Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет38/62
Дата11.01.2017
өлшемі4,82 Mb.
#7017
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62


«ӘЛЕУМЕТ» білім беру саласы



«Әлеумет» білім беру саласының базалық мазмұны

- қоршаған ортамен таныстыру;

- экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.



Мақсаты: жалпы адамзаттық құндылықтармен және ережелер негізінде жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

- ересектердің еңбегі, оның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы, жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде құрдастармен және ересектермен өзара қарым-қатынастары туралы білімдерін кеңейту;

- отансүйгіштік сезімдерін, әлемдік қауымдастыққа қатысты сезімдерін тәрбиелеу;

- өзінің еңбегіне, басқа адамдардың еңбегі мен оның нәтижелеріне құндылықты қатынасқа тәрбиелеу;

- құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Қоршаған ортамен таныстыру


Бала, оның отбасы, үйі

Баланың өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау. Баланың туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету.

Балалардың отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді қарастыру, отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым- қатынастарын атау дағдыларын қалыптастыру.

Заттық әлем

Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білу біліктерін жетілдіру.

Білімдерін қалыптастыру:

- таныс емес заттардың қолданысы туралы;

- қоршаған ортадағы заттардың қолданысы, құрылысы, материалы арасындағы байланысы туралы;

- ұлттық киімді дайындау, әшекейлер туралы;

- жүк және жеңіл көлік түрлері туралы;

- жүктің сипаты және белгіленуі машинаның құрылысына тәуелділігі туралы;

- құрылыс мамандықтары және ересектердің еңбегі туралы;

- автомашинаның бөлшектерінің ерекшеліктері, құрылыстағы машиналардың қолданысы туралы білімдерін қалыптастыру.

Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Әртүрлі мамандықтағы адамдар туралы ұғымдарын кеңейту.

Балабақша қызметкерлері мен олардың еңбек әрекеттері жайлы білімдерін жетілдіру. Адамның тұратын үйі туралы білімдерін жетілдіру.

Балабақша, мектеп, ересектердің еңбектері туралы білімдерін жетілдіру.

Қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері , ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.

Біздің еліміздің қорғаны әскер туралы білімдерін қалыптастыру.

Қазақстан республикасының бас қаласы Астана туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру.

Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу.

Мемлекеттік рәміздер туралы (Ту, Елтаңба, Әнұран) білімдерін қалыптастыру.Өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жолда жүру ережесі

Көлік түрлері, жол бөліктері,бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:


- өзі және өзінің жағдайы туралы әңгімелейді;

- отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым- қатынастарын атайды;

- жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атайды;

- таныс емес заттардың қолданысы туралы түсініктерді игерген;

- қоршаған ортадағы заттардың қолданысы, құрылысы, материалы арасындағы байланысты орнатады;

- ұлттық киімнің атрибуттарын және әшекейлерді ажыратады және атайды;

- көліктің түрлерін біледі;

- құрылыс мамандықтары және ересектердің еңбегі туралы түсініктерді игерген;

- адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете біледі;

- қалалардың атауларын, олардың көрікті жерлерін біледі;

- әскердің міндеті туралы түсініктерге ие;

- Қазақстан Республикасының астанасы туралы біледі;

- мемлекеттік мерекелерге қатысады;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет танытады;

- жол бөліктері, бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет