II «Дүниетану» пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі
1 «Дүниетану» пәнінің мазмұны
Пән бойынша білім мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде сабақтастықты айқындайды. Оқу мақсаттары мұғалімге жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
№
|
Бөлім
|
Тақырып
|
1
|
Мен және қоғам
|
1.1 Өзім және отбасым
|
1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
|
1.3 Менің атамекенім
|
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
|
1.5 Құқық пен жауапкершілік
|
1.6 Мерекелер
|
2
|
Елімнің табиғаты
|
2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
|
2.2 Климат және ауа-райы
|
2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері
|
2.4 Туризм
|
3
|
Тарих беттерінен
|
3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
|
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
|
3.3 Қазақстан тарихындағы аңызды оқиғалар
|
3.4 Атақты тарихи тұлғалар мен өнер қайреткерлері
|
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік
|
Бағдарламада оқу мақсаттарын тиімді қолдану және мониторинг жасау үшін кодтық белгілеу енгізілді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
Достарыңызбен бөлісу: |