Курс «Жалпы медицина» студенттерінің акушерия және гинекология пәні бойынша кезеңдік емтиханның тәжірибелік дағдыларының тізімі



бет1/9
Дата25.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#175428
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Улжан ауызша гинекология



4 курс « Жалпы медицина» студенттерінің акушерия және гинекология пәні бойынша 2 кезеңдік емтиханның тәжірибелік дағдыларының тізімі.



  1. Іш айналымы мен жатыр түбі биіктігін өлшеу әдістері.

№ р/с

Қадам орындалу критериі.

Балл бойынша бағасы

0 - 0,1 орындалған жоқ

0,2 - 0,3 ескертулер мен орындалды.

0,4 - 0,5 толық орындалды.

1

Дәрігер қолын дайындауы.










2

Жүкті әйелді дайындау және жатқызу.










3

Ішті қарау.










4

Іш айналымын өлшеу










5

Жатыр түбі биіктігін өлшеу.










6

Алынған мәліметтерді итерпретациялау










7

Биялайларды утилизациялау










8

Коммуникативті дағды













ҚОРЫТЫНДЫ:










Зерттеу мақсаты: Жүктіліктің дамуын динамикалық бақылауАлынған мәліметтер бойынша ұрық салмағын болжамды анықтау.

Ресурс: сантиметрлік лента, кушетка.

Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Әйелге зерттеу туралы айтыңыз және қуығын босатуын ескертіңіз.


  2. Әйелді кушеткаға аяқтарын жазып жатуын айтыңыз.


  1. Сантиметрлік лентаны алып ұшын кіндік тұсына қойып, қалған бөлігін айналдырып алып келіңіз.


  2. Алынған өлшемді белгілеңіз.


  3. Сантиметрлік лентаның ұшын қасаға сүйекке қойыңыз және жатыр түбіне дейін жатыр бойымен өлшеңіз. Алынған мәліметті тіркеңіз..


  4. Әйелдің кушеткадан тұруына көмектесіңіз.


  5. Қолыңызыд жуыңыз..


  6. Алынған мәліметтерді медициналық құжаттарға тіркеңіз.




Ескерту: жатыр түбі мен іш айналымын өлшеу жүктіліктің тек 20 аптасынан бастап өлшенеді

  1. Леопольд әдісі.****

№ р/с

Қадам орындалу критериі.

Балл бойынша бағасы

0 - 0,1 орындалған жоқ

0,2 - 0,3 ескертулер мен орындалды.

0,4 - 0,5 толық орындалды.

1

Дәрігер қолын дайындауы.










2

Жүкті әйелді дайындау және жатқызу.










3

Леапольд – Ливицскийдің бірінші әдісімен жатыр түбіне орналасқан ұрықтың ірі бөлігін анықтаймыз.










4

Леапольд – Левицкийдің екінші әдісімен ұрықтың орналсуын, позициясын, түрін анықтаймыз.










5

Леапольд – Левицскидің үшінші әдісімен ұрықтың алда орналасқан бөлігін анықтаймыз.










6

Леапольд – Левицскидің төртінші әдісімен алда орналасқан бөліктің кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтаймыз.










7

Биялайларды утилизациялау










8

Коммуникативті дағды













ҚОРЫТЫНДЫ:










Леопольд-Левицкий тәсілі.
Әйелді кушеткаға шалқасынан жатқызып, акушер оң жағында бетпе-бет тұрады. Әйелдің тізе буынында аяғы бүгілген.

Леопольд-Левицкийдің бірінші тәсілі - екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып, саусақтарды жақындастырады. Бұл жағдайда жатырдың деңгейін, оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Әдетте жатыр түбінде нәрестенің жамбасы орналасады. Ол нәрестенің басымен салыстырғанда ірілеу, жұмсақ, жазықтау болып келеді.


Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілі - екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай төмен ығыстырып, жатырдың қабырғаларына қояды. Бұл әдістің көмегімен жатырды қолмен сипап, оның жазықтау сезілген қабырғасында нәрестенің арқасы, ал бұдырлау болған қабырғасында майда мүшелері орналасқанын анықтауға болады. Нәрестенің арқасы мен мүшелерінің орналасу бағытына қарай, оның позициясы мен түрін анықтайды.


Леопольд-Левицкийдің үшінші тәсілі – жүкті әйелдің оң жағынан бетпе-бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып, сол жерде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Тығыз, дөңес, қозғалмалы болса, ол нәрестенің басы.
Леопольд-Левицкийдің төртінші тәсілі – бұл үшінші тәсілдің жалғасы және оны толықтырады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағына орнықтырып, саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан нәресте бөлігін, оның кіші жамбас қуысына қатынасын анықтайды.



  1. Ұрық жүрек соғысының аускультациясы.

№ р/с

Қадам орындалу критериі.

Балл бойынша бағасы

0 - 0,1 орындалған жоқ

0,2 - 0,3 ескертулер мен орындалды.

0,4 - 0,5 толық орындалды.

1

Дәрігер қолын дайындауы.










2

Жүкті әйелді дайындау және жатқызу.










3

Ұрық жүрек соғысын тыңдауға керек құралдар.










4

Ұрық жүрек соғысын тыңдау фокусын анықтау.










5

Ұрық жүрек соғысын тыңдау.










6

Алынған мәліметтерді итерпретациялау










7

Биялайларды утилизациялау










8

Коммуникативті дағды.













ҚОРЫТЫНДЫ:










Зерттеу мақсаты: ұрықтың жүрек соғысының жиілігін анықтау.

Ресурс: акушерлік стетоскоп, секундомер, кушетка.

Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Әйелге зерттеу туралы айтыңыз.


  2. Әйелге кушеткаға аяқтарын жазып жатуын айтыңыз.


  3. Сыртқы акушерлік тексеріс (Леоаольд-Левицкий тәсілін қараңыз) ұрықтың позициясын, түрін анықтаңыз.


  4. Ұрықтың жүрек соғысын оның арқа тұсында, әйелдің құрсақ бөліміне стетоскопты тереңірек орналастыра тыңдаңыз. Қажет болғанда стетоскопты ұрықтың жүрек соғысын тапқанша қолғалтуға болады.


  5. 1 минутта болатын жүрек соғысын анықтаңыз


  6. Қосымша әйелдің де пулсін қатар есептеп отырыңыз, себебі ұрық жүрек соғысымен шатасып кетуі мүмкін.


  7. Алынған мәліметті белгілеңіз.


  8. Әйелдің кушеткадан тұруына көмектесіңіз


9.Қолыңызды жуыңыз.



  1. Стетоскопты дез.ерітіндімен өңдеңіз.


  2. Алынған мәліметтерді медициналық құжатқа енгізіңіз.






  1. Болжам босану күні мен ұрықтың болжам салмағын анықтау.

№ р/с

Қадам орындалу критериі.

Балл бойынша бағасы

0 - 0,1 орындалған жоқ

0,2 - 0,3 ескертулер мен орындалды.

0,4 - 0,5 толық орындалды.

1

Болжам босану күнін соңғы етеккірі, овуляциясы, І қозғалуы, ЖТБ,УДЗ бойынша анықтау.










2

Газе формуласы.










3

Скульский формуласы.










4

Болжам босану күнін соңғы етеккірі, овуляциясы,УДЗ бойынша анықтау.










5

Жордания формуласы бойынша ұрықтың болжам салмағын анықтау.










6

Якубова формуласы бойынша ұрықтың болжам салмағын анықтау.










7

Ланков формуласы бойынша ұрықтың болжам салмағын анықтау..










8

Джонс формуласы бойынша ұрықтың болжам салмағын анықтау.














ҚОРЫТЫНДЫ.










  1. .Ұрықтың мүшелердің жатуын, орналасуын, түрін, позициясын анықтау.

№ р/с

Қадам орындалу критериі.

Балл бойынша бағасы

0 - 0,1 орындалған жоқ

0,2 - 0,3 ескертулер мен орындалды.

0,4 - 0,5 толық орындалды.

1

Дәрігер қолын дайындауы.










2

Жүкті әйелді дайындау және жатқызу.










3

Ұрық мүшелерінің жатуын анықтау.










4

Ұрықтың орналасуын анықтау.










5

Ұрықтың түрін анықтау.










6

Ұрықтың позициясын анықтау.










7

Ұрықтың алдыңғы бөлігін анықтау.










8

Биялайларды утилизациялау













ҚОРЫТЫНДЫ:










Нәрестенің жатырдағы қалпын фантомда көрсету
Қалыпты жағдайда нәрестенің денесі бүгіліп, басы көкірегіне иіліп, аяқтары – жамбас, сан және тізе буындарында бүгіліп, ішіне қарай жиырылып, қолдары көкірек тұсында айқасып жатады. Нәрестенің сырт пішіні, есеппен аяғымен 20-25 см-ге тең.
Нәрестенің қалпы – нәрестенің ұзынша өсінің, жатыр ұзынша өсіне қатысы. Нәресте жатырда ұзынша, көлденең, қиғаш жатуы мүмкін.
Ұзынша орналасуда – жатырмен нәрестенің ұзынша осьтері бір-біріне сай келеді. Көп жағдайда 99%-да нәресте ұзынша, басымен төмен жамбастың кіреберіс жазықтығына қарай орналасады.
Көлденең орналасуда – нәрестенің ұзынша өсі жатырдың ұзынша өсімен тік бұрыш жасай орналасады.
Қиғаш орналасуда – нәрестенің ұзынша өсі жатырдың ұзынша өсімен үшкір бұрыш жасай орналасады. Нәрестенің қиғаш жатуы тұрақты емес, босану кезеңдерінде ұзынша немесе көлденең жату қалпына ауысуы мүмкін.

Нәрестенің бағыты (positio) – нәресте арқасының жатырдың оң және сол қабырғасына қатынасы.


І-ші позицияда нәресте арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына; ІІ-ші позицияда жатырдың оң жақ қабырғасына қарап орналасады.

Нәрестенің түрі – алдыңғы және артқы түрлері бар. Егер нәрестенің арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасына қарап орналасса, оны алдыңғы; ал артқы қабырғасына қарап орналасса, оны артқы түрі деп атайды.


Нәрестенің жатуы деп оның ең ірі мүшелерінің жамбастың кіреберіс жазықтығына қатынасын айтады. Мысалы, егер жамбастың кіреберіс жазықтығында нәрестенің жамбасы жатса, нәресте жамбасымен; егер басымен жатса нәресте басымен жатыр дейді.


Алғашқы бөлік деп нәрестенің жамбас қуысына жақын жатқан және босану жолдарынан бірінші болып өтетін бөліктерін айтады. Мысалы, жамбас қуысына бас жақын жатқан жағдайда, босану жолдарынан бірінші желке, төбе, маңдай, бет бөліктері туылады. Осыған байланысты жатушы бөлігі шүйде, төбе немесе бөксе деп есептеледі.


Бастың орнығуы – төбе жігінің шат пен сегізкөз мүйісіне қатысы. Егер төбе жігі шат пен сегізкөз мүйісінен бірдей қашықтықта орналасса, оны синклитикалық, ал бірдей қашықтықта орналаспаса, оны асинклитикалық орнығуы деп атайды.


Нәрестенің басымен орнығуы


Көп жағдайда (95%-да) бас шүйде сүйегімен туылады. Шүйде сүйегімен алға (симфизге) немесе артқа (сегізкөзге) қарап туылуы мүмкін.

Нәресте басының шалқая орнығуы: төбесімен, маңдайымен, бетімен орналасуы мүмкін.


Төбесімен орнығуы – бұл шүйде сүйегінің артқы түрінің варианты, нәресте басы шамалы ғана шалқаяды, иек көкіректен алыстау, алып жүру нүктесі үлкен еңбек.
Маңдайымен орнығуы – нәресте басы едәуір шалқаяды, жамбас жазықтығына маңдай орналасады, босану кезеңдерінде бұл түрі бетпен жату түріне ауысуы мүмкін.
Бетімен орнығуы – нәресте басы қатты шалқаяды, шүйде мен арқасы бірігіп, жамбас жазықтығында бет орналасып, алып жүру нүктесі иек болады.

  1. Жаңа туған нәрете басының өлшемдерін өлшеу.

№ р/с

Қадам орындалу критериі.

Балл бойынша бағасы

0 - 0,1 орындалған жоқ

0,2 - 0,3 ескертулер мен орындалды.

0,4 - 0,5 толық орындалды.

1

Дәрігер қолын дайындауы.










2

Үлкен және кіші еңбекті анықтау.










3

Кіші қиғаш өлшемі










4

Орта қиғаш өлшемі.










5

Үлкен қиғаш өлшемі.










6

Вертикальді өлшемі










7

Тік өлшемі.










8

Бастың көлденең өлшемдері..













ҚОРЫТЫНДЫ.










Қолды дәрігер хирургиялық жолмен дайындайды.
Палпациялап алдыңғы (үлкен )еңбек fonticulus anterior сырт пішіні ромб секілді,тақ төбеде,маңдай және екі төбе сұйектерінің арасында орналасқан.
\\Артқы (кіші) еңбек fonticulus posterior пішіні үшбұрышты,шүйде мен төбе сүйегі арасында орналасқан
\\Кіші қиғаш өлшем (diameter suboccipitobregimenticus) ол шүйде ойығынан үлкен еңбектің алдыңғы шегіне дейін 9,5 см ,айналымы 32 см
\\Орта қиғаш өлшем (diameter subocciptiofrontalis ) шүйде ойығынан маңдай шашпен ұштасқан жерге дейін 10 см ,айналымы 33 см.
\\Үлкен қиғаш өлшем (diameter mentooccipitalis) иек пен шүйде бұдырмасының арасы 13-13,5 см,айналымы 38-42 см.
\\ Вертикальді өлшемі (diameter verticalis) төбенің ең шығыңқы жерінен тілшік астына дейін 9,5-10 см айналымы 32 см
\\Тік өлшем (diameter frontooccipitalis) кеңсірік пен шүйде бұдырмағының арасы 12 см,айналымы 34 см\
\Бастың көлденең өлшемдері:Үлкен көлденең өлшем (biparietalis ) төбе сүйектерінің шығыңқы жерінің ең алыс аралығы 9,5 см ;
Кіші көлденең өлшем (diameter bitemporalis) самай жігінің ең алыс аралығы 8 см\\



  1. Пельвиометрия жүргізу.

№ р/с

Қадам орындалу критериі.

Балл бойынша бағасы

0 - 0,1 орындалған жоқ

0,2 - 0,3 ескертулер мен орындалды.

0,4 - 0,5 толық орындалды.

1

Дәрігер қолын дайындауы.










2

Жүкті әйелді дайындау және жатқызу.










3

Пельвиометриялық құралдар.










4

Үлкен жамбас өлшемдері.










5

Кіші жамбас өлшемдері.










6

Михаельс ромбысын өлшеу.










7

Шынайы конъюгатаны өлшеу.










8

Биялайларды утилизациялау.













ҚОРЫТЫНДЫ:












Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет