Бағдарламасы Түсінік хат Өлкетану саласындағы «Ел шежіресі жер шежіресі»



Дата31.01.2018
өлшемі212,39 Kb.
#37249
түріБағдарламасы
«Ел шежіресі – жер шежіресі»

(қолданбалы курс бағдарламасы)

І санатты тарих пәнінің мұғалімі: А. Борангалиева
Атырау облысы

Индер ауданы

Есбол ауылы

Кулагино орта мектебі

«Ел шежіресі – жер шежіресі»

(қолданбалы курс бағдарламасы)


Түсінік хат
Өлкетану саласындағы «Ел шежіресі – жер шежіресі» авторлық бағдарламасын жазудағы басты мақсат 10-11 сынып аралығындағы оқушылардың тарихи танымдарын өлке тарихындағы әйгілі тұлғалар туралы білімдерін тереңдете түсу мақсатында қосымша деректер мен көркем шығармаларға бағыт бағдар беру арқылы қоғамның саяси әлеуметтік, мәдени рухани ахуалын жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы толықтыру.

Дала абыздары Асан қайғы мен қазтуған қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған жерұйықты, бақыттың бесігін ұлы су –Жайықтан іздеді. Дәл осы Жайықтың жағасы сарайшықта-Алтын орда мен алғашқы қазақ хандығы орталығының қоныс теуіп, Ұлы Жібек жолының күре тамыры болуы кездейсоқ құбылыс емес. Алайда, өзгермес бір ақиқат бар.Ол-Атырау бәріміз үшін де қасиетті мекен, қастерлі топырақ. Әрбір азамат оның тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, ең бастысы –адамын қадірлеп, өткенін сыйлай, бүгінгісін сезіне, келешегін қорғай білгені абзал.Облыс, аудан тарихының аса маңызды оқиғаларымен таныстыру алдымен жас жеткіншектерді оқытып тәрбиелеуде қазіргі мектептерге қоғам қойып отырған міндеттерді адамгершілікпен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруда, халқының, қоғамның және мемлекеттің алдындағы міндеттерін түсінуге, өз өлкесінің мәдени экономикалық және тарихын толығырақ меңгеруге мүмкіндік алады. Өлке тарихын жан-жақты оқып әрі тереңірек біләім алуына мүмкіндік жасау.

Мақсаты:

Ұлаңғайыр қазақ даласында Атырау өлкесінің өз орны, өз тарихы бар екендігін түсіндіру. Атырау бәріміз үшін де қасиетті мекен, қастерлі топырақ.Әрбір азамат оның тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, ең бастысы- адамын қадірлеп, өткенін сыйлай, бүгінгісін сезіне, келешегін қорғай білгені абзал. Өлке тарихын елдік, ерлік дәстүрін ұрпақ санасына сіңіре білу қажет. Сабақ барысында оқушыларға құжаттарды оқыту арқылы елінің тарихын жете түсінуге, өзіндік баға беруге үйрету. Шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу, қосымша деректерді пайдалана отырып рефераттар, тірек-схемалар ғылыми мақалалар жазуға үйрету. Сарайшықтағы қазба жұмыстарының нәтижелері мен билік құрған хандардың өмірі мен қызметі жайлы айту арқылы пәнге деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Еңбек сүйгіштікке, халқының ұлы тұлғаларын құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:


  1. Облыс және аудан тарихы жайлы жаңа мағлұматтар беру және тереңдету.

  2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қосымша деректерді пайдалану арқылы ой-өрісін дамыту.

  3. Пікір алмасу қабілеттерін арттыру, өлке тарихына деген сүйіспеншілігін оятып, қызығушылығын арттыру.

Мазмұндық бөлімі

Кіріспе


Бейімделген бағдарлама пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеті, негізгі түсініктері. Оқушыларға берілетін өзіндік жұмыстарға бағыт беру. (1 сағат)

Атырау облысының ауданының табиғаты және табиғи қорлары географиялық орналасуы, жер бедері, геологиялық құрылымы, пайдалы қазыналары, климаты, өзендері мен көлдері, топырағы және өсімдік жамылғысы, халқы туралы айту.(1 сағат)

Кіші жүз тайпалары мен рулары.

Кіші жүз Алшыннан тарауы, Нәдірқожадан алты аталы Әлім Сәдірқожадан жеті аталы Жетіру тарауына тоқталу. Адай-ой екі ата Байұлының саны жағынан ең үлкен руы. Ата мекені Маңғыстау өңірі, бүгінде бүкіл Батыс Қазақстанда қоныстанғаны туралы айту. Есентемір, Керейіт, Масқар т.б. рулар түсінік қалыптастыру. (1 сағат)

Тарихы

Барша қазақ даласы сынды Атырау алқабы да сайраған көне шежіресінің куәсі, кәрі Каспий сағасын азат халқына атамекен етсем деп талай тарлан аталарымыз, аяулы ардагерлеріміз қанын төгіп, асыл жанын сарп еткені жөнінде айту. Бұл жерден қалың қазағына жанға жайлы қоныс іздеп. Желмаясымен арман қуып Асан қайғы баба өтті. Жүрген жолын қырып-жойып, құмыросқадай қаптаған қолмен өрт жайлатып Бату өтті.



Бостандық қылышын көтеріп, қылыштан өткір ойлы сөзін төккен Сырым би өтті, отаршылдық ордасын халық қамы үшін қиратсам деп, беліне садақ байлаған, аз қолмен мыңдаған жауына қарсы шапқан ердің соңы Исатай бармағын тістеп, ол да өтті. Ел үшін еңіреп, қара бала қамы үшін қылышы мен жырын қоса көтеріп, Махамбет кетті арманда.Қайғы мен қасіретін, шырқап, Мұрат жырға қосты.Атамекеннің шежіресі толық болуы үшін, алдымен, аса ежелгі кезеңдерге ой жүгіртсек, археологиялық деректерге тоқталу.(1 сағат)

Халықтық – археологиялық ескерткіш

Бар тірлігі малға негізделіп, үнемі жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп жүрген ата-бабамыз басқа жұрттай сандарына топтап ескерткіштер қалдырмағаны белгілі. Бірақ мешіттер мен ғибадатханаларды және қайтыс болған адам аруағын қастерлей білетін халқымыз қорымдар мен бейіттерді аймақтық ерекшеліктерге толы архитектуралық өнермен нақыштаған. Сондықтан да осы саладағы, әлі де түсіндіріп, бүгінгі ұрпаққа талдап берудің үлкен мәні бар.Солтүстік Каспий өңіріндегі халықтық архитектуралық ескерткіштер бүкіл батыс Қазақстандағы діни-мемориалдық ескерткіштердің ажырамас бір бөлігі болып есептеледі.Бұл ескерткіштер көптеген діни кешендердің, қорымдар мен бейіттердің (9-10 ғ-дың басы) жанында шоғырланған қәзіргі Атырау облысында көшпенділердің халықтық сәулет өнері мен тас қашау шеберлігін айқын бейнелейтін ескерткіштерінің біразы кездеседі.Асанқожа қорымы, Нұрмағамбеттің сағанатамы, Тасқаран белгі-мұнарасы т.б. ескерткіштер туралы түсінік қалыптастыру.(1 сағат)

Экономикасы.

Атырау облысында мұнай мен газдың аса мол кен орындары мен каспий –жайық алқаптарының барлық қоры негізінде ондаған жылдар бойы мұнай өндіріп, оны өңдейтін, химия мен балық өнеркәсібі салалары қалыптасқан.Облыс аймағында қазба байлықтарының алуан Қарашүңгіл кәсіпшілігінде 1899 жылдан бері мұнай өндіріле бастаған. Қорының молдылығы жағынан айрықша орын алады. Индер аудандағы табиғи тұздар мен құрылыс материалдарының айрықша мол көздері әлі күнге дейін жете зерттелмей келеді.Мұнда қоры бекітілген 647 млн.т бор, сол сияқты жол құрылысына пайлануға жарамды қиыршықты мұнай-битум кен жыныстары мол.Табиғи қорларының сипаты мен халық шаруашылығын мамандандыру бейімділігіне қарай облыстың аумағын үш ауданға бөлуге болады. Бұлар: Жайықтың төменгі ағысының бойы мен сағасы, оңтүстік Жем алабы және Тайсойған мұнай өңдеу, химия, машина жасау, балық аулау және өңдеу өнеркәсібі шоғырланған.Бұл өңірдегі ауыл, шаруашылықтары ірі қара мал өсірумен, суармалы егістікпен айналысады.

Ауыл шаруашылығы

1933 жылы аудан аумағынджа 12 ұжымшар мен ТОЗ болған.Ал оларда еңбек ететін 875 отбасының 311-інде мал болған.Кейін ТОЗ таратылып, шағын шаруашылықтар қосылып, ірілендірді, ал 1963 жылдары ұжымшарлар кеңшарларға айналды.1965 жылы аудан бұрынғы ізінде қайта құрылғанда 5 кеңшар мен 1 ұжымшар болғандығын айту.(1 сағат)

Халық ағарту ісі

19 ғасырдың ІІ жартысындағы Еділ-Жайық арасын қоныстанған ел бес бөлікке, екі округке бөлінгекн.Осы елді мекендерде 14 орыс –қазақ мектептері жұмыс істеді, бұл мектептер халық арасында «қызыл үй» -1881 жылы ұйымдастырылған Есбол «қызыл үйі». Оның алғашқы мұғалімдері Долматов, Синедольцев, Сухаревтер еді.Қазан революциясына дейін облыс орталығында 1 гимназия, екі сыныптық орысша-қазақша учелище, 2 приход және 2 дін мектебі жұмыс істеген.Халық ағарту ісінің қазіргі жағдайына тоқталу.Қазір ауданда 1 бастауыш, 14 орта, 1 гимназиялық мектеп балаларға білім беруде.Оның 12-сі таза қазақ мектебі де, 4-і аралас мектеп, бұл білім ордаларында 7381 оқушы білім алуда(1 сағат)

Баспасөзі

Атырауда үш облыстық – «Атырау», «Прикаспийская коммуна», «Ар-честь», бір қалашық «Ақ жайық» және жеті аудандық – «Кең Жылой» (Жылой ауданы), «Мұнайшы» (Мақат), «Серпер» (Құроманғазы), «Жайық шұғыласы» (Махамбет), «Деендер» (Индер), «Таң»(Қызылқоға), «Нарын таңы» (Исатай ауданы) газеттері шығады.(1 сағат)

Бес қаруын асынып, бабалар жорытып өткен жер.

Кенжеғали Қайып, Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, облыстық Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, жырау, Индер ауданының құрметті азаматының мақаласымен таныстыру. Исатай-Махамбет соғысқан Жайық қазақ-орыс бекіністері.Горы, Гребенщик, Кулагин, Көктоғай, Тополи тағы басқалары. Солардың бәрі де Кулагинге тұрған болған.Алыстан тигізетін мылтығы , сүйреткен зеңбіректері бар жауға қарсы бабалырымыз бес қару асынып тұрған.

Сырым жортқан сары дала

Қазақ жұртының біртуар ұлдарының бірі, әрі батыр, әрі би Датұлы Сырым қазіргі Орал облысы ЖМПИТ ауданындағы Сарай деген жерде туған. Ат жалын тартып мінген 1760 жылдардан бастап ел ісіне ерте араласқан Сырым Датұлы Е.Пугачев көтерілісі кезіндегі (1773-1775) қазақ жасақтарын басқарған. 1756 жылғы патшаның указына байланысты жайықтың жағасына жақындатудан да қалып бара жатқан қалың қазақты нарынға қарай алып өткендердің бірі де осы Сырым болатын. (1сағат)

Махамбет маздап өткен жер.

Махамбеттің әкесі Өтеміс Нарын құмының солтүстік шығыс бетін жайлап, сары айдың самар көлдері мен оның Калмыков жағындағы Ақшонас, Шағыр шағыл төңірегін мекендеген. Махамбет Бекетай құмында Жаңақаладан оңтүстікке қарай 70-80 шақырым жерде 1804 жылы дүниеге келген. Осы таңда «Махамбет тауы», «Махамбет ат байлаған» деген жерлер бар. Көтерілістің жүру барысы, тарихи маңызы туралы айту. Махамбеттің бейітін 1958 жылы Қажым Жұмағалиев пен Тайыр Жараков, Бектұрғанов Құрақ деген адам арқылы тапқан. Махамбеттің бейітінің басына 1959 жылы Есбол ауданының азаматтары шағын ескерткішін орнатты. 1966 жылы 9- шілдеде Антрополок Н.Шаяхматов Махамбеттің бас сүйегінен мүсін жасау үшін мүрдені қазып, Алматыға алып кеткен.

Махамбет сүйегі 1983 жылы 15 мамыр күні қайта жерленді. 2003 жылы 12 қыркүйекте ЮНЕСКО шешімімен 20 жылдығы атап өтілді.

Қиса Көпжанұлы

Қиса ауылымыздың Кулагино округіне қарасты Шыңбай деген жерде дүниеге келген. Қиса туралы шығарылған әңгімелер мен шығарған өлеңдерді Қисаны көріп, бірге жүрген Қарабала Дүйсекенұлы, Құмар Жүсіпұлы, Қабдір Шүйінішқалиұлы, Қисаның әйгілі Талшынай (Ол кісі 1957 жылы қайтыс болды) әжей айтып берді. (1сағат)

Мұраттың мұнарлы жыры туған.

Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Қарабау деген жерде кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Жайық бойы, Тайсойған, Маңғыстау өңірінде өмір кешкен қазақ халқының аса көрнекті ақыны. Мұратқа кері тартпа, ұлтшыл ақын деп атақ тағылып, шығармалары оқулықтан алынып тасталды. Халықтың төл перзенті, сүйікті ақыны бүгінгі елімен, жерімен қайтадан табысты. (1 сағат)

Хан Ордалы Сарайшық

Саяхат сабақ

1999 жылы мұражай қорығы ашылды, облыс орталығы Атырау қаласынан 50км Сарайшық ауылының жанынан тұрғызылған, кешен құрамына: мешіт, хандар пантеоны, мұражай ғимараты кіреді. Мұражай залында Сарайшық қаласынан табылған қазба олжалар үлгісі, халық қолөнер туындылары қойылған. Қасымхан тұсында қазақ хандығының алғашқы астанысы болды. (1 сағат)

Алашорда үкіметінің батыс бөлімшесі.

(9.1918-12.1919) – Батыс Қазақстанның айтарлықтай бөлігін басқару үшін құрылған Алаш автономиясы үкіметінің (Алашорданың) бөлімшесі. Батыс бөлімшесінің төрағасы болып Ж.Досмухамедов тағайындалды. Азамат соғысыныда күштердің ара салмағы шешуші түрде қызыл армия қатарына ауысқан жағдайда, 1919 жылы желтоқсанда Алашорданың батыс бөлімшесі кеңес өкіметі алдында бас июге мәжбүр болды. (2 сағат)

Кеңес одағының батырлары.

Боран Нысанбаев 1943 жылы 6-ақпанда Орлов жерін неміс-фашисттерінен азат ету шайқасында жайдзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. Иван Федорович Мохорин «Даңқ» орденінің толық кавалері Гаврил Петрович Шамин т.б. батырлардың ерліктері туралы айту.(1сағат)

Туған жерден түлеп ұшқан перзенттер.

Сағидолла Құбашев – көрнекті қоғамдық мемлекеттік қайраткер. 1927 жылы 10ақпан 1- ауылда туды. 1953 жылы отызмыңшылдар қатарында «Передовиг» колхозына басқарма төрағасы болып барды. Колхоз Ленин орденін алды. 1960 жылы Гурьев облыстық обкомның І хатшысы, 1966-1975 жылдарда Ақтөбе облысында облыстық атқару комитетінің төрағасы болды.

Өтешқали Дүйсенұлы Атамбаев көнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ленин орденімен ІІ еңбек қызыл ту, қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталған. (2сағат)

Еңбекпен ел көгерер.

КСРО жоғары кеңесінің депутаты Штатбай Иманғазиев еңбек ерлері Сақан Дәулеталиев, Шәмши Еділбаев, Маржан Енбаева, Туфхат Ізтаев секілді ондаған азаматтар ойға оралар еді. Осылардың барлығы өзінің туған жеріне өте ыстық және аса қадірлі ардагерлер саналды. Жалпы Индер өңірі өскелең ұрпаққа өнеге қалдырар осындай өрен жүйрік, алғыр да батыр азаматтарымен ардақты (1 сағат)

Мәдениеті

Осы саланың алғашқы қарлығаштары – «қызыл отаулар» ауданының елді мекендерінде өткен ғасырдың 30 жылдары ашыла басталды. Ауыл мұғалімі Мұқанғазы Сиранов елтайда мектеп ашумен қатар көркемөнерпаздар үйірмелерін ашты. Абдолла Мұсағалиев, Күләш Өмірбаева, Қанапия Махметова т.б. 1958 жылы Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. (1 сағат)

Денсаулық сақтау және спорт

Атырау облысының тұрғындарына дәрігерлік жәрдем көрсету туралы алғашқы деректер 1927 жылға саяды. Сол кезеңде медицина маманы Елена Паниковская тұңғыш фельчерлік орын ашып, өзін соған басшылық етті. Бүгінде облыстық денсаулық сақтау басқармасында 29 емдеу орны, 6 диспансер, 5 емхана, 61 жеке отбасылық емхана, 78 фельшерлік – акушерлік орын, 8 денсаулық бөлімшесі т.б. спид пен күресу және алдын алу орталығы, салауатты өмір салтын қалаптастыру орталығы бар. Спорт саласында каспий жағасы топырағынан алғашқылардың бірі болып халықаралық деңгейге көтерілген, көрермен қауымды сүйсіндірген спортшы, «желаяқ жүйрік» атанған Әмин Тұяқов болды. Ол 1960 жылы Токиода өткен олимпиада ойындарының жеңімпазы атанып оралды. Атыраулық боксшы Б.Теміровте әлемдік, еуропалық сайыстарда ел намысын қорғады, ол үш дүркін КСРО чемпионы болды. (1сағат)

Ұстаздар ұлағаты, Қалам Есқалиев өмірі мен қызметі жайлы деректер.

Аудан көлемінде алғашқы орта мектеп 1936 жылы құрылған

Жамбыл орта мектебі директорлығына Қ.Есқалиев тағайындалған. Өзі математикадан дәріс берген. Осы мектептің іргетасын қалаған және оқу процесін жаңаша ұйымдастырылған. Бүгінгі күні ауданда 15 мектеп білім беру ағарту ісіне араласып отыр. Бүгінде аудан бойынша 122 ұстаз «Қазақстан Республикасы халыққа білім беру ісінің үздігі» ұстаз Қ.Есқалиев 1951 жылдың тамызында мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ешқандай айып тақпастан кенеттен қамауға алады. 15 тәуліктен соң ғана тергеу жүргізіп, «Отанға опасыздық жасадың» «Сталинді кіналап, сөз таратыпсың» деп айып тағады. «Халық жауы» болып 10 жыл алып кете барады. 1961 жылы 23 ақпанда Қазақ ССР жоғары соты үкім шығарылып, аяқталды. Осы ұстаздың есімен Кулагино орта мектебінің ұжымының сұрауымен мектепке беріледі деп күтілуде. (2 сағат)

Өнермен өрге жүзген

Ауыл сахнасынан бастап, Астана сахнасына дейін өнер көрсетіп, талайларды тамсандырған әсем үнді Ұлдай Аманғалиева бернеше дүркін бүкілодақтың, Республикалық, Облыстық байқаулар мен фестивальдардың жеңімпазы атанды. Халық жиі аңсап күтіп отыратын мұндай әншілердің қатарына Қанзиба Өтеуғалиева, Қадір Салин, Науша Қадырбаеваны қашан да мақтан етеміз. (1сағат)

Дендерлік ғылым әлемінде.

Индер топырағынан түлеп ұшып, ғылымның биік шыңына ұмтылған азаматтар аз емес, олар Республикамыздың түкпін-түкпіріне жүрып, өз мақсат- мүддесінен шығуда.

Қ.Қабдықайыров педагогика ғылымдарының докторы, профессор «Жоғары математика» оқулығын жазды. Медицина ғылымдарының докторы Бәсер Хабижанов, Өтеген Ығылмалұлы, Әжес Сейтешов, Қайыржан Әбисатов т.б. (1сағат)

Ауданның даңты тұлғалары.

Индер ауданынан шыққан кеңес одағынаң батырлары, социалистік еңбек ерлері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері, еңбек орденімен марапатталғандар т.б түсінік беру.

Маңызды оқиғалар жарнамасы

Облыс аудан тарихындағы маңызды оқиғаларды, деректерді айту, пікірлесу (2сағат)

Оқу жылының басында бөлініп берілген тақырыптар бойынша жинақталған материлдарын қорғату (1 сағат)

Сұрақ-жауап әдісі бойынша оқушылардың курсқа байланысты ұсыныстарымен пікірлері тыңдалады.

Қайталау (2 сағат)

Қорытынды. Туған өлке қасиетті мекен, қастерлі топырық, әрбір азамат оның тарихын, әдебиеті мен мәдениетін ең бастысы – адамын қадірлеп, өткенін сыйлай, бүгінгісін сезіне келешегін қорғай білгені абзал. Иә, тарих бір күнде жазылмайды, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған,» Асанқайғының «Жерұйығына» жеткенше адамзат баласы талай-талай өткелдерден өтер, «Біз болмасақ, сіз барсыз» деп айтқандай, біз көксеген биікке ұрпақтарымыз жетер, біздің тарихымызды солар жазар, мен бүгінгі аптал азаматтардың ертеңгі ұрпақ ұялмайтындай өнеге қалдыратынына имандай сенемін. осы Дендер өңірінде туып өскен қаншама қайраткерлер, ғұлама ғалымдар, ел басшыларына болғанын оқығанда кеудені мақтаныш сезімі кернейтіндей оқушылар бойында мақтаныш сезімін тудыру. Мектептердегі география, тарих, әдебиет пәндері шәкірттерге ең алдымен туған жер тарихы оқытылса. Сырымның, Махамбеттің, Мұрат Ығылманның, ел аузына қараған атақты билердің өсиет-сөздердің жаттатып өсіру керек. Айталық, мынау жалпақ даланы жалғыз өзі алып жатқан Жамантаудың тарихына жете үңіле алдық па? Оның Сүйітбайтау, Қызылтау, Көктау, Есшектау, Қорғантау атты бірінен-бірі толып жатқан тау-төбелерінің атаукларында қандай сыр – шежіре жатыр?

Қыз –әулие деген кім? Анау Сыралы, Бекшай, Толыбай, Мәмбет, Нарын атауларының қандай сырлары бар? Маң даладағы обалар мен бейіттер, белгілі адамдарға салынған там-молалар туралы не білесіз? Дендер өңірінде қанша түрлі өсімдік, жан-жануарлар өседі. Ауа райының Атыраудың өзге өңірлерінен өзгешелігі неде? Жер асты байлығы жайлы әңгіме т.б.

Тарихымызды жинақтап, біз бір ізге түсіріп, оны баршаға ортақ туған жер шежіресіне айналдыру- біздің ұрпақтық парызымыз, оны оқушылардың бойына сіңіруіміз қажет.

Өлке тарихына оқушылардың қызығушылығын ояту арқылы, жеткен нәтижеге тоқталар болсам сол арқылы 10 сынып оқушысы Нұрғуатова Жанерке «Алаш орданың батыс бөлімінің тарихы»туралы өзі ғылыми жобасында жазып, облыста жүлделі ІІІ орынды иеленді. Алашордашылардың басты газеті болған «Қазақ» газеті туралы мақаласы аудандық баспасөз бетінде жарияланды. 9-сынып оқушысы Абдрахманова Гауһардың «Алаш-орда» тақырыбында «Қазақстан тарихы» журналы, «Бала-би» журналында жарық көрді.

Досмағанбетова Айгүл «Хан ордалы Сарайшық» тақырыбындағы ғылыми жобаны ауданда қорған, облысқа қатысты.

Оқушының «Сарайшық-тарихи Астана» тақырыбындағы мақаласы «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналында жарияланса, аудандық газетте «Сарайшық аққу көлі», «Жәдігерлер сыр шертеді» т.б. тақырыптарда мақалалары жарияланды. « Біздің жерлестер-Ұлы отан соғысы жылдарында» тақырыбында ғылыми жобалар тақырыбында оқушым Н. Талғатов ғылыми жобалар сайысына қатысыпауданнан І орын, облыстан ІІІ орын иеленді.

Өз елінің тарихын оқып білуге талпынған оқушыларға барынша мүмкіндік жасап, еліміздің өткенін жан-жақты зерттеп білуіне бар жағдайды жасау кез келген педагогтың міндеті.



Нормативтік бөлім

10-сынып
Жылдық сағат саны -34, апталық сағат саны -1




Тақырыптың аты

Сағат саны

Өткізу түрі

Білім беру әдісі

1

Кіріспе

1




Тақырыпты таныстыру. Реферат, өзіндік жұмысты бөліп беру

2

Атырау облысынң, ауданның табиғаты және табиғи қорлары

1

лекция

Деректер жұмысы

3

Тарихы

1

әңгіме

Деректер жұмысы

4

Кіші жүз тайпалары мен рулары

1

әңгіме

Деректер жинау

5

Халықтық «діни-мемориалдық) архитектуралық ескерткіш

1

Сараптама жасау

Ізденушілік

6

Экономикасы

1

әңгімелесу

Тест құрастыру

7

Ауыл шаруашылығы

1

Семинар сабақ

Реферат жазу

8

Халық ағарту ісі

1

лекция

Баяндама

9

Баспасөзі

1

лекция

Реферат жазу

10

Бес қаруын асып, бабалар жортып өткен жер

1

Пікір алысу

Мақала жазу

11

Сырым жортқан сары дала

1

Әңгіме

Деректер жинау

12

Махамбет маздап өткен жер

1

Пікір алысу

Деректер жинау

13

Қиса Көпжанұлы

1

Пікір алысу

Деректер жинау

14

Мұраттың мұнарлы жыры туған

1

Пікір алысу

Реферат

15

Хан ордалы-Сарайшық мұражайына бару

1

Саяхат сабақ

Реферат

16

17


Алашорда үкіметінің батыс бөлімшесі

2

лекция

Баяндама

18

Кеңес одағының батырлары

1

әңгіме

Реферат

19-

20


Туған жерден түлеп ұшқан перзенттер

2

семинар

ізденушілік

21

Еңбекпен ел көгерер

1

Деректер мен жұмыс

талдау

22

Мәдениеті

1

Іздену сабағы

Тірек-сызба

23

Денсаулық сақтау ісі және спорт

1

Сараптама жазу

Тірек-сызба

24-

25


Ұстаздар ұлағаты, Қалам Есқалиев өмірі мен қызметі жайлы деректер


2

Пікір алысу

Реферат

26

Өнерімен өрге жүзер

1

Конференция

Шығармашлық

27

Ғылымы және ғылыми мекемелер

1

Деректермен жұмыс

Жолдау

28

Дендерліктер ғылым әлемінде

1

Шығармашылық жұмыс

Баяндама

29

Ауданның даңқты тұлғалары

1

Шығармашылық жұмыс

Баяндама

30-

31


Маңызды оқиғалар жылнамасы

2

Шығармашлық жұмыс

Тест құрастыру

32

Таратылған реферат және өзіндік жұмыстарды қабылдау

1

Шығармашылық жұмыс

Тест құрастыру

33-

34


Қорытындылау

2

Шығармашылық

Өз білімдерін бағалау


Курс бойынша оқушылардың білімдеріне мүмкіндік беретін репродуктивтік танымдық тапсырмалар



Бағдарлама бойынша қойылатын талап

Оқушы меңгерген талаптар жүйесі құрылды

Өлке тарихын оқыту барысында бүгінгі күні қоғамымызда кездесетін қоғамымызда кездесетін көптеген талас тудыратын тақырыптар жайлы білуі.

Баспасөз материалдарын өз бетінше оқып, жеке көзқарасын қалыптастыра білуі.Баспасөзге мақала жаздыру

Берілген тақырыптың маңыздылығын, ондағы ұлттық мүдде мен сана жайлы мәліметтер білу

Туған өлке қайраткерлері туралы жазылған көркем-әдеби шығармалармен танысу

Тарихи тұлғалардың ескерткіштеріне бару.

Мемлекеттік «мәдени мұра» бағдарламасымен танысу



Облыс, аудан тарихының қазіргі кезеңдегі хал-ахуалымен танысу

Өлке тарихына тарихи тұлғаларына қызығушылық қабілетін дамыту

Зерттеу жұмысына баяндама жазуға дағдыландыру


Әдебиеттер тізімі.

1. «Атырау энцеклопедиясы» Атырау 2000ж


2. «Индер ауданы шежіресі» Атырау 2006ж
3. Қ.Жылқышиев «Бес қаруын асынып, бабалар жортып өткен жер» Атырау 2002ж
4. «Атырау облысы мұғалімдері» энциклопедия Атырау 2003
5. Сайфулла Сүйінов «Бөкей ордасы» Атырау 2003ж
6. Ө.Әлімгереев «Сарайшық хандары» Атырау 2000ж

Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер.

1. Ө.Әлімгереев «Қоныскерей» Ақтөбе 2003ж


2. Г.Жұмағалиев «Өнер майталмандары» Ақтөбе 2004ж
3. Ә.Сығай «Сахна сардары» Ақтөбе 2004 ж
4. Қ.Жүсіп «Таңғажайып Бейбарыс» Атырау 2000 ж
5. М.Құлекешов «Атадан туған аруақты ер» Өлке 2004 ж


Каталог: uploads -> doc -> 0d2b
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d2b -> Тақырыбы: Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет