Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет67/67
Дата20.01.2020
өлшемі1,61 Mb.
#56236
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Үлгілік бағдарлама

Экология негіздері


Табиғат құбылыстары

Табиғат құбылыстары туралы білімдерін қалыптастыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылауға, ажыратуға, атауға үйрету(күз, қыс, көктем, жаз).

Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру(жел, тұман, найзағай, жаңбыр).

Табиғатта өзін ұстай білу ережесі

Жануарлар мен өсімдіктерді сақтаудың қажеттілігін түсіндіру.Табиғатта өзін ұстай білудің қарапайым ережелерін үйрету.

Табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасаудың ережелерімен таныстыру.Оларға қамқорлық танытуға баулу.

Күтілетін нәтижелер:


- табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атайды және ажыратады;

- табиғатта өзін ұстай білудің қарапайым ережелерін біледі;

- табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасаудың қарапайым дағдыларын игерген.

II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ



Өзін-өзі тану


«Өзін-өзі тану» бөлімінің мазмұны өзінің ішкі әлемін ашу, өзінің қайталанбас даралығын пайымдау арқылы әрбір баланың өз табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталады.

Адамгершілік әліпбиі

Барлығы амандасудан басталады. Мейірімді іс-әрекеттер. Түсінуді және кешіруді үйренеміз. Бәрі түсіністіктен басталады. Қонақ- біздің үйдің қуанышы. Мен көмекшімін. Мен өз елімнің кішкентай азаматымын.



Мен және менің әлемім

Туған үй. Менің сүйікті балабақшам. Табиғат-ана. Табиғат және денсаулық. Табиғат және адам. Наурыз жаңару мерекесі. Менің Қазақстаным.


Күтілетін нәтижелер:


- құрдастарының арасында өзінің орнын және өзінің «менін» біледі;

- түрлі әлеуметтік жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай біледі;

- өзінің және жолдастарының қылықтары бойынша өзінің пікірін айтуға болатынын және айту керектігін түсіне біледі;

- үлкендер мен кішілерге құрмет көрсетудің халық дәстүрлеріне негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын, сақтайды;

- балабақша қызметкерлеріне құрмет танытады;

- табиғатқа сүйіспеншілік және қамқорлық танытады;

- Наурыз мерекесінің маңызын түсінеді;

- қазақ халқының ұлттық салт- дәстүрлері туралы білімдерді меңгерген;



- Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін танытады.

Қоршаған ортамен таныстыру


Бала, оның отбасы, үйі.

Туыстық байланыстыр туралы ұғымды, өз шежіресіне қызығушылықты жетілдіру. Балалардың бойында өз отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үй тапсырмаларын орындау, отбасы мүшелеріне өзінің жақсы көру сезімдерін сөзбен білдіруге тәрбиелеу.

Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау.

Заттар, олардың белгілері мен қолданысы туралы ұғымдарын бекіту. Балалардың сөйлеу тілінде түрлі заттардың атауларын нақтылау және белсендіру, таныс емес заттардың қолданылуын түсіндіру. Айналадағы заттардың атқаратын қызметінің, осы заттар жасалған материалдың құрылысының арасындағы байланысты түсінуге үйрету. Мектепке дейінгі ұйымның ғимаратында, жақын орналасқан мөлтек ауданда еркін бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.

Көлік, байланыс құралдары.

Арнайы көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсініктерді қалыптастыру.

Телефон, компьютер, теледидар, радионың қызметтерімен, оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.

Ересектердің еңбегі.

Ұғымдарды дамыту:

- әртүрлі мамандық иелері туралы;

- еңбектің мазмұны,сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы.

Өз ата-анасының еңбегі жайлы әңгімелегенде, еңбек үдерісі туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.

Менің Отаным Қазақстан. Еліміздің рәміздері.

Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер,еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халыққа қызмет ететіндігі, өз халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі туралы түсінігін қалыптастыру. Мемлекеттің жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының әскері.

Ел қорғаудың ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы түсініктерін кеңейту. Өзінің немерелері мен шөберелерін бейбіт өмірмен қамтамасыз еткен,Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған қазақстан жауынгерлерімен таныстыру.

Жолда жүру ережелері.

Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекіту.

Күтілетін нәтижелер:


- туыстық байланыстар туралы түсінікке ие;

- отбасы мүшелеріне өзінің жақсы көру сезімдерін сөзбен білдіреді;

- заттардың атқаратын қызметін, оларға тән белгілерді түсіндіреді;

- мектепке дейінгі ұйымның бөлмелерінде, жақын мөлтекауданда еркін бағдар жасайды;

- арнайы көлік құралдарының атқаратын қызметін біледі;

- тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін біледі;

- түрлі кәсіп адамдары туралы біледі;

- өзінің ата-анасының еңбегі туралы әңгімелейді;

- түрлі кәсіп адамдарына құрмет көрсетеді;

- туған ел, мемлекеттік және халықтық мерекелер, ел рәміздері, Қазақстан Республикасының Президенті туралы білімдерді меңгерген;

- Қазақстан әскері туралы, Отан қорғаушылар туралы түсінікке ие ;

- Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне құрмет көрсетеді;

- жол қозғалысы ережелерін біледі.

Экология негіздері


Табиғат құбылыстары

Табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту.

Табиғат құбылыстары туралы білімдерін жетілдіру(жел, тұман, найзағай, жаңбыр).

Тірі және өлі табиғат объектілері мен субъектілері арасында себеп- салдарлық байланысты анықтауға үйрету.



Табиғатта өзін ұстай білу ережесі

Табиғатта өзін ұстай білудің қарапайым ережелері туралы білімді жетілдіру.Өсімдіктер мен жануарларға күтім жасау ережелерімен таныстыруды жалғастыру.

Табиғатқа ұқыпты және қамқорлық қатынасқа тәрбиелеу.

Ауаның, судың ластану себептері жайлы білімдерін қалыптастыру.

«Қызыл кітап» (сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар) туралы білімді қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:


- тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын ажырата алады;

- тірі ағза және оның қасиеттері туралы түсініктерге ие;

- табиғат құбылыстары туралы біледі;

- табиғатта өзін ұстай білудің қарапайым ережелерін игерген;

- табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауды біледі;

- ауаның, судың ластану себептері жайлы түсініктерді игерген;

-«Қызыл кітап» туралы түсінікке ие;

- қоршаған ортаның алуан түрлілігін түсінеді;



- өсімдіктердің белгілері мен қасиеттерін, жануарлардың мекендеу ортасын біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет