Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


Тақырыбы: Түркі тілдерінің топтастырылуы Қарастырылатын мәселелер



бет18/23
Дата27.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#182748
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Түркітануға кіріспе, Қ.С.Алдашева

Тақырыбы: Түркі тілдерінің топтастырылуы
Қарастырылатын мәселелер:
1. А.И.Самойлович топтастыруы.
2. Н.А.Баскаков классификациясы.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру


ОЖСӨЖ мазмұны:
1. а) Орал тілдер семьясы; ә) Фин-угор тармағы; б) Самодей тармағы
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру


СӨЖ мазмұны:
1. Фин тобы, Эскимос-алеут тобы
Түңғыс-Манчжұр тілдері, фин-угор, монғол тілдері.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: Бақылау жүмысын әзірлеу.


Әдебиет:
1.Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
6. Бүркітов О. Түркітану. А. 2000
7. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985.
8. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітану кіріспе. Алматы, Ғылым, 1990-220 б.


Он төртінші апта
Кредит сағат саны – 2
14-дәріс
Тақырыбы: Түркі тілдерінің Батыс Ғұн тармағы және Шығыс Ғұн тармағы
Дәріс мазмұны:

  1. Бұлғар тобы

  2. Оғыз тобы

  3. Қыпшақ тобы.

  4. Қарлұқ тобы

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер):
Түркі тілдерінің Батыс Ғұн тармағы Ғұн империясының ыдырауы нәтижесінде батыс бағытқа бөлініп шыққан тайпалар негізінде қалыптасқан.Батыс Ғұн тармағына төмендегідей ру-тайпалық одақ пен тілдік группалар бөлініп шыққан (4-кесте).
1) Бұлғарлар және бұлғар тілдері тобы;
2) Оғыздар және оғыз тілдері тобы;
3) Қыпшақтар және қыпшақ тілдері тобы;
4) Қарлұқтар және қарлұқ тілдері тобы;
Батыс Ғұн тармағы тілдерін Шығыс Ғұн тармағы тілдерінен ажырататын негізгі тілдік ерекшеліктер мыналар:

  1. Фонетикалық құрылысында:

  • з,д дыбыстарының орнына m,й дыбыстары ауыстырылып қолданылады.Мысалы, айақ // адақ // азақ // атақ;

  • қатаң дауыссыз дыбыстары мен сонор дауыссыз дыбыстары сараланған. Мысал, б-п, к-г, с-з, д-т т.б.;

  • х, в, қ секілді дауыссыз дыбыстары қалыптасқан.

  1. негізгі сөздік құрамында: моңғол лексикасына қарағанда араб, парсы тілдерінен енген сөздер көп кездеседі;

  2. грамматикалық құрылысында:

  • күрделі сөйлемнің құрылысы дамыған түрлері кездеседі;

  • шылаулар саны көп болып келеді.

Бұл ерекшеліктер Батыс Ғұн тармағы тілдерін Шығыс Ғұн тармағы тілдерінен бөлектейтін ерекшеліктер болып саналады. Сонымен қатар, әрбір топтың тілдеріне де тән ерекшеліктер бар. Тіпті кейбір топтағы подгруппалардың өзі өзіндік тілдік сипатқа ие болып келеді. Ол ерекшеліктердің барлығы әрбір топты жеке – жеке сипаттаған кезде анықталады.

14-семинар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет