Бағдарламасы (Syllabus)



Pdf көрінісі
бет40/49
Дата22.11.2022
өлшемі385,53 Kb.
#159306
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Жүйке жүйесінің құрылысы.
Адамның жүйке жүйесі орталық
және шеткі немесе перифериялық (лат.
периферикус -
шеттік) жүйке
жүйесі болып бөлінеді (4-сурет).
Орталық жүйке жүйесі
ми мен жүлыннан түрады. Ж ү л ы н
омыртқа өзегінде орналасқан, үзындығы ересек адамда жарты метрге
жуық, салмағы 37-38 г.
Жүлын 10 жасқа келгенде екі есе үзарады. Оның өсуі алғашкы
жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жүлыны 14 г
болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 - 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде
жүлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық
жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жүлын 8 есе
көбейеді.
Жүлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі нерв
әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жүлын арқылы іске асады.
Себебі жүлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің
барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл
дененің еттерін козғайтын нерв импульстері мүшелерге барып,
олардың қызметін реттейді. Бүларға қоса, жүлында адамның қарапайым
рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі). Адам
өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы,
эякуляция (шәуһет шығару) т.е.с рефлекстер жүлынның қатысуымен
орындалады.
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм
үшін аса маңызды рефлекстер де осы жүлындағы орталықтардың
қатысуына байланысты. Жүлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі
келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі
орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жүлын арқылы
орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б.
рефлекстер).
Адамның м и ы
орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды
бөлігі. Одан 12 жүп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен,
беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және


сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бүларға I иіс, II көру,
III көз қимыл-датқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII ды-быс,
IX тіл-жүтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері жатады.
Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір,
мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан түрады
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390 г. Жаңа
туған ер баланың миының салмағы қыздардың миынан салмақтылау
болады. Алғашқы жылы мидың салмағы екі есе, 3 жаста үш есе
үлғаяды. Бастауыш сынып оқушыларының миының салмағы 1250-1300 г,
ересек адамда 1400-1450 г. Алғашқы 6-7 жылдың ішінде баланың миы-
ның салмағы ересек адамның миының салмағының 4/5 бөлігіндей
болады. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста бай-қалады. Адамның ақыл-
ойы оның миының салмағымен тікелей байланысты емес. Дегенмен,
мидың физиологиялық қалыпты қызмет аткару қабілеті оның салмағы
900 грамнан төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бүзылады.
С о п а қ ш а ми жүлынның үстіңгі жағында орналасқан Оның
ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады:
рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс,
сору, шайнау, жұтыну, жөтелу, түшкіру, сілекей шығару, қарын және
кдрынасты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары және ІХ-
ХІІ ми нервтерінің ядролары орналасқан.
В а р о л и
к ө п і р і - сопақша 
мидыңүстіндеорналасқан. Оның
ұзындығы 2,5 см. Ол үстіңгі жағында ортаңғы мимен, бүйір жақтарында
мишықпен шектеседі. Сопақша ми мен вароли көпірін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет