Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады



бет33/49
Дата22.12.2021
өлшемі0,52 Mb.
#127692
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Байланысты:
Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов
лекция 8, 1545510591, 22.01 Вебинар, ашық сабақ 2, my school 011, Анталия, section by section physics kz, Лингвоконцептология диплом, 472 бұйрық-4 тоқсан-10 сынып., фрезеологизмдер, 313978.pptx 2, Булшык еттер, 17.01 6 сынып, Физика 10 сынып Тұрақты ток Толық тізбек үшін Ом заңы жоспар
Он екінші апта

12 дәрістің тақырыбы: Тілдің жүйелік, құрылымдық сипаты және тілдік деңгейлер мен грамматикалық категориялар

Қарастырылытын мәселелер:

1.Тілдік жүйе құрайтын кесек тұлғалар – фонетика, лексика, грамматика.

2. Тіл деңгейлері, олардың теориялық, практикалық мәндері.

Терминдер мен анықтамалар:



Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі.

Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.

Лексикография- грек тілінің lexis («сөз») және grapho («жазамын») деген сөздерден құралған сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді.

Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік.

Тілдің жүйелік, құрылымдық жағынан зерттелу тарихы. Тіл білімі тарихында бұл мәселелер жөнінде көрнекті ғалысмдар В.Гумбольдт, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Ф. де Соссюр т.б. пікірлері. Тілдік жүйе тілдік құрылым деген терминдердің өзара байланысты екені, бірақ олардың тепе-тең еместігі, бір-бірінен өзгешіліктері барлығы.

Тілдік жүйе құрайтын кесек тұлғалар – фонетика, лексика, грамматика. Бұлардың арасындағы баланыстар. Тілдік байланыстардың типтік түрлері: синтагмалық, парагдигмалық, нерархиялық қатынастар. Тілдік жүйе, оның өзіндік белгілері, жүйенің гомогендік, гетерогендік түрлері, олардың сипаты, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері.

Тіл деңгейлері, олардың теориялық, практикалық мәндері. Тіл деңгейі болудың принциптері. Тіл деңгейлерінің түрлері жайындағы пікірлер.

Грамматикалық категория. Ол жайындағы пікірлер, қалыптасу шарттары. Грамматикалық категорияның қалыптасуында формаға қарағанда грамматикалық мағынаның шешуші қызмет атқаратыны.

1 практикалық сабақтың тақырыбы: Жүйе мен құрылым

Тапсырмалар:

1.Жүйе мен құрылымның ерекшеліктері

2.Жүйе элементтерінің қарым-қатынастары

3. Тілдік деңгей, оның түрлері

4. Грамматикалық категориялар (тұлға, мағына)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет