Бағдарламасы тарау. Жалпы ережелер


тарау. "Спорттық ойын" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет2/4
Дата11.01.2022
өлшемі104,9 Kb.
#111098
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Оқу бағдарламасы Дене шынықтыру

тарау. "Спорттық ойын" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


  1. "Спорттық ойын" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;

  2. 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

  3. 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

  4. 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

  1. "Спорттық ойын" оқу пәнінің базалық мазмұны:

    1. "Спорттық ойын" пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны: денсаулық мағынасын білу; қауіпсіздік ережесі; дене тәрбиесі дегеніміз не; күн тәртібі және таңғы жаттығу мен сергіту сәті; жүру және жүгіру; секіру және лақтыру; ойын арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту; сюжеттік- рөлдік қозғалмалы ойындар; бірқатар қимыл-қозғалыс дағдылар; шағын және жұптасып қарым-қатынас жасау дағдылары; дене тәрбиесінің пайдасы; гимнастикалық жаттығулар арқылы шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау; қауіпсіздік ережесі; сымбат және үйлестіру; бірқатар гимнастикалық фигураларды үйрену; қарапайым гимнастикалық снарядтарда қозғалу; сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің; қазақ ұлттық қозғалыс ойындары; қазақ халқының салт дәстүрлері және мәдениетімен таныстыру; қозғалмалы ойындар арқылы тарту; ойын арқылы қозғалыс дағдыларын үйрету; техника қауіпсіздігі; дене белсенділігі кезінде жүрек соғысы және тыныс алу; ойын – жеке физикалық қасиеттерді дамыту құралы; кеңістік динамикасы және қозғалыс; құралдармен қозғалмалы ойындар; қозғалмалы ойындар арқылы қимыл-тірек аппаратын дамыту; түрлі жаттығулар арқылы денені басқару дағдылары; тірек қимыл жаттығуларын дамыту; доппен ойын; секіртпемен орындалатын ойындар мен тапсырмалар; ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар; қауіпсіздік ережесі; ойын арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту; ойын арқылы коммуникативті дағдыларын дамыту ойындары; ойынға шығармашылық идеялар; жеке қозғалыс белсенділігі; салауатты өмір салтын қалыптастыру; ашық ауада физикалық қозғалыс; жылдамдық, күш пен ептілік; секіруді дамыту үшін тапсырмалар; эстафета және қозғалмалы ойындар;

    2. "Спорттық ойын" пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны: атлетика арқылы дене қасиеттерін дамыту; қауіпсіздік ережесі; денсаулық туралы жалпы түсінік; таңғы жаттығулар жиынтығы; лақтыру, секіру және жүгіру дағдылары; лақтыру, секіру және жүгірудің эстафеталық элементтері; спорттық ойындарды меңгеру үшін қозғалыс ойындар; қозғалмалы ойындардың қимыл дағдылар спектрі; доппен қозғалмалы ойындар; қозғалыстар арқылы

ойындар; жұптық және таптық жұмыстар; гимнастика арқылы денені дамыту; қауіпсіздік ережесі; әр түрлі физикалық іс шаралар арқылы күшті дамыту; кең ауқымды гимнастикалық жаттығулар; өрмелеу, тепе теңдікті дамыту; қазақ ұлттық қозғалыс ойындары: қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру; рөльдік-сюжеттік ойындар; ынтымақтастық және әділ ойын; денеге түсетін күш пен денсаулық; қауіпсіздік ережесі; төзімділікке тәрбиелеу үшін белсенді қозғалыс; дене жаттығулары кезінде ағзаның өзгеруі; қазақтың дәстүрлі жүгіру ойындары; жұптық және топтық ойындар; қозғалыс ойындардың көптүрлілігі; көрнекті ойындар; кіріктірілген ойындар, жай жабдықтар арқылы ойындар; шабуыл әрекеті арқылы ойындар; топтық ойындар арқылы әлеуметтік дағдылар; қауіпсіздік ережесі; коммуникативті дағдыларды дамыту; жеке шығармашылық қабілет; топтық жұмыс арқылы шығармашылық өздігінен жасалатын қозғалыстағы прогресс; денсаулық және дене белсенділігі; таза ауадағы дене тәрбиесі (іс-әрекеті); жеке және топтық белсенділік арқылы жүгіру қабілеттері; түрлі ұзындыққа және биіктікке секіру; эстафета және қозғалмалы ойындар;

    1. "Спорттық ойын" пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны: жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттер; қауіпсіздік ережесі; денсаулық туралы негізгі түсініктер; түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар; лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері; эстафета элементтері бар жеңіл атлетика; қозғалыс және спорт ойындары; қозғалмалы ойындарындағы қозғалыс дағдылары; қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар; шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар; ұжымда жұмыс атқару; акробатика негіздерінде гимнастика; қауіпсіздік ережесі; жаттығулар арқылы икемділікті дамыту; аэробика элементтері бар гимнастика; гимнастикалық жаттығулардағы реттілік; тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар; қазақ ұлттық қозғалыс ойындары; қазақтың ұлттық ойындарына баулу; ынтымақтастық және әділ ойын; денсаулық және физикалық белсенділік; қауіпсіздік ережесі; физикалық белсенділік және төзімділік; дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару; жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар; төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар; топтық ойындар элементтері; дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар; дамытатын ойындар; топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар; баскетбол элементтері бар эстафета; ойын арқылы әлеуметтік дағдылар; қауіпсіздік ережесі; ойындағы қарым-қатынас дағдылары; жарыс элементтері бар ойындар; жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту; топтық қозғалыс әрекетінің прогресі; жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты; салауатты өмір салтын қалыптастыру; жүгіру ойындарына қатысу; ұзындыққа және биіктікке секіру; лақтыру тәжірибелері;

    2. "Спорттық ойын" пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны: жүгіру, секіру және лақтыру; қауіпсіздік ережесі; қысқа қашықтыққа жүгіру; ұзындыққа секіру негіздері; лақтырудың түрлері мен тәжірибелер; жеңіл атлетика элементтері бар эстафета; жеңілдетілген спорттық ойындар; волейбол доптарымен ойындар; спорттық ойындар; техникасы жеңіл тапсырмалар; топтағы негізгі жұмыстар; гимнастиканың негізгі элементтері; қауіпсіздік ережесі; жалпы дамытуға арналған жаттығулар; акробатиканың жеңіл

элементтері; жеңіл гимнастикалық құралдармен жаттығулар; гимнастикалық құралдарға бағытталған тапсырмалар; қазақ ұлттық ойындары; қазақтың қозғалыс ойындары; ұлттық зияткерлік ойындар; шаңғы/кросс/коньки даярлық негіздері; қауіпсіздік ережесі; тапсырма арқылы спорттық ойын компоненттерін дамыту; аэробикалық жаттығудың пайдасы; қашықтықтан өту тапсырмалары; бірлескен және шытырман тапсырмалар арқылы оқыту; басқалармен ынтымақтастық және көшбасшылық; шытырман және бірлескен тапсырмалар арқылы оқыту; ойындардағы қиялды дамыту; баскетбол элементтері бар ойындар; қарым-қатынас орнату үшін ойындар; қауіпсіздік ережесі; допты игеру дағдыларын дамыту; доппен жасалатын жаттығуларды құрастыру; ойындардағы топтық іс-әрекеттер; доппен түрлендірілген ойындар; денсаулық туралы білу; практика арқылы машықтандыру; қозғалмалы ойындар спорттық ойындың компоненті ретінде; жүгіру дағдылары мен денсаулықты нығайту; денсаулықты нығайтуға арналған ойындар мен эстафеталар.

  1. Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын спорттық ойындың барлық негізгі нысандарының мазмұнын қамтыған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Әрбір үшінші сағат оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет