Бағдарламасы Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»



бет1/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,82 Mb.
#732
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жас мұғалімдер мектебінің

қалалық семинар бағдарламасы

Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»
Мақсаты: қазақ тiлi мен әдебиетiн оқытуда түрлi әдiстер мен тәсiлдердiң қолдану тиiмдiлiгi төңiрегiнде ой бөлiсу.


Уақыт

Сынып

Тақырыбы

Мұғалім

800

Қонақтарды қарсы алу

ЖММ жетекшісі Сәдуева Күнсұлу Сағидоллақызы,МӘБ жетекшісі Кәрімова Ақтоты Олжабайқызы

.


815-845

Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері


ҚББ әдіскері Уразбаева Г.А.

«Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері».

ЖММ жетекшісі Сәдуева Күнсұлу Сағидоллақызы.

.





Мәтін арқылы оқушылардың тілін дамыту

МӘБ жетекшісі Кәрімова Ақтоты Олжабайқызы.


850 -935

11 сынып

«Ел ордасы – Астана».


Кәрімова Ақтоты Олжабайқызы

945-1030


7 сынып.

«Қызыл кітап»


Дущанова Гүлнар Қадырғалиқызы

10 45-11 30

4 сынып

«Біздің қала».


Ұсақбаева Гүлжанат Сапарқызы

1135-12.05

Рефлексия



ҚББ әдіскері Уразбаева Г.А.

Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері

Еліміздің егемендік алып, дербес даму жолына түсуі қоғам өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер туғызып жатқаны баршаға мәлім. Қазіргі кезенде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – мектеп түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату, білімі мен тәрбиесіне ерекше көңіл аудара отырып, саналы білім беру бұрынғыдан да күшейіп отыр.

Ұстаздар алдындағы міндет-жеке тұлғаның дамуына жағдай жасап, шәкірттерді жан-жақты даярланған азамат етіп шығару. Өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздері құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді сауатты меңгеруге қалыптастыру.

Окушылардың білім сапасын мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдері әр түрлі. Соңғы жылдары балалардың білім сапасын тексеруге тест тиімді тәсіл ретінде көрініс табуда. Бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Жалпы білім аймағында тілдерді оқыту ең басты орын алады. Ол оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.



«Қазақ әдебиеті пәні бойынша орыс сыныптарында нені оқыту керек екені оқулықтарда,бағдарламаларда айқын берілген.Ал сол берілген білім мазмұнының негізін оқыту және оны қалай оқыту керек-бұны оқытушының анықтауы тиіс.Яғни оқу материалдарын сұрыптау,оларды сыныптағы оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай бейімдеу және меңгерту технологиясын таңдау-оқытушыға жүктелетін іс.

Бұл жерде іс жүзінде оқытушы да,оқушылар да тап болатын үлкен

қиындық бар.Ол оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу деңгейінен туындайды.Қазақ тілі пәнінен оқу барысында оқушылар тұрмыстық

ортада және қарапайым әлеуметтік-мәдени сипаттағы мәтіндер деңгейінде сөйлеуге үйренеді.Ал тап сол сыныптағы қазақ әдебиеті

пәні бойынша оқушылар әдебиеттік стиль деңгейінде жұмыс істеуі

керек болады.Оқушылардың басым көпшілігінің бұл айтылған әде-

биеттік деңгейде оқуға дайындығы жетіспейді.

Сондықтан,мұғалім көптеген технологиялардың элементтерін оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай лайықтап қолданумен бірге деңгейлік оқыту технологиясына да баса мән беруі керек.Өйткені ол әр баланың жеке мүмкіндігіне негізделеді,оқытудың жеке тұлға-

ны дамытуға бағытталуына аса қолайлы.Бұл орайда мынадай қөрі-

ністі табуға болады:


1.Оқу материалын сұрыптап ұсына білу;

2.Оқу әрекетін ұйымдастыра алу;

3.Диалог жүргізе алу;

3.Сабақты жағымды эмоция,сезімдермен қанықтыра алу;

4.Мақсаттың нәтижемен біртұтастығы;

5.Оқушылардың дайындық деңгейін бақылай алу.

Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті пәнінде деңгейлік жұмыстар

жүйесін дұрыс орындай білгенде ғана түпкі нәтижеге яғни коммуникативтік біліктілікке жетуге болады.

Біздің ұстаздарымыз оқушыларды қазақ әдебиетіне оқытуда сондай-ақ сурет бойынша жұмыс,мәтінді талдау,сұхбат құру,шағын

шығармалар жаздыртумен айналысады,ассоциограммалар жасатады,мәтіндерге жоспарлар құрғызады.


ЖММ жетекшісі

Сәдуева Күнсұлу Сағидоллақызы,№16 ОМ
Тақырып: «Қазақ тілі мен әдебиет оқытудың әдістері».
Тілді нәтижелі меңгертудің бір жолы оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тиімді оқыту әдістерін іріктеп сабақта қолдана білу.

Сабақ –оқытудың барлық кезеңінде мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әдістерінің жүйесі.

Мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттері: оқушыларды сауатты жазуға, өз ойын, сөзін еркін сөйлеп, әдеби тіл нормаларын жатық , әдепті, мәдениетті сөйлеуге үйрету, жан-жақты тәрбиелі азамат болуға тәрбиелеу.

Мұғалім оқытудың әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы, қазақ тілін оқытуда оқушыларға тиянақты, сапалы білім беруге болады. Қазақ тілін оқыту барысында тақырыптың мазмұнына сай білім берудің әр түрлі әдіс-тәсілін қолдану ерекшелігін меңгерген жөн.

Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда да оқыту әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап тиімді пайдаланғанда ғана мақсатқа жете аламыз.

Сабақтарымда мен мынадай әдіс-тәсілдерді пайдаланамын:

Баяндау әдіс, проблемалық әдіс, әңгімелеу әдісі,
тест әдісі, жаттықтыру әдісі, экскурсия әдісі, көрнекілік әдіс
і, пікір-сайыс әдісі, компьютер әдісі, техникалық құралдарды пайдалану әдіс.

  1. Мысалы: 5 сыныпта /қазақ тілі/

  2. Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев

  3. Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгеру

  4. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену әдісі, салыстыру, тірек-сызба, ойын, тест сұрақтары.



Сабақтың көрнекілігі: компьютер, карточкалар сұрақтармен, сандықша, жетондар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, табиғаттану.
Өткен сабақты нені үйрендіңдер, нені түсіндіңдер соны айтыңдар.
3 слайд: тірек-сызба /диалогқа суреттер/
II. Үй тапсырманы тексеру: диалог, сөздерді, сын есімнің ережесі.

Екі оқушы тірек-сызбаны пайдаланып диалог айту, 1 оқушы- сөздерге сын есімнің жұрнағын қос, 2 оқушы сөздерді қазақша –орысша жазады.


III. Жаңа сабақ:

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Абай Құнанбаев


Сабағымыздың мақсаты: Абай Құнанбаевтың өмірімен танысу, ол туралы тірек-сызба арқылы әңгімелей білу. Абай Құнанбаевтың “Қыс” деген өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну және граммматикадан сын есімді қайталау.
Алдыменен, жаңа сөздерді үйренеміз:

жаңа сөздер

ұлы- великий

медресе-мусульманская духовная школа

жасынан- с детства


ынталы- прилежный

зерек - способный

осында жүріп - находясь здесь

өз бетінше-самостоятельно

мәдениет-культура

теңеу –сравнивать


IV. Оқулықпен жұмыс.

-74 бет, мәтінді оқып, аудару.


    1. Сұрақтарға жауап береміз:


5 слайд: тірек-сызба: Абай Құнанбаев

  1. Абай Құнанбаев кім?


  2. Ол қай жылы туған?

  3. Абай жасынан қандай болды?

  4. Әкесі оны қайда оқуға береді?

  5. Абай кімнің шығармаларымен танысады?

  6. Ол қазақ халқын неге шақырады?

-Кім сызба бойынша Абай туралы айтып береді?

Абай Құнанбаев көп өлеңдер жазған. Табиғатқа арналған: “Қыс”, “Күз”, “Көктем”, “Жаз” өлеңдері бар.

Бүгін біз “Қыс” деген өлеңімен танысамыз.

Өлеңді тыңдаймыз.
өлең “Қыс”

-74 бет, өлеңді оқимыз, аудармасын оқимыз.

Абай табиғатты кіммен салыстыра суреттейді?
тапсырмалар- сұрақтар /өлең арқылы/

-75 бет, 3 тапсырма – дәптерге жазу. Осы сөздерді пайдаланып сөлемдер құру /ауызша/
тапсырманы тексеру. Сөздерге жұрнақтарды дұрыс қой.

/ бір- бірін тексеру/



V. Бекіту.

оқыта үйрету ойыны: “Сиқырлы сандықша”

Сандықшада сұрақтар тақырып бойынша:

1. Ақыл, білім – сөздерге сыз, сіз жұрнақтарды қос. /5 ұпай/

2. Абай Құнанбаев кім? /1 ұпай/

3. Абай Құнанбаев қай жылы туған? /5 ұпай/

4. Абай жасынан қандай болды? /4 ұпай/

5. Абай қайда оқыды? /4 ұпай/

6. Абай қай қалада оқыды ? /4 ұпай/

7. Ол кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударды? /5 ұпай/

8. Абай қазақ халқын неге шақырды? /5 ұпай/

9. Ақын қысты кімге теңеген? /5 ұпай/

10. Өлеңде қандай жыл мезгілі суреттелген? /1 ұпай/


  1. 11.“Мәдениет” сөзін аудар? /4 ұпай/

  2. 12. Сын есім дегеніміз не? /5 ұпай/

  3. 13. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? /4 ұпай/


14. Сын есімнің қандай жұрнақтары бар? /5ұпай/

15. Абай нелерді тез жаттап алатын? /5 ұпай/


    1. 16.Түн, бүгін, қыс, көктем –сөздерге гі, ғы, қы, кі –жұрнақтарды қос. /5 ұпай/


17. Қыста ауа райы қандай болады? /4 ұпай/
Тест сұрақтарына жауап беру.

1 нұсқа


  1. Абай Құнанбаев кім?

а) ақын ә) дәрігер б) әртіс



  1. Абай жасынан қандай болды?

а) ақылсыз ә) ынталы, зерек б) білімсіз



  1. Абай Құнанбаев қайда оқыды?

а) училищеде ә) институтта б) медреседе




  1. Ақын қысты кімге теңеген?

а) гүлге ә) малға б) адамға



  1. Ақ киімді” – аудар.

а) белая борода ә) белая одежда

б) белая бумага


  1. “Мәдениет” – аудар.

а) культура ә) школа б) история




  1. ”Сын есім” – аудар.

а) имя существительное ә) окончание

б) имя прилагательное


  1. Сын есімнің жұрнақтары қандай?

а) гі, ғы ,қы, кі ә) лар, лер б) дың, дің



  1. “Суффиксы” – аудар

а) жалғау ә) сұрақтар б) жұрнақтар

10. Сын есімнің сұрақтары қандай?

а) неде, қайда ә) қандай, қай б) нені

 

 

 



2 нұсқа
1.Абай қай жылы туды?

а) 1845 ж. ә) 1935 ж. б) 1965 ж.

2. Абай Құнанбаев қайда оқыды?

а) Қостанайда ә) Алматыда б) Семейде

3. Абай қазақ халқын неге шақырды?

а) мәдениетке, білімге ә) ойнауға б) баруға

4. Өлеңде қандай жыл мезгілі суреттелген?

а) күз ә) көктем б) қыс

5.”Ақ сақалды” – аудар

а) белая борода ә) белая одежда б) белая бумага

6. “Зерек” – аудар

а) умный ә) способный б) красивый

7. Сын есімнің сұрақтары қандай?

а) кім, не ә) неге б) қандай, қай

8. Сын есімнің жұрнақтары қандай?

а) лық, лік ә) қандай, қай б) дар, дер

9. “Имя прилагательное” –аудар

а) сын сім ә)зат есім б) жұрнақ




  1. “Жұрнақтар” – аудар



а) окончание ә) корень б) суффиксы
11 слайд:

  • Өзін-өзі тексеру.


1 нұсқа

1.А


2.Ә

3.Б


4.Б

5.Ә


6.А

7.Б


8.А

9.Б


10.Ә



2 нұсқа

1.А


2.Б

3.А


4.Б

5.А


6.Ә

7.Б


8.А

9.А


10.Б

Оқушылар ұпайлар санын есептейді. Ұпайлар арқылы оқушыларға баға қойылады.

Сабақты қорытындау.

Үйге тапсырма: 74 бет, монолог, сөздер, өлеңді оқу.


Қазақ әдебиеті сабағы 6 сынып
6 сыныпта «Ертегілер» бөлігінде «Алтын сақа» және «Жиренше мен хан» тақырыбтарын өткенде мынадай жұмыстар өткіздім: мәтінді рөлге бөліп мәнерлеп оқу, орыс тіліне аудару. Үйге тапсырма берілді: рөлге бөліп –кеіпкерлердің сөздерін жаттап келу.

Осы оқыған ертегілер бойынша сахналық көрініс көрсеттік. Оқушылар кейіпкерлердің рөлін қызыға ойнайды.

Сабақтың аяғында әңгіме кестесімен жұмыс істеуге болады.

Әңгіме кестесі:

Ертегінің аты...

Ертегінің түрі...

Ертегінің кейіпкерлері...

Қорытынды...

Ертегінің бас кеіпкерлеріне сипаттама беру:



Жиренше Хан

Ақылды ақымақ

Шешен сараң

Мейірімді қатты


Сабақты қорытындылау:
Тұжырым:

-Сонымен, балалар, біздер бойымызға қандай қасиеттерді жинауымыз керек.


- Шыншыл, алдамауымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек.

Үйге тапсырма: 1) ертегіні оқып, мазмұнын айта білу



2) жаңа сөздер



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет