Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы
С. Ысмайылов атындағы №5 жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Хасенова Калдыкул Бурхановна
МАТЕМАТИКАНЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП, ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ – КҮН ТАЛАБЫ
Математиканы тереңдетіп оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Мұғалім оқушының пәнге деген қызығушылығын туғызуда басты рол атқарады. Әр сабақты жақсы өткізу үшін мүмкіндік беретін ережелерді есте сақтап, оның орындалуын қадағалап отыру керек. Бұл ережелер:
1.Сабақ тақырыбына қатысты түрлі, ғылыми, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу.
2. Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім , білік , дағдыны бөліп алу.
3.Сабақ міндеттерін нақтылау, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу.
4.Сабақта оқушы нені түсіну керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау.
5.Оқушыларға оқу материалын қандай көлемде , қандай мөлшерде баяндау керек, қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білу.
7.Әр сабақты өз дәрежесіне жеткізу.
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.
Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әрбір ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Оқытудың жаңа технологияларын күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерешеліктерін ескере таңдап алады.Қазіргі жаңа оқыту технологияларының алдына қойған мақсаты бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның жеке тұлғасын білім арқылы дамыту.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі.
Өз тәжірибемде «деңгейлеп оқыту» технологиясында жұмыс атқарамын. Бұл технологияда көптеген жұмыстар білім деңгейі төмен оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізіледі және де дарынды оқушыларды шығармашылық жұмыстарды жетелейді.
Сабақ барысын келесі этаптар арқылы орындаймын:
- бірігіп жұмыс істеу арқылы жаңа сабақты бекіту;
- өзіндік жұмыстарды оқыту;
- өз білімдерін бақылау арқылы тексеру;
- әр деңгейлі есептерді таңдау арқылы шығару.
Оқушылармен жеке жұмыс істеу сабақтың ең бірінші кезеңі болып табылады, және бұл оқушылардың өзіндік оқыту жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай кезеңді сабақтың басында қолдану керек. Себебі бұл кезде мұғалім әлі әр оқушының бұл материалды қалай түсінгенін анықтай алған жоқ. Білімдеріне қарай «төмен» және «жақсы» оқитын оқушыларға бөлмей, әр оқушының бұл сабақта жақсы баға алғысы келетінін ескере отырып, олардың білім деңгейіне байланысты әр түрлі тапсырмалар дайындалады. Оқушылар өздеріне ұнаған тапсырмаларын таңдап алады және қанша тапсырма орындау керектігін өздері шешеді. Мұндай өзіндік жұмысын орындау барысында мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізе алады, дер уақытында олардың жіберген қателерін анықтап, білімдерін толтырып отыруға мүмкіндік береді. Үй жұмысын беру барысында да олардың әр түрлі деңгейлерін есептеп отырамын, олардың қайсысын орындауда оқушылар өздері таңдап алады. Ал оқушылардың білімін бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану үлгермеушіліктің алдын алу, әр оқушының жеке белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Оқушылармен математикалық диктант, ауызша жаттығу жұмыстарын жүргізу үлкен нәтижесін беретінін байқадым. Әр оқушының білімін жеке бақылауда келесі мынандай жұмыстар атқарамын:
1. Ауызша бақылау жұмыстарын жүргізу – бұл оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, жеделдетіп есептеу білігін дамытуға ықпал етеді.Ауызша жұмыс жүргізудің көбінесе мынандай түрін қолданамын: 4-5 оқушыны тақтаға шығарамын да оларға тапсырма беремін. Дайындалғаннан кейін әр оқушы жеке – жеке өз сұрақтарына жауап береді, ал басқа оқушылар осы жұмыс барысында қатысады, жауаптарын өз
2. Жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізу оқушылардың математикадан білім, білік, дағдысын ағымды және қорытындылап тексеру үшін аса маңызды.
Математика сабақтарында біз барлық тақырыптарды жеңіл түрде меңгертеміз, ал ары қарай тақырыптық білімдерін тереңдетуде сыныптан тыс жұмыстардың атқаратын ролі зор. Сыныптан тыс жұмыстарды мынадай түрде жүргізуге болады: «Көңілді математиктер клубы», математикалық үйірме, математикалық викториналар, қабырға газеттері, кештер, мектепішілік математикалық олимпиада т.с.с.
Аталған іс-шараларда атқарылатын жұмыстар мынадай ретте болады: математиканың даму тарихы, сандық ребустар, математикалық фокустар, логикалық сұрақтар мен есептер, қиын есептер, арифметикалық викториналар, есептерді құру және оларды шығару жолдары т.с.с.
Математика сабағында қызықты, ойын есептер, олтимпиадалық есептер, логикалық есептер шығаруға көп көңіл бөлемін. Қызықты есептер оқу материалының меңгерілуін және ойлау барысының тиімділігін анықтайды. Мұндай есептер оқушының ойлау қабілеттерін дамытуға, математикалық түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасайды. Оқу барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру - оқушылардың бір пәннен алған білімін екінші пәнге қолдануға мүмкіндік береді.
Заман талабына сай білім беруде интерактивті тақталар, мультимедиалық материалдар, компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында негізгі міндет ретінде оқу үрдісіне автоматтандыруды енгізу көрсетілген. Математика пәнін оқытуда компьютерлік технологияларды, интерактивті құрал-жабдықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамытады. Интерактивті тақта арқылы түрлі суреттер, көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады. Өзім сабағымда интерактивті тақтаны жиі қолданамын. Оқушы жүрегіне жол табу үшін сабағымның әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізуге тырысамын. Осыған байланысты келесі сабақтың жоспарын ұсынып отырмын.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Логикалық есептер. Тригонометриялық функциялардың формулаларын пайдаланып есеп шығару жолдары
Сабақтың мақсаты: Зейіндік, логикалық қабілеттерін дамыту, есептерді тез шығаруға дағдыландыра отырып, тарауға қортынды жасау. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың есте сақтау қаблеттері жақсарады, пәнге деген қызығушылығы арттады. Тригонометрияның күрделі формулаларын есте сақтауға жаттығады.
Негізгі дерек көздер: Математика пәні оқулығы, үлестірмелі қағаздар
Көрнекіліктер: Слайд, стикерлер, плакат, маркер
Кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Күтілетін нәтиже
|
Ұйымдастыру
( 1 мин)
|
Топтастыру кезеңі. Бір қорапқа барлығының бір-бір заттарын жинап алып, мысалы, брелок, қалам, дәптер, өшіргіш т.с.с. сол заттары арқылы топқа бөлу. Заттарды топтастырып, оқушыларды заттары орналасқан топқа барып жайғастыру.
|
Оқушылар өздерінің бір заттарын беріп, кейін сол заттарының орналасуы бойынша топқа бөлінеді.
|
Балаларды топтық жұмысқа баулу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Қызығушылықты ояту
(7 мин)
|
Логикалық сұрақтар. Интербелсенді тақтада слайдпен жұмыс.
|
Слайдта берілген тапсырмаларды топпен бірге жұмыс жасау. Сәйкестендіру,
кестеге сәйкес жауаптарын толықтырады.
|
Балалардың мотивациясын арттыра отырып, жылдам әрі нәтижелі жұмыс жасауға үйрету, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шапшаң ойлауға үйрету
|
Есептер шығару
(10 мин)
|
Поле чудес. Сәйкестендіру әдісі бойынша сұрақтар құрап олардың сәйкес жауаптарын құрау. Топтық жұмыс.
|
Топтар бірлесе отырып екі түрлі түсті парақты бірдей көлемде дөңгелек қылып қиады. Оларды қаламмен бірдей 12 бөлікке бөледі. Бір парақтағы бөліктерді нөмірлеп шығады және әр бөлікке бір-бір сұрақтан жазады. Ал екінші параққа сәйкесінше сол сұрақтардың жауаптарын жазады. Бірақ сұрақтардың реттілігін сақтамайды. Сұрақтар өтілген тарау бойынша тригонометриялық функцияларға байланысты болуы шарт.
|
Диалогтік қарым-қатынасқа түсу арқылы өткен сабақтарды зерттей отырып, топтық және өзіндік жұмысқа баулыйды.
|
Есептер шығару
5 минут
|
Топтық жұмыс. Жасаған екі дөңгелек сұрақ-жауап парақшаларын топтар арасында бір-бірімен алмастырып. Оқулықпен жұмыс жасауға тапсырма беру.
|
Топтар жасаған сұрақ –жауап парақшаларын бір-бірімен алмасып, басқа топтан келеген сұрақ-жауап парақтарын сәйкестендіреді.
|
ЖАДА-ны ұйымдастыра отырып, оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Өткен сабақтарды еске түсіреді. Жіберген қателіктерін түзете алады. Балалар тақырып бойынша не түсінгенін біле алады.
|
Сергіту сәті
5 минут
|
Сағаттар тілі сөйледі. Сағат тілінің 12 сағатын а12 тапсырма беру. Тапсырмаларды оқушыларға топпен орындауға дағдыландыру және сергіту.
|
Әр оқушы бір параққа өзінің сыныптастарынын 12 адамның аттарын жазады. Сосын сол 12 адамның аттарын сағат тілі бойынша берілген тапсырмаларға сәйкес орындайды.
|
Оқышының бойын сергіте отырып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
|
Пысықтау.
15 минут
|
Сұраққа толы қораптар. Топтық жұмыс арқылы біледі, түсінеді, қолданады, жинақтайды, бағалайды.
|
Оқушылар қораптарға білетін, түсінетін сұрақтар жазып толтырады.
Қораптарды топтар өзара алмасып, басқа топтан келген қораптағы сұрақтарға жауап жазады.
Топтар қайта өз қораптарын алып жауаптарының дұрыстығын тексеріп, жинақтайды.
Алынған жауаптар бойынша әр топ көшбасшысы бағаларын жарпаиялайды.
|
|
Рефлексия
(2 мин)
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады
|
Тақырып бойынша мынадай сұрақтарға жауап жазады:
Не ұнады? Не ұнамады? Не білдім? Нені түсіндім? Нені түсінбедім? Нені білгім келеді? Сабақтың қай сәті ұнады? Нені толықтырғым келеді?
|
Балалар сабақта не үйренгенін біле алады, қорытынды жасай алады, өзін-өзі бағалайды. Мұғалімнің әрі қарай жұмыс жасауына нұсқау болады.
|
«Оқу инемен құдық қазғандай» деп даналық сөз бекер айтылмаған. Математиканы терең меңгерген оқушы жан-жақты төңірегіміздегі бізді қоршаған ортаның кез келген құбылысын тани білетін, оны алдын ала зерттей алатын саналы азамат ретінде қалыптасады. Сонымен бірге тереңдетіп оқытудың басты шарты өзіндік жылдам және сенімді шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Ал сенімді шешім қабылдай алатын оқушы, өзіне сенімді оқушы деген сөз. Өз күшіне сенімді оқушы шығармашылық қабілетке ие екені даусыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Математика және Физика» журналы №2 2011 жыл, №4 2010, №1 2008
«Мұғалім.kz-математика, информатика» журналы №5 2011, №4 2010
Наурызбайқызы «Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты тапсырмалар» - Алматы
Алдамұратова «Математика-5» Оқулық
Достарыңызбен бөлісу: |