Бағдарламаны іске асыруды басқару
Бағдарламаны іске асыру үшін басқару салаларында апробациядан өткен және ең жақсы әлемдік тәжірибе деп мақұлданған құралдарды пайдалану қажет44. Бағдарлама жобаларын іске асыру «ҚР СТ ISO 21500-2014 – Жобаларды басқару бойынша нұсқаулық» стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған стандарт жабаларды басқару бойынша үздік әлемдік тәжірибелермен үйлестірілген және қолдаңысқа 2014 жылдан бастап қабылданды.
Жобалау тәсілін қолдану, атап айтқанда, Бағдарламаны басқару офисі ретінде мұндай құрал негізінде Бағдарламаның іске асыру жоспарына түзету жүзеге асырылатын нысаналы көрсеткіштердің орындалуын, жекелеген іс шараларды орындау дәрежесін бағалауға, ауытқуларды анықтауға және оларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Бағдарламаны басқарудың осы моделі шеңберінде Бағдарламаны басқару офисінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын және Бағдарламаның жобалары мен іс-шараларын іске асырған кезде қоғамдық пікірді ескеретін болады.
Бағдарламаның мүдделі тараптарының арасындағы қажетті өзара іс -қимылды іске асыру және қамтамасыз ету тиімділігін арттыру мақсатында Бағдарламаны басқарудың келесі құрылымы қолданылатын болады.
Басқарушы комитет – Бағдарламаны басқарудың стратегиялық деңгейі. Басқарушы комитеттің функциялары Бағдарламаның іске асырылуын бағалау нәтижелерін бекіту; Бағдарламаның келесі кезеңге көшуін растау; шешімі төменгі деңгейдің Бағдарламаны басқару органының өкілеттіктері шеңберіндегі Бағдарламаның проблемаларын ұзартуға көмек көрсету; Бағдарламаның нәтижелерін қабылдауды білдіреді.
Жедел комитет– Бағдарламаны басқарудың операциялық деңгейі. Жедел комитетінің функциялары Бағдарламаны іске асыру барысын бақылау, Бағдарлама жобаларының өзекті нәтижелерін бекіту, талдамалық, жобалау және басқа да материалдарды бекіту, архитектуралық және технологиялық шешімдерді бекіту; тәуекелдер бойынша шешімдер қабылдау; Бағдарламаның жобаларын орындау үшін қажетті ресурстарды уақытында бөлуді қамтамасыз етуді білдіреді.
Бағдарламаны іске асыруды ведомствоаралық тиімді үйлестіру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Ұлттық даму институтының базасында Бағдарламаны басқару офисі құралатын болады. Бағдарламаны басқару офисі Басқарушы комитеттің хатшылығы болады. Бұл құрылымның функциялары жобаларды/бағдарламаларды басқару саласындағы нормативтік-әдістемелік базаны қалыптастыру мен дамыту; жобаларды басқару саласындағы саясаттар, рәсімдер, үлгілер мен басқа да құжаттаманы әзірлеу мен басқаруды; жобаларды іске асыру процестерінің жобалардың аудиті арқылы жобаны басқару бойынша саясаттарға, рәсімдер мен үлгілерге сәйкестігін бақылау; жобалар бойынша коммуникацияларды үйлестіру; Басқарушы комитет үшін құжаттар дайындауды білдіреді.
Сонымен қатар, «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторының базасында мемлекеттік органдардың жанында цифрлық трансформация офистері құралатын болады. Мемлекеттік органның жанындағы цифрлық трансформация офисі мемлекеттік органның жанындағы Жедел комитетінің хатшылығы болады. Осы құрылымның функциялары салалалық сарапшылар, АТ архитекторлары және АТ кеңесшілері тартылатын мемлекеттік органның шеңберіндегі Бағдарламаның жобаларын басқаруда, Бағдарламаны басқару офисі үшін құжаттарды дайындауда болады. Бағдарламаның жобаларын іске асыру үшін «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы қажет болған жағдайда, ақпараттық ресурстарды және енгізілген ақпараттық жүйелерді одан әрі техникалық қолдауын жүзеге асыруды ұсынатын болады.
Бағдарламаны іске асыру тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бекітілген нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Бағдарламадан күтілетін нәтижелердің өзара келісілген тиісті құжаттарды қабылдау немесе оларға өзгерістер енгізу керек.
Осы құжаттарды әзірлеу мен қабылдаудың ұсынылып отырған тәртібі Бағдарламаны іске асыру тиімділігі мен айқындығын арттырады және іс-шараларды жүзеге асыру жүйелілігі мен үйлесімдігін қамтамасыз етеді.
Қажетті ресурстар
2017-2021 жылдары Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджет қаражаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбайтын басқа да қаражаттар бағытталатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға жұмсалатын жалпы шығын ________мың теңгені құрайды.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ басқа баламалы көздерді тартуға сәйкес тиісті қаржы жылына республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.
Глоссарий:
АЕМ
|
-
|
ауылдық елді мекендер;
|
АЖ
|
-
|
ақпараттық жүйе;
|
АК
|
-
|
ақпараттық-коммуникациялық қызметтер;
|
АКИ
|
-
|
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
|
АКТ
|
-
|
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
|
АСМ
|
-
|
ақпараттындырудың сервистік моделі;
|
АТ
|
-
|
ақпараттық технологиялар;
|
Блокчейн технологиясы
|
-
|
бұл қандай да бір деректерді және (немесе) қандай да бір бизнес желісінің барлық қатысушыларымен жасалған әрекеттерді бірыңғай көпшілік есепке алуды электрондық нысанда хронологиялық тізбекте жүргізу;
|
Бірыңғай цифрлық атаулы кеңістік
|
-
|
Ұлттық пошта операторының немесе электрондық хаттар мен құжаттарды қабылдау мен жеткізуге арналған пошта операторының ақпараттық жүйесінде құрылатын электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің жиынтығы.
|
ДӨО
|
-
|
деректерді өңдеу орталығы;
|
ЕЭО
|
-
|
Еуразиялық экономикалық одақ;
|
ЖАО
|
-
|
жергілікті атқарушы орган;
|
ЖКО
|
|
жол-көлік оқиғалары
|
ИКЖ
|
|
интеллектуалды көлік жүйесі;
|
ҚР
|
-
|
Қазақстан Республикасы;
|
МЖӘ
|
-
|
мемлекеттік-жекешілік әріптестік;
|
МО
|
-
|
мемлекеттік орган;
|
МО БКО
|
-
|
мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы;
|
МОИП
|
-
|
мемлекеттік органдардың интранет-порталы;
|
ОАО
|
-
|
орталық атқарушы орган;
|
РТС
|
-
|
радиотелевизиялық станция;
|
СИ
|
-
|
«электрондықүкіметтің» сервистік интеграторы;
|
ТҚЖБ
|
-
|
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі;
|
Цифрлық трансформация
|
-
|
ұйым қызметінің өнімділігі мен сапасын арттыруға арналған заманауи технологияларды, сондай-ақ олар ұсынатын қызметтерді пайдалану
|
Цифрлық экожүйе
|
-
|
бұл цифрлық технологияларды жылжыту мақсатында адамдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын жүзеге асыратын жүйе;
|
ШОБ
|
-
|
шағын және орта бизнес;
|
ІЖӨ
|
-
|
ішкі жалпы өнім;
|
ЭҚАБЖ
|
-
|
Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
|
ЭҮ
|
-
|
«электрондық үкімет»
|
ЭҮ АКП
|
-
|
«электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы;
|
ЭҮ ИКИО
|
-
|
«электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы;
|
ЭҮП
|
-
|
«электрондық үкімет»порталы;
|
3D принтерлер
|
-
|
бұл цифрлық 3D-моделі бойынша нақты объектіні қабатты құру әдісін пайдаланатын шеткері құрылғы.
|
IaaS
|
-
|
InfrastructureasaService (Инфрақұрылым қызмет ретінде) бұл ақпаратты өңдеу, сақтау, берудің есептеу ресурстарын орналастыру үшін «электрондық үкіметтің» ақпараттық–коммуникациялық инфрақұрылымын уақытша иелену және пайдалануға төлем үшін беру түріндегі ақпараттық-коммуникациялық қызмет;
|
IoT
|
-
|
Заттар интернеті (ағылш. InternetofThings, IoT) — әрекеттер мен операциялардың бөлігінен адамның қатысу қажеттілігін болдырмайтын экономикалық және қоғамдық процестерді қайта құруға қабілеті бар құбылыс сияқты желілердің ұйымдастыруын қарастыратын бір-бірімен немесе сыртқы ортамен өзара іс-қимыл жасау үшін кіріктірілген технологиялармен жарықтандырылған нақты заттардың есептеу желісінің тұжырымдамасы;
|
PaaS
|
-
|
PlatformasaService (Платформа қызмет ретінде) бұл «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылған технологиялық платформалар мен стандарттық шешімдерді уақытша иеленуге және пайдалануға төлем төлеу ретіндегі ақпараттық-коммуникациялық қызмет;
|
SaaS
|
-
|
SoftwareasaService (Бағдарламалық қамтамасыз ету қызмет ретінде) бұл «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз ету мен сервистік бағдарламаларды уақытша иеленуге және пайдалануға төлем төлеу ретіндегі ақпараттық-коммуникациялық қызмет;
|
Достарыңызбен бөлісу: |