«Бейнелеу өнері» пәнінде қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер:
көркем жұмыстарды жасау үдерісінде әр оқушының белсенді түрде тарту ;
оқушыларда көркем іс-әрекеттер арқылы жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамыту (өнер туындыларын зерттеу, эксперимент жүргізу, бағалау және талдау);
суретші/қолөнерші/дизайнер (конструктор) ретінде жеке тәжірибесін жинақтау арқылы пәндік білімдері мен дағдыларын жеке және топтық жұмыс үдерістерінде дамыту;
жаңа идеяларды қолдану арқылы әртүрлі көзқарастарды қарастыру, саналы дербес таңдауды қалыптастыру және оқытуды ынталандыру;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту және тиімді шешім қабылдау үшін оқу үдерісінде түрлі жағдайларды қолдану;
шығармашылық орта құру мақсатында әртүрлі тәсілдермен оқытуды дифференциациялау ;
пәнаралық байланыстарды дамыту және қолдау;
оқушыларға оқу барысында қай кезеңде екенін және одан әрі даму үшін қандай қадамдар қабылдау қажет екенін түсінуге көмектесетін әртүрлі бағалау тәсілдерін пайдалану;
оқушылардың шығармашылық әрекеттерін одан әрі ынталандыру үшін идеялары мен жұмыстарын презентация жасау (ұсыну).