Практикалық сабақ №1 (2 сағат)



бет1/13
Дата08.02.2022
өлшемі95,61 Kb.
#125425
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Практикалық жұмыс. «Кіші мектеп жасындағы балалардың жаңартылған математикалық білім негіздері» (2)


«Кіші мектеп жасындағы балалардың жаңартылған математикалық білім негіздері» пәнінен практикалық сабақтар


Практикалық сабақ №1 (2 сағат)


Тақырыбы: Жиындар және оларға қолданылатын амалдар
Мақсаты: Студенттердің жиын және оларға қолданылатын амалдар тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау, тексеру.
Тапсырмалар:
1. Эйлер дөңгелегі көмегімен пар жиындарды кескіндеп көрсетіңіз:
а) А – Педагогика факультеті студенттерінің жиыны.
В – Педагогика факультеті бірінші курс студенттерінің жиыны;
б) А – Педагогика факультеті студенттерінің жиыны.
В –Университет студенттерінің жиыны.
2. Эйлер дөңгелегі көмегімен кескіндеп көрсетіңіз:
а) А В, егер А∩В=Ø; б) А В, егер А∩В Ø; в) А∩В, егер А∩В Ø;
г) А / В, егер А∩В=Ø; д) А / В, егер А∩В Ø; е) В / А, егер В∩А= Ø;
ж) В / А, егер В∩А Ø; з) В А; и) А В; к) А=В.
3. Эйлер-Венн диаграммасы көмегімен кескіндеп көрсетіңіз:
а) U – Үшбұрыштардың жиыны. А – Тік бұрышты үшбұрыш-тардың жиыны. Ā – Тік бұрышты емес үшбұрыштардың жиыны;
б) U – Педагогика факультеті студенттерінің жиыны. А – Педагогика факультеті бірінші курс студенттерінің жиыны. А – Педагогика факультеті екінші курс студенттерінің жиыны. А – Педагогика факультеті үшінші курс студенттерінің жиыны. А – Педагогика факультеті төртінші курс студенттерінің жиыны;
в) N – Бір таңбалы натурал сандар жиыны. В – Тақ натурал сандар жиыны. В – Жұп натурал сандар жиыны;
г) N – Екі таңбалы натурал сандар жиыны. С – 30-дан кем екі таң-балы натурал сандар жиыны. С – 30-ға тең және одан артық екі таң-балы натурал сандар жиыны;
д) N – 100-ге тең және одан кем сандар жиыны. D – Бір таңбалы сандар жиыны. D – Екі таңбалы сандар жиыны. D – Үш таңбалы сандар жиыны.
4. а) U–Жазықтықтағы төртбұрыштардың жиыны. А – Трапеция-лардың жиыны. А – Параллелограмдардың жиыны. А – Ромбылар-дың жиыны. А – Тік төртбұрыштардың жиыны. А – Шаршылардың жиыны. Осы жиындарды Эйлер-Венн диаграммасы көмегімен кескін-деп көрсетіңіз;
б) Эйлер-Венн диаграммасы көмегімен кескіндеп көрсетіңіз:
А∩(В С)=(А∩В) (А∩С) және А (В∩С)=(А В)∩(А С).
5. Элементтері 7-ден кем бір таңбалы сан болатын К жиынын, элементтерінің сипаттамалық қасиеті және толық тізімін беру арқылы жазып көрсетіңіз. Мыналар тура ма: а) 5 К; б) 0 К; в) 7 К?
6. Жиын элементтерінің сипаттамалық қасиетін анықтаңыз:
а) 15,16, 17, 18,19, 20, 21, 22, 23; б) а, е, ё, и, о, у, э, ю, я, ы; в) 11, 22, 33, 44, 55, 66, 77, 88, 99.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет