Тақырыбы: Кеңестер дәуіріндегі түркі тілдері.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Түркі тілдерінің зерттелуі сипаты.
2. Түркі тілдерінің Кеңестер Одағында зерттеліп, ЖОО-нда оқытыла бастауы.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру
ОЖСӨЖ мазмұны:
1. Түркі тілдерінің өз өкілдері тарапынан зерттелуі.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру
СӨЖ мазмұны:
1. Түркі тілдерін латын графикасына және кириллицаға көшіру мәселесі.
Тапсырмалар: жазба жұмысын дайындау. Әртүрлі әдебиеттерді қарастырып, тақырып бойынша материал іздеу.
Есеп беру түрі: реферат қорғау
Әдебиет:
1.Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
6. Бүркітов О. Түркітану. А. 2000 ж.
7. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985.
8. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітану кіріспе. Алматы, Ғылым, 1990-220 б.
Он үшінші апта
Кредит сағат саны – 2
№13-дәріс
Тақырыбы: Түркі тілдерінің классификациясы
Дәріс мазмұны:
Орал-Алтай тілдерінің қауымдастығы.
Түркі тілдерін жіктеу мәселесі.
А.И.Самойлович топтастыруы
Н.А.Баскаков классификациясы
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер):
Түркітану ғылымында маңызды орын алатын мәселелердің бірі – түркі тілдерінің дамуы және қалыптасуы жағынан, туыстық элементтер негізінде классификациялау. Түркі тілдері арасындағы байланыс пен ұқсастықтарды анықтау және түркі тілдеріне классификация жасау тек лингистер үшін ғана емес, сондай – ақ әдебиетшілер, тарихшылар, этногрофтер үшін де өте маңызды мәселе.
Классификация - тілдерді ортақ белгілері бойынша топтастыру.
Түркі тілдерінің классификациялау – шешімі қиын, өте күрделі мәселелердің бірі. Себебі түркі халықтарының қалыптасу және даму тарихы өте күрделі сипатта. Сондықтан да түркі тілдерінің классификация лау осы түркі тілдерінің тарихымен тығыз байланысты. Түркі тілдерінің классификациясы мәселесімен И.Н.Березин, Н.И. Ильминский, В.В.Радлов, А.Ремюза, Н.А.Аристов, Н.Ф.Катанов, Ф.Е.Корш, А.Н.Самойлович, В.В.Богородицкий, Н.А.Баскаков сияқты белгілі түркітанушылар айналысты. Осы ғалымдардың барлығының бірдей зерттеулері түркі тілдерін топтастыру бойынша озық жетістіктерге ие болды деп есептеуге болмайды.
№13-семинар
Достарыңызбен бөлісу: |