Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет48/192
Дата07.02.2022
өлшемі484,59 Kb.
#86671
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   192

Күтілетін нәтижелер:


- түрлі пішіндерді біріктіру арқылы заттарды фланелеграфта орналастырады (жіпке байланған шар, үйшік);
- дайын сұлбаға элементтерін салып аяқтайды (марғаудың құйрығын салады);
- халықтық ойыншықтарды қарастыруда қуаныш сезімдерін білдіреді, олардың ашықтығын әсемдігін атап көрсетеді;
- бастапқы техникалық дағдыларды біледі және қолданады;
- қағаз бетіне симметриялық пішіндерді орналастыра біледі.

Музыка


Музыка тыңдау
Музыканы тыңдай білуді, таныс әндерді және оларға тән ерекшеліктерін тани білуді қалыптастыру. Музыкалық иллюстрациялармен сүйемелденген әңгімелерді қызығушылықпен тыңдауға баулу.
Музыканы есте сақтау, кейіпкерлерді иллюстрация және әңгіме бойынша тану дағдыларын қалыптастыру.
Ән айту
Ән айтуды уақытында бастап, аяқтау; алға шығып немесе қалып қоймау, кідірісті сақтау.
Әндегі қайталанатын тіркестерді ересектердің дауыс интонациясына салып, айту дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар
Дағдыларын қалыптастыру:
- қол қимылдарын: «шапалақ - шапалақ», аяқ қимылдарын: «топ- топ» орындау, денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу, шеңбер бойымен жүру;
- би қимылдарын: кезекпен аяқты ұшымен, өкшемен қою, орнында тұрып, шеңбер бойымен бір орында , шашыраңқы топылдатып жүру;
- таныс қимылдарды жаңа музыкамен сәйкес есте сақтау, қайталап, игеру;
- ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде үйренген әнді айта отырып, сәйкес қимылдарды қайталау;
- дербес ойындар мен әрекеттер кезінде ойнаған аспаптардан дыбыстар шығаруға талпыну (ересектердің қатысуымен);
- әндерді үйреніп айту және ересектердің қимылдарына еліктеп, қиялдағы аспапта сүйемелдеу;
- түрлі аспаптарда педагогтың орындауындағы және үнтаспадағы әндер мен пьесаларды тыңдау, таныс әндерді қосылып айту, күрделі емес қойылымдарға, ойындарға және хороводтарға қатысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет