Сабақ І. Әлем тілдерінің жіктелімі (классификациясы)


Қазақ қоғамындағы графика ауыстыру мәселесі



бет18/18
Дата07.02.2022
өлшемі73,67 Kb.
#86734
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы және қазақ жазуының тарихы, СУЛЕЙМЕНОВА А. (КОК 201дв)

Қазақ қоғамындағы графика ауыстыру мәселесі

Жауап: Қазақ графикасы - қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.

Сурет. Қазақ латын әліпбиі (1924)
Графика (гр. graphike — жазылған, өрнектелген) — графемалар, тыныс, екпін белгілері т.б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.
1940 жылы орыс графикасына негізделген жазуға көшу туралы заң кабылданды. Осының нәтижесінде казіргі жазуға ие болдық. Алғашында алфавитте 41 әріп болды. Алфавиттік қатар алдымен орыс тіліндегі бар әріптерден тұрды, содан кейін орыс графикасында жоқ, қазақ тіліне төл дыбыстарды таңбалайтын әріптер тұрды. Бұл тәртіп 1957 жылы өзгеріп, алфавиттік кұрамға ә әрпі қосылып, 42 әріп болып қазіргідей күйге келді.
ХХ ғасырдың басында елімізде қаріп ауыстыру мәселесі күн тәртібінде өте маңызды мәселе болып көтерілгендігі белгілі. Себебі графиканың әлеуметтік өмірде кең колданыла бастағандыктан, ғасырдан ғасырға ауызша жеткізіліп келе жатқан қазақ тілін графикаға көшіру мәселесі кезек күттірмейтін мәселе болды. Сонымен қатар жаппай сауатсыздықты жою үкімет тарапынан колдау тауып, катаң бақылауға алынғандықтан, казақтың сауатын кай жазу түрінде ашып, бай сөздік корын жазбаша калай жеткізу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Сол уақытта көкейтесті болып табылған бұл мәселеге казак интеллегенциясы үлкен мән беріп, өздерінің көзкарастарын «Ак жол», «Еңбекшіл казак» газеттерінің беттерінде білдіріп отырған. Қазақ интеллегенциясы қазақ тілінің ауызша формасын жазбаша формасы дәл калпында беру жағында, яғни емленің дұрыс болу мәселесін ойлады.
Қазак тіліне жаны ашып, емлеге катысты шыншыл пікірлер білдіріп отырған казак окыгандарының ішінде А.Байтұрсынұлының есімімен бірге Н.Төрекұлов, Қ.Кемеңгеров, Е.Байдилдин, Ә.Алдоңғаров сынды казак окығандарын да атауға болады.
28 дыбыстан тұратын казақ тілінің дыбыстык жүйесі кирилл графикасының негізінде құралган 42 әріптік әліпбиді колданып келеді. Бұдан 42 әріптік әліпби ең алдымен орыс сөзінің дұрыс жасылуы талабынан туындаған, сондықтан 33+9 принципімен кұрылған. Мұндағы 33 әріп орыс әліпбиіне сәйкес келсе, калған тоғыз әріп казақ тіліне тән дыбыстарға сай келеді. Бұл әдіс Кеңес үкіметінің кезіндегі саясат бойынша жүздеген ұлттардың әліпбиі 33+9 принципімен жасалған болатын. Бұл саясат бойынша ортақ әліпби, ортақ тіл колданылғандықтан, уақыт өте ортақ тілдің рөлі артып, ұлттық тілдер көлеңкеге ығыстырылып калып кояды. Қолданыстағы 42 әріптік жүйе көптеген техникалық колайсыздыктарды туғызумен катар қазақ сөзін дәлме-дә л бере алмайды. Мұны казақ тілінің орфограялык сөздігінен көруге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет