Бағдарламасы (Syllabus)



Pdf көрінісі
бет33/49
Дата22.11.2022
өлшемі385,53 Kb.
#159306
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Жыныс бездерінің
сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың
жыныс бездерінде жыныс жасушалары –
сперматозоидтар
, әйелдерде
жұмыртқажасушасы түзіледі. Ішкі секрециялық белгісі: жыныс
бездерінде түзілген жыныс гормондары бірден қанға бөлінеді. Ер
адамдардан бөлінетін жыныс гормондары –
андрогендер
(грекше
«andros» – еркек) оның негізгісі – тестостерон. Әйелдердің жыныс
гормондары 
экстрогендер
деп аталады.
Қызметі:
ер адамдардың жыныс гормоны еркектерге тән
белгілердің дамуына әсер етеді (дауыстың жуандауы, сақал-мұрттың


шығуы, бұлшықеттерінің даму ерекшеліктері және т. б.). Андрогендер –
бауыр, бүйрек, бұлшықеттегі нәруыздың түзілуін күшейтеді. Орталық
жүйке жүйесіне әсер етеді. Әйелдердің жыныс гормоны әйелдерге тән
жыныс белгілерінің дамуын реттейді ( жіңішке дауыс, бетке сақал-
мұрттың шықпауы; сүт бездері мен жатырдың дамуы, қанқа
сүйектерінің ерекшеліктері және т. б.). Жыныс гормондары жетіспесе,
сүйектің өсуі баяулап, денесі өспейді, тек аяқ-қолдары тым ұзарып
кетеді.
Адам денесінде ішкі секрециялық бездерден басқа
сыртқы
секрециялық бездер
де болады. Оларға жататындар: тер, жас, сілекей,
сүт бездері мен бауыр және т. б. бездер. Бұл бездердің без
жасушаларында түзілген өнімдері арнайы өзекшелер арқылы сыртқа
шығарылады (тер, сілекей, сүт, өт және т. б.).
Ішкі секреция бездерінің бір-біріне әсері. Гуморальдық және
жүйкелік-гуморальдық реттелу.
Ішкі секреция бездері жұмысының
бір-бірімен өзара күрделі байланысы негізінен мына факторлармен
аңықталады: 1) әрбір мүшенің жұмысына әр түрлі бездерден бөлінетін
бірнеше гормондар бір мезгілде әсер етеді; 2) бір бездің гормоны басқа
бездің жұмысына әсерін тигізеді. Мысалы, гипофиздің алдыңғы
бөлігінің гормоны бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының дамуына
әсер етеді. Инсулиннің бөлінуіне, қалқанша без бен жыныс бездерінің
қызметіне әсерін тигізеді. Ішкі секреция бездерінен гормондардың
бөлінуін орталық жүйке жүйесі реттейді. Өйткені, орталық жүйке
жүйесінде бездердің жұмысымен байланысты орталықтар аралық мида
бар. Жүйке арқылы реттелу өте тез жүреді және ол жүйке жүйесінің
тікелей бақылауында болады. Гормондар арқылы реттелу жүйке
арқылы реттелуден баяуырақ жүреді. Ағзада мүшелер қызметінің
гормондар арқылы реттелуін
гуморальдық реттелу
дейді.
Гуморальдық
(латынша «humor» – сұйықтық) реттелу ағзаның ішкі
ортасы (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) мен жасушалардан, ұлпалардан
бөлінетін биологиялық белсенді заттар арқылы жүзеге асады.
Гуморальдық реттелуде гормондар негізгі рөл атқарады. Жүйкелік-
гуморальдық реттелуде гуморальдық реттелу жүйкелік реттелуге
бағынышты. Жүйкелер мен гипофиздің байланысының арқасында,
жүйкелік-гуморальдық реттеу жүзеге асады. Екінші жағынан
гормондар да жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл екі жүйенің
өзара бірлесуі бұзылса, барлық мүшелер жұмысы да бұзылады.
Жүйкелік реттелу мен гуморальдық реттелу арқылы ағза үнемі өзгеріп
тұратын орта жағдайларына бейімделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет