Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет4/12
Дата20.11.2023
өлшемі106,6 Kb.
#192161
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»-emirsaba.org
Семинар,срсп 6 апта, Математикалық сауаттылық ІІ. 29.09.21, 1-2семинар жауабы
1) техникалық құралдар:
  • проектор, графопроектор, экран немесе интерактивті тақта;


  • АКТ құрылғылары (компьютер, принтер, сканер және ноутбуктер, құлаққаптар)


  • шектеусіз интернет;


  • дыбыс, бейне жазу құралдары: диктофон, микрофон, бейнекамера, сандық фотоаппарат;


  • жылжымалы, маркерлі тақталар; шағын тақташалар;




2) жиһаздар:
  • «Жазу бұрышы» және «Оқу бұрышына» арналған жиһаздар: диван, кілемшелер, орындықтар, дөңгелек үстел, жылжымалы кітап сөрелері.




3) дидактикалық және қосымша материалдар:
  • суретті кітаптар, өлең-жыр кітаптары, қазіргі заманғы көркем әдебиет, классикалық ертегілер, аңыз-әңгімелер, фантастикалық шығармалар, ғылыми мәтіндер, фильмдер, газет-журналдар, үгіт-насихат үлгісіндегі мәтіндер (памфлеттер және брошюралар, т.б.);


  • дидактикалық және үлестірмелі материалдар; ақын, жазушылар туралы дыбыстық жазбалар мен бейнефильмдер, портреттер;


  • энциклопедиялар;


  • ұлттық қуыршақтар мен киім үлгілері (сахналық көріністер үшін).




4) кеңсе тауарлары:
  • түрлі-түсті қағаздар, ватмандар; А-3, А-4, А-5 қағаздары;


  • фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар;


  • еңбек құралдары: қайшы, ине, жіп, желім, мата қиындылары, түйме, бояулар, ермексаз және т.б.



5 «Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер


Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады. Мұғалімдер «Әдебиеттік оқу» сабағында оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қалыптастырады және дамытады. Олар:

  • оқушының жеке пікірін тыңдау;


  • оқушыларды мұқият іріктелген шығармашылық және логикалық оқу тапсырмалары арқылы ынталандыру;


  • оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуі үшін тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну және үлгісін көрсету;


  • әртүрлі стиль мен жанрдағы жазба жұмыстардың үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер беру арқылы жазба жұмыстарын орындауды үйретеді);


  • оқушылардың білім алуына «оқу үшін бағалау» және «оқуды бағалау» арқылы қолдау көрсету;


  • оқушылардың пән бойынша меңгерген біліміне жүйелі түрде мониторинг жүргізу;


  • оқушының өз білімін жетілдіруіне және бағалауына ынталандыратын мүмкіндіктер жасау;


  • түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын іс-әрекетті жүзеге асыру;


  • ізденуді және қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды ұсыну;


  • зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеруге бағытталатын оқушылардың белсенді оқуын марапаттау;


  • оқушылардың өзара бірлесіп оқуын (сынып ішінде және сыныптар арасында) ұйымдастыру;


  • жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану.


«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда келесі ұстанымдарды басшылыққа алу қажет:


  • оқушыны қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту;


  • оқушы мен мұғалім арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;


  • оқушылардың жас ерекшелігі мен қажеттілігіне сәйкес оқытуды саралау (сараланған тапсырмалар дайындау);


  • оқушылардың жетістігін бағалау және алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін белгілеу;


  • топпен жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу, топта еркін жұмыс жасауға баулу (әр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау);


  • өз ойларын еркін айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беру;


  • ойын және зерттеу әдісін қолдану;


  • оқу-зерттеу әрекетін ұйымдастыру;


  • оқыту барысында «не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру;


  • сыни ойлау дағдыларын дамыту;


  • оқушыны алған білімін тек білу үшін ғана емес, оны өмірде қолдану үшін үйрету.



Үштілділік саясатқа сәйкес білім беру мазмұнына толықтырулар
Жалпы білім беретін мектептерде бірінші тіл мұғалімдері үш тілділік саясаттың жүзеге асырылуын жеке тұлғалық, әлеуметтік және білімдік мақсаттарына сай қолданылатын тіл деңгейін көтеру арқылы қамтамасыз етеді. Тіл мұғалімдері оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің ұқсастығы мен айырмашылықтары туралы ойларын қолдайды және үш тілге де үлкен құрмет көрсетеді. Бағдарламадағы пәнаралық байланысты дамытады, қазақ тілі арқылы басқа пәндердің мазмұнын меңгертеді. Көрсетілген әдіс-тәсілдер тіл мен мазмұнды меңгертуді қатар дамытады. Тіл мұғалімдері басқа пәндер мазмұнына сәйкес тақырыптарды, мәтіндерді, дағдыларды, тапсырмаларды, оқу мақсаттарын пайдалану арқылы пәнаралық байланысты дамытады. Ол сонымен қатар, оқушыларды өзге пәндер бойынша әдеби тілді меңгеруде жетістікке жетуін қамтамасыз етеді. Мысалы бір тақырыпты жан-жақты талдау, себеп-салдарын түсіндіру, фактілер мен көзқарасты ажырату, қарама-қайшы тақырыпты талқылау кезінде өз ойын жүйелеу, түрлі ақпарат ресурстарын бағалау, өзгелерге ақпаратты анық, түсінікті жеткізу. Тіл мұғалімдері пән мұғалімдерінен мазмұнына қатысты мәтіндер мен тапсырмалар бойынша ақыл-кеңес алуға болады. Сонымен қатар, тіл мұғалімдері тілді үйренудегі қосымша қажеттіліктерді анықтау үшін пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болады.

6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру


«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту үдерісі оқушылардың түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыруды негізгі міндеттердің бірі ретінде алдыңғы орынға қояды. Бұл мәселе жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың түрлі әлеуметтік орталарда, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасында түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру төмендегідей оқу міндеттерінен көрініс табады:
  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына құрметпен қарай білуге үйрету;


  • Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісімі мен бірлігін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;


  • өзгенің пікіріне, көзқарасына, наным-сенімі мен әдет-ғұрпына, сезімі мен идеяларына сыйластық пен төзімділік көрсетуге баулу;


  • жеке тұлғаның пікірін және әр пікірдің құндылығын ескеруге үйрету;


  • түрлі көзқарастар мен өз көзқарасын, өзгенің пікірі мен өз пікірін салыстыра отырып, ойын ашық жеткізуге дағдыландыру;


  • көптілді, көпмәдениетті қоғамда өмір сүру, өзін еркін сезіну қабілетін қалыптастыру.


Осы аталған оқу міндеттері тіл жүйесі заңдылықтары мен тілдік жағдаяттар негізінде және көркем шығармаларды оқып-меңгеру барысында басшылыққа алынады.




7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі


Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың оқу үдерісінде, бос уақыттарында және қарым-қатынас барысында АКТ құралдарын орынды және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолдану дағдылары арқылы қалыптасады.
АКТ құралдарын қолдану дағдылары оқушылардың ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеуіне, мәліметтермен, ой түйіндерімен алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең мүмкіндіктерін пайдалана білуіне және сол арқылы өз жұмысын бағалай және жетілдіре алуына ықпал етеді.
АКТ-ны қолдану дағдылары «Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:

  • оқыту сапасын арттыру үшін сабақтарда жаңашыл әдістер мен ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану;


  • интернет ресурстарымен жұмыс жасау (веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іздеу, табу, сұрыптау, іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);


  • мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға (Word, Power Point) көшу;


  • ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;


  • электронды оқулықтарды, оқу құралдарын, анықтамалық құралдарды пайдалануды меңгеру;


  • тақырыпқа байланысты түрлі медиақұралды қолдана білу;


  • ақпаратты саралап, талдап, зерттеуге үйрену.



8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту


Жалпы білім беру ұйымдарының (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) бастауыш білім беру деңгейіне арналған «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және белсенді тілдік орта құра отырып, қажетті қатысымдық дағдыларды дамыту керек. Мұндай орта оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша, жазбаша қарым-қатынасында тілді сауатты пайдалануына, тілдесімнің түрлі формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет