Бағдарламасы (Syllabus)


Әдебиет: [ 1-9] Мультимедиялық құралдар тізімі



Pdf көрінісі
бет34/49
Дата22.11.2022
өлшемі385,53 Kb.
#159306
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
Әдебиет: [
1-9]
Мультимедиялық құралдар тізімі:
1. Ішкі секреция бездері
2. ІСБ бұзылуынан пайда болатын аурулар.
Тақырып 7.
Қан және лимфа жүйелері.
1. Қан құрамы. Қан тамырлары. 
2. Кіші және үлкен қан айналымдары. 
3. Жүрек құрылысы (бөлімдері, қабаттары, клапандары). 
Қанайналым мүшелері.
Қан адам ағзасында ұдайы қозғалыста
болады. Қанның қозғалуы – ағза мен сыртқы ортаның арасында газ бен


зат алмасуды қамтамасыз етеді. Дененің барлық мүшелері мен
ұлпалары қоректік заттар мен оттекті қабылдап, зиянды заттардан
тазартылады. Ағзада қанның үздіксіз қантамырлардың бойымен ағуын
(қозғалысын)
қанайналым
дейді.
Қанайналым жүйесіне
– жүрек және
қантамырлар жатады. Қанның қантамырлардың бойымен тұйық түрде,
яғни қанайналым шеңберімен ағатынын XVІІ ғасырда ағылшын ғалымы
У. Гарвей ашты.
Жүректің құрылысы.
Жүрек – қанайналым жүйесінің орталық
мүшесі. Оның жиырылуы мен босаңсуының нәтижесінде қан
қантамырлардың бойымен үздіксіз ағады. Ересек адамдарда жүрегінің
салмағы 250–300 г. Жүрек – кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында
орналасқан іші қуыс бұлшықетті мүше (60-сурет). Жүрек көлденең
жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады, адам еркінен тыс жиырылады.
Жүректің жалпақ бөлігі –
негізі
, сүйірлеу бөлігі –
ұшы
деп аталады.
Жүректің сыртын дәнекер ұлпадан тұратын жұқа
үлпершек
(жүрек
қабы) – 
перикард
қаптап тұрады. Жүрек пен үлпершектің арасындағы
кеңістікте аздаған сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылуына
жағдай жасап, үйкелісті азайтады (61-сурет). Жүрек 4 қуысты:
2
жүрекшеден
(предсердие) және
2 қарыншадан
(желудочек) тұрады.
Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалар (ушко) болады.
Жүректің сыртындағы
көлденең сайша
жүрекшелер мен
қарыншаларды бөліп тұратын шекара болып саналады.
Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты –
эпикард
(грекше «epі» – сыртқы, «cor» – жүрек), өте жұқа, жүректі қоршап
тұрады. Ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты – 
миокард 
(грекше «mіos» –
бұлшықет). Ішкі қабаты жұқа –
эндокард
(грекше «endo» – ішкі)
жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жатады.
Жүректің миокард қабаты қарыншаларға қарағанда жүрекшелерде
жұқа. Ондағы бұлшықет талшықтары екі түрлі бағытта орналасқан.
Қарыншалардағы миокард қабаты (әсіресе, сол жақ қарыншада) қалың.
Жүрек негізінен ұшына қарай созылып жатқан қалың бұлшықет
қабаты арқылы 2 бөлікке бөлінген. Жүректің әрбір бөлігінде бір
жүрекше, бір қарынша болады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша
өзара тесіктер арқылы байланысады. Сол тесіктерде жүрекшелерден
қарыншаларға қарай ашылып-жабылып тұратын
жақтаулы
қақпақшалар
(створчатые клапаны) болады. Оң жақ жүрекше мен оң
жақ қарыншаның арасында
үш жақтаулы
, сол жағында
қос жақтаулы
қақпақшалар 
орналасқан (62-сурет).
Қарыншалар мен олардан басталатын артерия қантамырларының
арасында
жарты ай тәрізді қақпақшалар
(полулунные клапаны) бар.
Бұл қақпақшалар қантамырлардың ішіне қарай ашылады.
Жүректегі қақпақшалар қанды тек бір бағытқа қарай өткізеді.
Жақтаулы қақпақшалар арқылы қан жүрекшелерден қарыншаларға
қарай өтеді. Жарты ай тәрізді қақпақшалардан қан артерия
қантамырларына қарай ағады. Қақпақшалар тығыз жабылып, қанның
кері бағытқа қарай өтуіне кедергі жасайды. Жүректегі қақпақшалар
эндокард қабатынан түзілген.
Жүрек қуыстарымен қанның ағу бағыты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет