Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 199 бұйрығына 11-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 186-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Спорттық ойын" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
тарау. Жалпы ережелер
"Спорттық ойын" пәнінің оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
"Спорттық ойын" пәнін оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға, спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене (физикалық) қабілеттерін игеруге бағытталған спорттық ойындың негіздерін қалыптастыру болып табылады.
"Спорттық ойын" пәнін оқытудың міндеттері:
спорттық ойын және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту;
өзінің дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін ұмтылуға ынталандыру;
білім алушылардың төзімділікке, ширақтыққа, күштілікке, ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту;
Отанға деген патриоттық сезімін, құрметтеуге, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелеу;
білім алушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене-қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандыру;
жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде спорттық ойын туралы түсініктерін қалыптастыру.
"Спорттық ойын" пәнін оқыту білім алушыларға:
пән туралы білімдерін, біліктері мен дағдыларын күнделікті өмірлерінде қолдануға;
қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсарту және білім алушылардың дене дамуын жетілдіру қажеттіліктерін бағалауға;
адамгершілік қасиетін дамытудың маңыздылығын түсінуге және әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге;
жеке гигиена ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге;
дене қимыл-қозғалыс жаттығулары адамның дене және энергетикалық жүйелеріне әсерін білуге;