Тақырыбы: реттік санау, санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру. Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі46 Kb.
#92688
Байланысты:
технологиялық карта



Тақырыбы: реттік санау, санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.
Мақсаты:реттік санауды үйрету, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету; санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын түсіну; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды табу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, ойын, практикалық.
Қажетті көрнекі құралдар: көліктер суреті, цифрлар карточкасы, геометриялық фигуралардан құрастырылған көліктер.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

«Жұмбақтың шешуін тап»ойыны 
Тәрбиеші балаларға екі, үш, төрт, беске байланысты жұмбақтар жасырады:
Екі аяғым оны кезек-кезек тебед
Тепкен сайын алысқа желеді.
Тәрбиеші сұрақ қояды:
Жұмбақтарды шешуге қандай сандар көмектесті?

Балалар жұмбақтың шешуін табады. Жұмбақтың шешуі: велосипед.

Екі, үш, төрт, бес.



Ұйымдастырушылық

1-тапсырма.
Тәрбиеші балаларға тапсырма береді:

  • Балалар, гаражға кіріп бара жатқан көліктерді бояңдар. Біріншісін қызыл түспен, екіншісін сарымен, үшіншісін жасылмен.

  • Гаражға барлығы неше машина кірді? Тәрбиеші гараждан шыққан кезде соңғы машинаның бірінші, ал бірінші машинаның соңғы болатынын айтады. Тәрбиеші гараждан шығып келе жатқан көліктерді бояуға тапсырма береді.

  • Жасыл машина гараждан нешінші болып шықты?

  • Ал қызыл ше?

  • Екінші қатардағы сары машина нешінші?

  • Бірінші қатардағы қызыл машина ше?

  • Бірінші қатардагы жасыл машина нешінші?

Сергіту минуты.
Оңга бір қадам,
Солға бір қадам айналып билейміз..
Алға бір қадам,
Артқа бір қадам айналып билейміз..
2-тапсырма.
Тәрбиеші сұрақ қойып, тапсырма береді:
Үшбұрышта неше дөңгелек бар?
- Дөңгелекте неше шаршы бар?
- Шаршы мен дөңгелектегі
фигуралардың саны туралы не айтар
едіңдер?
- Үшбұрыштағы, дөңгелектегі
фигуралар санына сәйкес келетін цифрды бастырып жазыңдар.
3-тапсырма.
Тәрбиеші балалардың назарын үшінші тапсырмаға аударады:
- Ойыншық қандай геометриялық фигуралардан құралған?
- ойыншықта қанша фигура болса,
шаршыға сонша геометриялық
фигураның суретін салыңдар.
- Неше фигура салдыңдар?
4-тапсырма.
Балаларға машиналардың суретін
көрсетеді:
-Балалалр, суретші машиналардың суретін салды. Бірақ басқа затқа
алаңдаймын деп кейбір бөліктерін
салуды ұмытып кетіпті. Жоғарыда
тұрған машинаны мұқият қарап шығып,
төмендегі машиналарға жетпей тұрған
бөлшектерді салып шығайық.



Балалар көліктерді бояйды..

Рефлексиялық - түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған
жұмысқа бағаберу.
Тәрбиеші сабаққа қатысқаны
үшін балаларды мадақтайды.



Балалар өз
жұмыстарын педагогтің
қолындағы үлгімен
салыстырады.



Күтілетін нәтиже:


Қабылдайды: 5 цифрын; реттік санауды; санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын;
Түсінеді: «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беруді, таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыруды.
Қолдана алады: санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет