3орта мектебінің МӘБ жетекшісі
Кәрімова А.О
Мәтін арқылы оқушылардың тілін дамыту
Білім беру мәні мен сапасы тек ұлағатты ұстаздың ғана қолынан келетіндігін уақыт дәлелдеуде. Шын ұстаздың қабілетін таныту оның шеберлікпен өткізген сабағының нәтижесі болып қала бермек.
Қазақ тілін оқыту орыс тілді шәкірттерімізді, өзге тілді оқушыларымызды ауызекі дұрыс сөйлесуге, сауатты жазуға үйрету, еркін, мәнерлі сөйлесуге жаттықтыру, қазақ халқының тіліне, салт- дәстүріне, тарихына, мәдениетіне, тұрмыс тіршілігіне, әдебиетіне, рухани қасиеттеріне құрмет сезімін ояту. Менің әдістемелік тақырыбым «Мәтін арқылы оқушылардың тілін дамыту» Оқушы тілін дамытуда мәтіндердің атқаратын қызметі зор. Мәтін оқушыға білім береді, мәтін - оқушыны оқуға үйретудің құралы, ол ойын, тілін дамытады, , тәрбиелейді, қазақша сөйлеуге үйретеді. Мәтін осы қызметтерді толық атқару үшін, оған талаптар қойылады.
Мәтін оқушының жас ерекшеліктеріне, түсінігіне сәйкес болу керек.
Мәтіннің мазмұны әр сынып оқушысының білім деңгейіне, дүние танымына сәйкес болу қажет.
Мәтіннің мазмұны оқушыны қызықтыратындай болу қажет. Оқушыны қызықтыратын мәтіндерді оқушы жақсы меңгереді.
Мәтіндердің тәрбиелік мәні болуға тиісті.
Мәтіндер қазақ халқының мәдениетімен , әдет – ғұрыптарымен, жетістіктерімен оқушыларды таныстыру қызметін атқаруға тиісті.
Ал, мәтінмен жұмыс дегеніміз- сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
1) дыбыстармен жұмыс;
2) сөздіктермен жұмыс;
3) сөздік қорларын жетілдіру;
4) тілін дамыту;
5) ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
1. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс істеу түрлері көп, оны сабақтарда жүргізу, жұмыс атқару ол мұғалімнің шеберлігінде.Мысалы мынадай түрлеріне тоқталсақ.
Мәтінді түгел оқу.
Бөлімге бөліп оқу, жоспар құру.
Сөйлем бойынша тізбектеп оқып, аудару.
Суретке байланысты үзіндіні тауып оқу.
Әңгіме, өлеңнің көркем жерін оқу.
Мақал- мәтелге сәйкес клетін бөлігін оқу.
Мәтіннен 3 ой жүйесін тауып оқу.
Роль бойынша оқу.
Магнитофонға жазылған мәтінді оқушыларға тыңдатып, мазмұнын айтқызу.
Мультимедиялық комплекс арқылы бейнесюжеттерді көріп, әңгімелеу.
Мынадай сөз тіркестерін тауып оқу:
а) зат есім+ сын есім, ә) зат есім + етістік
2. Мәтіндік кезең.
1. Мәтінді мағынасына қарай бөлуге арналған жаттығулар
- мәтінді оқып, оны мағынасына бөліп, әр біреуіне тақырып ойластыру;
- мәтінді оқып, мағынасын ашатын сұрақтар оқу.
2. Мәтінде мағыналы тірек сөздерді анықтауға арналған жаттығулар
- абзацтарды оқып, тіректі сөйлемдерді табу;
- абзацтарды оқып, сөйлемдердегі негізгі ойды анықтау;
- абзацтардан сөз таптарын тауып айтқызу.
3. Мәтіннен кейінгі жұмыс түрлері.
1.Мәтіннің мазмұнын қалай түсінгенін анықтау жаттығулары
- ең басты мәтіндегі мағынасын түсіндіріңдер;
- мәтіндегі тақырыпты ауыстырыңдар және қандай тақрып дұрыс келетінін анықтаңдар;
- реферат жазыңдар, сұрақтарға жауап жазу;
- мәтінді оқып, қандай керекті жаңа мағлұмат алғандарыңды айтыңдар.
4. Мәтінді оқуға үйрету.
Мәтінді оқыту түрлері көз жүгірту, танысу, көңіл қойып оқу және ізденіп оқу болып бөлінеді.
5.Мәтінді оқуға үйрету технологиясы немесе оқыта үйрету ойындары.
Мен өз сабақтарымда мәтінмен жұмыс түрлерін, оқыта үйрету ойындарын пайдаланамын. Өткізген кейбір сабақ жоспарларыммен сіздермен бөлісейін.Қазақ тілінен 8- ші сыныпта Ш. Қалдаяқов туралы , 10- шы сыныпта өткізген Жиренше шешен тақырыбына байланысты сабақ жоспарларыммен таныстыру.
Басқа да оқыта үйрету ойындары бар солармен таныстырып өтейін
« Білімдарлар» оқыта үйрету ойыны. Ойынның алдыңда «білгірлер» анықталады, олар өздеріне топ құрады. Ойынға қатысушылар топ бойынша парта басына отырады. Әр топ бір- бірлеріне кезекпен сұрақтар қояды. Қай топ көп сұрақ қойса, жауап берсе сол жеңімпаз болады.
«Тірек белгілер» оқыта үйрету ойыны
Мәтінді оқимыз, неғұрлым жақсы түсінүге тырысамыз, мәтінді конспектілейміз. Конспектілерде сөздер мен сөйлемдер болмауы керек. Тек қана суреттермен немесе шартты белгілермен береміз. Сызбаларды кезекпен көрсетіп түсіндіреміз, ал басқалары оны бағалап, озық ойыншыны таңдайды.
«Аукцион» оқыта үйрету ойыны
Жүргізуші өтілген тақырып бойынша сынып оқушыларына арнап сұрақтар дайындайды. Ойынды жүргізуші үшін гонг қажет.
Жүргізуші аукцион өткізеді, сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктеме беріп, бағалайды, жеңімпазды анықтайды. Дұрыс жауаптары үшін неғұрлым фишка жинаған оқушы жеңімпаз болады.
«Ромашка» ойыны (түсіндіру, көрсету)
«Кім әділ бағалайды?», «Шеңбер бойымен әңгімелеу» т.б оқыта үйрету ойындары бар.
Орыс мектебінде қазақ тілі негізінде оқытылатын қазақ әдебиеті пәнін оқыту әдістемесі Отандық және әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, оқушының қазақ тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіруге бағытталған функционалды әдеби білім беруді көздейді.
Әдебиет- өнер, әдебиет- ұлттық қазына, асыл мұра. Әдебиет- ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан «Қазақ әдебиетін» қазақ тілінде оқу арқылы оқушылар қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті, салт- дәстүрі жөнінде танымдық білім алады және сол арқылы өзі өмір сүріп жатқан Отанына деген сүйіспеншілігі артып қазақ халқына оның тіліне деген сыйласымды қатынас қалыптасады.
Қазақ әдебиетін оқытуда мұғалім педагогикалық технологияларды тиімді қолданады.
Әр мұғалім сабақта оқушыларға ең негізін жетік түсіндіруге, балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытуда көп ізденістер арқылы тақырыптарын жеткізе біледі. Айта кеткім келеді бұл оңай жұмыс емес. Өйткені сағат санының аз болуы (берілген тақырыпқа) материалдың мол берілуі қиынға соғады. Сонда да мұғалім сабақтарын әр түрлі қызықты етіп жеткізуге тырысады. Олар сызба, кесте әр түрлі талдаулар арқылы жүргізеді. Қазақ әдебиет сабағында тірек- схемалар арқылы мазмұнына сай келетін суретті пайдалана отырып, тірек сөздер беру арқылы оқушыларға мәтін мазмұнын, түсінгенін айтқызамын.
Көркем әдебиет екіге бөлінеді: 1 проза (қара сөзбен жазылады)
2 поэзия бұл тәртіпке бағынатын , тізбекке түскен, белгілі бір тәртіпке бағынады.
Көркем әңгімені оқытқанда 1-ші жазушының өмірі мен шығармашылық жолдарына тоқталамыз.Бұл жерде сабақты қорытындылауда семантикалық талдау жұмысын жүргізуге болады.
Ал, көркем әңгімені талдау барысында әңгімені құрылысына қарай талдау
1. Әңгіменің аты
2. Әңгіменің тақырыбы
3. Әңгіменің құрылысы, негізгі оқиғасы
4. Дамуы
5. Кейіпкерлер. Олардың іс-әрекеттері
6. Жазушының көркемдік әдісі мен тәсілі (баяндау, сипаттау, портреттеу)
Әңгіменің мазмұның толық қазақша жеткізу орыс тілді оқушыларға қиынға соғады және ол мүмкін емес. Орта деңгейдегі оқушылар сызба бойынша, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын бір- бір сөйлемнен жеткізсе жақсы нәтиже болар еді. Әңгіме мазмұнымен таныс болғаннан кейін әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы кубтық әдіс. Сыныпты топқа бөліп, кубикті аудару арқылы топтарға тапсырма беру.
1. Бақылаушылар тобы
2. Анықтаушылар тобы
3. Сараптаушылар тобы
4. Салыстырушылар тобы
5. Зерттеушілер тобы
6. Қорытындылаушылар тобы
7. Тарихшылар тобы деп топтарға бөліп жұмыс жүргізуге болады.Үлкен шығармаларды өткенде.
«Шығамын білім шыңына» ойыны. Биік шың басындағы алып шынарға жету үшін тапсымаларды орынду.
Ал, енді поэзияға келетін болсақ, поэзия дегеніміз өлеңді шығармалар, өлең түрінде жазылады.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреп денең,- деп Абай қазақ халқының өмір тіршілігінде өлеңнің атқарар рөлі ерекше екенін анықтайды. Өлеңдегі әр сөз адамның жан жүйесімен, көңіл күйімен, сезім толқындарымен өзекті байланыста. Ұйқас пен ырғақ та, шумақ пен бунақ та бәрі де осыдан туған.
Оқушылардың әдеби- теориялық білімдерін кеңейту мақсатында өлең құрылысына талдау жасай білуге үйретудемін.
Жоғары сыныптан бастап ұйқас, шумақ, тармақ, бунақ дегеніміз туралы мәліметтерді беремін.
Өлеңді құрылысына талдағанда:
1. Өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу.
2. Өлеңнің негізгі ойы, ақынның түпкі мақсаты неде болды ?
3. Өлең неше шумақтан тұрады ?
4. Өлеңнің шумақтары неше тармақтан ?
5. Өлеңнің бунақтары қанша ?
6. Қандай ұйқас түрі ?
Осындай жұмыс түрлерін жүргіземін.
Сөзімді А.Байтұрсыновтың айтқан сөзімен аяқтағым келеді.
Басқа халықтан кем болмас үшін біз бай, күшті, білімді болуымыз керек. Бай болу үшін кәсіп керек, күшті болу үшін бірлік керек, білімді болу үшін оқу керек, осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.
11 сынып №3ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кәрімова А.О
Достарыңызбен бөлісу: |