Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет5/24
Дата07.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#167669
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту әдістемесі Қыдыршаев А.С.

Дәрістің мазмұны:

  1. Қазақ тілі бағдарламасы

  2. «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

  3. Қазақ тілі оқулығы

Терминдер мен анықтамалар.
«Қазақ тілі» пәніне арналған бағдарламалар – қазақ тілін нақты нәтижелерге жеткізуге тиісті пәннің мазмұнын, игерілетін білім, білік және дағдылар көлемін, сондай-ақ оқыту жылдары бойынша бөлінген тақырыптарды анықтайтын базалық-нормативтік құжат.
Орта мектепке арналған қазақ тілі бағдарламасы – оқушылардың мектепте оқу мерзімі ішінде қазақ тілінен алатын білімдерінің мазмұны мен көлемін, дағдыларын белгілейтін мемлекеттік негізгі құжат.
Бағдарламаны орындау – әрбір мұғалімнің міндеті.Осы мақсатқа оның бүкіл оқу бойындағы жұмысы, барлық күш- жүгері бағындырылуы тиіс.Бағдарламаға сүйене отырып, мұғалім өзінің жұмысын жоспарлайды, өзі қалаған ең тиімдіідістемелік тәсілдерді сұрыптайды, класта және үйде орындалатын жаттығулар жүйесін жасайды, оларға материал сайлап алады.Сондықтан бағдарламаны танысып, білмейінше мұғалім қазақ тілінен жұмыс жүргізе алмайды.
Оқулық дегеніміз – белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негіздерін бағдарламаға сәйкес баяндайтын, оқу мақсатына арналған кітап.Оқулық оқылуға тиісті білімнің көлемі мен жүйесін белгілейді. Оқулық оқушылардың көзқарасын қалыптастыруға, белгілі бір білім саласына қызығушылықты нығайтуға елеулі әсер етеді.
Қазақ тілінен білім беру мен дағдыға төселдіріп, іскерлікке үйретудің бірден бір көзі болып табылатын оқулық пен оқу құралдарыноқыту процесінде де, оның кластағы және үйдегі жұмысында да шешуші орын алады. Оқулықтың негізгі атқаратын қызметі: ақпараттық, трансформациялық, жүйелілік, тәрбиелік.

2 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі бағдарламасы. Бағдарламаның түрлері, олардың өзара айырмашылықтары. Жоспар, оның түрлері. Орта және қысқа мерзімді жоспарлар, олардың ерекшеліктері.


2-СОӨЖ тақырыбы: Қазақ тілін оқытудың базалық-нормативтік құжаттарын талдау
Есеп беру түрі: аналитикалық талдау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет