Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады



бет31/49
Дата22.12.2021
өлшемі0,52 Mb.
#127692
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49
Байланысты:
Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов
лекция 8, 1545510591, 22.01 Вебинар, ашық сабақ 2, my school 011, Анталия, section by section physics kz, Лингвоконцептология диплом, 472 бұйрық-4 тоқсан-10 сынып., фрезеологизмдер, 313978.pptx 2, Булшык еттер, 17.01 6 сынып, Физика 10 сынып Тұрақты ток Толық тізбек үшін Ом заңы жоспар
Он бірінші апта

11 дәрістің тақырыбы: Тілдің таңбалық сипаты

Қарастырылытын мәселелер:

1.Таңбаларды зерттейтін семиотика ғылымының ХХ ғасырдың 30-жылдарында қалыптасуы

2. Тілдің негізгі тұлғалары қатарына дыбыс, морфема, сөз, сөйлем, кіретіні, бұлардың таңбалық сипаттамалары

Терминдер мен анықтамалар:



Семантика – (грек. semantikos – белгілеуші) – 1) тіл немесе оның бірлігі (сөз, сөздің грамматикалық тұлғасы, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы берілетін мағына, хабар; 2) осы мағынаны, хабарды зерттейтін тіл білімінің саласы; 3) семиотиканың негізгі тарауларының бірі.

Семасиология – (грек. semasia – мағына, logos – сөз, ілім) – Еуропалық тіл білімі дәстүріндегі лексикалық семантиканы, яғни сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейтін тіл білімінің тарауы.

Семиотика – (грек. semaeion – таңба, белгі) – 1) хабарды, ақпаратты сақтап, басқаға жеткізе алатын әртүрлі таңбалық (семиотикалық) жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін пән. 2) семиотика аспектісінен қарағандағы қайсыбір объектінің белгілік жүйесі.

Тілдің таңбалық қасиетінің бар екендігі туралы тіл білімі тарихындағы әр түрлі пікірлер. Жалпы алғанда, белгілі бір нәрмені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық көрсеткіш, яғни таңба, таңбалаушы деп аталатыны.

Таңбаларды зерттейтін семиотика ғылымының ХХ ғасырдың 30-жылдарында қалыптасуы. Семиотика ғылымының зерттейтін мәселелері. Бұл ғылымның жалпы семиотика және тілдік семиотика болып екіге бөлінуі. Жалпы семиотикада қарастыратын графикалық, акустикалық, заттық, ақшы, ымдау, нұсқау таңбалары. Бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері.

Таңбалардың ішіндегі ерекше түрі – тілдік таңба екендігі. Тілдік таңбаларды лингвистикалық семиотика зерттейтіні. Тілдік таңбаларды басқа таңбаларға қарағанда күрделі, көп сатылы, көп қабатты, көп элементті жүйе екендігі. Тілдіге алуан түрлі тұлғалар тек құрылымдар жағынан ғана емес, мағыналары мен қызметі жағынан да түрлі-түрлі. Оларлың ішінде таңбалық жағынан екі жақты да, жартылай екі жақты да, бір жақты да тұлғалар бар. Екі жақтыға сзөдер, сөз тіркестері, сөйлемдер жатады. Жартылай екі жақтыға көмекші морфемелар кіреді. Бір жақтыға фонемалар жатады.

Тілдің негізгі тұлғалары қатарына дыбыс, морфема, сөз, сөйлем, кіретіні, бұлардың таңбалық сипаттамалары. Семиотикалық сипаты жағынан, тілдік тұлғаларды таңбалар жүйесі, фигуралар жүйесі деп екіге бөлуге болатыны. Таңбалар жүйесіне сөздер сөздер, сөйлемдер емес, ал фигуралар жүйесіне фонемалар мен морфемалар жататыны.

Тілдік таңбалардың басқа таңбалардан өзгешеліктері. Тілдік таңбалардың универсаллдығы, құрылымдық күрделілігі, қолдануға оралымдығы, эмоцианалдық-экспрессивтігі, қолданушыларға тәуелсізідігі т.б.

11 практикалық сабақтың тақырыбы: Тілдің таңбалық сипаты:

Тапсырмалар:

1.Семиотика- таңбаларды зерттейтің ғылым.

2.Таңбалардың түрлері.

3. Тілдік таңбалардың ерекшеліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет