Бағдарламасы (Syllabus)



Pdf көрінісі
бет32/49
Дата22.11.2022
өлшемі385,53 Kb.
#159306
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
инсулин
 
гормоны көбірек бөлінеді.
Қартайғанда глюкагон гормоны көбірек бөлінеді. Ұйқы безінің
экзокриндік қызметі асқорыту ферментін бөлу болса, эндокриндік
қызметі 
инсулин, глюкагон
гормондарын бөлумен байланысты.
Қызметі:
инсулин (латынша «іnsula» – аралша, топ) – қарапайым
нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын
Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин
жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозаның өтуін жылдамдатады
және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады. Гликоген бауырда,
бұлшықеттерде қор ретінде жиналады. Дені сау адамның қанында
глюкозаның мөлшері 4,6–6,7 миллимоль/л. Глюкоза – ағза үшін
энергетикалық және пластикалық материал. Май мен нәруыз
алмасуына да әсер етеді. Нәруыз түзілу кезінде жасуша
жарғақшасынан аминқышқылдарының тасымалдануын күшейтеді.
Инсулин зат алмасудың көптеген реакциясына қатысады.
Инсулин гормоны жетіспегенде (аз бөлінгенде) ағзада болатын
ауытқулар:
денеде инсулин гормоны жетіспесе, адам
қант ауруына
(сусамыр)
шалдығады. Қант ауруы (сахарный диабет) көмірсу
алмасуының бұзылуынан болады. Қанда глюкозаның концентрациясы
10 миллимоль/л дейін жоғарылайды. Бұл аурумен ауырған адамның
бауырында
гликоген
қоры азайып, қанда глюкоза мен май қышқылы
көбейеді. Жасушада аминқышқылы реакциясы бұзылып, нәруыздың
түзілуі нашарлайды. Қанда глюкозаның мөлшері 0,1%-дан – 0,4% -ға
дейін көбейеді, зәрдің құрамында глюкоза пайда болады.
Қанда глюкоза мөлшері артқандықтан, ол зәрмен бірге сыртқа
шығарылады. Қантты бөліп шығару үшін қосымша су мөлшері қажет.
Аурудың белгісі: адам шөлдей береді; тамақты да жиі қабылдайды; тез
арықтайды. Бұл ауру суды көп қажет ететіндіктен «сусамыр» дейді.
Қант диабеті ауруын емдеу үшін құрамында көмірсулары бар
тағамдарды өте аз пайдалану; диета сақтау; денеге инсулин гормонын
жіберу; «толбутамид», «надизан» және т.б. дәрілерді ішу қажет. Ұйқы
безінен бөлінетін екінші гормон –
глюкагон.
Бұл гормонның қызметі
инсулин гормонына керісінше. Егер қанда глюкоза жетіспесе, глюкагон
гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді. Қанда глюкозаның
мөлшері көбейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет