Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер



бет3/4
Дата23.09.2022
өлшемі60,48 Kb.
#150459
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін «Көркем еңбек» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер




  1. Білім беру ұйымдары оқушылардың қалай «білім алуды үйрену» керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, зерделі, дамыған шығармашыл тұлға болу қағидасын ұстанады.

  2. Құндылыққа бағдарланған тәсіл:

1) оқу іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру, оның нәтижелерін алу мен пайдалану белгілі бір құндылықтар тұрғысынан іске асырылады;
2) құндылыққа бағдарлану - бұл белгілі құндылықтарды өзінің белсенділігіне бағдарламалық сапа ретінде таңдаған тұлғаның қабілеті (құндылықтарды бағдарлай алатын) сондай-ақ, өзінің жеке әлеуметтік мағыналы құндылығы ретінде сезіну және қабылдау қабілеті.Құндылықтың мағынасы белгілі қошаған ортада нәтижелі қызмет атқару үшін норманы қалыптастыру ортасында дағдысы, өмір салты және мінез-құлықтың қалпы айқындалады;
3) орта білім берудегі құндылықтардың идеялық негізі – «Мәңгілік ел» ұлттық идея құндылықтары болып табылады. Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрметтеу, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу болып айқындалған.

  1. Іс-әрекеттік тәсіл:

1) оқушылар білімді дайын күйінде емес, белсенді танымдық әрекеттің процесінде өздері меңгеру арқылы алады.Бұл оның ізденуін, интерпретациялауын, сараптауын, әртүрлі ақпарат көздерін жинақтауын және бағалауын, графикалық деректер және басқа да оқыту ресурстарын жобалайды;
2) ұлттық дәстүрлерді, туған өлкенің тарихы мен табиғаты, қоршаған әлемнің түсінігін, оқушылардың заманауи материалдарын, техникаларын және технологиялары негізіндегі әртүрлі көркемдік түсініктерін шығармашылық жұмыстардың өзара әрекетінде білім берудің кіріктіру тәсілін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, оқушылар өзінің оқу іс-ірекетінің мазмұны мен пішінін, оның нормалық жүйесін түсінеді, қабылдайды және сезінеді, жетілдіруіне белсене қатынасып, оның нәтижелі білімді, икемділігі мен дағдысының кеңінен қалыптасуына ықпал етеді.

  1. Тұлғаға бағдарланған тәсіл:

  1. тұлғаға-бағдарланған тәсілдің мақсаты- оқу процесінің дараландырлуы, үйлесімді қалыптасқан және жан-жақты дамыған оқушының тұлғасы болып табылады.Оқу процесінде, жекелеген ерекшелігінің даму әлеуеті мүмкіндігінде оның шығармашылық қабілеті ашылады.

  1. Деңгейлеп оқыту тәсілі:

1) оқушылардың ерекшеліктерінің негізінде оқу топтарына әртүрлі мүмкіндіктер туғызатын мамандандырылған оқу процесі болып табылады. Деңгейлеп оқыту тәсілі арнайы дайындалған құралдардың көмегімен және деңгейлеп оқыту белсенділігінің әртүрлі топтағы оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдісі кіреді;
2) деңгейлеп оқыту жұмысын ұйымдастырудың шарты күрделілік жағынан, танымдық қызығушылығы жағынан, оқытушының тарапынан көмек көрсету жағынан айырмашылығы бар деңгейлік тапсырмаларды қолдану болып табылады.

  1. Білім алудағы коммуникативті тәсіл- екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы сөйлесім әрекетінде, қабілеті және дағдысы процесіндегі ақпаратты хабарлау және білімдерімен алмасуы.Басқа қатысушылармен сұхбаттасу қарым-қатынасы процесінде тіл арқылы ойларымен және идеяларымен алмасу жолында сұхбаттасуды жүргізу қабілеті болып есептеледі. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау және өз бетімен жұмыс істеу мақсатында оқу барысында алдын ала таңдалып алынған байланыс құралдарын пайдалану. Жеке және топтық жұмыс барысындағы оқу процесінде коммуникативтік тәсілге қатысты сұхбаттасу дағдысын қалыптастыратын, өзінің және өзгелердің шығармашылық жұмыстарына сараптау және бағалау жұмыстарын жүргізетін тапсырмалар енгізіледі.

  2. Көркемдік-технологиялық тәсіл:

1) Оқушылардың немесе оқушылар тобының оқу-танымдық іс-әрекеті құралдармен материалдардың қасиеттері, композициялық заңдылықтары, түстану негіздері, құрастыру және модельдеу, көркем еңбек нысандарын дайындаудың технологиялық реттілігі туралы білімдерін шығармашылық өнімге айналдыру үшін бастапқы материалдарды қайта өңдеп қолдануға бағытталған;
2) үйлесімді әдістермен және кезеңдік әрекеттерде, нақты тәсілдермен безендіріліп айқындалған шешімдері және нәтижелері жалпы мақсатпен сипатталады.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және қарым-қатынаста технологияларды сенімді және шығармашыл түрде қолдана білуін қамтамасыз етеді;
2) оқушылар ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтерімен, ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану, өз жұмысын жүзеге асыру арқылы білім беру бағдарламаларының барлық пәндері бойынша өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады;
3) «Көркем еңбек» пәні бойынша оқу бағдарламасында:
көркем жұмыстарын жасауда компьтерлік-сандық технологияларды қолдану;
Интернеттен және дерекқордан ақпараттар іздеу (сандық және интернеттен алынған дәйектерді маңызына қарай табу, таңдау, өңдеу); 
белгілі мақсаттар және нақты аудитория үшін түрлі дереккөздерінен алынған материалдар кіретін слайд презентацияларын жасау дағдыларын дамыту; 
басқа оқушылармен шығармашылық жұмыс жасау үшін ақпарат алмасу, хабарлама жіберу, ынтымақтастық құру;
белсенді оқытуға техникалық қолдау жасау үшін интерактивті тақтаны пайдалану. 

  1. Берілген тәсілдерді жүзеге асыру:

1) олардың әрі қарай дамуы мақсаты үшін әр оқушының ойын құрметтеу және осыған дейінгі алған білімі мен түсінігінің маңыздылығын мойындау;
2) мұқият таңдалған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлерінің көмегімен оқушылардың уәждік және дамыта оқытылуы;
3) оқушыларға түсінікті мысалдардың негізінде стратегиялық мәселелердің шешімдерін моделдеу;
4) оқушылардың жеке, топтық және ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
5) «оқыту үшін бағалау» арқылы оқушылардың білім алуына қолдау көрсету;
6) шығармашылық орта құру мақсатында әртүрлі тәсілдермен оқытуды дифференциациялау
7) пәнаралық байланыстарды дамыту және қолдау;
8) оқушылардың зерттеушілік әрекеттеріне негізделген белсенді білім алуын мадақтау;
9) шығармашылық іс-әрекеті процесіне белсенді қатысу: оқу іс-әрекеті процесіндегі шығармашылық жұмыстарын бағалау және талдау, құру, бақылау зерттеу, жүргізу; 
10) оқушылардың бойындағы сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі бағалау және бір-бірін бағалау қабілетін дамыту;
11) оқушылардың шығармашылық әрекеттерін одан әрі ынталандыру үшін идеялары мен жұмыстарына презентация жасау (ұсыну) арқылы іске асырылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет