Практикалық сабақ №1 (2 сағат)


Практикалық сабақ № 5 (2 сағат)



бет5/13
Дата08.02.2022
өлшемі95,61 Kb.
#125425
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Практикалық жұмыс. «Кіші мектеп жасындағы балалардың жаңартылған математикалық білім негіздері» (2)
қаз 4 6 кл
Практикалық сабақ № 5 (2 сағат)
Тақырыбы: Теріс емес бүтін сандар жиынын теориялық–жиындық тұрғыдан (жолмен ) құру
Мақсаты: Студенттердің теріс емес бүтін сандар жиынын теориялық–жиындық тұрғыдан (жолмен) құру тақырыбынан алған білімдерін практикада қолдана алуға үйрету.
Тапсырмалар:
1. 125, 123, 124, 120, 126 сандарының қайсысы 2, 4, 3, 9, 10, 25 санына бөлінеді?
2. Есептеулерді орындамай-ақ, анықтаңыз:
а) 81+237+15; 68∙1002 өрнектері 3-ке бөліне ме?; б) 6537+9282+9791; 360+195+2165; 25∙63; 36∙113 өрнектері 5-ке бөліне ме?; в) 540-333; 1692-1037 өрнектері 9-ға бөліне ме?; г) 748-164; 312-128 өрнектері 4-ке бөліне ме?
3. а) 223 және 377 сандары жай сан болып табыла ма?; б) 139, 331 және 509 сандары жай сан, ал 680, 819 және 221 сандарының жай сан емес екендігін дәлелдеңіз; в) 199, 267, 339, 437 сандарының ішінен жай сандарды іріктеп алыңыз.
4. а) Есептеулерді орындамай-ақ, 5 · 32 · 27 көбейтіндінің 5, 8, 9, 10, 18, 45 санына бөлінетінін немесе бөлінбейтінін анықтаңыз; б) 9-ға бөлінетін сан шығатындай етіп, жұлдызшаның орнына цифрлар қойыңыз: а) 178 *; б) 72*0; в) 6*41.
5. Дәлелдеңіз: а) (64 -64 ) 63; б) (27 +27 ) 28; в) (57 -23 ) 40.
6. Екі сан: 100 және 150 берілген. Жиынды жазып көрсетіңіз: а) 100 санының бөлгіштерінің; б) 150 санының бөлгіштерінің; в) берілген сандардың ортақ бөлгіштерінің; г) берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгіштерінің.
7. Екі сан: 3 және 4 берілген. Жиынды жазып көрсетіңіз: а) 40-тан аспайтын 3 санының екі таңбалы еселіктерінің; в) 40-тан аспайтын 4 санының екі таңбалы еселіктерінің; г) берілген сандардың ортақ еселіктерінің; д) берілген сандардың ең кіші ортақ еселіктерінің.
8. а) Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктеңіз және оны канондық түрде жазып көрсетіңіз: 160; 48; 504; 936; 792; 760; б) қандай санның жіктелуі мына түрде болады: 23 · 32 · 7 · 13?; 22 · 3 · 53 ?
9. Сандардың ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңыз: а) 144 және 360; б) 351 және 28; в) 80, 120 және 280; г) 238, 266, 413 және 329.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет