Сан.
«Көп», «біреу», «бір-бірден», «бір де біреуі жоқ» ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру; екі тең немесе тең емес заттар тобын салыстыра білу; бір топтағы заттарды екінші топтағы заттарға беттестіру және тұстастыру тәсілдерін пайдалану.
Көлем
Екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.
Кеңістікті және уақытты бағдарлау
Кеңістікте және уақыт ішінде бағдарлауға үйрету. Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- «көп», «бір», «бір-бірден», «бірде-біреуі жоқ» түсініктерін біледі;
- ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша бірдей және екі - түрлі заттарды салыстыруды біледі;
- салыстыру нәтижесін сөзбен жеткізеді;
- геометриялық пішіндерді біледі;
- кеңістік пен уақытты бағдарлай біледі (алдында-артында, үстінде- астында);
- оң және сол қолдарын ажырата біледі;
- тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін бағдарлай біледі (күн-түн, таңертең-кеш)
Достарыңызбен бөлісу: |