді үлгілерін пайдалану қарастырылады. Солардың ішінде модульдік оқыту технологиясын атауға болады. Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сатысында берілетін білім мазмұны модульдік сипатқа құрылған.

    Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі. Модульдік технологияның маңызды шарты – оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ, ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнің жедел кеңес ала алатындығы.

    Модульдік оқыту технологиясы әдебиетті оқытуда тиімді деп табылады. Қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұны, модульға топтасқан құрылымы оқушылардың әдеби білімін нығайтуда, әдебиеттің басқа өнер салаларымен сабақтастығын көрсетуде, пәнаралық байланысты нығайтуда ұтымдылық байқатады.

    Модульдік оқытудың құрылымы:

    Оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

    Әрбір оқу модулінде сағат саны әр түрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

    Мысалы, мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап отыр делік. Оның бір сағаты модульдің бірінші бөлімі - кіріспеге, екі сағаты - қорытынды бөлімге, қалған 6 сағаты – сөйлесу бөліміне беріледі.

    Модульді 12 сағатқа әзірлегенде де модульдің 1 және 2 бөлімдеріне берілетін сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу бөлімінің уақыты өзгереді – яғни, ол 9 сағат болады.

    Осының арқасында оқу процесі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі блоктардан жасалады.

    Педагогтардың пайымдауынша, әрбір дербес тақырыпты(тарауды) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен тұрады:


    1. кіріспе-қызықтырушылық

    2. операционалдық-танымдық

    3. рефлекциялық-бағалау

    Аталмыш модульде кіріспе-қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады. Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып-үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.

    Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түсінуі(мақсаттың қозғаушы қызықтырушы күші болуы) аса маңызды.

    Оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:


    1. оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;

    2. Оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қзметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды;

    3. Тірек сызбаларға (белгілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша(10-15 минут) түсіндіреді.

    Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі – мұғалімнің даярлық жүйесі. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырады.

    Сөйлесу бөлімінің материалын мұғалім үш күрделілік деңгейінде(қарапайым, орташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді.

    Оқу материалын біртұтас беру қағидасы:


    • Өсу бағытымен оқып-үйрену қағидасы(басында шағын түрде, соңынан – мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен фактілер енгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау(тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді.

    • Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы жүзеге асырылады. Оны қайталаумен шатастыруға болмайды.

    Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде мұғалім әрбір оқушыға 3 деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. 1 деңгей тапсырмалары оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. 2 және 3 деңгей тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекетті білім стандарты деңгейінде игеруін көздейді.

    Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формаларына қарай тапсырмаларды карточкаларға(таратпа қағаздарға) жазуға болады. Мұнда не істеу қажет, оны қалай істеу керек және қалай тексеруге болатыны көрсетіледі. Дайын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі және өзді-өзін тексереді.

    Егер сабақ формасы – ойын болса, онда тапсырмалар тақтаға жазылады, немесе жазбаша түрде беріледі.

    Ұжымдық және топтық жұмыс формаларында тапсырмаларды тұтас сыныпқа бірдей жоғары күрделілік деңгейінде беруге болатынын атап өту қажет.

    Оқу модулінің қорытынды(бақылау) бөлімі – тақырыпты(тарауды) оқытудың тұтас циклін аяқтайтын соңғы бөлімі(рефлекциялық-бағалау кезеңі).

    Оқу модулінің қорытынды бөліміндегі әрекеттер: біріншісі - міндетті тестілеу, екіншісі – мұғалімнің өз таңдауы бойынша(пәннің, тақырыптың, тараудың өзіндік ерекшелігіне орай) - сынақ, бақылау жұмысы, диктант.

    Екі немесе одан да көп бақылау түрлері қолдануға болады, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау мүмкін емес.

    Тестілеуді – бақылаудың қажетті түрі, бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етед деп есептейміз.

    Оның мақсаты: а)білім деңгейін әділ бағалау; ә)бағасын жақсартуға(жоғарырақ ұпай алуға) мүмкіндік беру.

    Сонымен, қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.


    8 практикалық сабақтың тақырыбы: Модульдік оқыту технологиясы

    Тапсырмалар:



    • Модульдік оқыту технологиясы, мақсаты, ерекшелігі

    • Модульдік оқытудың құрылымы

    22-23-24-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев. «Мен кім?»

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Оқшау сөздер

    Есеп беру түрі:

    22, 23, 24- СӨЖ тапсырмалары: «Мұғалім» повесті

    Есеп беру түрі: повесті оқу, пікіралмасу, ой-толғау жазу


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Тоғызыншы апта

    17-18 дәрістің тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы



    Терминдер мен анықтамалар

    Диференция

    Интуициядан

    Преспектива

    Қызығушылықты ояту

    Мағынаны тану

    Ойтолғаныс

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.

    Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған сайын: Жекеден – жалпыға; Диференциялдыдан – сенімділікке; Интуициядан – логикалыққа; Бір преспективадан – көптеген преспективаға ойлары өсіп отырады

    Бұл көрсеткіштерді өсіру үшін мынадай қабілеттерді қалыптастыра білу қажет



    • Өз бетінше тұжырымға, қорытындыға келе білу;

    • Ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдау;

    • Проблеманы шеше білу;

    • Пікірталасты жүзеге асыра білу

    • Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының кезеңдері:

    • Қызығушылықты ояту

    • Мағынаны тану

    • Ойтолғаныс

    Қызығушылықты ояту кезеңінің мақсаты: 1.Тақырып туралы не білетіндігін анықтау; 2. Үйренушілік белсенділікке баулу;

    Мағынаны тану кезеңінің мақсаты – оқушының өзі түсінген, қабылдаған білімін басшылыққа ала отырып, жұмыс жасауына көмектесу

    Ой толғаныс кезеңінің мақсаты Күнделікті оқыту процесінде оқушылардың толғанысын ұйымдастыру;

    - Өзіне, басқаға сын көзбен қарауға;

    - Баға беруге үйрету

    Сын тұрғысынан ойлаудың 100-ге жуық стратегиялары бар. Олардың ішінде жиі пайдаланылатындары мыналар:



    • INSERT” стратегиясы;

    • “ДЖИК СО” стратегиясы;

    • Екі түрлі түсініктеме күнделігі;

    • Еркін жазу;

    • Вен диаграммасы т.б.

    INSERT” стратегиясы оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Оқушыны тақырыппен танысыстыру барысында қолданылады.

    INSERT” стратегиясы бойынша оқушыларға оқу, тақырып танысу барысында

    V – “білемін”

    — - “білмеймін”

    + - “мен үшін жаңалық”

    -? – “мені таңқалдырады”

    белгілерін қоя отырып оқу тапсырылады.

    ДЖИК СО” – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл стратегия мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанын есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптастырады, саналы тәртіп орналасады.

    ЕКІ ТҮРЛІ ТҮСІНІКТЕМЕ КҮНДЕЛІГІоқушылардан дәптерді ортасынан екі бөлікке бөлу сұралады. Сол бөліктерді оқушылар тақырыпты оқу барысында толтырады.


    • Бөліктің он жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар жазылады

    • Бөліктің сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазылады

    • ЕРКІН ЖАЗУ – бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойы қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де білу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жызуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарын топ мүшелерімен таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымды оқуға болады.

    • ВЕНН ДИАГРАММАСЫ Мектеп мұғалімінің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру арқылы оқушының оқуға деген ынта-ықыласын арттырады

    Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалу шарт:

    • Сын тұрғыснан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

    • Оқушыға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

    • Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

    • Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекеттерін қолдау;

    • Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

    • Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сындарының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

    • Сын тұрғысынан ойлауды бағалау;

    9 практикалық сабақтың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

    Тапсырмалар:


    • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, мақсаты, зерттелуі, ерекшелігі

    • Сын тұрғысынан ойлау технологиясының кезеңдері

    • Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсіл түрлері

    25-26-27-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Антонимдер

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Әбу Сәрсенбаев «Сен, құрметте оны, қарағым»

    Есеп беру түрі:

    25, 26, 27- СӨЖ тапсырмалары: «Три идиота» кинофильмі

    Есеп беру түрі: киноны қарау, пікіралмасу, ой-толғау жазу


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Оныншы апта

    19-20 дәрістің тақырыбы: Жобалау технологиясы



    Терминдер мен анықтамалар

    «Жоба» - латынша proektus–алға ұмтылған, алға ұмтылу–даму деген ұғым береді

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    «Жоба» сөзіне байланысты ұғым-түсініктер:



    • жоспар, түпкі ой;

    • жоба–болашақтың заттануы;

    • техникалық-әлеуметтік жобалар;

    • латынша proektus–алға ұмтылған, алға ұмтылу–даму деген ұғым береді

    • жоба–жоспар, нобайлау;

    • жоба–жобалау, ал жобалау болған жерде зерттеу мен нәтижелер болады. Жоба–орыс түсіндірме сөздігіне сай бұл–ниет, жоспар; ағылшын түсіндірме сөздігіне сай–белгілі мақсатқа жету үшін мұқият ұйымдастырылған және ойластырылған жұмыс бөлігі. Жоба қорғауға баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Жоба қорғау үшін ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Жобалау әрекеті әр түрлі әлемдегі оқу жүйелеріне көптеп енуде. Ол оқушыға жекелеген білім жиынтығын беріп қана қоймай, өздігінен білім алуына, алған білімдерін танымдық проблемаларды шешуге қолдануға мүмкіндік береді. Жобалау оқушылардың өз бетімен білім алу әрекетін ұйымдаструға негіз болады.

    Бұл жүйе Д.Дьюи, Лай. Торндайк т.б. американдық ғалымдардың идеяларына негізделіп жасалған. Олардың басты идеялары:

    • өз еркімен таңдап алған әрекетті ғана бала қызығып орындайды;

    • әрекет оқу пәні арнасына құрылмайды;

    • нағыз оқыту еш уақытта бір жақты болмайды, қосымша міндеттер де маңызды.Ұраны «Бәрі өмірден, бәрі өмір үшін»

    Мақсаты: оқушылар жасалған жағдайды пайдаланып:

    • әр түрлі дерек көздерінен қажетті білімді өз бетімен және шын көңілмен қуана алады;

    • танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешу үшін бар білімін пайдалануды үйренеді;

    • әр түрлі топтармен жұмыс істей отырып, қарым-қатынас дағдыларын меңгереді;

    • өзінің зерттеу дағдыларын дамытады (проблеманы көре білу, ақпарат жинау, бақылау, эксперимент жасау, талдау, болжам құру, жинақтау).

    Жоба қорғауға баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Жоба қорғау үшін ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Жоба тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады.

    Жобалау әрекетін қолданудағы шешілетін негізгі талаптар:

    1.Зерттеушілік, шығармашылық мағынада маңызы бар проблемалардың қарастырылуы;

    2.Күтілетін нәтижелердің тәжірибелік, теориялық, танымдық маңыздылығы;

    3.Оқушылардың өздік іс-әрекеті;

    4.Жобаның мазмұндық бөлігін құрастыру;

    5.Зерттеу әдістерін қолдану;

    Жобалау әрекетінің тақырыбын таңдау жағдаяттарға байланысты түрліше болады. Дегенмен, жоба тақырыбы өмірлік өзектілігі бар және оны шешуге оқушының әр түрлі аумақтағы білімі мен шығармашылық ойлау қабілетін зерттеушілік дағдыларын қамтитын сұрақтарға құрылғаны дұрыс. Орындалған жоба нәтижелері (материалдар) тиісті деңгейде рәсімделуі тиіс.

    Жобалау түрлері:

    1.Жобалауда көбіне қолданылатын әдістер: зерттеу, шығармашылық, рөлдік-ойындық, таныстыру-бағыттау, т.б.

    2.Жобаны бағыттау: тікелей, жасырын.

    3.Қарым-қатынас: бір мектеп, бір сынып, қала, аймақ, халықаралық оқушылар арасында.

    4.Жобаға қатысушылар саны.

    5.Жоба уақыты: тақырып ауқымына сай.

    Жобалау түрлері:

    Зерттеу әдісті жоба: Мұндай жобалар құрылымы жан-жақты ойластырылған, мақсаты айқын, барлық қатысушылар үшін өзектілігі бірдей, әлеуметтік маңызы бар. Алынатын нәтижені өңдеу, жасалатын тәжірибелер мұқият қарастырылған. Зерттеу қисынына толықтай бағындырылып, нағыз ғылыми зерттеулерге мейлінше жақындастырылған.

    Шығармашылық әдісті жоба: Бұл жоба түрінде құрылыс нақтыланбайды, тек жоспарланып, күтілетін нәтиженің жанрына бағына отырып дамиды. Бұл жағдайда күтілетін нәтижені ұсыну түріне қарай ойластыру керек.

    Ойын, шытырман әдісті жоба: Мұндай жобада құрылым соңына дейін ашық күйінде қалады. Қатысушылар жоба түрі мен мазмұнына қарай өздеріне әр түрлі рөлдерді таңдап алады. Күтілетін нәтиже жоба басында анықталуы немесе соңында көрінуі мүмкін. Бұл жобада шығармашылық деңгей өте жоғары болады. Дегенмен, әрекет рөлдік, ойындық-шытырмандық болып қала береді.
    10 практикалық сабақтың тақырыбы: Жобалау технологиясы

    Тапсырмалар:



    • Жобалау технологиясы, мақсаты, зерттелуі, ерекшелігі

    • «Жоба» сөзіне байланысты ұғым-түсініктер

    • Жобалау әрекетін қолданудағы шешілетін негізгі талаптар

    • Жобалау түрлері

    28-29-30-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Қара өлең»

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Анықтауыш

    Есеп беру түрі:

    28, 29, 30- СӨЖ тапсырмалары: Жаңа инновациялық технологиялар түрлеріне жоба дайындау

    Есеп беру түрі: ғылыми жоба жазу


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Он бірінші апта

    21-22 дәрістің тақырыбы: Пікірсайыс технологиясы



    Терминдер мен анықтамалар

    Пікірсайыс дегеніміз – белгілі тақырып көлемінде арнайы ережелермен шектелген сөз жарыстыру, білім таластыру өнері.

    Карл Поппер форматы

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    Еліміздегі саяси-әлеуметтік жағдайдың тез өзгеріп отыруына және жаңа ақпараттық, коммуникациялық технологиялардың үлкен қарқынмен өмірімізге енгізіле басталуына байланысты бүгінгі заман тұлғасының қасиет пен қабілеттерін қалыптастыруға үлкен талап қойылып отыр. Аталмыш талаптарға сай келу үшін ғылыми педагогикалық қауымдастық бүгін білім берудің тиімді жолдарын іздеуде. Білім берудің алдына қойған мақсаты дайын нәрселерді үйретіп қана қою емес, сонымен қатар күрделі мәселелердің ішінен негізгіні анықтап шеше білетін, саналы, белсенді тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Оқытудағы жаңа технологиялардың бірі ретінде пікірсайыс жоғары мәртебеге ие болып отыр. Бұл бағдарламада Қазақстанға 1996 жылы халықаралық “Сорос” қорының Карл Поппер форматы бойынша өткізген бастапқы семинарларының арқасында келген. Қазіргі таңда бұл технология елімізде өз жалғасын тауып отыр.

    Пікірсайыс дегеніміз – белгілі тақырып көлемінде арнайы ережелермен шектелген сөз жарыстыру, білім таластыру өнері. Қазіргі таңда пікірсайыстың әртүрлі форматтары бар. Олардың барлығы жаңа заман педагогикасындағы “субъект-субъект” принциптеріне негізделген. Пікірсайыс мұғалім мен оқушылар арасында, оқушы мен оқушы арасында, оқушылар топтарының арасында болуы мүмкін. Бұл технология оқушы мен мұғалім арасындағы авторитарлы стильдегі қатынасты ашық демократиялық стильге түсіндіруге мүмкіндік береді. Осындай стильдегі қарым-қатынас оқушы мен мұғалімнің шығармашылыққа деген әлеуетін көтереді.

    Пікірсайыс технологиясы білім беруде жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Пікірсайыс әңгіме болғалы отырған заттар жайлы белгілі бір білімнің болуын талап етеді. Аталмыш заттар жайындағы білімдер жүйелі болмаған жағдайда да пікірсайысқа түсу мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда пікірсайысқа қатысушылардың белгілі бір жүйелі білімі болады. Пікірсайыс технологиясын оұу үдерісіне енгізу – бүгінгі заманның талабы. Оқу үдерісін осындай тәртіппен ұйымдастырудың арқасында төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:



    • Оқушыларда белгілі бір тақырып бойынша жүйелі білім қалыптасады.

    • Оқушылар әртүрлі мәлімет пайдаланатын болғандықтан көптеген жаңалықтарды тезис түрінде жеткізуге мүмкіндік береді.

    • Әрбір оқушы өздігінен жұмыс жасап,оны жеткізу жолын таңдайтындықтан оқу үдерісі бір сарынды емес қызыққа толы,таласты болады.

    • Пікірсайыс негізінде оқушылар жалпыға ортақ деп танылатын әмбебап пікірге келеді.

    Тақырып бойынша өз бетінше мәлімет жинақтаған оқушы пікірсайысқа келіп өзінің ойы, ұстанған позициясы қаншалықты шындыққа жанасады,алған білімі қаншалықты қолданысқа ие екендігіне көз жеткізе алады. Мәліметтер төңкерісі болып отырған заманда оқушылар бүкіл жаңалықтарды оқып-тануы мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда білім беру мекемелерінде жүйелі жұмыс жасайтын пікірсайыс бесекелеріне қатысу арқылы немесе көрермені болу арқылы көптеген мәліметтерді игере алады.

    Аталмыш пікірсайыс бәсекелерін әртүрлі пәндер үшін әрқилы формада ұйымдастыруға болады. Жоспарланған сұрақтар бойынша оқушылар мәліметтер жинақтап, белгілі бір ой қорытады. Пікірсайыста тың ойлар жүйеленіп,тыңдалып,талқыланады,ортақ пікір іздестіріледі. Пікірсайысқа қатысу деңгейіне байланысты бағалау жүзеге асады. Пікірсайыстың белсенді мүшелерін сараптық комиссияға, ұйымдастырушы алқаға қатынастыруға болады.

    Пікірсайыс технологиясы тәрбие үдерісінде негізгі құралдардың бірі ретінде қолданылады. Пікірсайыс белгілі ережелермен шектелген білім таластыру өнері ретінде қатыстыруға болады. Нақты ережелердің сақталуы пікірсайыс мақсатына жетуді қамтамасыз етеді. Бұл фактіні түсінген оқушылырда белгілі бір заң шеңберінде жұмыс жасау дағдысы қалыптасады. Мұның барлығы құқықтық тәрбиенің негізін қалайды. Оқушы пікір таластыру барысында өз әріптестерін тыңдап, олардың ойларын тыңдауды үйренеді. Әрбір жеке пікірдің қаншалықты маңызды екендігін сезінеді. Бұндай іс-әрекеттер оқушыны жариялық жағдайда жұмыс жасауға үйретеді. Қарсы пікірді дұрыс қабылдап, құнды сын-ескертпелерді дұрыс пайдалану адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі болып табылады.

    Пікірсайыс технологиясының мүмкіндіктері:



    • Субъектілер арасында мәлімет алмасуды қамтамасыз ету.

    • Білім беруді мақсатты, саналы түрде ұйымдастыру.

    • Білімді жүйелі түрде пайдалануды үйрету.

    • Мәселенің жан –жақты сырларын ашу.

    • Мәселенің негізін, түйінін анықтау.

    • Сын тұрғысынан ойлауды үйрету.

    • Шығармашылық қабілетін ашу

    • Логикалық ой –өрісін дамыту.

    • Сөйлеу мәнерін дамыту.

    • Ғылыми ізденіске баулу.

    Пікірсайыс –арнайы құрылымы, ережесі бар ресмисөз таласы.

    Ресми пікірталастың қолданыс аясы және оның уақыты шектеулі. Ресми пәкәрталас бәр шешіммен басталады да, екі жақты дауға ұласады. Әр топ өз көзқарастарының дұрыс –бұрыстығына қарамай, өз бағытын «дұрыс» деп сендіруге тырысады. Әр топ топ дұрыс жүйемен құрып, дәлелдеу арқылы қарсыласының дәлелін жоққа шығарады. (сурет -66).

    Пікірсайыс бағдарламасының оқу үдерісіне енгізудің алғашқы кезеңі жаттығулардан басталады. Бағдарламаны жетік меңгеріп, қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей жаттығуларды ңске асыру қажет.


    • Кіріспе жаттығулар;

    • дәйек құруға көмектесетін жаттығулар,

    • пікірталас тақытыптарын дайындау мен талдауға арнылған жаттығулар;

    • үлгі бойынша жаттығулар,

    • жақтау тобының кейсін құруға арналған жаттығулар;

    • қақтығыс тудыратын сұраөтар жаттығуы;

    • теріске шығару кейсін жасайиын жаттығу;

    • терістеуге арналған жаттығулар.

    Жаттығулардан кейін дайындық кезеңі басталады:

    Белгілі тақытыпты пікірсайыс өткізу үшін оқушылар біріншіден, зерттеу жұмысын жүргізеді. Зерттеу барысында оқушылар ғылыми әдебиеттер мен баспа материалдарын оқып, сараптамадан өткізеді.

    Екіншіден, топ мүшелері ойларын ортаға салып, таұырып төңірегінде талдау жасайды.

    Пікірсайыс технологиясының негізгі кезеңдері:



    1. Қарар: «болымды –болымсыз».

    2. Аргумент: тқрешінің көзін шындыққа жеткізу, дәолелдеу арқылы ңске асады.

    3. Дәлел: нақты атқырыпты ашатын фактілер келтіріп, қайнар көзін айтады.

    4. Қарама –қарсы сұрақ –жауап.

    5. Шешім қабылдау.

    Пікірсайыстың басты ерекшелігі –берілетін мәліметтің ақиқатқа (шындыққа) жанасуы, ойыншылардың бір- біріне деген құрмет.

    1. Шыншылдық . Шыншылдық пікірсайыста әрбір ойдың, түйіннің өзегі болып табылады. Жалған дәлелдер, баспа материалдарының 10 жылдан асқан ақпараттары есептелмейді.

    2. Бір –біріне құрметпен қарап, пікір таластыру. Пікірталас кезінде бір –біріне сыйластық сақтап, сыпайылық көрсету. Сұрақ –жауап ойын барсында айтылған ойларға қатысты туындау керек.

    3. Ойынға төрешілер баға беріп, талдау жасайды. Өз дәлелін шешендікпен тыңдаушыға жеткізе білген, ұйымдастыру өнерін көрсете білгенжүйелі сөйлейтін, қақатығыс пікір айта білгенойыншылар жоғары бағаланады.

    11 практикалық сабақтың тақырыбы: Пікірсайыс технологиясы

    Тапсырмалар:


    • Пікірсайыс технологиясы, мақсаты, зерттелуі, ерекшелігі

    • Пікірсайыс технологиясының негізгі кезеңдері

    • Пікірсайыс түрлері

    31-32-33-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Сабақты және салт етістіктер

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы. «Тарланым»

    Есеп беру түрі:

    31, 32, 33- СӨЖ тапсырмалары: «Дәстүрлі сабақ пен инновациялық сабақтардың қайсысы тиімді?»

    Есеп беру түрі: пікірсайыс өткізу


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Он екінші апта

    23-24 дәрістің тақырыбы: Сатылай кешенді талдау технологиясы

    Терминдер мен анықтамалар

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    Сатылай кешенді талдау – қазақ тілін оқыту технологиясы болып табылады.


    1. Сатылай кешенді талдау технологиясының теориялық негізі ретінде А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Т. Шонанов т.б. ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдарын басшылыққа алады;

    2. Ыбырай, Абай, Шоқан тағы басқалардың ағартушылық ұстанымдарын негіз етеді; теория мен практиканы ұштастыруда ғалым-әдіскер Ф.Ш. Оразбаеваның тілдік қатынас (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) теориясына негізделеді;

    3. Ұрпақтың тілін дамытуда ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге үйрету үшін ауыз әдебиетінің бай мұрасынан бастап бүгінгі күнгі сөз зергерлерінің әдеби ой-толғамдарын жаттату, мәтін, тіл дамыту, тіл ұстарту жаттығуларына материал етіп пайдаланылады;

    4. Педагог-ғалым Г.К. Селевко ұсынған педагогикалық технологияларды талаптарына сүйенеді.

    Сатылай кешенді талдау технологиясының авторы – белгілі ғалым Н.А. Оразхынова.

    Н.А. Оразхынованың пікірінше, сатылай кешенді талдау технологиясы дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйреніп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сатылай кешенді талдау технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту.

    Сатылай кешенді оқыту технологиясының басты ерекшелігі төмендегідей болып сараланады:


    • оқу материалының жүйелілігі, бірізділігі;

    • табиғилығы;

    • дағдыға басым бағыт беруі;

    • білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

    • оқушыларға берілетін білімнің саралануы;

    • оқушылардың өз мүмкінділігіне қарай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігі;

    • оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

    • ұлттық құндылыққа ерекше орын берілуі;

    Сатылай кешенді талдау технологиясының мақсаты:

    1. Тілдік материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, ғылыми неізде меңгерту;

    2. Әр сөйлемнің, сөздің, дыбыстың табиғатын таныту арқылы сөзді таңдап-талдап қолдана білуге дағдыландыру;

    3. Қазақ тілінің сөз байлығын терең меңгерту арқылы, әр сөздің ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін сөз сырына бойлату арқылы оқушының танымдық дүниесін қалыптастыру;

    4. Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де, шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдыретін басқаларға таныта, бағалай білуге баулу.

    5. Жазба жұмыстарын сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төсілдіру.

    6. Өз ана тілінің грамматикалық ерекшелігін өзге тілді үйретуде тірек етіп алумен қатар, салыстыруға, ерекшелігін сауатты түрде ажырата білуге үйрету;

    7. Қазақ тілі өзге пәндердің негізін түсініп, терең меңгеруге басты құрал екенін саналы түрде түсінуге бағыт-бағдар беру.

    8. Түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа баулу;

    9. Талдау деңгейін рет-ретімен жүргізе отырып, сатылай кешенді талдаудың түрлі амал-тәсілдерін меңгерту;

    10. Компьютерлік талдау арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын жетілдіру

    Сатылай кешенді талдау технологиясы – дамыта оқыту идеясына негізделген.

    Ғалым Н. Оразахынова зерттеуіне сүйенсек, сатылай кешенді талдау технологиясы төмендегідей ұстанымдарға негізделген: ғылымилық, жүйелік, деңгейлік, саналылық, белсенділік, сабақтастық, шығармашылық ойлауды қалыптастыру, тәрбиелік.



    1. Ғылымилық ұстаным. Ғылымилық ұстаным дегеніміз – жеке пәндер бойынша мектепте оқылатын ғылымды фактілер, ұғым және заңдылық жүйесі ретінде пайдалану болып табылады және ең алдымен оқу материалын таңдап алу мен оқыту әдістерін қалап алуда көрінеді.

    2. Жүйелік ұстаным. Ұлттық білім беру жүйесінің ең басты мақсаты – оқушыға терең, мазмұнды, тиянақты, жүйелі білім беру. Сатылай кешенді талдауда мазмұнды, тиянақты, жүйелі білім берудің басты мақсаты – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тануға, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін жетік білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен блім алуға, ізденуге іштей қажеттілік туғызу. Осының нәтижесінде оқушы бір ғана салалық білім алумен шектелмей, жан-жақты білім алуға, өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын тұтастықта қабылдауға қалыптасады. Сатылай кешенді талдауда мазмұнды, тиянақты, жүйелі білім тұтастық, жүйелілік ұстанымдарына негізделеді.

    3. Деңгейлік ұстаным - сатылай кешенді талдау технологиясының деңгейлік ұстанымы он деңгейден тұрады.

    4. Сатылай кешенді талдаудың саналылық ұстанымы – талдауға берілген материалды оқушының құрғақ жаттамай, терең түсініп, саналы меңгеруі. Саналылық ұстанымы оқушылардың белсенділігі, өз бетімен жұмыс істеу мүмкіншілігімен тығыз байланысты.

    12 практикалық сабақтың тақырыбы: Сатылай кешенді талдау технологиясы

    Тапсырмалар:


    • Сатылай кешенді талдау технологиясы, мақсаты, зерттелуі, ерекшелігі

    • Сатылай кешенді талдау технологиясының ұстанымдары

    34-35-36-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Тұлпарым»

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Есімдіктің сөйлемдегі қызметі

    Есеп беру түрі:

    34, 35, 36- СӨЖ тапсырмалары: Кешенді талдау үлгілері

    Есеп беру түрі: сөйлемдерге кешенді талдау жасау


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Он үшінші апта

    25-26 дәрістің тақырыбы: Тренингтік технология



    Терминдер мен анықтамалар

    «Тренинг» сөзі педагогика ғылымына өткен ғасырдың екінші жартысында ғана ене бастады. Бұған дейін осы сөзге мағыналас «жаттығу» сөзі кеңінен қолданып кеді. Қазір осы екі термин де педагогика саласында кеңінен қолданып жатыр.

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    Треннингтік жеке тұлғаның өзін – өзі реттеу тәсілдері,жаңа білім мен дағдыны меңгеру,интуицияны,креативтілік,ойлауды,қарым-қатынасты дамыту негіздерін меңгеруге интинсивті жағдай жасайды.

    И.В.Вачков (1999ж). Ю.Н.Емельянов (1985ж). Г.А.Ковалев (1989ж). Х.Меккин (1986ж). Л.А.Петровская (1982-2001жж). және т.б психолог ғалымдар тренингті бірден интерактивті әдістерден – рөлдік ойындар, дискуссия, психофизикалық жаттығуларды үйлестіріп жүргізуден бастауды ұсынады.

    Ғылыми еңбектерде «Тренинг – жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік,өзара қатынас саласында компонеттілікті жетілдіруге бағытталған жаттығулар жүйесі » деген анықтама беріледі.

    «Тренинг» сөзі педагогика ғылымына өткен ғасырдың екінші жартысында ғана ене бастады. Бұған дейін осы сөзге мағыналас «жаттығу» сөзі кеңінен қолданып кеді. Қазір осы екі термин де педагогика саласында кеңінен қолданып жатыр.

    Тренингтің жай жаттығудан айырмашылығы тренинг біліктілігі жоғары маманның басшылығымен өтетіндігі.

    Ғылыми еңбектерде оқыту, тәрбиелеу және дамытудың көп жақты мәселелерін шешуде қолданылатын тренингтердің әр түрлері бар.

    Жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың көп жақты мәселелерін шешуде қолданылатын тренингтердің түрлері көп.Оларды жүйелеудің бірнеше бағыттары белгілі (П.Бэченин, Дж.Рейзел, М.Лакин, М.Либерман, И.Ялом, М.Майлз, Б.Лабин, У.Эдди, К.Хек, К.Рудестам, В.Биндер мен А.Биндер, Б.Римланд, П.Петерсен және т.б. ).

    Олар бір-бірінен жүйлеу негізі мен критерийлерінің сәйкес келмеуіне байланысты ерекшеленеді.

    Белсенді оқыту әдістерін жүйелеу:

    1)оқытуды ұйымдастыруға;

    2)қолданылатын әдістермен мен формалар доминанттылығына;

    3)топтағы нақты қойылатын міндеттерге байланысты болады.

    Осыған орай тренингтің бірнеше түрі белгілі болды:

    1)тренинг – топ (К.Левин);

    2)кедесу –тобы (К.Роджерс);

    3)әлеуметтік – психологиялық тренинг (Б.С.Девятко,Л.А.Петоровская және т.б).

    4)оқу-жаттығу топтары (Ю.Н.Емельянов);

    5)белсенді оқыту тобы (Г.А.Ковалев);

    6)видеотренинг (Х.Миккин);

    7)тренинг-семинар (Л.М.Митина);

    8)кәсіби-педагогикалык тренинг (В.А.Каи-Калик, В.В.Кузнецов,А.А.Лентьев);

    9)белсенді әлеуметтік –психологиялық оқыту(Т.С. Яценко және т.б.);

    10)оқу –педагогикалық тренингтері (К.Ж.Бұзаубакова және т.б.);

    Педагогикалық тренинг-оқыту сапасын артыруда оқушының білік пен дағдысын қалыптастыру және жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламаммен жүргізілетін әртүрлі жатығулар жүйесі.

    Педагогикалық тренинг оқу –тәрбие үдерісінде ХХ ғасырдың 60- жылдарынан бастап қолдана бастады.


    13 практикалық сабақтың тақырыбы: Тренингтік технология

    Тапсырмалар:



    • Тренингтік технология, мақсаты, зерттелуі

    • Белсенді оқыту әдістері

    • Оқытудың басқа формаларынан тренингтің айырмашылығы мен ерекшелігі

    • Педагогикалық тренингтің негізгі фунциялары

    37-38-39-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде»

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Сын есімнің шырайлары

    Есеп беру түрі:

    37, 38, 39- СӨЖ тапсырмалары: 5 түрлі тренинг жазып, студенттерге ұйымдастыру

    Есеп беру түрі: тренинг сабақ өткізу


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Он төртінші апта

    27-28 дәрістің тақырыбы: Компьютерлік технология



    Терминдер мен анықтамалар

    мультимедиа ақпарат

    мультимедиалық ресурстар

    виртуальдық оқу

    бейнеконференциялар

    Интерактивті тақта

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    Қазіргі түсінік бойынша мультимедиа құралдарына компьютерлер мен олардың жабдықтары, сондай-ақ, бағдарламалық құралдары жатады. Сонымен бірге осы құралдарға аудио, бейне немесе басқа ақпаратпен тура жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мектеп жабдықтарын да қосудың мән-мағынаы бар.

    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мектептерінде техникалық құралдардың келесі негізгі түрлерін кездестіруге болады:


    • дыбысты жазу мен жаңғыртуға арналған құралдар(электройнатқыштар, магнитофндар, CD, DVD - ойнатқыштар);

    • телефон, телераф және радиобайланыс жүйелері мен құралдар;

    • телекөрініс жүйелері мен құралдары, радиохабарлар;

    • оптикалық және проекциялық кино және фотоаппараттар;

    • ақпаратты құжаттау мен көбейтуге арналған полиграфиялық, көшірмелеу, көбейту және басқа техникалар;

    • ақпаратты элетрондық ұсыну, өңдеу мен сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін компьютерлік құралдар;

    • ақпаратты байланыс арнасы бойынша жеткізуді қамтамасыз ететін телекоммуникациялық жүйелер.

    Компьютерлік желілерде жарияланған ақпараттық ресурстардың барлығы іс жүзінде мультимедиалық ресурстар болып саналады.

    Мектепте мультимедиа ресурстары мен технологияларын пайдаланудың телекоммуникациялық желілірде пайдаланумен үйлестіру мынандай негізгі мүмкіндіктерді ашады екен:



    • оқу-әдістемелік мультимедиа ақпаратына қатынауды кеңейту;

    • мектеп оқушыларының коммуникативтік машықтарын, қарым-қатынас мәдениетін, мультимедиа ақпаратын іздеу икемділігін қалыптастыру;

    • жедел көмек беру көмегін ұйымдастыру;

    • оқытудың жеке тұлғалануын арттыру, өз бетімен оқуға арналған базаны дамыту;

    • нақты уақыт режимінде виртуальдық оқу сабақтарын(семинарлар, дәрістер) өткізуді жасақтау;

    • қашықтан оқытуды ұйымдастыру;

    • біріккен зерттемелік жобаларды ұйымдастыру;

    • мұғалімдердің, мектеп оқушыларының желілік қоғамдастығын қалыптастыру;

    • оқушылардың сыни ойлауын, дұрыс және қажетті мультимедиа ақпаратты іздестіру мен таңдау машығын жетілдіру.

    Жалпы орта білім беруде пайдаланылатын телекоммуникациялық мультимедиа құралдары деп мультимедиа ақпаратын жеткізуге қатыс бар мектепте қолданылатын кез келген құралдар мен аспаптарды түсіну керек.

    Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мол. Дыбыстық және бейнелік файлдарды іске қосу, бірнеше сөзге ғана бейнелерді орналастыру, нысандарды қабылдап, орналастыру, суреттер салу, «кітапхана» ресурстарын пайдалану секілді интерактивтік мүмкіндіктерді айтуға болады.

    Бағдарламалық-ақпараттық жиынтық «интерактивті тақта» дегеніміз бұл дәстүрлі мектеп тақтасының барлық сапасына ие және мынандай мүмкіндіктері бар тақта:


    • экрандық кескіндердің графикалық түсініктемелерін беру;

    • бір мезгілде сыныптың барлық оқушыларының істеген жұмысна сипаттама жүргізуге және тексеруге мүмкіндік туғызады;

    • табиғи амалмен сыныпта оқушылардың оқу жүктемесін арттырады;

    • оқытуға жаңа құлшыныстың алғышарттарын дайындайды;

    • сұхбатқа құрылған оқытуды жүргізеді;

    • кей әдістерді пайдаланып, қарқынды әдістеме бойынша оқытады.

    Интерактивті тақта үшін пайдаланылатын бағдарламалық жасақтама келесі құрал-жабдықтарды қамтиды:

    • жазу кітапшасы;

    • бейнежазу құралы;

    • бейне плеер;

    • қосымша(маркерлік) құрал-жабдықтар;

    • виртуальдық пернетақта.

    Осы құрал-жабдықтардың барлығы жеке-жеке де, шешілетін оқу мәселелеріне байланысты жиынтығымен де пайдаланылатын болады.

    Мультимедиа құралдарын дайындаумен және пайдаланумен айналысатын мектеп мұғалімдері оқыту процесінде білім беруді ақпараттандыру құралдарын пайдалануға дайындықтың жеткілікті деңгейіне ие болуы тиіс.


    14 практикалық сабақтың тақырыбы: Компьютерлік технология

    Тапсырмалар:



    • Компьютерлік технология, мақсаты, қызметі, ерекшелігі

    • Мектептерде қолданылатын техникалық құралдар, олартың атқаратын қызметі, маңыздылығы

    • Интерактивті тақта, мүмкіндіктері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде қолданудың маңыздылығы

    40-41-42-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Абай. «Ғылым таппай мақтанба»

    Есеп беру түрі:

    40, 41, 42- СӨЖ тапсырмалары: «АКТ – заман талабы»

    Есеп беру түрі: презентация жасау


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.


    Он бесінші апта

    29-30 дәрістің тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі



    Терминдер мен анықтамалар

    Мұғалім

    Оқушы

    Сабақ

    Пән

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

    Сабақ тағдыры – мұғалім қолында. Оның биік деңгейде болуы мұғалімнің үнемі ізденісіне, шығармашылықпен еңбек етуіне байланысты. Қандай ақылды техника болмасын мұғалім орнын еш уақытта алмастыра алмайды, ол тек оның еңбегін жеңілдетіп, ойын жүзеге асыруға көмектеседі.

    Әсіресе, әдебиеттен дәріс беруші мұғалімнің орны мүлде ерекше. Өйткені әдебиет мұғалімі өнер туындысымен істес, оның бар нәрі мен қасиетін, эстетикалық, эмоциялық күш-қуатын оқушы ой-сезіміне әсерлі етіп тек мұғалім ғана жеткізе алады.

    Көркем әдебиеттің өзіндік ерекшелігін таныту үшін мұғалім әдебиеттанушы ғалым сияқты зерттеуші болуға міндетті. Онсыз көркем әдебиеттің табиғатын танып, шәкірттерді шығарманың астарлы ойына тереңдей бойлатып, эстетикалық табиғатын ашу мүмкін емес.

    Мұғалім зердесінде сабақтың әркез қалай өткені, оқушы болашағына сол сабағы жол ашты ма, маңыздылығы қандай болды деген сауалдар жүрген кезде ғана ол адам жанының инженері ұстаз деген ұлы атқа ие болады. Ол үшін ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс және сонымен бірге күн сайын өткізген әр сабағына талдау жасап, сол сабақтың оқушыға тигізген әсерін сараптап, оқушының білім алуына ықпал ету тәсілдерін ойлап отыруы қажет.

    Мұғалімні жан-жақты білімді болуы, көркемдік талғамы, шығармашылық ізденісі, әдебиет сабағының сапасы, міне, осыған байланысты.

    «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»(К.Д.Ушинский).

    Әдебиет пәні мұғаліміне тек әдебиеттану ғылымын жете білу де, зерттеушілік те жеткіліксіз. Ол арғы-бергі замандағы методика табыстарын терең игерген теоретик-методист болуға тиіс. Ол әдіс-тәсілді жете меңгеруге тиіс. Әдістеме сласында творчестволық ізденіс жасамаған мұғалім шәкірттерді әдебиет туындысына тұшындыра алмайды.

    Материалды есте қалдыру, оқушы бойына сіңіре білу - әдебиет пәні мұғалімінің өзіндік шеберлігін қажет етеді. Материалды меңгерту барысында пән мұғалімі оқушы міндетін айқын болжай білуі керек. Көрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег ХІХ ғасырдың өзінде-ақ «Жас мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы» деген болатын. Ол – жаман мұғалім.Шындықты(материалды) өзі айтып, хабарлайды, жариялайды, ал жақсы мұғалім шәкірттерді оны табуға, болжауға үйретеді деп есептейді.

    «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» - дейді Ы.Алтынсарин.

    Ы.Алтынсарин «Мұғалім балалармен істес болады. Бала бір нәрсені түсінбесе, оларды көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлесуі керек» - дейді.

    1905 жылы педагогикалық училищені бітірген А.Байтұрсынов Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып,ұстаздық қызмет етті, жатпай-тұрмай еңбек етіп, қайткенде қазақ халқының көзін ашуға, санасын оятуға барын салды. Яғни, Ы.Алтынсариннің қазақты сауатсыздықтан құтқару үшін қалаған сара жолын әрі қарай жалғады. «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагоика, методикадан хабардар, жақсы оқыт білетін мұғалім» - дейді А.Байтұрсынов.

    М.Жұмабаев «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға(қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» - деген болатын.

    «Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, дамгершіліктің жаршысы болуға тиіс» - деген болатын С.Көбеев.

    Әдебиетті оқытудағы пән мұғалімінің кемшіліктері:


    • көркем әдебиетті өнер туындысы ретінде таныта алмауында;

    • әдебиет сабағын өнер сабағы етіп өткізе алмауында;

    • шығарманың көркемдік жақтарына мән бермеушілік;

    • көркем шығарманың эстетикалық, эмоциялық жақтарына баса назар аудару. Осының негізінде әлеуметтік мазмұнын жұтаңдатып алу;

    • шығарманың идеялық мазмұнын ашуға ғана көңіл бөліп, біржақтылыққа ұрыну;

    • әлеуметтік проблемаларды шығарманың көркемдік элементтері, оның ішкі бейнелі құрылымы арқылы ашуға талпынбаушылық;

    • жайдақ, жасық, нәрсіз баяндауға ұрыну;

    • мәтінді, жазушыны сөйлету орнына боссөзділікке салыну.

    Әдебиетті оқытудағы формализмнен, бірсарындылықтан, бірізділіктен, сүреңсіз баяндаудан арылмайынша, әдебиет сабағы өзінің көздеген мақсатына жете алмақ емес.

    Оқыту – білім беру, өмірді, айналадағы табиғатты, адамды таныту, ғылым, білімнің жаңалықтарына ынталандыру, өмірге құлшындыру. Міне, әдебиет пәні мұғалімінің оқыту мақсаты да осы нысананы көздеуге тиіс.

    Әдебиет пәні мұғалімі оқушы міндетінен орындаушылықты алып тастап, сабақтағы барлық әрекетті оқушының логикалық пайымдауын арттыруға бағыттау қажет. Бұған қол жеткізу үшін оқыту барысында мұғалім мына жайттарды басшылыққа алғаны жөн:


    • әдебиетті өмір табиғатына сәйкес оқыта білу, оның идеялық-эстеикалық мән-мағынасына терең бойлата отырып қабылдату;

    • туған әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының көрінісін, идеялық-адамгершілік түпкі мазмұн-мәнін түсіндіру;

    • көркем әдебиетті оқуға деген оқушы қызығушылығын ояту, олардың бойында жоғары эстетикалық талғам қалыптастыру;

    • сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болар білім дағдыларын қалыптастыру;

    • оқушының оқу еңбегіндегі ой дербестігін дамыту;

    • ойын сауатты айтып, жаза білуге, өзіндік ой-пікірін жүйелі айта білуге үйрету.

    Әдебиет пәнін оқытуда басты назарда оқушылардың танымдық ойлау қабілеттері ескерілуі қажет. Келешекте өтілетін сабақтың жобасын жасау кезінде сол сабаққа мұғалім белсенді психологиялық дайындық жасауы керек. Онда балалардың жас ерекшеліктері де, әр кластың мүмкіндіктері де, әр оқушының эмоциялық қабылдау ерекшеліктері де т.б. психологиялық жағдайлар ескерілуге тиіс.
    15 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

    Тапсырмалар:



    • Күнтізбелі-тақырыптық жоспар

    • Сабақ жоспары

    • Сынып журналы

    • Оқулық

    43-44-45-СОӨЖ тақырыбы: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану үлгілері

    Тапсырмалар:



    1. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы. «Егіннің бастары»

    2. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

    Есеп беру түрі:

    43, 44, 45- СӨЖ тапсырмалары: «ХХІ ғасырдағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің имиджі»

    Есеп беру түрі: ғылми мақала жазу


    Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

    1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.

    2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

    3. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.




    1. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

    • Модульдік оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    • Пікірсайыс арқылы оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    • Сатылай кешенді талдау технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    • Жобалау арқылы оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    • Дамыта оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    • Деңгейлеп оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    • Ойын арқылы оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    • Компьютерлік оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    • Проблемалық оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    • Тренингтік оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    • В.Ф.Шаталовтың тірек-сигналдар арқылы оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    • Ұжымдық оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    • Топтық оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    • Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.




    1. Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)

    1-аралық бақылау «Портфолио» қорғау

    2-аралық бақылау «Сабақ фрагменттерін» көрсету


    8. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі

    1. Техника терминінің неше мағынасы бар?

    1. «Технология» түсінігі біркелкі емес екенін түсіндірген ғалым

    1. «Білім беру технологисы», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» сияқты терминдерге салыстырмалы талдау қай ғалымның еңбектерінде сөз болады?

    1. Педагогикалық міндеттерге:педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау сай келсе де,ол қандай тіл элементі ретінде қарастырылды?

    1. «Технология» термині қай ғасырда пайдалана бастады?

    1. «Технология» деген термин қай елден шыққан

    1. Педагогикалық технологиялардың іске асуында неше жолы бар?

    1. Ендеше оқушылардың қай қасиеттің пайда болуын тудыру әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады?

    1. Қай ғасырдың аяғында ойын арнайы зерттеу пәніне айналды?

    1. Ойын сабақтары сабақтың қай түріне жатады?

    1. Дидактикалық ойындардың мақсаты

    2. Проблемалы сабақты оқытуда өткен материалдарды пысықтауға қанша уақыт беріледі?

    3. Тірек сигналдар технологиясын ұсынған ғалым

    4. Дамыта оқыту технологиясы курсын көбінесе қай авторды негізге ала отырып оқытады?

    5. Компьютерлік оқыту бағдарламасын жасау технологиясы қандай тренингке негізделеді

    6. «Бес жолды өлең», «Венн гиаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияты стратегиялары қай оқыту әдісіне тиесілі

    7. Қай оқыту әдісіне тән белгілер: • Шыңдалған ойлау,кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;• Күрделі мәселелерді шешуге,аса маңызды, жауапты шешеімдер қабылдауға сыни көзбен қарау; • Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын,үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

    8. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл орта мектебінің жаңышыл мұғалімі Ә.Ү.Бекбергенова өз іс-тәжірибесінде қай технологияны шебер қолданады

    9. Бұл қай терминге тән сипаттама. Белгілі тақырып көлемінде арнайы ережелермен шектелген сөз жарыстыру, білім таластыру өнері.

    10. А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Т. Шонанов т.б. ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдарында қай оқыту технологиясын басшылыққа алады?

    11. Сатылай кешенді талдау технологиясының авторы

    12. Ғалым Н. Оразахынова зерттеуіне сүйенсек, сатылай кешенді талдау технологиясы қандай ұстанымдарға негізделген

    13. Қай автордың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады

    14. Академик В.П. Беспалько білімді меңгеру нәтижесі мынандай неше иерархия түрінде сипаттайды?

    15. Кімнің ілімі бойынша оқушылардың білімі 12 балдық жүйемен бағаланады

    16. «Рефлексия» - терминін ғылымға әкелген ағылшын философы, табиғаттануды, педагогиканың негізін салушы

    17. “Аквариум техникасын” шығарған кім?

    18. Қай оқытудың түрі. Бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдында болжауға болатын оқыту түрі

    19. Модуль неше бөліктен тұрады?

    20. Саралай оқыту неше кезеңнен тұрады?




    9. Бақылау түрі – аралас емтихан (емтихан материалының құрылымы)
    Тест тапсырмасы

    І нұсқа
    1. Мектеп құжаттары

    A) оқушы дәптері, күнделік,

    Б) сынып журналы

    В) дидактикалық материалдар

    Г) карточка, сурет, грамматикалық кестелер

    Д) жаттығулар жинағы

    Е) жоспар түрлері

    Ж) оқулық, оқу бағдарламасы

    З) мінездеме
    2. Оқулықтың негізгі қызметі

    A) білім,

    Б) талдау жасау

    В) көрнекілік пайдалану

    Г) анықтағыш

    Д) сөздік жасау

    Е) дағды

    Ж) іскерлікті қалыптастыру


    3. «Мектеп- медреселер мәселесі» еңбегінің авторы
    4. «Комплекспен оқыту жолдары» еңбегінің авторы
    5. Оқу кешені -

    A) күнделік

    Б) оқу бағдарламасы

    В) дидактикалық материал

    Г) тілдің салалары

    Д) дидактикалық ойындар

    Е) оқушы дәптері

    Ж) оқулық,

    З) дидактикалық материал
    6. Оқулық жазғанда сүйенетін материал

    A) әдістемелік нұсқаулар

    Б) дидактикалық материал

    В) Оқу жоспары

    Г) ғылыми зерттеулер

    Д) Жаттығулар жинағы

    Е) бағдарлама
    7. Дамыта оқыту технологиясындағы әрекеттің түрлері

    A) Ізденушілік,

    Б) айтылым әрекеті

    В) сөйлесім әрекеті

    Г) Оқу, жазу әрекеті

    Д) Сөйлеу әрекетінің түрлері

    Е) зерттеушілік әрекеті
    8. Мектептегі қазақ тілі үйірмесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын ұстаным

    A) Жалғастық ұстанымы

    Б) Оқушылардың сұранысын ескеру

    В) Ғылыми ұстаным

    Г) қызықтыру ұстанымы

    Д) Жеңілден ауырға қарай оқыту ұстанымы

    Е) Көрнекілік ұстанымы
    9. Білім, білік, дағдыларды тексеру сабағы –
    10. Қатемен жұмыс сабағы –
    11. ЖОО-да оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары

    A) лекция

    Б) дәстүрлі сабақтар

    В) ашық сабақтар

    Г) дипломдық жұмыс

    Д) курстық жұмыс

    Е) семинар

    Ж) зертханалық сабақтар


    12. Фонетиканы оқыту әдістемесінде жиі қолданылатын терминдер

    A) жалғау

    Б) күрделі сөздер

    В) дыбыс


    Г) тіл үндестігі

    Д) фразеологизм,

    Е) негізгі мағына, сема

    Ж) қосымша морфема

    З) архаизм
    13. Әуелбаевтің әдістемелік еңбегі?
    14 «Әдістеме» терминінің мәні?
    15. Индукция әдісі -
    16. Мәтін белгісі дегеніміз

    A) диктанттар жинағы

    Б) жаттығулар жинағы

    В) әдістемелік нұсқау

    Г) ережелер жинағы

    Д) сөйлеу түрі, сөйлеу формасы, сөйлеу стилі, жанры

    Е) сөйлемнің функционалдық мағыналық типі

    Ж) сөйлемнің эмоционалдығы мен экспрессивтілігі


    17. Әдістемелік тұрғыдан мәтіндердің бөлінуі

    A) ережелер жаттауға арналған

    Б) сұрақтар қоюға

    В) оқытуға арналған, тыңдауға арналған

    Г) баяндама жасауға арналған

    Д) ауызекі сөйлеу тілін дамытуға арналған, жазба тілін дамытуға арналған

    Е) өлең жазуға арналған

    Ж) диалог құрастыруға, монолог құрастыруға арналған

    З) танымдық деңгейді арттыруға арналған
    18. Мәтінмен жұмыс түрлері

    A) зерттеу бағытындағы оқу

    B) орфографиялық дағдыны қалыптастыру

    C) жаттығулар жинағына қарау

    D) әдістемелік нұсқауға назар аудару

    Е) танысу бағытындағы оқу

    Ж) шолу бағытындағы оқу

    З) іздену бағытындағы оқу


    19. Баяндаудың түрлері

    A) жаттығу жұмысы

    Б) әңгімелеу

    В) сипаттау

    Г)мәнерлеп оқу

    Д) мазмұндау

    Е) ойталқы

    Ж) қайталау

    З) жаттау
    20. Көркем стиль дегеніміз

    A) өлең, поэмалар, ертегі, әңгіме,повесть, роман жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең, батырлар жыры, ертегілер

    Б) өтініш, мінездеме, түсініктеме қағаз, ресми құттықтау, хабарландыру, сауалнама, автобиография, ұсыныстар

    В) хроника, ақпарат, хабар, мақалалар, комментарийлер, очерк, фельетон

    Г) жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең, батырлар жыры, ертегілер

    Д) оқу материалы текстер; мақалалар, монографиялар


    21. Тіл дамытуға арналған текстер

    A) шығарма, мазмұндама

    Б) жаттығу жұмысы, өлең талдау

    В) ереже жаттау, мазмұнын айту

    Г) баяндау, мазмұнын айту

    Д) мақала, баяндама

    Е) жоспар, мәтін талдау
    22. Мәтінді меңгеруде оқушыға қойылатын талаптар

    A) мәтінді ауызша, жазбаша түрде тақырыпқа сай баяндай білу

    Б) сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қоя білу

    В) суреттей, талдай білу

    Г) мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді табу

    Д) сөзді дұрыс айту заңдылықтарын меңгеру

    Е) тыныс белгілерін сауатты меңгеру
    23. Оқушыларды өздік жұмыс жасауға үйретудің мақсаты

    A) кітаппен жұмыс жасауға үйрету

    Б) Сабақ үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

    В) Қосымша сабақ оқу

    Г) Сабақтан жиі қалатын оқушылармен жүргізілетін жұмыс

    Д) тапсырманы өз бетімен үйретуге дағдыландыру

    Е) Сабақтың бағдарлама бойынша жүргізілуі
    24. Оқытудың инновациялық технологиясының түрлері:

    а) модульді оқыту, оқу үдерісін жобалау, саралап деңгейлеп оқыту, ұжымдық оқыту және т.б.

    ә) дамыта оқыту, проблемалық оқыту, жеке тұлғаға бағыттап оқыту, т.б.

    б) нақты жоспарлау, циклдік модель, зерттеушілік әдіс, жаңа ізденіс, т.б.

    в) бағалау ведомостары, жеке жоспарлау, блоктік жүйе әдісі, т.б.

    г) белсенді әдістер, қызығушылық әдісі, танымдық әдіс, оқыту ізденісіне негіздеу, т.б.


    25. Жылдық жоспардың түрлері:

    а) конспект жоспар;

    ә) мектептің педагогикалық кеңесінің жоспары;

    б) сабақ жоспары,

    в) тақырыптық жоспар, жеке жоспар;

    г) қорыту жоспары,

    д) күнтізбелік жоспар

    е) тәрбие жоспары

    ж) даярлық жоспары
    26.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы ғалым -
    27. «Баяншы» еңбегінің авторы кім?
    28. Морфологиялық жаттығулардың міндеті –

    а) дұрыс сөйлей білуді қалыптастыру;

    ә) мәтіннен жалғауды таба білу;

    б) сөздерді орнымен қолдана ;

    в) сөз құрамына, сөз табына талдау;

    г) қатесіз жаза білуді үйрету;


    29. Қазақ тілін оқытудың мақсаты:

    а) білімдік,

    ә) дамытушылық,

    б) көрнекі құралдарды дұрыс пайдалану;

    в)орфографиялық дағдыны қалыптастыру;

    г) салт-дәстүрлерді құрметтеу;

    д) тәрбиелік,

    е) ана тілін құрметтеу,

    ж) сабақтан қалмау;
    30. Жаңа білімді меңгеру сабағы –
    Билет№1

    1. Модульдік оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    2. «Ассоциация» әдісі бойынша сабақ фрагментін дайындаңыз. Тақырыбы: Қалихан Ысқақов. "Қоныр күз еді".

    3. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Толағай» (ерлік туралы аңыз)


    Билет№2

    1. Пікірсайыс арқылы оқыту технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    2. «Топтастыру» стратегиясы бойынша сабақ фрагментін дайындаңыз. Тақырыбы: Баубек Бұлқышев. "Шығыс ұлына хат"

    3. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы. «Егіннің бастары»
    Билет№3

    1. Сатылай кешенді талдау технологиясы. Технологияның дамуы, ерекшелігі, мақсаты, түрлері.

    2. Проблемалық сұрақтар бойынша сабақ фрагментін дайындаңыз. Тақырыбы: Ғабит Мүсірепов. "Ананың анасы"

    3. Сабақ жоспарын жасап, талдаңыз. Тақырыбы: Абай. «Ғылым таппай мақтанба»

    10. Бағалау өлшемдері
    Пән бойынша қорытынды рейтинг мына формула бойынша анықталады:

    Қ = Р1 + Р2__ ӨҮаү + Е*ӨҮе+КЖ*ӨҮкж

    мұндағы Р1, Р2, Е, С,КЖ – бірінші, екінші рейтингте алған ұпай бойынша емтихандағы балл көрсеткіші

    ӨҮаү, ӨҮе, ӨҮс, ӨҮкж – ағымдық үлгерімнің семестрдегі үлестері.



    Пән бойынша қорытынды рейтинг 2-кестеге сай баллдан сандық баламаға, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады. Сөйтіп, оқу жетістіктері журналына және рейтингтік ведомостьқа жазылады. Ведомость пен сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен баға қойылады.

    Студенттердің білімін анықтау көрсеткіші


    Балл түріндегі қорытынды баға

    Балдың сандық баламасы

    Әріп жүйесі бойынша бағалау

    Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға

    Емтихан, дифф. сынақ

    сынақ

    1

    2

    3

    4

    5

    95-100

    4

    А

    өте жақсы

    Есептелді


    90-94

    3,67

    А-

    85-89

    3,33

    В+

    Жақсы

    80-84

    3,0

    В

    Жақсы

    75-79

    2,67

    В-

    Жақсы

    70-74

    2,33

    С+

    қанағаттанарлық

    65-69

    2,0

    С

    60-64

    1,67

    С-

    55-59

    1,33

    Д+

    50-54

    1,0

    Д

    0-49

    0

    F

    қанағаттанарлықсыз

    есептелмеді

    Бақылау түрінің құрылымы: семинар сабақтарында жауап беру, пәннің тақырыбына байланысты реферат жазу; жоғарыда берілген сұрақтар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; емтиханмен қорытындылау.



    БАҒА ҚОЮ МҮМКІНДІКТЕРІ: Курстың жалпы бағалау мүмкіндігі студенттің білімін бақылаудың келесі құрылымдық түрлері арқылы жүзеге асырылады: жоғарыда көрсетілген формалардың іске асырылуы және оған студенттің қатысуы; аудиториялық сабақтарға студенттің қатысуы.

    Жалпы курсты жүргізу және студенттің пәнге қатысу тәртібін жақсарту үшін мынандай талаптар орындалуы тиіс:

    1. Сабақтың өткізілу формаларына студенттің толығымен қатысуы;

    2. Зерттеу жүргізілген мәселелерді шығармашылық тұрғыда қарастыру;

    3. Аналитикалық-сараптамалық талдау, журналистік зерттеу жүргізу, жақсы жазу үшін жақсы ойлай білу және қоғамдық-саяси идеялар ұсыну әдістерінің дамуы;



    4.Қазіргі методикалық ғылыми-зерттеу әдіс-тәсілдерді пайдалана білу;

    5.Сабаққа қатысу тәртібін қатаң қадағалау үрдісін енгізу және ғылыми жұмыстар жасау үшін жинақтылыққа тәрбиелеу;

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет