5. Курстың мазмұны
Бірінші апта
№1 дәрістің тақырыбы: Жалпы тіл білімі пәні, зерттеу нысанасы. Көне дәуірдегі тіл білімі.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Жалпы тіл білімі пәні, зерттеу нысанасы
2.Көне дәуірдегі тіл білімі
Терминдер мен анықтамалар
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.
Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді.
Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді.
«Жалпы тіл білімі» - тіл білімінің тарихы мен теориясын оқытатын пән. Бұл пәннің алдына қойылған міндеті – студенттерді тіл біліміндегі негізгі теориялармен қаруландыру, оларға тіл туралы ғылымның откен тарихынан, қазіргі күйінен, алда тұрған міндеттерінен, шешілген және әлі шешілмеген проблемаларынан жан-жақты мәлімет беру. Тіл білімінің даму тарихында қолданылған, қазір қолданылып жүрген және жаңадан туа бастаған арнаулы әдістер мен әдістемелердің сырларын ашып беру. Тіл білімінің басқа қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар ішінде алатын орнын, олармен байланысын айқындау. Тіл білімін дамытуға өз үлестерін қосқан ғалымдармен, тіл білімі мектептерімен таныстыру.
1.Көне дәуірдегі тіл білімі. Бұл дәуірде пайда болған философиалық бағыттар. Филологианың тууына түрткі болған себептер. Көне дәуір тіл біліміне тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.
Достарыңызбен бөлісу: |