Зерттеу мақсаты: жамбастың сыртқы өлшемдерін анықтау.
Ресурс: кушетка, тазомер.
Іс-әрекет алгоритмі.
Әйелге зерттеу қажеттігін түсіндіріңіз.
Әйелді аяқтарын жазып, арқасымен кушеткаға жатуын айтыңыз.
Әйелдің оң жағына оның бетіне қарап тұрыңыз.
Тазомер шкаласының жоғары қарап тұруына мән беріп ұстаңыз.
Сұқ саусақтармен өлшенетін нүктелерді тауып алыңыз және тазомер түймешелерін сол нүктелерге орналастырып, араларын өлшеуді бастаңыз.
Мықын сүйектерінің алдыңғы–жоғарғы қырлары (Distancia spinarum) 25-26 см.
Мықын сүйектерінің ең алшақ нүктелері (Distancia cristarum) 28-29 см.
Жамбас сүйектерінің ұршық ойығына бекінген нүктелері (Distancia trochanterica) 30-31 см.
Кіші жамбас өлшемдері
Михаэлис ромбысы
Сыртқы конъюгатаны (Conjugate externa) өлшеу үшін әйелді бір жақ қырымен жатқызып, төмен жатқан аяғын бүгуін, ал доғарғы аяғы жазық болуын айтыңыз. Тазомер түймешелерінің біреуін қасаға сүйектің жоғарғы қырына, екіншісін сегізкөз ойығына қойыңыз. Бұл аралықтың өлшемі 20-21 см.
Шынайы конъюгатаны анықтау үшін сыртқы конъюгата өлшемінен 9 санын алып тастау керек. Сонда ішкі конъюгата өлшемі 11-12 см-ге тең.
Қолыңызды жуыңыз..
Алыеған мәліметтерді медициналық документацияға тіркеңіз.
Тазомерді дез.ерітіндімен өңдеңіз..
Шүйдемен келудің алдыңғы түрінің босанудың биомеханизмі.
№ р/с
|
Қадам орындалу критериі.
|
Балл бойынша бағасы
|
0 - 0,1 орындалған жоқ
|
0,2 - 0,3 ескертулер мен орындалды.
|
0,4 - 0,5 толық орындалды.
|
1
|
Босану биомеханизмін анықтау.
|
|
|
|
2
|
Беку нүктелері мен кіші жамбас өлшемдерімен жарып шығу нүктесін анықтау.
|
|
|
|
3
|
Қуыршақтың фантомда орналасуы.
|
|
|
|
4
|
Бастың орналасуы (I негізгі моменті). Бастың бүгілуі(І моменттің қосымшасы).
|
|
|
|
5
|
Бастың түсуі (IIнегізгі момент). Ішкі бүгілуі (II моменттің қосымшасы).
|
|
|
|
6
|
Бастың кесіп және жарып шығуы (III негізгі момент). Бастың жазылуы (III моменттің қосымшасы).
|
|
|
|
7
|
Бастың сыртқы бұрылысы.
|
|
|
|
8
|
Иықтың және дененің туылуы.
|
|
|
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ:
|
|
|
|
Шүйде сүйегінің алға қарап туылуындағы босану механизімі.
Нәресте басы жыныс ернеуінен кіші қиғаш өлшемімен туылады ( ол өлшем- 9,5см, айналымы-32 см)
Беку нүктесі- шүйде шұнқыры:
Жетекші нүкте – кіші еңбек.
Леопольдтің 4 тәсілі.
Шүйденің алға қарап туылуы 4 негізгі, 3 қосымша кезеңнен тұрады.
1-Негізгі кезең –жамбастың кіреберіс жазықтығына бастың орнығуы. Нәрестенің басы өзінің төбе жігімен жамбастың кіреберіс жазықтығының көлденең немесе қиғаш өлшемінің біріне сәйкес келеді және төбе жігі сегізкөз мүйісі мен шат сүйегінің арасында бірдей қашықтықта орналасады. Қосымша кезең – бас бүгіліп, нәрестенің иегі көкірегіне жақындайды, кіші еңбек үлкен еңбекке қарағанда төмен жатады. Кіші еңбек – жетекші нүкте болады.
2-Негізгі кезең – бастың жамбас қуысына түсуі. Нәрестенің басы жамбас қуысының кең және тар жазықтықтарынан өте отырып, біртіндеп ішкі бұрылысын жасайды ( қосымша кезең). Шүйде шат сүйегіне бұрылып, бас жамбас қуысының түбіне төмен түседі. Осы кезде бастың төбе жігі жамбастың шыға беріс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді.
3-Негізгі кезең – нәрестенің басы жыныс ернеуін толық жарып шығып, шүйде шұңқыры қасаға доғасына тірелгенде, бекіту нүктесі пайда болады, нәресте басы шалқаяды (қосымша кезең). Жыныс ернеуінен ең алдымен төбесі, маңдайы, беті, иегі шығады. Бұл кезеңде нәресте басы жыныс ернеуінен кіші қиғаш өлшемімен туылады.
4-Кезең – иықтың іштей, бастың сырттай бұрылуы. Бас туылғаннан кейін не оңға, не солға бұрылады, оның бұрылуы нәрестенің орналасу бағытына байланысты. Егер нәресте бірінші бағытта орналасқан болса, оның беті анасының оң санына, екінші бағытта орналасқан болса сол санына бұрылады.
Осы кезде нәресте иығының іштей бұрылуы аяқталады, алдыңғы иық шаттың төменгі жиегіне, артқы иық құйымшаққа тіреледі. Алдымен артқы иық босап, омыртқалардың бүгілуінен кейін алдыңғы иық жыныс ернеуіне шығады. Осыдан кейін нәресте денесі толық туылады.
Партограманы толтыру.
№ р/с
|
Қадам орындалу критериі.
|
Балл бойынша бағасы
|
0 - 0,1 орындалған жоқ
|
0,2 - 0,3 ескертулер мен орындалды.
|
0,4 - 0,5 толық орындалды.
|
1
|
Паспорттық бөлімді толтыру.
|
|
|
|
2
|
Жатыр мойнының ашылуын тіркеу.
|
|
|
|
3
|
Толғақ күшін тіркеу.
|
|
|
|
4
|
Ұрық басын жылжуын тіркеу.
|
|
|
|
5
|
Ұрық жүрек соғысын тіркеу.
|
|
|
|
6
|
Қағанақ суының сапасын тіркеу.
|
|
|
|
7
|
Ұрық басының конфигурациясын тіркеу.
|
|
|
|
8
|
Босанушы әйелдің жағдайын тіркеу.
|
|
|
|
|
Қорытынды:
|
|
|
|
Партограмма.
«Физиологиялық босану хататмасына қосымша. ҚР ДСМ 07.04.2010 ж.».
Физиологиялық босануды бақылап тіркейтін құжат деп есептеледі.
Әйел туралы мәлімет: Ф.И.О., жүктілік жіне босану саны, босану тарихының нөмірі, босану бөліміне түсен дата және уақыты, қағанақ суының кеткен уақыты.
Окситоцин: тағайындалғанда оның көлемі, концентрациясы, 1 минутта енгізілген дозасы жазылады.
Жатыр мойнының ашылуын тіркеу.
Жүкті әйел толғатып түскен соң, қынаптық тексеру жасалады. Жатыр мойны ашылуы қанша см болғаны және ұрық басының түсуі анықталады. Жатыр мойнының ашылу дәрежесін тіркейміз.
4 см дейін жалған толғақ.
4-6 см латентті фаза.
6-10 см активті фаза.
Толғақ күшін тіркеу.
10 минуттағы толғақ санын және күшін анықтаймыз.
Толғақ 20 сек дейін болса әлсіз деп, нүктемен белгіленеді, қанша толғақ болса сонша клетка толтырылады.
20-40 сек болса орташа деп, клетка іші штрихталады, қанша толғақ болса сонша клетка толтырылады.
40 секундтан ұзаққа созылса, күшті толғақ делініп, клетка іші толықтай боялады. Қанша толғақ болса сонша клетка толтырылады.
Әрбір жарты сағ сайын.
Ұрық басының жылжуын тіркеу.
Бала басының түсуі: бала басының түсуін алдымен сыртқы құрсақ бөлімі арқылығ кейін қынаптық тексеруде анықталады:
5/5 – бала қасаға сүйектен 5 көлденең саусақ биік тұр-жамбас кіреберісінде;
4/5 - бала қасаға сүйектен 4 көлденең саусақ биік тұр – жамбасқа бекіді;
3/5 - бала қасаға сүйектен 3 көлденең саусақ биік тұр – қасаға үстінде бала басы пальпацияланады.
2/5 - бала қасаға сүйектен 2 көлденең саусақ биік тұр – қасаға үстінде бала басының кіші бөліктері анықталады.
1/5 – бала басы кіші жамбас астауында
Ұрықтың жүрек соғысын тіркеу.
Нәрестенің жүрек соғысының жиілігі: әр 30 минутта тіркеледі
(тыңдалады ірбір 15 минутта) – нүктемен белгіленеді-.
Қағанақ суының сапасын тіркеу.
Қағанақ суының сапасы келесідей:
«ц» целый – қағанақ суы кетпеген дегенді білдіреді.
«п» немесе «с» прозрачный, светлый – қалыпты қағанақ суы.
«к» кровь – қан аралас қағанақ суы.
«м» меконий – жасыл түсті қағанақ суы.
Қалыпты жағдайда «ц», «с, п» болуы керек.
Ұрық басының конфигурациясын тіркеу.
Ұрықтың төбе сүйектері қосылмаған – 0
Ұрықтың төбе сүйектері қосылған - ++
Ұрықтың төбе сүйектері мінгескен - +++
Босанушы әйелдің пульсы, қан қысымын тексеріп тіркеу.
Дәрілер тағайындау: қосымша берілген кез-келген дәрі тіркеледі.
10.
Пульс: әрбір 30 минут сайын нүктемен белгіленеді -.
11.
Артериалды қысым: әрбір 4 сағат сайын тіркеледі.
12.
Температура: Әрбір 4 сағат сайын.
13.
Протеин (белок), ацетон және зәр көлемі: әрбір кіші дәретте тіркеледі.
Босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу.
№ р/с
|
Қадам орындалу критериі.
|
Балл бойынша бағасы
|
0 - 0,1 орындалған жоқ
|
0,2 - 0,3 ескертулер мен орындалды.
|
0,4 - 0,5 толық орындалды.
|
1
|
Дәрігер қолын дайындау.
|
|
|
|
2
|
Метроррагияның профилактикасы.
|
|
|
|
3
|
Қолды орналастыруы.
|
|
|
|
4
|
Бала жолдасын белсенді шығару – тракциясы.
|
|
|
|
5
|
Жатырға бақылау қысымы. Бала жолдасын шығаруы.
|
|
|
|
6
|
Жатырдың сыртқы массажы.
|
|
|
|
7
|
Бала жолдасының бүтіндігін тексеру. Кеткен қан көлемін анықтау.
|
|
|
|
8
|
Босанған әйелдің жалпы жағдайын бағалау.
|
|
|
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ.
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |