Бағдарламасы (топтық сағат) 10 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)



бет1/4
Дата06.02.2022
өлшемі25,71 Kb.
#80817
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
мед биология


Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
«№56 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әдістемелік кеңестің


шешімімен бекітілген
«___» ________2020 ж.
№1 хаттама
Мектеп директоры:
_______ Н.Ә.Әбдіқалық
«___» ________2020 ж.
«Медициналық биология»
қолданбалы курсының оқу
бағдарламасы
(топтық сағат)
10 сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Құрастырған: химия және биология пәнінің мұғалімі А.А.Ибайдаева



Түсінік хат

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде жаңа оқу бағдарламасы бойынша оқытылып жатқаны белгілі. Осыған байланысты 2006-2007 оқу жылында сыныптарда негізгі пәндермен қатар қолданбалы және таңдау курстары да енгізілген.


Соған байланысты 10 сыныпта «Медициналық биология» таңдалынып алынып оқытылып келеді. Жалпы білім беру саласында медициналық биология ғылымы ерекше орын алады. Себебі медициналық биология барлық биологиялық ғылымдардың түбегейлі негізін қалайды. Оқушыларды организмнің тіршілік әрекетімен таныстырып, патологиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан ұғынуға, оларды жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қалыпты адам биологиясы жастардың дәйекті көзқарастарын және кәсіби ойлау қабілеттерін жеткілікті қалыптастырады. Бағдарламада барлық адам биологиясы деректерінің денсаулық сақтау істерінде, адамның мақсатты іс-әрекеттерінде пайдалы жақтары ерекше көрсетілді. Организмнің әрекеттік белсенділігіне экологиялық жағдайлардың ықпалы ескеріліп, оның бейімделіс әсерленістерін жетілдірудің физиологиялық алғы шарттары көрсетілді.
Күнделікті практикада кездесетін адам биологиясы көрсеткіштері нақтылы жас кезеңдеріне сәйкес өзгеретін болғандықтан, олардың жасқа байланысты кейбір ерекшеліктері қаралды. Сонымен бірге әлеуметтік болмыстан адамдардың демографиялық құрамында қарттардың басым болуына байланысты науқастардың дені осылар болады. Сондықтан оларға пәрменді медициналық жәрдем көрсету қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет