Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет65/67
Дата20.01.2020
өлшемі1,61 Mb.
#56236
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Үлгілік бағдарлама

«ӘЛЕУМЕТ» білім беру саласы



«Әлеумет» білім беру саласының базалық мазмұны :

- қоршаған ортамен таныстыру;

- экология негіздері;

- өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

«Әлеумет» білім беру саласын ұйымдастыру мен жүргізу әлеуметтік сипаттың бастапқы ұғымын меңгеру мен балаларды әлеуметтік қатынас жүйесіне ендіру мақсатына жетуге бағытталған және барлық білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады.

Мақсаты: ересектермен және құрдастарымен қарым- қатынас жасауда, қоршаған ортамен таныстыру негізінде әлеуметтік дағдыларын дамыту және қалыптастыру.

Міндеттері:

- жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамыту: ынтымақтастық, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету,бастамашылдық, дербестік, тәуелсіздік, ашықтық, әлеуметтік икемділік, мәдениетті және экологиялық сауаттылық.

- құрдастары мен ересектердің арасындағы қарым-қатынастың жалпы қабылданған қарапайым нормалары мен ережелерін үйрету;

- өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеудің қарапайым қабілеттерін тәрбиелеу.
І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ

Өзін- өзі тану


Мазмұны балаларды құндылықтармен таныстыруды, заманауи сананың құндылығын үйретуді және бекітуді, әлемді түсіну және әлемді түйсінуді қалыптастыруды ұсынады.

Мақсаты:балаларда өз-өзіне, адамдарға, әлемге деген рухани - адамгершілік қатынас саласында бастапқы өмірлік маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыру.

Міндеттері:

- адамгершілік- рухани құндылықтарды қалыптастыру;

- басқаға бағытталған эмоциялар мен сезімдерді дамыту;

- адамгершілік мінез- құлық негіздеріне тәрбиелеу.



Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Мен- адаммын», «Қарым-қатынас қуанышы», «Адамгершілік әліппесі», «Мен және менің әлемім» тарауларының негізгі базалық бөлімдерін кіріктіру қағидасы негізінде барлық білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.

Бөлімдерінің негізгі мазмұны барлық білім беру салаларын кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.

Мен- адаммын

«Өзін- өзі тану» әлеміне саяхат. Адам болуды үйренемін.Қыздар мен ұлдар. Менің есімім. Менің туған күнім. Менің сезімдерім. Мейірімді іс- әрекеттер. Мен осындай- Адаммын.

Қарым-қатынас қуанышы


Туғандар мен туыстар. Отбасылық мерекелер. Отбасының әлемі. Достық неден басталады? Адал достар. Дос әрдайым көмектеседі. Менің кішкентай достарым. Достар ғаламшары.

Күтілетін нәтижелер:


- қоршаған ортамен ізгілікті адамгершілік қарым-қатынас (отбасымен, балабақшамен, қоғамдық ортамен) тәжірибесіне ие;

- туыстарына, құрдастарына, ересектерге эмоциялық көңіл күйін білдіріп, үлкенді сыйлап, мейірімділік таныта алады;

- жақсы мен жаманның не екенін түсініп, жақсы мен жаман әрекеттерді ажырата алады;

- адами сапалар туралы: мейірімділік, махаббат, сыпайылық, адалдық түсініктерге ие;



- сурет салу, мүсіндеу, құрастыру арқылы өз көңіл күйін жеткізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет