көркем шығармалар арқылы оқушының бойында ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерінің үйлесімді дамуына;
халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармаларды оқып-талдау арқылы қазақ тілінің бай эстетикалық мұрасымен танысуына;
әдеби шығармалар арқылы қазақ ұлтының мәдениетін, тарихын меңгеруіне;
сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамының қалыптасуына;
әдеби мәтіндердің жанрын, стилін, құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін ажырата білуіне;
отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысуына;
әдеби-теориялық білім негіздерінен бастапқы түсініктерді меңгеруіне;
әдеби туындыларды өз бетімен оқу арқылы тұрақты оқырмандық қызығушылығының қалыптасуына;
сын тұрғысынан ойлау дағдысының дамуына;
оқу сауаттылығы мен шығармашылық жазу тілінің қалыптасуына;
анықтамалықтармен, сөздіктермен, библиографиялық әдебиеттермен, басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге дағдылануына ықпал етеді.