20 Бөлімше. Ұшуды қамтамасыз ететін қызметкердің/пилот диспетчерінің кәсіби дайындалуының типтік бағдарламасы
327. Төменде көрсетілген мамандарға бастапқы дайындықта (қайта даярлауда) теориялық дайындықтың көлемі 150 сағаттан кем болмайды;
1) коммерциялық тасымалдауға қатысты пилот экипажының мүшелері;
2) ӘК ұшуын қамтамасыз ететін метеорологиялар;
3) ӘҚҚК диспетчерлері.
328. Қалғандарына теориялық дайындық (бастапқы дайындық) көлемі 500 сағаттан кем болмайды.
329. Бастапқы дайындық және қайта даярлау келесі салалардағы білімді игеріп, көрсетілімді қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 28-қосымшасында берілген.
330. Құзыретті бағалау элементтерін қоса, кәсіби деңгейді қолдау бағдарламасының мазмұны бастапқы дайындықта (қайта даярлауда) және 42 сағаттан кем емес көлемде жаңадан игерілген білім мен дағдыларды растауын қаматамасыз етеді.
331. Кәсіби дәрежені қолдау бес жылда бір реттен кем емес мерзімділікте өткізіледі.
332. Кәсіби дайындыққа Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативті-құқықты актілері айқындайтын жаңа немесе қосымша талаптарды енгізгенде олардың кәсіби дайындық бағдарламасында жүзеге асырылуы міндетті түрде болады, ал жалпы сағат көлемі үйлесімді түрде өзгеріске ұшырайды.
21 Бөлімше. Авиациялық станциялар операторларын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары.
333. Осы Авиациялық станциялар операторларын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары келесілерді кәсіптік даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртібі мен минималды көлемін, сондай-ақ өз бетімен жұмысқа қатынауды анықтайды:
1) авиация станциясының операторы;
2) авиация станциясының оператор-нұсқаушысы.
334. Авиациялық станциялар операторларын кәсіптік даярлау кәсіпті игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтің саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердің жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес келу үшін жүргізіледі.
335. Авиациялық станциялар операторларын кәсіптік даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау келесі кезеңдерден тұрады:
1) теориялық даярлау;
2) тәжірибелік даярлау.
336. Бастапқы даярлау және қайта даярлау көрсетілген мамандар үшін біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар қатарынан жүргізіледі және кемінде 88 сағат құрайтын даярлаудың жалпы көлемімен жүргізіледі.
337. Кәсіптік деңгейді ұстау 12 айда бір рет мерзімділікпен және кемінде 40 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргізіледі.
338. Құзыреттіліктерді бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемінде 40 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезінде алынған және енді игерілген білім мен дағдының расталуын қамтамасыз етеді.
339. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді ұстау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілетін, АА АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі.
340. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық акттермен анықталатын кәсіптік даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгізу кезінде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгереді.
341. Авиациялық станциялар операторларын бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кем дегенде келесі салаларда, қажетті білімді зерделеу мен көрсету осы Үлгілік бағдарламаның 29-қосымшасында берілген.
342. Тәжірибелік даярлау білікті нұсқаушылардың басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргізіледі.
343. Тыңдаушылардың сабақ үлгерімін бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады, және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, сынақ жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
344. Теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталған соң авиациялық станцияларының білікті операторлары-нұсқаушыларының басшылығымен өз бетімен жұмыс істеуге қатынау үшін тиісті өндірістік тағылымдама жүргізіледі.
345. Авиациялық станцияның білікті операторы-нұсқаушысының басшылығымен теңіз қондырғысында тағылымдаманың минималды көлемі біліктілік белгісін алуға өтініш берер алдында тікелей 6 ай бойы кемінде 60 жұмыс күні құрайды;
346. Тағылымдама келесілер сияқты, білімді, дағды мен іскерлікті алуды қамтамасыз ету тиіс:
1) вертодромның бас жоспарын және оның физикалық сипаттамаларын зерделеу;
2) нысанда ұйымдық құрылымды зерделеу;
3) әуе кеңістігінің құрылымын зерделеу;
4) жұмыс орнында ӘҚҰ жалпы технологиялық үдерісін зерделеу;
5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты зерделеу (вертодромның аэронавигациялық төлқұжаты;
6) нақты жұмыс орнында пайдаланылатын анықтамалық материалмен және рәсімдермен танысу;
7) аралас жұмыс тармақтарымен, ұшуды бақылау және үйтлестіру огандарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен ерекшеліктерін зерделеу;
8) жұмыс орнының метеорологиялық қамтамасыз етуімен танысу;
9) әуе қозғалысына қызмет көрсеткен кезде ұшуды қамтамасыз етудің радиотехникалық жүйелерімен танысу;
10) жерүсті байланыс құралдарымен танысу;
11) жұмыс тармағын (жабдық пен оны пайдалану) және ӘҚҰ ерекшеліктерін зерделеу;
12) нақты жұмыс орнында авиациялық станция операторының жұмы істеу технологиясын және ережелер мен радиоалмасу фразеологиясын тәжірибелік қолдану;
13) тәжірибелік қызмет практическая деятельность (подготовка).
347. Осыдан кейін авиациялық станция операторы-нұсқаушымен тағылымдамадан өтушінің білімін тексеру және тәжірибелік даярлаудың басталуына тағылымдамадан өтушінің дайындығы туралы шешім қабылдау жүргізіледі.
348. Тәжірибелік даярлау авиациялық станция операторының жұмыс орнында жүргізіледі.
349. Тәжірибелік даярлау нұсқаушының әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (жұмыс орнында рәсімдер) нұсқаушылық көрсетуден және оператор-нұсқаушының бақылауымен авиациялық станция операторы ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысынан тұрады.
350. Авиациялық станция операторы үшін нұсқаушылық көрсету келесілермен сүйемелденетін, тағылымдамадан өтуші болған кезде авиациялық станцияның операторы-нұсқаушысының тәжірибелік ӘҚҰ қарастырады:
1) әуе ахуалының сипаттамалыұ мысалдарын түсіндіру;
2) әуе ахуалын бақылаудың тәсілдері мен рәсімдерін түсіндіру;
3) тиісті ақпарат пен шешімдерді қабылдау мен алу себептерін түсіндіру;
4) ӘҚҰ кезінде назарды бөлу бойынша ұсынымдар;
5) ӘҚҰ РТҚ пайдалану бойынша ұсынымдар;
6) аралас жұмыс тармақтарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі бойынша ұсынымдар.
351. Авиациялық станция операторы ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысы оператор-нұсқаушының бақылауымен авиациялық станция операторының функцияларын жартылай немесе толық орындауды қарастырады және сүйемелденеді:
1) ахуалдың дамуын және тағылымдамадан өтушінің әрекеттерін оператор-нұсқаушының үздіксіз бақылауы;
2) тағылымдамадан өтушінің әрекеттеріне дер кезінде кедергі жасауға оператор-нұсқаушының тұрақты даярлығы;
3) тағылымдамадан өтушінің қиындықтары туындаған кезде оператор-нұсқаушының түсіндірмелерді, ұсынымдар беру мен жәрдем көрсету.
352. Тағылымдамадан өткен соң авиациялық станцияның операторы-нұсқаушы алынған білімді, дағды мен іскерлікті тиісті тексеруді жүргізіп, тағылымдамадан өтушінің жұмыс орнында өз бетімен қызмет жасауға даярлығы туралы шешім шығарады.
22 Бөлімше. Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары.
Осы Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары кәсіптік даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртібі мен минималды көлемін, сондай-ақ өз бетімен жұмысқа қатынауды анықтайды.
Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын кәсіптік даярлау кәсіпті игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтің саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердің жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес келу үшін жүргізледі.
Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын кәсіптік даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау келесі кезеңдерден тұрады:
1) теориялық даярлау;
2) тәжірибелік даярлау.
Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді ұстау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілетін, АА АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі және келесі өлшемдерге сәйкес келеді:
1) авиациялық станция операторы-нұсқаушысын бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кезінде авиациялық станция операторының біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар қатарынан жүргізіледі және кемінде 40 сағат құрайтын даярлаудың жалпы көлемімен жүргізіледі;
2) авиациялық станция операторы-нұсқаушысын бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кезінде жиынтық жұмыс тәжірибесі екі және одан артық вертодромда кемінде екі жыл құрайтын авиациялық станция операторының әрекеттегі куәлігі болатын тұлғалар қатарынан жүргізіледі;
3) авиациялық станция операторы-нұсқаушысын бастапқы даярлау және қайта даярлау кезінде кандидаттың 4-ші (жұмыс) деңгейінен төмен емес ИКАО тіл білімінің шкаласы бойынша игеру деңгейін растайтын әрекеттегі сертификаты болу тиіс.
Кәсіптік деңгейді ұстау 12 айда бір рет мерзімділікпен және кемінде 40 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргізіледі.
Құзыреттіліктерді бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемінде 40 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезінде алынған және енді игерілген білім мен дағдының расталуын қамтамасыз етеді.
Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді ұстау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілетін, АА АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық акттермен анықталатын кәсіптік даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгізу кезінде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгереді.
Авиациялық станциялар операторлары-нұсқаушыларын қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кем дегенде, келесі салаларда, қажетті білімді зерделеу мен көрсету осы Үлгілік бағдарламаның 30-қосымшасында берілген.
Тәжірибелік даярлау бекітілген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргізіледі.
Тыңдаушылардың сабақ үлгерімін бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады, және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, сынақ жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін пайдаланумен жүзеге асырыла алады.
Авиациялық станция операторы-нұсқаушысын теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталған соң, тағылымдама жүргізілмейді.
23 Бөлімше. Ұшуды радио техникамен және авиациялық радио байланыспен қамтамасыз етуші мамандарын (радиотехникалық жабдықтар мен байланыстарды пайдалану бойынша инжерлі-техникалық қызметкерлер, мамандар) кәсіби даярлаудың үлгілік бағдарламасы
365. Инженерлі-техникалық қызметкерлердің (бөлімшелерінің) қызметінің байланыс пен радио техникалық жабдықтарды падйалану бойынша өзіндік жұмысқа рұқсатнаманың міндеттері мен ережелеріне негізделген осы үлгілілік бағдарлама ұшулардың радиотехникамен және авиациялық радио байланыстарымен жабдықтаушы мамандарының кәсіби дайындығының ұстанымдарын айқындайды, (әрі қарай- БРТЖП, ИКАО терминалогиясына сәйкес - электрондық жабдықтармен әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қызметкер (ATSEP).
366. Үлгілік бағдарламаның негізінде жүзеге асырылатын оқулар, ұшуды радио техникамен және авиациялық радио байланысымен жабдықтауы БРТЖП бойынша мамандардың келесі міндеттерді атқаруын қамтамасыз етеді (қызметтік міндеттерге және атқарылатын жұмыстарға байланысты):
1) жүйелерге техникалық қызмет көрсету және ұшуды радио техникамен қамтамасыз етуі (әрі қарай-ҰРТҚЕ, ИКАО - CNS/ATM терминологиясына сәйкес):
жер бетіндегі радионавигациялық жабдықтарының калибровкасы;
ҰРТҚЕ жүйесі мен жабдықтарын сертификаттау;
ҰРТҚЕ жабдықтарының пайдалануын тәмәмдау;
түзетушілік техникалық қызмет көрсетуді орындау;
превантивті техникалық қызмет көрсетуді орындау;
2) ҰРТҚЕ жабдықтары мен жүйелерін қондыру;
3) ҰРТҚЕ жабдықтары мен жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттерін, пайдалану бақылау және қадағалау;
4) ҰРТҚЕ жабдықтары мен жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттерін бағалап, пайдалануға дайындау, техникалық қызмет көрсету стандарттары мен ережелерін өңдеу;
367. ҰРТҚЕ мамандарының біліктілік талаптарына сай болуға, мамандандыруды қоса, бастапқы дайындық негізгі, алғашқы, біліктілік білім мен дағдыларды алып қана қоймай сонымен қатар дамуын қамтамасыз етеді.
ҰРТҚЕ мамандарының бастапқы дайындығы мамандандырылғын электронды техника саласындағы 1600 сағаттан кем емес көлемінде техникалық немесе әскери білімі бар болуы, аэронавигациялық ұйымдарда пайдаланылатын авиациялық сертификат пен жабдықтарды оқып білуге қамтамасыз етеді.
368. ҰРТҚЕ мамандарының кәсіби деңгейінің қолдауы, ұжымдық дағдыны қоса алғанда, алынған білім мен дағдылардың бекітілуі мен қарастырылуын, жабдықтар мен жүйелердің өзгерістерімен танысуын, ҰРТҚЕ жүйесінің жұмыс істеу қабілеттерінің нашарлаған жағдайындағы, апаттық,қауіпті және штаттық емес жағдайлардағы іс-әрекеттеріне үйретуін, сонымен қатар 6 айдан жоғары жұмыстан үзіліс болғанда кәсіби дағдыларды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді
369. ҰРТҚЕ мамандарын қайта даярлау жұмыстың мінездемесінің (қызметтік міндеттерінің бағдары өзгергенде), жұмыс жағдайы (жаңа рәсімдерді енгізгенде), жүйенің құрылымы (жаңаландыру немесе ауыстыру), мамандықтың,мамандандырудың, жұмыстың бағдары өзгерген жағдайда, сонымен қатар пайдалану жүйесі мен жабдықтарға рұқсатнама мен біліктілік туралы жазбалар алу үшін өткізіледі.
1 Параграф. БРТЖП мамандарының бастапқы дайындығының тәртібі
370. Мамандандырылуды қоса алғанда, бастапқы, біліктілік білімнің, дағдының және іскерліктің дамуына бағытталған бастапқы дайындық, қажеттілік туындалған кезде жабдықтар мен жүйелердің нақты түрлерін оқытып, электронды техникалық салада техникалық білімі жоқтарға арналып өткізіледі
371. Электронды техникалық саласында мамандандырылған 1600 сағаттан кем емес көлемде техникалық немесе әскери білімі барларға бастапқы дайындық, қанағаттанарылатын талаптар қойылатын БТЖП қызметкерлері бойынша мамандардың бейімделуіне, кәсіби білім мен тәжірбиелік дағдыларды алу мақсатында жүргізіледі.
372. Осы Типтік бағдарламаның бекітілуіне дейін сол кездегі белгіленген талаптарға сәйкес өзіндік жұмысқа рұқстанама алғандарға БТЖП мамандары бойынша бастапқы теориялық дайындық кәсіби деңгейді қолдау курстарында жүзеге асырылады. ГА саласындағы өкілетті органдармен келісілген жағдайда 1.2.5.5, 1.2.12.3 ИКАО Doc7192-E2 «Үйрену бойынша жетекшілік. Әуе қозғалысының қауіпсіздігін электрондық жабдықтармен қамтамасыз ететін қызметкерлер (ATSEP)» пунктерінде көрсетілген ұсыныстарға сәйкес теориялық дайындықтың мазмұны мен көлемін өзгертуге болады.
373. Бастапқы дайындық келесі кезеңдерден тұрады:
1) теориялық дайындық;
2) практикалық дайындық.
374. Теориялық дайындық келесі оқыту нысандары бойынша жүзеге
асырылады:
1) стационарлы күндізгі (кешенді, типті);
2) модульді;
3) сырттай;
4) қашықтықта;
5) аралас.
375. Бастапқы дайындық көлемі келесі өлшемдерге сәйкес болуы қажет:
1) БРТЖП мамандарының бастапқы дайындығы барысында мамандандырылғын электронды техника саласындағы 1600 сағаттан кем емес көлемінде техникалық немесе әскери білімі барларға, жалпы дайындық сағаты 200 сағаттан кем болмайды;
2) БРТЖП мамандарының бастапқы дайындығы барысында, техникалық білімі жоқтарға, жалпы дайындық көлемі электронды техника саласында мамандандырылудың қажет болуы жағадайында 1600 сағаттан кем болмай белгіленеді;
3) бірінші кезеңге бастапқы дайындық бағдарламасының пәніне тәжірбиелік бөлімі екі кезеңге бөлінуі мүмкін, 20 сағат көлеміде аэронавигация объектілерінде, электро техникалық зертханаларда, стендтік жабдықтарды, пайдаланылатын шеберханаларда (мүмкіндік болғанда) танысу мақсатында бару, екінші кезең бастапқы дайындық аяқталғаннан соң аэронавигациялық ұйымдарында сынақтан өту мерзімі ретінде немесе АУЦ ГА оқуды бітірген соң толығымен аэронавигациялық ұйымдарда жүзеге асырылады;
4) стандарттар бар болғанда, оқушылардың дәрежелеріне және біліктілік талаптарына байланысты пайдаланылатын құжаттарды қолдануға жеткілікті көлемде бастапқы дайындау бағдарламасына ағылшын тілі қажеттілік туындалған кезде қосылады;
5) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативті-құқықты актілері айқындайтын БРТЖП бойынша қызметкерлердің кәсіби дайындығына жаңа немесе қосымша талаптарды енгізгенде олардың кәсіби дайындық бағдарламасы жүзеге асырылуы міндетті түрде болады, ал жалпы сағат көлемі үйлесімді түрде өзгеріске ұшырайды;
6) бастапқы дайындық келесі салалардағы қажетті білімді игеруін қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 31 қосымшасында берілген.
376. Тыңдаушылардың үлгерімі ағымды және қорытынды болып, техникалық жабдықтарды, оның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнамалық, тесттілеу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары және т.б. әдістерін қолданып жүзеге асырылуы мүмкін.
377. Теориялық дайындықты аяқтағаннан соң сынақтан өту бойынша білікті нұсқаушының қадағалауымен алынған білімі мен дағдылары нақты жағдайларда шынайы интеграция болып, тәжірбиелі дайындыққа өтеді (сынақтан өту мерзімі).
2 Параграф. БРТЖП мамандары бойынша сынақтан өту мерзімі
378. Кәсіби дайындықты аяқтап, жұмыс орнында сынақтық мерзімнен өткен (ИКАО терминологиясы бойынша- (ОРМ) жұмыс орнында, білікті нұсқаушының қадағалауымен жұмыс орнында (OJT).) Байланыс және ҰРТҚЕ объектілеріне өзіндік жұмысқа БРТЖП бойынша мамандары жіберіледі.
379. Сынақтан өту мерзімі тәжірбиеде алынған білімі, дағдыларын және іскерліктерін бекіту үшін және жергілікті жердің ерекшеліктеріне қарай электро байланыс ҰРТҚЕ объектілерінде қызметтік міндеттерді орындау үшін өткізіледі:
1) өзіндік жұмысқа рұқсатнама алу үшін;
2) байланыс пен ҰРТҚЕ бір объектіден екінші объектіге ауысқанда немесе аэронавигациялық ұйымдардың бөлімшелерін ауыстырғанда, бөлімшелер;
3) кейінгі біліктілік дәрежен игергенде (растау);
4) жұмыстан 6 (алты) айдан жоғары үзіліс болғанда;
5) апаттық, штаттық емес және төтенше жағдайлардағы әрекеттерді өңдеу;
6) авиациялық оқиғаларға немесе авиациялық келіспеушілікке акеліп соқтырған бұзушылықтан соң;
7) функционлды міндеттерін атқарудағы маманның қабілеттерін тексеру қажеттіліг болғандағы басқада жағдайларда.
380. Сынақтан өткізуші жетекшісі (нұқаушы) мақсатты, объектіні, бсталу
және аяқталу мерзімдерін анықтайды. Бір жетекшіге (нұсқаушыға) сынақтан өтушілер саны алты адамнан аспау қажет
381. Нұсқаушы сынақтан өтуші туралы объективті деректердің және жеке әңгімесінің негізінде сынақтан өтуге жеке жоспарын құрастырып,. қажеттілік туындалған жағдайда нұсқаушы сынақтан өту жоспарына өзгерістер енгізеді.
382. Сынақтан өтуге жеке жоспарды құру барысында қосымша сынақтан өтушіні қосымша тесттілеу рұқсат етіледі.
383. Сынақтан өту барысында оқытылып, үйретіледі:
1) қызметтік нұсқаулар, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы, авиациялық қауіпсіздік, объектілердің ішіндегі тәртіп және жұмыс объектісінің тәртібі бойынша нұсқаулар;
2) маманға тиесілі нормативті құжаттамалар;
3) жұмыстың құрылымдылық сызбанұсқасы, электро жабдықтау, объектіні бақылау мен байланыс, техникалық сипаттау, объектіде қондырылған техникалық пайдалану нұсқаулары, ережелері және жабдыққа қызмет көрсетудегі уақыт мерзімі;
4) объектінің негізгі жабдықтарын, электро жабдықтарының қайнар көзін, байланыс пен басқару жүйесінің сақтандыру тәртібі;
5) пайдаланған мерзімдегі өндірілген зауыттың сызбанұсқасындағы өзерістер, аппаратураның және жабдықтың тұжырымдамасы;
6) жабдықтың тәжірбиелік пайдаланылуы, объектілерде пайдаланылатын бақылау-өлшегіш аппаратурасы, объектінің пайдаланылатын құжаттамасы және оны енгізу;
7) ҰРТҚЕ объектілерін және байланысты метрологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету талаптары;
8) жергілікті жағдайлардың ерекшеліктеріне қатысты немесе сынақтан өтушінің маманының ерекшілігіне сынақтан өтуге қарастырылған басқа ережелер мен талаптар;
384. Кейін сынақтан өту жетекшісі сынақтан өтушілердің білімін
тексеріп, тәжірбиелік жұмысқа дайындығы туралы шешім қабылдайды.
385. БРТЖП қызметкерлері бойынша сынақтан өту мерзімі 3 айға дейінгі уақыт анықталады, аталған профиль бойынша жұмыс өтілі барларға – 1 айға дейінгі мерзім анықталады.
386. Өзіндік техникалық қызмет көрсетуге сынақтан өтуші қажетті деңгейде теориялық білімін, тәжірбиелік дағдыларын игермеген жағдайда және байланыс пен ҰРТҚЕ жабдықтарының жұмыс істеу жағдайын қалпына келтіру, сонымен қатар себепті жағдайлармен 1 айдан аспай үзіліс болғанда сынақтан өту жетекшісінің баяндамасы негізінде (нұсқаушы) сынақтан өту мерзімі созылуы мүмкін
387. Қызметкерлердің сынақтан өту мерзімі техникалық қызмет көрсетуде және байланыс пен ҰРТҚЕ жабдықтарының жұмыс істеу жағдайын қалпына келтіру қажеттілігі болғанда теориялық білімі мен тәжірбиелік дағдыларын тексерумен аяқталады.
3 Параграф. БРТЖП мамандары бойынша кәсіби деңгейін қолдау
388. Құзыретті бағалау элементтерін қоса, кәсіби деңгейді қолдау бағдарламасының мазмұны бастапқы дайындықта (қайта даярлауда) және 36 сағаттан кем емес көлемде жаңадан игерілген білім мен дағдыларды растауын қаматамасыз етеді.
389. Кәсіби деңгейді қолдау курстар, тренингтер және семинарлар түрінде, сонымен қатар осы типтік бағдарламада көрсетілген бастапқы дайындық тақырыбының мерзімділігіне байланысты қашықтық түрде де ұйымдастырылады және талап етілетін мерзім бойынша бірге жүргізілетін бір ғана курстық түрінде де, жеке модульдік түрінде де жүзеге асырылады.
390.Инженерлі-техникалық қызметкерлердің, қызмет жетекшілерінің және бөлімшелердің кәсіби дәрежелерін қолдау әр үш жылда өткізіліп отырады.
391. Кәсіби дәрежені қолдау төменде көрсетілген мақсатында жүргізіледі:
1) мамандандыру бойынша кәсіби деңгейдің мерзімділік қолдау;
2) байланыс пен ҰРТҚЕ жабдықтарын техникалық пайдалануының жаңа рәсімдерін игеру, CNS/ATM даму бағдарламасына сәйкес жүйелердің жетілдіруі туралы тұжырымдамалары;
3) ҰРТҚЕ жүйесінің жұмыс қабілетінің нашарлаған жағдайда, апаттық, қауіпті және штаттық емес жағдайлардағы әрекеттерге үйрету;
4) жұмыстан 6 айдан жоғары үзіліс болғанда мамандардың кәсіби дағдыларын қалпына келтіру.
392. Кәсіби дәрежені қолдаудың міндетті түрде іске асыру мақсаты
алдындағы пункттің 1 және 3 бөлімшелерінде көрсетілген.
393. ҰРТҚЕ және байланыс жабдықтарын техникалық пайдалану, жүйені жетілдіруге тұжырымдамасын жаңа рәсімдерін игеру, жүйені CNS/ATM мерзімінде дамыту жоспарлар мен бағдарламалардың, ұйымның анықталған даму жоспарының негізінде игеріліп техникалық оқу, тәжірбиелік дайындық, сонымен қатар жеке курстар және тренингтер түрінде авиациялық ортлықтарында аэронавигациялық ұйымдарында жүзеге асырылады. Бағдарламаның (жоспардың) өкілетті органдарда бекітілуін талап етпейді.
394. Жеке жағдайларда және жеделдік қажеттілікте кәсіби дайындық келесі мерзімділіктен кеш болмай жоспардан тыс жүргізілуі мүмкін.
395. Жұмыстан 6 айдан жоғары үзілістен кейін мамандардың кәсіби дағдысының қалпына келтірілуі жүзеге асырылады:
1) 6 айдан 12 айға дейін жұмыста үзіліс болса-жұмыс орнында тәжірбиелік дағдылары тексеріледі;
2) жұмыстан бир жылдан жоғары үзіліс болса- кәсіби дәрежені қолдау бағдарламасы бойынша оқулар және сынақтан өту түрінде жүргізіледі. Маманның кәсіби дәрежесінің дайындылығына қарай сынақтан өту көлемі бастапқы рұқсатнамаға белгіленген 70% төмен болмайуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |