Гравидограмма- жүкті әйелдің әр қаралуы сайын жүргізілетін жүктілік ағымының динамикасы көрсетіліп жазылатын кесте. Гравидограмма алмасу картасына бекітілуі тиіс.
Гравидограммада жатыр түбінің биіктігі және соған сәйкес жүктіліктің аптасы белгіленеді. Жатыр түбінің биіктігін 20-шы аптасынан бастап босанғанға дейін әрбір қаралуы сайын өлшеп отырады. Өлшеуді сантиметрлік лентамен пальпация әдісі арқылы орындайды. Сантиметрлік лентамен қасағаның жоғарғы қырынан бастап жатыр түбінің биіктігіне дейінгі арақашықтық өлшенеді. Қалыпты бір ұрықты жүктілікте арақашықтық жүктіліктің 24 аптасынан бастап нәрестенің гестациялық мерзіміне сәйкес келуі мүмкін.
Жүкті әйелді қарау кезінде жатыр түбінің биіктігін өлшеп, оны вертикальды осьте бір нүктемен белгілейді. Горизонтальды осьте сол келген кездегі жүктілік аптасын белгілеп, сосын екі нүктені бірге қосады. Осылай әрбір қаралуда жасайды. Нәтижесінде сәйкесінше графикалық қисық сызық пайда болады.
Гравидограммада арнайы қалыпты интервалдармен белгіленген қисық сызық болады. Жүкті әйелдің өлшемдерінен алынған сызық бұл сызықтан ауытқыса, бұл ұрық дамуында белгілі бір ақау бар екендігіне күдік туғызады. Егер қисық сызық нормадан асса, онда ол ұрықтың үлкен массасын(мысалы анасы қант диабетімен ауыратын болса), көпұрықтық және суы көп екенін көрсетеді. Ал егер нормадан төмен болса, ұрық дамуының баяулауын көрсетеді. Осындай жағдайлар анықталса дәрігер диагнозды нақтылау үшін ары қарай басқа қосымша зерттеулерге жібереді.
Креде-Лазаревич әдісі.
№ р/с
Қадам орындалу критериі.
Балл бойынша бағасы
0 - 0,1 орындалған жоқ
0,2 - 0,3 ескертулер мен орындалды.
0,4 - 0,5 толық орындалды.
1
Көрсеткіш және қарсы көрсеткіш.
2
Дәрігер қолын дайындау.
3
Босанған әйелді дайындау
4
Жатырдың сыртқы массажы.
5
Жатырды ортаңғы қалыпқа келтірі.
6
Қолын орналастыру және жатырды ұстау.
7
Бала жолдасын сығуы.
8
Бала жолдасының бүтіндігін тексеру мен қан кетуді көлемін анықтау.
Қорытынды:
Көрсеткіштері:нәресте туылғаннан кейін 30 мин ішінде плацентаның бөліну белгілері болмауы;мөлшерден тыс қан кету,жатырдың гистопатиялық жағдайында жатырды тез босату қажеттілігі;
Қарсы көрсеткіштер –таба алмадым
\\2.Қолын дайындау –хирургиялық\\
3.Әйелге процедураны түсіндіру,катетер арқылы қуығын босату.\\
4. Жатырдың сыртқы массажын жасау\\
5. Жатырды ортаңғы қалыпқа келтіру\\
6,7.Босанған әйелдің сол жағынан (бетімен аяғына бұрылып) түрып,оң қолдың бас бармағын жатырдың алдыңғы қабырғасына ,төрт саусақты артқы қабырғасына,алақанды жатыр түбіне орналастырып ,осыдан кейін жатыр түбін алға ,төмен басып бала жолдасын тудырады.\\
8.Дәрігер бала жолдасының бөліктері мен қағанақ қабықшаларын түгелдеуі қажет.Плацентаның аналық және ұрықтық бетінің бүтіндігін тексеру.Егер жатыр қуысында бала жолдасының бөліктері қалса,онда жатыр қуысын қолмен тексереді ,босану жолдарын арнайы қынаптық айнамен қарап ,жарақаттанған жерлерге жіп салады.3 кезеңде жатыр қуысынан қан кетеді ,қан кету мөлшері 300-500 мл ден аспайды.
Қан кету мөлшерімен бала жолдасының бүтіндігін анықтау.
№ р/с
Қадам орындалу критериі.
Балл бойынша бағасы
0 - 0,1 орындалған жоқ
0,2 - 0,3 ескертулер мен орындалды.
0,4 - 0,5 толық орындалды.
1
Қолды дайындау.
2
Босануда физиологиялық қан кету. Қан кетуді бағалау әдістері.
3
Бала жолдасының лотокта орналасуы.
4
Қабықшаларды және қалған кіндікті қарау.
5
Қағанақ қабының бүтіндігін бағалау.
6
Плацентарлық тінді қарау.
7
Плацентарлық тіннің түтастығын, түсін, петрификаттардың барлығын және үзілген тамырларды бағалау.
8
Бала жолдасының салмағын және көлемін өлшеу. Босану тарихына мәліметтерді еңгізу.
Қорытынды.
Қан кету мөлшерімен бала жолдасының бүтіндігін анықтау.
1.Қолды дайындау.
2.Босану кезіндегі физиологиялық қан кету- 3 кезеңде 250мл ден аспауы керек,дене салмағының 0.5% аспауы керек, 250-400мл шекаралары қан кету,400мл жоғары патологиялық қан кету болады. Қан кетудің бағалау әдістері- көз мөлшерімен анықтау, гематокрит деңгейінің төмендеуі, гравиметриялық әдіс- операция материалдық өлшеу, өлшемі бірліктері бар лотокпен өлшеу.
3. Бала жолдасын лотокта аналық жағымен төмен орналастырамыз.
4. Бала жолдасының қағанақ қабықшасын және кіндік бауды қарап тексереміз,бүтіндігін бағалаймыз.
5. Қағанақ қабының бүтіндігін бағалаймыз. Жыртыластар бар ма жоқ па қараймыз.
6.Плацентарлфқ тінді қараймыз.
7. Плацентарлық тінде екі артерия бір вена барын, қалдықтар жоғын, түсі- қою қызыл екенін айтамыз.
8.Бала жолдасының салмағы-500-700 гр, көлемі- 23 см, қалыңдығы 3см. Мәліметтерді босану тарихында, партограмма артына жазамыз.