- сазбалшықтың кесегін алақан арасына салып илей алады (шар), жоғарғы бөлігін саусақпен басып тереңдету (қуыршақтарға арналған печенье);
- түрлі пішіндерді біріктіру әдісімен заттарды мүсіндейді (саңырауқұлақ);
- мүсінделген пішіндерді өзіне таныс заттармен салыстыра біледі;
- мүсіндеудің техникалық дағдыларын біледі және қолданады;
- халықтық ойыншықтарды қарастыру барысында қуаныш білдіреді, олардың ашықтығын, әдемілігін атап көрсетеді;
- заттармен ұқсастықты табады;
- қуыршаққа арнап әшекейлер жасайды;
- мүсіндеуге арналған құралдар туралы түсініктерге ие;
- орындалған жұмыс туралы әсерлерімен бөліседі;
- жұмыс аяқталған соң қолдарын дымқыл шүберекпен сүрте алады.
Симметриялы пішіндерді орналастыра білуді және жапсырумен сурет салуды кіріктіруді қалыптастыру.