Бағдарламасы. Тапсырмалар: 1 «Мәдени мұра»


) Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелері



бет2/3
Дата11.12.2021
өлшемі27,19 Kb.
#99465
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
мадениеттану 15

2) Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелері.

Экологиялық мәдениет -әрбір қоғамдағы жалпы мәдениеттің ең мәнді элементтерінің бірі болып табылады,өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен байланыста болады.Яғни экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды.   Б.Т.Лихачевтің пайымдауынша экологиялық мәдениеттің мәні экологиялық тұрғыда дамыған сана мен эмоционалдық –психикалық жағдайлардың ,ғылыми тұрғыда негізделген еркін қолданбалы іс-әрекеттердің органикалық бірлігі ретінде қарастырылуы мүмкін.Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр-сырымен және қасиеттерімен органикалық байланыста болады.Барлық мәдениет түрлерінің (философиялық, саяси  құқықтық, эстетикалық,адамгершілік) өзара әрекеттерінен экологиялық мәдениет туындайды. «Экологиялық мәдениет» ұғымы арқылы «қоғам-табиғат» жүйесін сақтау мен дамытуға септігін тигізетін мәдениет түсіндіріледі.

              Жалпы мәдениеттің, соның ішінде экологиялық мәдениеттің жоғары мәдениеттілік белгісі болып оның әлеуметтілігінің табиғилығынан айырмашылық дәрежесі емес, керісінше олардың бірлігінің дәрежесі саналады.Мұндай бірлікке әлеуметтік табиғи жүйені түзуші табиғаттың да, қоғамның да тұрақтылығы арқылы қол жеткізуге болады.Мұндай жағдайда табиғат «адамның адамдық мәніне», ал табиғатты сақтау- адам мен қоғамды сақтау құралына айналады.     

              Экологиялық мәдениет адамның тіршілік әрекетінің рухани-адамгершілік саласы ретінде оның табиғатпен өзара әрекетінің ерекшелігін сипаттайды және экологиялық сана, экологиялық қарым-қатынастар мен экологиялық іс-әрекеттер элементтерінің өзара байланыс жүйесін қамтиды. Экологиялық мәдениет мынадай міндетті компоненттерді қамтиды: мотивациялық-құндылық, когнитивтік, мінез-құлықтық және рефлексивтік.

              Экологиялық мәдениеттің мотивациялық –құндылық компоненті жеке тұлғаның ішкі дүниесінің маңызды элементтері ретінде құндылық бағдарлар мен эмоционалдық-тұтынушылық салаларын сипаттайды, адамға қажетсізден қажеттіні айыра білуге үйретеді.

Жеке тұлғаның экологиялық мәдениеті құрылымындағы осы компонент тұрақты даму мен табиғат қорларына қатынастары бойынша тұлғалық сапалар мен құндылық бағдарлардың тұлғалық маңызды жүйесін таңдауға көмектеседі.

              Экологиялық мәдениеттің когнитивтік компоненті  қоршаған табиғи орта мен адам арасындағы үйлесімдік пен өзара әрекеттерінің өлшемдік ұғымдарын, нормалары мен принциптерін сипаттайтын белгілі бір экологиялық кешенді білдіреді. Компонент өркениетті өмірді сақтау қажеттілігі мен оның жолдары туралы,олардың антропогендік әсерлері негізінде өзгеріске ұшырауы туралы білімдерін,сондай-ақ табиғат жүйелерінің табиғи дамуының негізгі ұғымдары мен теориялық білімдерін меңгерудегі жеке тұлғаның мүмкіндіктерін жүзеге асырады.

            Экологиялық мәдениеттің рефлексивтік компоненті қоршаған ортаға саналы және адамгершіліктік қатынастарын өздігінен талдау мен өздігінен реттеу тәсілдерін дамытуды, жеке және кәсіби тіршілік әрекеттерінде экологиялық мақсатқа бағытталған іс-әрекеттерді қамтамасыздандырады.Компонент салауатты өмір сүруді, әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуды, сондай-ақ жеке адамның, аймақтың, елдің, дүниежүзілік қауымдастықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыздандырудағы әрбір адамның саналы іс-әрекетінің жетекші рөлін көкейкестендіреді.

      Экологиялық білім беру адамның табиғатқа көзқарасымен өлшенеді. Оның құндылығы мен мәні адамдар бойында қалыптасатын экологиялық таным  және экологиялық мәдениетке тәуелді болады.Оның қалыптасу жолдары табиғатқа деген көзқарастан туындайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет