Бағдарламасы туралы» және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»


Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар



бет6/7
Дата30.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#8379
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар


Бағдарламаның басты мақсаты: Цифрлық экожүйенің қарқынды дамуы арқылы Қазақстан халқының өмір сүру сапасын және экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бағыттары:



1. Цифрлық Жібек жолын іске асыру

Мақсаты: Жоғары жылдамдықты және қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және қамтамасыз ету.

Міндеті: Сенімді, қолжетімді және қауіпсіз ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым құру.

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін мыналар жоспарланады:



  1. «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерді Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету;

  2. Қазақстан Республикасының барлық аудандық орталықтарында 4G желілерін пайдалануды енгізу;

  3. Еуропа-Азия бағыты бойынша транзит трафигінің мәселелері бойынша іргелес елдермен ынтымақтастық және тәжірибемен алмасу;

  4. ҚР ПМК «ДБАО» ММ материалдық-техникалық және оқу әдістемелік базасын дамыту;

  5. Ұлттық стандарттарды әзірлеу және қабылдау және ақпараттық қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарды үйлестіру;

  6. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін резервтеу үшін Мемлекеттік органдардың солтүстік орталығынан аумақтық тұрғыдан алыс жердегі объектіде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым құру;

  7. Зиян келтіретін кодты зерттеу бойынша зертхана құру;

  8. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін резервтеу үшін Мемлекеттік органдардың серверлік орталық объектісінен аумақтық қашықта ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құру;

  9. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сынақ зертханасын жарақтандыру;

  10. Қазақстандық Интернет сегментіндегі ақпараттық қауіпсіздік соқтығысын елеу мәселелері бойынша үйлестіру;

  11. Бейіндік іс-шаралар (семинарлар, конференциялар, вебинарлар, пікірталас клубтары және б.) өткізу;

  12. Негізгі ДӨО-ның құрылысы бойынша жобаны іске асыру;

  13. Нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес DWDM транзиттік оптикалық желіні 4 Тбит/с максималды өткізу тәсіліне дейін (100 G бойынша 40 арна) кеңейту;

  14. Ресей, Қытай және Орталық Азия бағыттарындағы шетелдік байланыс операторларымен шекаралық тораптарды кеңейту;

  15. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының бірыңғай сәйкестендіру кодтары деректер қорын құру.


2. Креативті қоғамды дамыту

Мақсаты: Цифрландыру басымдықтарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында халықтың дағдысы мен құзыреттерін дамыту;

Міндеттері:

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында халықтың барлық санаттарын жыл сайын оқытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар қарастырылды:



  1. Халық үшін, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау үшін негізгі және тәжірибелік цифрлық дағдылармен оқыту бағдарламаларын әзірлеу;

  2. Халық үшін негізгі цифрлық дағдылармен оқыту курстарын жүргізу;

  3. Тәжірибелік цифрлық дағдылар бойынша кадрларды қайта даярлау үшін оқыту курстарын жүргізу;

  4. Шағын және орта бизнес өкілдері үшін негізгі және тәжірибелік цифрлық дағдылармен оқыту курстарын жүргізу;

  5. Сатып алынған жабдықты пайдалану бойынша оқыту жүргізуге қойылатын талаптардың міндеттілігі бөлігінде қолданыстағы заңнаманы талдау және оған өзгерістер енгізу.


АКТ саласындағы мамандарды экономика салалары үшін даярлау

Экономика салаларын АКТ саласындағы жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында көрсеткіштерге қол жеткізу тетіктері ретінде мына төмендегілер көзделеді:



  1. АКТ саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу;

  2. Өндіріс және кәсіби стандартттардың сұрауына сәйкес АКТ саласында,ы оқу бағдарламаларын өзектендіру;

  3. АКТ саласында мамандарды даярлауға мемлекеттік оқу тапсырысын жыл сайын арттыру (2020 жылға қарай –жалпы грант санынан 20%);

  4. Пайда болатын өндірістік қажеттілікті қанағаттандыру үшін АКТ маманыдықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту (2020 жылға дейін барлық мамандықтардың жалпы санынан 20% дейін).

  5. Өндірістік АКТ мамандарын жоғары оқу орындардың және/немесе кәсіпорындардың базасында тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізу жолымен оқу білім беру үдерісіне тарту;

  6. АКТ саласы мамандарының «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтуін ұйымдастыру;

  7. Барлығына арналған ашық білім берудің ұлттық платформасын құру;

  8. Өндірісте IT кафедраларын ашу.



3. Экономика салаларындағы цифрлық қайта өзгертулер

Мақсаты: Экономиканың негізгі секторларының бәсекеге қабілеттілігін және өнімділігін арттыру

Міндеттері:

Цифрлық технологияларды ауыл шаруашылығында қолдану

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін келесі шараларды іске асыру жоспарланады:



  1. Ауыл шаруашылығын қаржыландыру процесін автоматтандыру жобасын іске асыру;

  2. Мал шаруашылығы өнімдерін бақылау процестерін автоматтандыру жобасын іске асыру;

  3. Балық және балық өнімдерінің айналымының мониторингін автоматтандыру жобасын іске асыру;

  4. Егін шаруашылығы өнімдерін бақылау процестерін автоматтандыру жобасын іске асыру;

  5. Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу, кепілдеу, беруді, жүргізуші куәлігін беруді автоматтандыруды дамыту жобасын іске асыру.


Цифрлық технологияларды тау кен өндіру өнеркәсібінде қолдану

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін келесі шараларды іске асыру жоспарланады:



  1. Аталған минералдық ресурстардың Ұлттық банкін құру;

  2. Мұнай есебінің ақпараттық жүйесін құру;

  3. ТҰК бірлесіп, Цифрлық өнеркәсіп бойынша құзырет орталығын құру;

  4. 10 кәсіпорын мен 1 АЭА-қа цифрлық өнеркәсіп бойынша жобаларды іске асыру үшін орта құру (Интернет, ішкі IoT желісі, деректерді өңдеуге арналған бұлт);

  5. 10 кәсіпорын мен 1 АЭА-қа автоматтандыру бойынша пилоттық жобаларды іске асыру;

  6. Моделдікөндіріс құру;

  7. ҚР-ның экономика саласында «Индустрия 4.0» төртінші өнеркәсіп революциясының әсеріне талдау жүргізу.


Цифрлық технологияларды көлік және логистикада қолдану

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін келесі шараларды іске асыру жоспарланады:



  1. Жол активтерін басқару жүйесін енгізу бойынша жобаны іске асыру;

  2. ҚР жолдарындағы авариялар мен аппаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін құру бойынша жобаны іске асыру;

  3. Интеллектуалдық көлік жүйесін құру бойынша жобаны іске асыру;

  4. Авиа жүк тасымалдары саласындағы қағазсыз құжат айналымының жүйесін құру бойынша жобаны іске асыру (e-Freight);

  5. Азаматтық авиация қызметін автоматтандыру жүйесін құру бойынша жобаны іске асыру.



Электрондық сауда

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін келесі шараларды іске асыру жоспарланады:



  1. Электрондық сауданы дамыту бөлігінде нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру;

  2. Қалаларға, аудандық орталықтар мен станционарлық пошта байланысының бөлімшесі жұмыс істейтін елді мекендерге жөнелтімдерді жеткізу мерзімдерін қысқарту мақсатында поштаны өңдеу орталықтарын ұйымдастыру жолымен пошталық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;

  3. Тауарлар мен қызметтер үшін пайдаланылатын заманауи төлем құралдарын дамыту және көбейту;


Цифрлық бизнесті дамыту

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін келесі шараларды іске асыру жоспарланады:



  1. Тұрақты негізде АКТ саласындағы жергілікті қамтудың мониторингін жүргізу және талдау;

  2. Еркін бағдарламалық қамтылымды қолданатын АТ компанияларын жылжыту мәселелері бойынша көрмелер, форумдар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

  3. Экспортқа бағдарлану шешімдерін қамтамасыз ету бойынша АКТ өнімдерінің өндірушілерін жылжыту;

  4. Стартаптар мен хакатондардың АКТ өткізу;

  5. АКТ қызметтерінің үлесін талдау үшін АТ компанияларының тізілімін қалыптастыру;

  6. Рұқсат жүйесінен хабарлау жүйесіне көшу арқылы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы эксаумақтық қағидатын жетілдіру;

  7. Кәсіпкерлік субъектілердің, оның ішінде квазимемлекеттік ұйымдардың бөлінісіндегі ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға бюджеттік қаражат шығыстарының мониторингі;

  8. ҚР-да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуын ынталандыру үшін халықаралық ұйымдар және шетелдік заңды тұлғалармен ынтымақтастық жасау;

  9. Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық қызмет құру мен ұсынуды ұйымдастыру.


«Ақылды» қалаларды іске асыру

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін келесі іс-шараларды іске асыру жоспарланады:



  1. «Ақылды қалалар» бағыты бойынша ұлттық стандарттарды әзірлеу және қабылдау;

  2. «Smart Astana» тұжырымдамасын жасау;

  3. «Smart Almaty» тұжырымдамасын жасау ;

  4. «Smart Ontustyk» тұжырымдамасын жасау;

  5. «Smart Astana» тұжырымдамасына сәйкес «Smart Astana» құрауыштарын іске асыру;

  6. «Smart Almaty» тұжырымдамасына сәйкес «Smart Almaty» құрауыштарын іске асыру;

  7. «Smart Ontustyk» тұжырымдамасына сәйкес «Smart Ontustyk» құрауыштарын іске асыру;

  8. Е-culture жобасын іске асыру.




  1. Белсенді мемлекетке көшу

Мақсаты: халық пен бизнесті халықтың мұқтаждықтарын шешуге бағытталған сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

Мемлекеттік органдардың ішкі қызметінің тиімділігін арттыру.

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін келесі шараларды іске асыру жоспарланады:



  1. ОМО архитектурасын әзірлеу, дамыту және оның іске асырылуын сүйемелдеу;

  2. ЖАО архитектурасын әзірлеу, дамыту және оның іске асырылуын сүйемелдеу;

  3. Халықаралық рейтингтер бөлігіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салаларын талдау, сондай-ақ нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту;

  4. АКТ саласындағы, оның ішінде бөлінген қолданбалы платформалар және бұлтты есептеу, деректерді өңдеу орталықтары, деректерді басқару бағыттары бойынша ұлттық стандарттарды әзірлеу және қабылдау;

  5. Стандарттық шешімдерді (IaaS, PaaS, SaaS) қоса алғанда, «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформаны дамыту;

  6. «Электрондық үкімет» порталын және шлюзін дамыту;

  7. «Мобильдік үкіметті» дамыту;

  8. ХҚКО ИАЖ дамыту;

  9. «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорын дамыту;

  10. Мемлекеттік органдардың интранет порталын дамыту;

  11. «Ұлттық кеңістік деректер инфрақұрылымы» жобасын іске асыру ;

  12. Сот процесін жүргізуді автоматтандырумен сот отырысының электрондық залын құру бойынша мәселені пысықтау;

  13. Мемлекеттік органдардың бұлттық технологияларды қолданатын электрондық құжат айналым жүйесіне өтуі.

  14. Тіркелімі автоматтандырылған мемлекеттік мүліктің қосымша түрлерін (санаттарын) толтыру үшін Мемлекеттік органдардың АЖ-мен «мемлекеттік мүліктер» тіркелімі;

  15. Қазақстан Республикасының шағын қалаларын жедел басқару орталықтарын құру:

1. 2017 жылы–4 қала

2. 2018 жылы - 4 қала

3. 2019 жылы - 4 қала

4. 2020 жылы - 4 қала;



  1. Қазынашылық ақпараттық жүйесін жаңарту және дамыту (МСУ);

  2. Мемлекеттік деректер қорындағы деректерді өзектендіру


Мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл жасау арналарын жақсарту.

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін келесі шараларды іске асыру жоспарланады:



  1. Интернет желісі арқылы «электрондық үкіметтің» веб-порталын жылжыту;

  2. Айрықша талап етілген өмірлік оқиғалардың тізбесіне сәйкес алдын ала белсенді және композиттік қызметтерді іске асыру;

  3. Блокчейн (Blockchain) технологиясын талдау және пилоттық енгізу;

  4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҰ арқылы электрондық қызметтер алу үшін шарттар құру (Connection Point);

  5. Электрондық абоненттік жәшіктерді пайдалануға көшу;

  6. Мемлекеттік органдардың ресми хат алмасу кезінде мекенжайларға жаңа пошталық индекстерді енгізу;

  7. Қалалардың, аудандар мен ауылдардың ғимараттарына жаңа пошталық индекстерімен мекенжайы жазылған тақтайшаларды орнату;

  8. Халықпен өзара іс-қимыл жасаған кезде әкімдіктер мен КИК-ның сайт құрылыстарын пайдалану;

  9. «Бірыңғай байланыс-орталық» қызметтерін ұсыну;

  10. «Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша бірыңғай терезе» жобасын іске асыру;

  11. «Е-тұрғын үй» кезектілігін есепке алу және бақылаудың бірыңғай жүйесі» жобасын іске асыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет