Практикалық жұмыс №1 Тақырыбы: ет кабинетіндегі техника қауіпсіздігі Теорияға шолу Техника қауіпсіздігі және есептеуіш техника кабинетіндегі тәртіп сақтау ережелері



бет1/3
Дата21.04.2017
өлшемі1,83 Mb.
#14195
  1   2   3
Кіріспе
Методикалық нұсқау 9 сыныптың информатика пәніне арналған күнтізбелік тақырыптық жоспарына сәйкес практикалық жұмыстарды орындауға қажетті барлық мағлұматтардан құрастырылған.

«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пән ретінде қалыптасқан ғылымның бір саласы. 9-сыныптарға арналған информатика пәні, негізінен келесі тақырыптарды қамтиды:



  1. «Алгоритм», «программа» ұғымы

  2. Алгоритмдерді қарапайым тілде, блок-схема түрінде жазу

  3. Паскаль тілінде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау

  4. Әр түрлі операторларды жазу, функциялар мен процедураларды пайдалану жолдары және т.б.

Информатика терминдері ағылшын тілінде қалыптасып, одан кейін басқа тілдерге аударылып келеді.

Практикалық жұмыстарды орындау негізі ретінде Паскаль программалау тілі қолданылады.

Паскаль тілі қарапайым программалармен қатар, күрделі өндірістік мәселелерді шеше алатын құрылымды тіл болып табылады. Ол Бейсик тіліне қарағанда аздап күрделі болғанмен, компьютер үшін ыңғайлы, программа құру реттілігін алгоритмдік тәртіппен қарастыратын, оқушыларды іс-әрекет тәртібіне тәрбиелейтін тіл болып табылады.

Қазіргі кезде барлық елдердің оқушылары программалау тілін үйренуді осы тілден бастайды деп айтуға болады. Олай болса, еліміздің оқушылары да программалау тілін, алгоритм терминдерін ана тілінде оқып үйренуі қажет.



Практикалық жұмыс №1

Тақырыбы: ЕТ кабинетіндегі техника қауіпсіздігі
Теорияға шолу

Техника қауіпсіздігі және есептеуіш техника кабинетіндегі тәртіп сақтау ережелері

Есептеуіш техникасын оқу үрдісінде қолдану алдында оқушылар 17.08.2007 жылғы ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің бұйрығына сәйкес техника қауіпсіздігі бойынша инструктаждан өтулері тиіс. Сонымен, авариялық жағдайларда өзін қалай ұстау керек, электр тоғына түскен адамға бірінші медициналық көмекті көрсету және көздің шаршауынан сақтайтын жаттығуларды білуі қажет. Инструктажды өткізгеннен кейін оқушылар техника қауіпсіздігі жөнінен сынақ тапсырып, ол сәйкесінше формадағы журналда тіркелуі қажет.



Техника қауіпсіздігі ережелері

Техника қауіпсіздігі ережелерін келесі топ бойынша бөлуге болады:



  1. Жалпы ережелер

  2. ДК –мен жұмыс жасау алдындағы ережелер

  3. Жұмыс жасау барысындағы ережелер

  4. Авариялық жағдайдағы ережелер

  5. Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер

Жалпы ережелерге келесілер жатады:

  1. Кабельдер, сымдар, розеткалар, штекерлерді түртуге, мұғалімнің рұқсатынсыз орнын ауыстыруға болмайды.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз аудиторияға кіруге және шығуға болмайды.

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз аудитория ішінде жүруге болмайды.

  4. Ылғал қолмен немесе ылғал киіммен ДК-де жұмыс жасауға болмайды.

  5. Корпусы немесе кабельдерінің бүтіндігі бұзылған ДК-де жұмыс жасауға болмайды.

  6. ДК тұрған стөл үстіне сөмке, кітап қоюға тиым салынады. Стөл үстінде тек қаламсап пен дәптер ғана тұруы қажет.

  7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға және де жұмыс жасап отырған жолдастарыңа кедергі жасауға болмайды.

ДК –мен жұмыс жасау алдындағы ережелер:

  1. Тоқ көзінен қосылмай тұрған ДК-ді қарап шығу қажет: корпусының бүтіндігі, кабельдерінің изоляциялануы.

  2. Кабельдер бір-бірімен айқасып, жұмыс барысында кедергі жасамай ма, байқау керек.

  3. Жұмыс орнын қолдану есебі журналында сәйкесінше жазуларды енгізу.

Жұмыс жасау барысындағы ережелер:

  1. ЕТ жұмыс жасау барысында экраннан оптимальды қашықтықты сақтау керек (60-70 см). Минимальды қашықтық – 50 см.

  2. Сабақ барысында сыныпқа кірген мұғалім немесе басқа адамдарға оқушылардың тұруына қажет емес.

  3. Егер көзіңіз шаршаса, жұмыс орныңыздан тұрмай-ақ, көз шаршауын басатын жаттығуларды жасауға болады.

  4. Оқушылар электр тоғымен зақымдануда бірінші медициналық көмекті көрсетуді, өртсөндіргішпен жұмыс жасай білу және өртті сөндіру әдістерін меңгеруі қажет.

  5. Оқушылар көз шаршауын басатын жаттығуларды білулері қажет.

Авариялық жағдайдағы ережелер:

  1. Егер жұмыс барысында ДК-дің бұзылу; яғни, жағымсыз иіс немесе түрлі дыбыс байқасаңыз, онда тез ДК – ді өшіріп, ол туралы мұғалімге хабарлаңыз.

  2. Қажетті жағдайда өртті сөндіруге көмек беруге болады.

  3. Электр тоғынан зардап шеккен адамға бірінші медициналық көмек көрсету керек.

  4. Өртті сумен өшіруге болмайды. Тек құм немесе өртсөндіргішті қолдану қажет.

  5. Егер электр тоғынан зардап шеккен адам электр тоғы әсерінде болса, оны жалаң қолмен ұстауға болмайды. Электр өткізгіш болып табылмайтын материалдарды қолданып, зардап шеккен адамды босатуға болады.

Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер:

  1. Мұғалімнің айтуынша компьютерді өшіру қажет.

  2. Жұмыс орнында тазалық жүргізу.

  3. Жұмыс орнын пайдалану есебі журналында сәйкесінше жазулар енгізу керек.

Бірінші медициналық көмек көрсету

Электр тоғымен зақымданғандағы көмек көрсету:

  1. Тоқты өшіру.

  2. Электрөткізгіш болып табылмайтын материалдарды пайдаланып, электр тоғының әсерінен зақымданған адамды босату.

  3. Зақымданған адамды қарап шығу, денесі күйіп қалған жағдайда көмек көрсету.

  4. Жедел жәрдем шақыру (мектеп медпункті).

Денесі күйіп қалған жағдайда көмек көрсету:

  1. Тыныштандыратын дәрі беру (анальгин, валерианка)

  2. Күйік болған жерге мазь жағу.

  3. Күйік алған жерді целофанмен орап, суық суға салу.

  4. Жедел жәрдем шақыру.

Талып қалған жағдайда көмек көрсету:

  1. Талған адамды тегіс жерге арқасымен жатқызу, басын артқа қарай шалқайту керек.

  2. Жедел жәрдем шақыру.

Тынысы тоқтап қалған жағдайда көмек көрсету:

  1. Аузын ашып, тілін тексеру керек, егер тілі кетіп қалса, оны орнына келтіру.

  2. Тынысы қалыпты жағдайға келгенше немесе дәрігерлер келгенше, жасанды тыныс алдыруды жасау.

  3. Жедел жәрдем шақыру.

Көз шаршауын басатын жаттығулар:

Компьютер алдында біріңғай жұмыс жасау көздің шаршауына әкеліп соғады. Сондықтан да, жұмыс жасау барысында 1-2 мин көзге арналған жаттығуларын жасап тұру қажет.



    1. Ұзақ жаққа – мұрын ұшына, оңға-солға, жоғарыға-төменге қарау.

    2. Көзді сағат тілі бойынша шеңбер бойынша қозғалту.

    3. Көзді жұмып, оны қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру керек.

Жалпы шаршағанды басу жаттығулары:

    1. Сағат тілі бойынша және керісінше басты бұру.

    2. Оңға-солға бұрылу.

    3. Саусақтарды жұдырыққа түйіп, қайта босату.

Керілу және созылу.


Практикалық жұмыс №2

Тақырыбы: Алгоритм түсінігі және программа. Атқарушы командалары жүйесі. Атқарушы түсінігі
Теорияға шолу

Информатика ғылымында «алгоритм» түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың бірі болып табылады.



«Алгоритм» сөзі атақты араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763—850 жж.) есімінің латындық транскрипциясы болып табылады. Ол санаудың ондық санау жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Бірақ әл-Хорезмиге дейін де арифметикалық операцияларды орындау ережелері көп болатын. Бірақ ол кезде сандардың ерекшеліктеріне көп мән берілген болатын, ал әл-Хорезми болса, көпорынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды ереже ұсынды. Әл-Хорезмидің тәсілін қолдаушыларды алгоритмдіктер деп атады. Алгоритм ұғымы бірнеше қасиеттері бар ережелер жүйесі деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі таңда алгоритм ұғымы тек математикалық есептерге ғана емес, сонымен қатар басқада мағыналарда қолданылады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған алгоритм бойынша, яғни программа бойынша жұмыс істейді.

Алгоритм ұғымының анықтамасы өте көп.



Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни, программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз. Процессор программа құрамындағы командаларды реті бойынша орындайды. Команда бір қарапайым операцияны орындауға бұйыратын бұйрық түрінде болады. Командалар арифметикалық, логикалық, басқаруды беру, сандарды салыстыру, экранға шығару, принтерге шығару және т.б. болып бөлінеді.
Атқарушы түсінігі

Алгоритм атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы: компьютер, робот және т.б. орындайды. Мысалы:



у = (ах+b)(сх -d) функциясын есесптеу үшін келесі қарапайым әрекеттерді орындау керек:
1) а- ны х-ке көбейтіп, оны У деп белгілеп аламыз;

2) У – ті b –ға қосып, оны У1 деп белгілейміз;

3) с – ны х – ке көбейтіп, оны У2 деп белгілейміз;

4) У2 –ден d – ны алып тастаймыз, оны У3 деп белгілейміз;

5) У1 –ді У3 –ке көбейтіп, нәтижені У4 деп белгілейміз.
Көрсетілген пункттерді өзгертуге болмайды. Олар дәл осы қалпында орындалуы қажет. Сонда ғана қажетті нәтижеге жетуге болады.

Тағы бір мысал ретінде, күнделікті мектепке бару алгоритмін келтіруге айтуға болады:





Қалааралық телефонды қолдану алгоритмі.

  1. Телефон тұтқасын алу;

  2. 8 санын теру;

  3. Үзіліссіз үнді күту;

  4. Керекті қаланың кодын теру;

  5. Абоненттің телефон нөмірін теру;

  6. Абонент жауабын күту;

  7. Сөйлесу батырмасын басу;

  8. Сөйлесуге болады.

Осы мысалдағы әрекеттерді орындау үшін алдын-ала абоненттің телефон нөмірін, тұратын қала кодын білу қажет.

Жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек те болады.

Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі орындалу керектігін біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын атқарушы командалар жүйесі деп атаймыз.

Сонымен, алгоритм атқарушысы алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап, нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін. Егер есепті шешу үшін техникалық құралдар пайдаланылса, орындалатын әрекеттер тізбегі нақты және түсінікті болу керек. Қаншалықты әрекеттер түсінікті де, нақты болса, соншалықты нәтижеге жету тез және дұрыс болады.



Практикалық жұмыс №3
Тақырыбы: Алгоритм қасиеттері. Алгоритмді жазу тәсілдері
Теорияға шолу

Алгоритм ұғымын толығымен түсіну үшін оның қасиеттерін білу қажет. Және де компьютерде орындалатын алгоритмге қойылатын талаптарды білу керек:



      • алгоритм нақты және анық берілуі қажет;

      • модульдік қасиетке ие болуы керек (яғни, алгоритмді қарапайым кіші бөліктерге бөлу мүмкіндігі болу керек);

      • белгілі бір уақыт аралығында бір нәтижеге келу, яғни, алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек;

      • бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритмді қолдану.

1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде көрсетілген барлық әрекеттер анық, нақты және белгілі болу керек. Онда көрсетілген қадамдар ғана орындалуы керек. Есепті шешу үшін орындалатын барлық әрекеттер алгоритм атқарушысына түсінікті де белгілі болу керек. Атқарушы алгоритм орындалу барысында ешқандай ойланбауы қажет.

2. Алгоритмнің дискреттік (үзіктілік) қасиеті. Үлкен алгоритмді кіші модульдерге бөлу мүмкіндігі болу керек. Бұл қасиет бойынша алгоритмді кіші бөліктерге бөліп, аралық нәтижені бақылауға мүмкіндік алуға болады. Алгоритмді 2-3 бөлікке бөліп, оның әрқайсына бөлек алгоритм құруға болады. Әрбір бөлік керекті берілгендер ретінде алдыңғы бөліктің нәтижесін қолданады. Осылай, алгоритмдеу процессінің құрылымы үзілісті (дискретті) командалар тізбегінен тұрады. Бірінші қадамды орындамай, алгоритм атқарушысы 2-ші қадамға өте алмайды. Белгілі командалар негізінде қадамдарға бөлу жолымен алгоритмнің ретімен орындалуы алгоритмнің дискреттік қасиеті деп аталады.

3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір нәтижеге әкелуі қажет. Белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір қадам орындалған соң біз бір нәтиже алуымыз керек. Әрбір алгоритм бастапқы берілгендер қолданады және керекті нәтижеге әкеледі. Кейде алгоритмде бірнеше қадамдар қайта – қайта орындала береді және ешқандай нәтижеге әкелмейді. Мұндай жағдайда олар циклден шықпайды және оларды нәтижесіз алгоритмдер деп атайды. Мұндай болса, алгоритмді қайта құрып шығу қажет.

4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм тек бір ғана есепке емес, бір типті есептерге жалпы болуы керек. Мұндай қасиет жалпылық қасиет деп аталады. Мысалы, квадрат теңдеудің түбірлерін табатын алгоритм тек қана бір есепке емес, барлық квадрат теңдеу есептеріне арналған болуы керек.

5. Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритм орындалу барысында атқарушы команданы түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Алгоритмнің әрбір командасы атқарушыдан бір әрекетті орындауын сұрайды. Атқарушы командаларды түсінуі үшін берілген командалар атқарушының білім деңгейіне сәйкес болуы керек. Атқарушы командалардың мәнін түсінбесе де, оны орындай отырып, белгілі бір нәтижеге жетеді. Яғни, алгоритмді формальды орындайды.

Жалпы айтқанда:



  1. Алгоритм белгілі бір атқарушыға құрылады.

  2. Егер алгоритмде атқарушыға түсініксіз командалар болса, оларды түсінікті командалармен алмастыру керек. Яғни, алгоритмде қолданылатын командалар атқарушы командалар жүйесінен шықпауы тиіс.

  3. Алгоритм орындалуын зерттемей, оны сол жазылған күйінде орындау қажет.

  4. Алгоритм орындалу үшін бастапқы берілгендер белгілі болуы керек.

Алгоритм тізбегінің орындалуы – алгоритмдік процесс, әрбір әрекет – қадам деп аталады.

Алгоритмді жазу тәсілдері.

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны белгілі бір заңдылықтарға сәйкес өңдеу керек. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері бар:



  1. Табиғи тілде

  2. Арнайы түйінді сөздер – терминдер, псевдокодтар арқылы жазу. Яғни, қарапайым алгоритмдік тілдер қолдану.

  3. Блок-схема түрінде графикалық кескіндеу.

  4. Программалау тілінде жазу.

Осының ішінде алгоритмді блок-схема түрінде жазу және одан кейін оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады.

Алгоритмді графикалық кескін түрінде жазу – кеңінен қолданылатын тәсіл. Алгоритмді осы түрде жазу көрнекі, нақты және түсінікті болып табылады. Блок-схема түрінде жазу үшін белгілі бір уақыт керек. Ол үшін мемлекеттік стандарт қабылданған. Мұнда әрбір әрекет геометриялық фигура көмегімен сипатталады. Оларды фигуралар немесе блоктар деп атайды. Блоктар бір-бірімен бағытталған сызықтармен байланысады және бірінен кейін бірі орналасады. Алгоритм схемасын блок-схема деп атайды.




Атауы

Блок-схема түрі

Негізгі әрекеттері

Процесс




Математикалық өрнектерді есептеу

Таңдау




Шартқа сәйкес есептеу жолын таңдау

Модификация




Циклдің басы (қайталау)

Енгізу және шығару




Берілгендерді енгізу және шығару

Басы, соңы




Алгоритмнің басы және соңы

Қосалқы программа




Қосалқы программа шақыру

Алгоритм блоктарында орындалатын операциялардың мазмұны жазылады. Әр блоктың кіру және шығу сызығы болады. Блок-схема құру үшін келесі ережелерді білу қажет:



  1. Алгоритмнің басы мен соңын білдіретін блоктар болуы қажет.

  2. Бір-бірімен байланыспаған блоктар болмауы керек.

  3. Блоктар бірінен кейін бірі орналасуы қажет.

  4. Арифметикалық операциялар орындалатын блоктарда тек бір кіру және бір шығу сызығы болуы керек. Шарттық блокта бір кіру сызығы және екі шығу сызығы болуы керек.

Мысалы, екі санның қосындысын табатын алгоритмнің блок-схемасын құрайық: у = а + с .

Практикалық жұмыс №4



Тақырыбы: Алгоритм типтері
Теорияға шолу

Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:



  1. Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады. Мысалға, алдыңғы практикалық жұмыстағы екі санның қосындысын табу алгоритмі сызықтық алгоритмге жатады.

  2. Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.




  1. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.



Арифметикалық цикл Итерациялық цикл

Практикалық жұмыс №5
Тақырыбы: Есептерді шешу кезеңдері
Теорияға шолу

Компьютерде есеп шығару процессі өте күрделі болып табылады. Оны келесі кезеңдерге бөлу қабылданған:

  1. Есептің ауызша анықталуы.

  2. Есептің қойылымы. Есепті математикалық түрде анықтау.

  3. Есепті ЭЕМ-де шешу үшін қолданатын әдісті таңдау және анықтау.

  4. Есепті шешу алгоритмін құру.

  5. Компьютерде есепті шешу программасын құру. Программаны баптау (қатесін жөндеу).

  6. Қажетті берілгендерді дайындау.

  7. Есепті компьютерде шешу, талдау және нәтижесін қолдану.

Есепті математикалық түрде анықтау дегеніміз есепті шешу үшін қажетті математикалық формулалар мен өрнектерді анықтауды айтамыз. Яғни, бұл дегеніміз – есепті математикалық күйге келтіру керек, математикалық символдар мен белгілер арқылы есепті анықтау керек.

Алгоритмді құру барысында есепті шешу тәсілдері тізбектелген әрекеттердің схемасы түрінде бейнеленеді.

Программа құру деп – белгілі бір программалау тілінде алгоритмді жазуды атаймыз. Қазіргі таңда көбінесе, Бейсик, С++, Паскаль программалау тілдері қолданылады. Құрылған программаның қателерін компьютерде дұрыстау еш қиындық тудырмайды. Өйткені, компьютер қателерді бірден байқап, оны пайдаланушыға көрсетеді.

Қажетті берілгендерді дайындау – бұл алдын-ала таңдалып алынған берілгендерді магниттік дискке жазып, компьютер жадына ретімен енгізуді айтамыз.

Есептің нәтижесін алу және оны талдау – бұл арнайы мамандардың жұмысы.

Осы көрсетілген 6 кезең көбінесе үлкен өнеркәсіптік есептерді шешу кезінде пайдаланылады. Ал қарапайым есептерге көбінесе 3-ші, 4-ші және 6-шы кезеңдер қолданылады.

Алгоритм командалары есеп шартына қарай күрделі немесе қарапайым болып бөлінеді. Қарапайым командаларға: меншіктеу, берілгендерді енгізу, шығару командалары жатады. Күрделі командалар сызықтық, тармақталу және циклдық құрылымдардан тұрады.

Мысалы, шеңбердің ауданын табу. Кезеңдер бойынша есепті шешіп көрелік.

1-кезең:

Берілген: R – шеңбер радиусы

Табу керек: S – шеңбер ауданы

Байланыс: S = π*R2

Есепті шешу үшін келесі берілгендер қажет: R (3 см) , π (3,14)

Есеп математикалық болғандықтан, оның формуласы бізге белгілі. Осымен берілгендерді, есепті шешу жолын, формуласын анықтадық. Есептің қойылымын орындаған соң, келесі кезеңге өтеміз. Көп жағдайларда, 1-ші және 2-ші кезеңдерді біріктіріп, 1 кезең ретінде қарастыруға болады. Көбінесе, оқулықтарда бұл екі кезең «есептің қойылымы» кезеңі ретінде көрсетіледі.

3-кезең:

Есептің алгоритмін құру үшін өздерің білетін блок-схема тәсілін таңдауға болады. Алгоритм сызықтық түрде болады.



Алгоритм құру үшін алгоритмдік тілде немесе жазбаша түрде жазуды таңдауға да болады.

4-кезең

Программалау тілінде программасын құру үшін арнайы білім қажет. Программалау тілінің операторлары мен командаларын, оларды қалай қолдану керек, ол тілдің алфавитін, синтаксисін білу қажет. Алдыңғы уақытта қарастырылады.

5-кезең

Берілгендерді дайындау: егер программамыз дайын болған жағдайда, оны іске қосып, енгізілетін берілгендерді дайындаймыз.

R = 3

π = 3.14

6-кезең

Нәтижесін аламыз : S = 28,26

Практикалық жұмыс №6

Тақырыбы: Turbo Pascal программалау тілі.

Тілдің алфавиті, жазылу тәртібі
Теорияға шолу

Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есепті шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.

Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады.

Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін. Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.




PROGRAM BASTAU;

СИПАТТАУ БӨЛІМІ

BEGIN

ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ

END.

Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады.

Программалау тілінің алфавиті программаның элементтерін құруда қолданылуға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер жатады. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеге болады:


      • атаулар (идентификаторлар)

      • цифрлар

      • айыру белгілері

      • арнайы символдар.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әрпі мен цифрлары қолданылады. Латын алфавитінің бас әріптері мен кіші әріптерінің маңызы бірдей. Мысалы, alfa1, ALFA1 бірдей болып есептеледі. Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (+,-,*,/) белгілері жатады. Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды мағыналарына сәйкес арнаулы қызмет атқаратын түйінді сөздерді бір-бірінен бөліп тұрады. Айыру белгілері: _ , . : ; ‘ ( ) [ ] { }

Программалау тілдерінде «өрнек», «оператор», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланылады.

Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады. Математикадағы формулалар, арифметикалық өрнектер, алгебрадағы көпмүшелер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.

Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны – программаның сипаттамасы болып табылады.

Мысал: радиусы r=5,5 см болатын берілген шеңбердің ұзындығын табу керек болсын. Шеңбер ұзындығын есептеу үшін l = 2πr формуласын пайдаланамыз.



Program bastau; {Программаның тақырыбы}

Const pi = 3.14159; {π тұрақтысының мәнін беру}

Var r, l : real; {r және l мәндерін нақты сан ретінде анықтау}

Begin {операторлар басы}

r:=5.5; {r мәнін беру}

l:= 2*pi*r; {шеңбер ұзындығын есептеу}

write (‘Радиусы 5,5 см болатын шеңбер ұзындығы =’, l);

{нәтижесін экранға шығару}



end. {программа соңы}


Практикалық жұмыс №7

Тақырыбы: Программа және оның құрылымы.

Командалар және операторлар
Теорияға шолу

Паскаль тілінің программасы блоктардан тұрады. Қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді атқару бөлімі.

Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші бөлімінің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі блок деп аталады. Ал блок ішіндегі блок жергілікті блок деп аталады.

Сипаттау бөлімі 7 бөліктен тұрады:



    1. программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (uses түйінді сөзімен басталады);

    2. белгілерді (label) сипаттау;

    3. тұрақтыларды (const) сипаттау;

    4. мәліметтер типтерін (type) анықтау;

    5. айнымалыларды (var) сипаттау;

    6. процедураларды (procedure) сипаттау;

    7. функцияларды (function) сипаттау.

Осы айтылғандарға байланысты программа құрылымы мынадай болуы қажет:

Program <программа аты> (Input, Output);

Uses <1-атау, 2-атау, 3-атау, ....>;

Label ….;

Const …..;

Type …..;

Var …….;

Procedure <процедура аты>;

<процедура тұлғасы>;

Function <функция аты>;

<функция тұлғасы>;

Begin

<1-оператор>;

<2-оператор>;

..



;

End.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет