Қорытынды: «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында мұғалімдердің «Күнделік» жүйесімен жұмысының қорытындысы бойынша көрсеткіш ортадан жоғары деңгейде. «Bilimland.kz» және т.б. білім порталдарын оқу үрдісінде пайдалану деңгейі төмен. Жоспар бойынша индикатор орындалып отырған жоқ. Дегенмен, жұмыс деңгейін әлі де күшейтуіміз қажет. Ол үшін оқушылар және ата-аналар үшін құрылған аккаунттардың іске қосу дәрежесінің жұмысын, журналды жүргізу, жоспарлауды жүргізуды уақытында орындап, өз білімін үнемі жетілдіріп, жаңа ақпараттардан күдер үзбей, үздіксіз жұмыс жүргізіп, білім порталдарына күнде кіріп, сабаққа керекті ресурстарды алып отыру қажет.