Сабақ І. Әлем тілдерінің жіктелімі (классификациясы)



бет1/18
Дата07.02.2022
өлшемі73,67 Kb.
#86734
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы және қазақ жазуының тарихы, СУЛЕЙМЕНОВА А. (КОК 201дв)


Сулейменова Алия (КОК 201дв)
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы пәнінен практикалық сабақтар

1 практикалық сабақ


І. Әлем тілдерінің жіктелімі (классификациясы)


1.Тілдерді топтастырудың жолы
Жауап: Тілдердің топтастырылуы (таптастырылуы) — дүние жүзіндегі тілдердің туыстық жақындығына және грамматикалық құрылысындағы ұқсастықтарына қарай бөлінуі. Бұл белгілеріне қарай дүние жүзіндегі тілдері типологиялық (морфология), генеалогиялық (туыстық) болып екі үлкен топқа топтастырылады.
Тілдердің топтастырылуы — зерттеу мақсатына сай ұқсас белгілеріне қарап әлемдік тілдерді жіктеп топтастыру. Тілдердің топтастырылуы проблемасы тілдерді салыстырып зерттеу нәтижесінде туған, оның екі түрі бар: тілдердің генеалогиялық топтастырылуы және типологиялық топтастырылуы. Бұлардың алғашқысы — тілдердің формалдық және семантикалық ұқсастығына, кейінгісі — тілдердің туыстығына негізделеді. Мақсаты жағынан бұлар бір-біріне жақындамайды, бірақ принципі жағынан байланысты болуы мүмкін.
Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы тек болжам түрінде болған жағдайда көбінесе типологиялық белгілерге негізделеді. Ал олардың дербестігі тілдердің генеалогиялық топтары анықталған жағдайда типологиялық топтастырылу мүмкіндігінен байқалады. Тілдердің топтастырылуынын аймақтық Тілдердің топтастырылуы деп аталатын үшінші түрі бар, ол өз дербестігін сақтағанымен, жоғарыдағы екі топтастырылудың аралығында болып келеді. Аймақтық тілдердің топтастырылуында тілдердің не диалектілердің түйісуіне байланысты тілдік белгілер маңызды рөл атқарады. Тілдердің топтастырылуын генетикалық тұрғыда қарастырғанда отбасы, топ, тарау т.б. таксономиялық (туыстық жақындықты білдіретін) категориялар; типологиялық тұрғыда — тип, класс; аймақтық тұрғыда — аймақ, аудан, зона сияқты категориялар пайдаланылады. Тілдер одағы аймақтық тілдердің топтастырылуының ерекші түрі болып табылады, тек генеалогиялық тілдердің топтастырылуында абсолюттік сипат бар, себебі әрбір тіл тек белгілі бір генеалогиялық топқа кіреді, ол өзгермейді. Типологиялық тілдердің топтастырылуы тіл құрылымы тарихи өзгеріп отыратындықтан, қашанда қатыстық (тұрақты емес) сипатта болады, ал аймақтық тілдердің топтастырылуы неғұрлым тұрақты сипатта болып келеді. 
Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді:
1. Үндіевропа тілдері.
2. Афразиат тілдері.
3. Дравид тілдері.
4. Орал тілдері.
5. Алтай тілдері.
6. Чукот-камчатск тілдері.
Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды. Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір сүрген нострат тілдерінен таралған деген болжам бар.
Келесі үлкен тіл жанұясы осы палеоазиат тілдері. Оған:
1) Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш)
2) Син-тибет (қытай, тибет)
3) Енисей (кет, юг)
4) На дене (аляска мен америкада таралған) тілдері жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет