«Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сөйлеуді дамыту;
- көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: тілдік қарым-қатынас дағдыларын,сөздік қорын, әдеби шығармалар мен халық ауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылығын қалыптастыру.
Міндеттері:
- дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
- халық ауыз шығармашылығына баулу;
- пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту;
- балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеуін дамыту.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Қалыптастыру:
- айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді;
-дыбысқа еліктеу сөздерін қолданып, дауысты дыбыстарды дұрыс айтуды;
-дыбыс аппаратын дамыту, дыбыстарды, сөздерді және сөз тіркестерін дауыстың биіктігін, екпінін, күшін есепке алып, дыбыстарды дәл айтуға.
Сөздік қор
Балаларды үйрету:
- заттардың қасиеттерінің және олармен әрекеттердің атауын айтуды;
- тілдік қарым-қатынасқа, сөйлеу тіліне;
- зат есімдерді, сын есімдерді қолданып, заттарды (киімдер, ыдыстар) сипаттауға.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Балаларды үйрету:
- тәрбиешінің сөзін түсінуге;
- сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге қолдануға;
- зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сөздерді дұрыс айтуды ескере отырып, сөз тіркестерін (сын есім + зат есім, зат есім + етістік) жасай білуге.
Байланыстырып сөйлеу
Балаларды үйрету:
- қарапайым (Кім? Не? Не істейді? және т.б.) және бірте-бірте күрделі (Нені ұстады? Нені әкеледі?) сұрақтарға жауап беруге;
- ертегі, әңгіме, тақпақтарды мұқият тыңдау, олардың мазмұнын түсінуге;
- көркем сөзді эмоциалы қабылдауды;
- балалар әдебиеті шығармаларының бейнесін және мазмұнын түсінуге;
- қысқа тақпақтар мен санамақтарды жатқа айта білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |