3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру
Функционалды сауаттылықты дамыту мақсатында оқушыларда коммуникативтік құзыреттілік негіздерін Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қалыптастырады.
1-сыныптан бастап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту арқылы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үш тілде білім беру саясатын жүзеге асырады.
Үш тілде оқыту сөйлеу әрекетінің төрт түрін дамыту (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) арқылы коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Бейнелеу өнері» пәні оқыту тілінде (қазақ/орыс тілі) жүргізіледі. Мектептердегі үштілдік саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін белгілейді. Тілдік саясатты жүзеге асыру «Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу бағдарламасының келесі бөлімдерінен көрініс табады:
«Бейнелеу өнері» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ) пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылған.
«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-тармақ), мұғалімдердің «Бейнелеу өнері» пәні арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалай дамытатыны көрсетілген.
«Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9-тармақ) бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |