Bilimland.kz сайтын пайдаланып жұмыс жасауды ұйымдастыру. Мұғалімдерге білім сайттарын сабақта қалай қолданамыз?, қалай бейнені көруге болады?, сабақ жоспарларын қалай жүктеп аламыз?, жеке кабинетке қалай кіреміз?, жаңа сабақ топтамаларын қайдан көруге болады?, мектеп, мұғалім рейтингісін қай жерден көруге болады?, байқауларға қалай қатысуға болады?, оқушылар ҰБТ-ға дайындық тестін қай жерден кіріп тапсыра алады?, оқушы аккаунтын қалай ашуға болады? сұрақтары төңірегінде кеңес берілді.
Мұғалім, оқушы ең алдымен өзіне бөлініп берілген аккаунт бойынша білім сайтына логині мен құпия сөзін жазып кіреді. Басты беттен кез-келген пәнге кіре алады. Сол пән жайында мәлімет ала алады. Бейнесабақтар топтамасынан бейнефильмдерді көре алады. Көріп қана қоймай жүктей де алады. Барлық пән тарауларға бөлінген. Әр тарау соңында тест тапсырмалары бар. Әдемі көрнекіліктері мен графикалық суреттері, сызбалары бар сабақтарды көре аласыз. Әр тақырыпқа байланысты оқушыға арналған тапсырмалар бар.
Басты беттің төменгі оң жағына қарасаңыз мектеп рейтингісі деген шарлаудан облысты, қала,ауданды таңдап, белсенділікті көрсеңіз болады. Әрбір мұғалім онлайн режимде өз сабағында күнделікті білім сайттарын пайдаланып сабақ өтсе, оқушыға көрнекі, әрі түсініктірек болар еді. Тәжірибе жүзінде жасалатын лабораториялық, эксперимент сабақтардың оноайн түрін де осы білім сайттарынан көре аласыз.
Математика пәнінен түрлі графиктер салуға болады. Физика, химия пәндерінен неше түрлі эксперимен, лабораториялық жұмыстарды жасауға болады. Мұғалім күнде сабақта оқушыларға тапсырмалар орындатып ғана қоймай, видеоларды көрсетіп отырса, мұғалімдің білім сайтына кіру белсенділігі артатындығы жайында да айтылып өтті. Мұғалімдер назар айдарып мұқият тыңдап, біраз кеңес алды. Сонымен қатар сұрақтар қойылды.