Мүсіндеу
Затты мүсіндеу
Дағдыларды қалыптастыру:
- балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі таныс заттарды , көкөністер мен жемістерге тән ерекше бөліктерді бейнелеуде барлық қол білектері мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып , мүсіндеуге;
- қарапайым қатынастарды сақтай отырып адам мен жануарлардың пішінін мүсіндеуге үйрету.
- көшеде, үйде және балабақшада көрген заттарын бейнелей отырып, елестету арқылы мүсіндеу.
Олар бақылау жасаған заттардың бейнесін жеткізе білуге, заттарды түрлі қалыпта мүсіндеуге, бейненің жеке шешімін өздігінен табуға үйрету. Сулы шүберекпен пішіннің үстінен тегістеуге және кескішті қолдануға үйрету.
Сәндік мүсіндеу.
Балаларды халық ойыншықтарымен таныстыру, ойыншықтарды мүсіндеуге үйрету. Халықтық ойыншықтар желісі бойынша бейнелер жасауға үйрету. Мүсінді бейнені безендірудің тәсілдерін өз қалауы бойынша таңдауды ұсыну.
Мазмұнды мүсіндеу
Балаларды мүсіндеудің таныс әдістерін қолдануды және заттардың өлшемдік қатынастарын бере білуге жаттықтыру.
Бейненің ерекше қасиетін, адамның қимылын анық көрсетуге, сырт келбетін әдемі безендіруге үйрету.
Кескішпен тұтас бөліктен мүсін жасауға үйрету.
Затты тұғырға орналастыру техникасын қалыптастыру. Біртекті заттардан сюжеттер жасау, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыру.
Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін мүсіндеуге, композиция мазмұнын қосымша заттар мен элементтердің көмегімен мейлінше көркемдеп жеткізуге үйрету.
Біртекті заттардың бейнесін жасаудан, мазмұнға сәйкес әр қилы бейнелерді жасау білімдерін бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
- қарапайым үйлесімділікті сақтай отырып, адам мен жануарлардың пішінін мүсіндей біледі;
- халық ойыншықтары мен керамикалық бұйымдардың желісі бойынша бейнелерді бере біледі;
- заттармен және элементтермен толықтыра отырып, кейіпкерлер мен композицияларға тән бөлшектерді мүсіндейді.
Достарыңызбен бөлісу: