Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімді қалыптастыру. Табиғат құбылыстарына қызығушылықты, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Дағдыларды қалыптастыру:
- ауа-райының жағдайын анықтау;
- табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау.
Өсімдіктер әлемі
Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру; бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония және т.б.) олардың айырмашылықтары туралы білімді қалыптастыру
Жануарлар әлемі
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.
Жабайы аңдар мен Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін аңдар туралы ұғымдарды қалыптастыру; табиғат бұрышының тіршілік иелерін бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Табиғат бұрышының тіршілік иелері мен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқарға, қарға, кептер) және жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Құм мен судың қасиеттерімен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |